Діл (кейде менталитет, ағылш. mentality, кейде ағылш. mindset) — ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез-құлқы. Сондай-ақ діл халықтың мен оның басқа ұлттық құрылымдардан ерекшелігін тану болып табылады. Сол арқылы адамдардың жалпылама және нақты баға беруі, әлеуметтік ұстанымы әзінің әлеуметтік бірлігіне және басқа да қауымдастықтарға белсенді қарым-қатынасы пайда болады.
Жалпы сипаты
Діл адамдардың белгілі бір қоғамдастығына тән, нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан мінез-құлықтардың және іс-әрекеттердің біркелкі сипатын білдіретін ұғым. Діл мәдени бірегейленуімен және тұлғаның өзін-өзі белгілі бір мәдени ортада сезіну деңгейімен байланысты. Адам баласы тумысынан құндылықтар жүйесін (отбасылық, топтық, этностық, өркениеттік, т.б.), көбінесе, бәз қалпында, дайын күйінде қабылдайды. Еркін таңдау қабілеті, негізінен, шығармашылық қарымы, жасампаздық дарыны мол тұлғаларға тән. Осыған орай, ең алдымен, этностық сананың тұрақтылығын, дүниетанымының әмбебапты болатындығын ескерген жөн. Діл "біз және біз емес" деген ажыратушы оппозицияға негізделеді.
Ділді оған табиғаты ұқсастау мәдени архетип пен ұлттық мінез-құлықтан ажырта білген жөн. Өзгермелі ортада тұлғалық тұрақтылықты жүзеге асыратын мәдени архетип тылсымдық, бейсаналы сипат иеленеді, ал таңбалардың, рәміздердің, мағыналардың пайымдалған жүйесін құрайтын діл саналы талқыға түсіп отырады. ¥лттық мінез-құлық мәдени архетиптермен бірге адамдардың қайталанбалы, табиғи, этнопсихолдық ерекшеліктері арқылы көрініс табады. Діл әртүрлі адамдардың дүниедегі заттар мен құбылыстарды біркелкі таңбалар мен рәміздер арқылы бейнелей алу қабілетімен ерекшеленеді. Осы біркелкілік адами қоғамдастықтардың ортақ табиғи-тарихи ортада қалыптасуымен де, мәдени сабақтастық нышандарымен де тікелей байланысты болады. Мысалы, еуразиялық Ұлы Даланы қоныстанған көшпелі халықтар ұрпақтарының ділінде көптеген ортақ белгілер бар.
Діл — әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдастықтың бірлігін нығайтатын жалпы рухани көңіл-күй, нанымиланым, рух дағдысы, ойдың біртұтас жиынтығы. Менталитет жеке және ұжымдық сананың өзіндік ерекшелігі бар деңгейлерін сипаттайды; бұл орайда менталитет — өзгеше ойлау типі. Менталитет — табиғат және әлеуметтік жағдайлар салдарынан туындайтын және адамның өмір әлемі туралы ұғым-танымын ашатын жалпылық менталитет терминін жанның негізгі орталық метафизикалық мәнін құндылықтар мен ақиқаттың түпдерек ретінде қарастыра отырып, американ философы Р. Эмерсан (1856) енгізді. Менталитет қоғамның мәдениеті, рухани өмірі бейнеленгенде белгілі бір дәуірдің филосафиялық, діни, саяси, эстетикалық теорияларында көрінетін метаұғым болып табылады.
Діл ұғымы
Ғылыми-публицистикалық және саяси әдебиеттерде діл туралы соңғы жылдары ғана айтыла бастады. Сондықтан бұл ұғымды түсінуде кейде бірмағыналылық жетіспей жатуы мүмкін. Соған қарамастан, бір мәселенің басы ашық деп сеніммен айтуға болады. Ол қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік прогреске жету үдерісінде бұқараның саяси ділінің шешуші рөлін атқарады.
Ділдің табиғатын түсіну үшін, оны, алдымен, мына үш қырынан қарастырып көрейік. Біріншіден, діл жеке адамның немесе әлеуметтік топтың сана деңгейін көрсетеді, санамен тығыз байланыста болады. Сонымен қоса ділдің санамен шектелмей, одан тысқары жаткандарды да қамтитынын ұмытпау керек.
Мысал үшін бір стандартты ахуалдағы саяси сана деңгейі түрліше екі азаматтың әрекетін алып қарайық. А деген азамат, үнемі әлеуметтік белсенділік танытады, ел ішінде немесе сыртында болып жатқан оқиғаларға қатысты өзінің; тұрғысын ұстанып, белгілі бір саяси кештерді белсенді қолдайды, кейбіреулерінің әрекетіне сыншылдықпен қарайды. Ол саясатты бүкілхалықтық іс деп біледі, өзін де саясаттың әрі объектісі әрі субъектісі деп есептейді және содан туындап жататын жауапкершілікті түсінеді.
Екінші Б деген азамат өзін саясаттан тысқарымын деп есептейді. Оның саяси партиялармен ісі жоқ, олардың бағдарлмалары, басшылары оны қызықтырмайды. Сайлау кезінде дауыс беруге бармайды, өзін сайлауға да қарсы. Мінеки, бұл мысалдан біз саяси санаға қатысты ділдің, бірінші жағдайда — саяси белсенділік, екінші жағдайда енжарлық сипаттағы көрінісін байқаймыз.
Жеке азаматтар ғана емес, ірі әлеуметтік топтар да бүкіл қоғам осындай саяси сана деңгейіне пропорциялы белсенді немесе пассивті болуы мүмкін.
Мынадай сұрақ туындайды: пассивті қоғам немесе азамат Б өз әрекетімен өздерін саясаттан аулақ үстай алды ма? Әрине, жоқ. Олар саяси енжарлығымен-ақ өздерінің саяси тұрғысын білдірді. Келтірілген жағдайда олар билікке әділ емес жолдармен келгісі келетіндердің пайдасына әрекет жасады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: ешкім де саясаттан тысқары бола алмайды, авторлық қоғам мүшесінің саясатқа араласпауының өзі — консерваторға көмектесуден көрініс беретін саясатқа араласу.
Бұдан шығатын екінші қорытынды: саяси сана деңгейі ділдің критериі ретінде көрініс береді. Саяси белсенділік жағдайын қоғам динамикалы дамиды, өз келешегін өзі жасай алады. Екінші жағдайдағыдай, қоғам мүшелері белсенділік танытпаса, оның тағдырын билік басындағылар шешеді.
Ділдің екінші кыры адамның немесе әлеуметтік топтың әрекетке және ойлауга қабілетінен көрініс береді. Ол ақыл сапасының көрсеткіші ретінде жеке адамдардың немесе топтың рухани жағдайын, нағыздықтың түсінілу бейнесін айқындайды, ойлау тұрпаты және ұжымдық калыптасатын ойлау мен тәртіптің құрылымы ретінде көрініс береді.
Қоғам өзінің дамуы кезінде түрлі сілкіністерге, дағдарыстарға ұшырап отыруы мүмкін. Осындай төтенше жағдайларда кейбір қоғамдар тығырықтан жол тауын шығады, енді біреулері құрып кетуі мүмкін. Бұл қоғамның өрекетке және ойлауға кабілеттілігіне байланысты.
Өткен ғасырдың екінші жартысында коммунистік билік орнатқан бірқатар елдер бұқаралық апат жағдайларын бастарынан кешірді. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде Камбоджада 8 миллион адамның 3 миллионы қырылып калды. Эфиопияда екі-ақ жылдың ішінде халықтың жартысына жуығы жойылды. 1929-1933 жылдардағы қазақ халқы басынан кешкен нөубет бұлардан асып түсті — этностық қазақтардың үштен екісі қырылды және шет елдерге босып кетті.
Билікке күмәнді жолдармен келіп алып, ойына келгенін істейтін үкіметке сеніп, оған қарсы шыға алмай, екінші сөзбен айтқанда, ділдің мешеулігі салдарынан өрлеуден аулақ қалу, құрып кету каупі қазір де сейілді деп айтуға болмайды. XX ғасырдың екінші жартысында мұндай жағдайлар Индонезияда, Ауғанстанда, бұрынғы Кеңес Одағының қарауында болған ұлттық республикаларда көрініс берді.
Ділдің келесі, үшінші кыры—адамдардың дүниені белгілі бейнеде қабылдауы мен сезінуінен, прогреске дайындыгынан, зауқынан көрініс береді. Дүние дегенде бұл жерде адамдардың әлеуметтік өрлеуге қол жеткізген, мүдделері ескерілген, құқықтары қорғалған, шын мәніндегі ерікті қоғам ұғымын көз алдыға елестетуге болады. Өрлеудің кепілі демократия десек, адамдардың демократиялық санасы мен мәдениеті деңгейінің ділді айқындайтын фактор болын шығуы осыдан көрінеді. Адамдар еркіндікті сезінуі, оған құлшынуы, өз мүддесін алға тартып, құқықтарын пайдалана білуі керек. Ол үшін бірқатар саяси-құқықтық білім керек.
Ділді қалыптастыратын факторлар
Ділдің қалыптасуы қоғамда бағаланатын құндылықтарға, идеалдарға, мәдениет деңгейіне, әлеуметтік құрылым мен адамның өмір сүрген ортасына, әкімшілік, идеологиялық және экономикалық шараларға байланысты. Тиісінше, туынды сана және санасыздық ретінде адамның өзі ділді қалыптастырады.
Ал қоғам өз еркімен, саналы түрде ұстанатын идеалдарды, құндылықтарды өзгерте алады, мәдениетке де сапалы жаңалықтар енгізе отырып, оны бұрын болмаған деңгейге көтереді. Әлеуметтік құрылымды да өзгертеді. Сонымен, діл адамдардың санасымен, дүниені қабылдауымен, сезімімен, құлшынысымен, зауқымен де байланысты. Бүдан ділді өзгертуге және қайта тәрбиелеуге болатыны көрінеді. Ол үшін бағытталған идеологиялық шаралар жүргізу керек.
Кезінде коммунистік идеология Сталиннің жеке басына табыну бағытын ұстанғанда, бүкіл кеңес халқы оны қабылдап, "халықтардың әкесі" өлгенде өз әкелері елгендей, еңірегенде етегін толтырды. Тоқырау жылдары деп аталатын кезеңде келешекте "ұлттардың қосылып кетуі", "тілдердін жойылатыны" туралы "қағидаларды" күн құрғатпай қақсаудын салдарынан түрлі ұлт өкілдері, солардың ішінде қазақтар да, келешегінен түңіліп, ұлттық нигилизм психологиясына бой алдырды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша біздің елімізде цензураға тыйым салынады. Әркімге өз пікірін ашық айту мүмкіндігі берілген. Тәуелсіз БАҚ-тың ұстанатын тұрғылары әр түрлі. Бұл жағдай кез келген азаматтың өз ойына келген пікірін көпшілікке жеткізе алуына мүмкіндік береді.
Солай болса да, қоғамда кейде цензура орнатып, белгілі бір ақпараттың көпшілікке тарап кетпеуі үшін жанталасатын күштер де табылып жатады. Олар біржақты ақпаратпен бұқаралық санада бүр жарып келе жатқан демократиялық діл ұшқындарын өшіруге әрекеттенеді. Мұндайда бұқараның ділі шектеулі акпаратпен тұйықталып, өз мүдделері үшін күресе алмайтын деңгейге түседі.
Әр халықтың немесе бүкіл өңір халықтарының өзіндік ділі болады. Сонымен қоса бүкіл Батыс халықтарына және Шығыс халықтарына тән жалпы ортақ діл бар. Діл қоғамның даму сипатын айқындайтын факторлардың бірі ретінде өте үлкен маңызға ие.
Ділділік мәселесі
Діл болған жерде ділділік мәселесі туындайды. Ділділік — индивидтің немесе топтың әрекетіндегі ділдің көрінісін, демек, оның айшықтығын немесе көмескілігін бейнелейді. Мысалы, бұқара демократиялық құндылықтарды санасына жақсы сіңірген болса, онда ол саяси мәдениетінің, құкықтық сауаттылығының жоғарылығымен қоғам өміріне белсене араласады, үкіметтің қызметін бақылауға алады, өз құқықтарын корғап қалады. Мұны ділділіктің көрінісі деуге әбден болады.
Бір ескеретіні, бұқара ділділігін ұнамсыз жағынан да көрсетуі мүмкін. Мысалы, ол саяси белсенді емес, өз құқықтарын қорғай алмайды, қоғамдық бірлестіктердің, өзге ұйымдасулардың жұмысына қатыспайды, соның салдарынан қоғамда болып жатқан саяси құбылыстардың мәнін түсінбейді, сонысымен өзіліп отыра береді, жеңіледі, қырылады, қашады. Демек, ділділіктің жоғарыда аталғандай, құпталатын керінісі сияқты, құпталмайтын, жағымсыз көрінісі де болады. Бір халықтың саяси белсенділігі мен құқықтық сауаттылығын көрсетуі ділділік болғаны сияқты, екінші халықтың саяси бұйығылы мен құқықтық сауатсыздығын көрсетуі де ділділікке жатады. Өйткені екеуі де ділді (құпталатын немесе құпталмайтын) айшықты көрсетіп түр. Ділділіктің елшемін оның құпталатынына немесе құпталмайтынына қарап бағалауға болмайды. Ділділік — бар немесе жоқ, көрініс беріп тұр немесе көрініс беріп тұрған жоқ— сонысымен ділділік. Ал құпталу немесе құпталмау — ділділіктің сапалық критериі.
Ал ділсіздік ұғымында мағына жоқ. Өйткені бұқара бар жерде — жақсы немесе жаман болсын діл бар. Діл бар жерде, жақсы немесе жаман болсын, оның көрінісі бар. Ділдің қандайының болса да, жақсы немесе жаман болсын, көрінісі ділділік болып табылады.
АҚШ халқының ділінің мынадай ерекшеліктері бар: саясатқа белсенді араласады, Үкіметтің әр қимылын бақылайды, әкімдерден есеп алып отырады, ойына келгендерін ашық айта алады, кез келген мәселені шешуде тез бірігіп кетеді.
Діл және ұлттық психология
Сырттай қарағанда діл мен психологияның қоғам өміріндегі көрінісі ұқсас. Екеуі де сананы меңдеген, адамның немесе топтық әрекетіне тура әсер ететін санасыздық құбылысы ретінде көрініс береді. Бірақ бұлардың мәнді айырмалары бар. Психология үнемі өзгере бермейтін орнықты факторлардың — халық мекен еткен жердің табиғатының, климаттық жағдайлардың, мыңдаған жылдар бойы шұғылданып келе жатқан кәсіптің, орныққан салттардың, дәстүрлердің, ғұрыптардың, халықтың басынан кешкен тарихының туындысы болса, діл орнықсыз факторлардың — билікке келген түрлі үкіметтер жүргізген саясатының, идеологиялық шаралардың, белгілі бір мерзімді қамтыған әлеуметтік сілкіністердің, катаклизмдердің салдары болын табылады. Психология оңайлықпен өзгермейді, "қанға сіңген" қасиет сияқты көрініс береді, ділді білім идеологиялық, экономикалық-әлеуметтік шаралар арқылы өзгертуге болады.
Ділдің орнығуы дамудың белгілі кезеңінде қалыптаскан ахуалға тәуелді. Ол бір жағынан, практикалық қызмет барысында; екіншіден, рухани тіршіліктің жемісімен айқындалып, әлеуметтік маңызды идеялардың айналасында орнығады. Адамдардың басына қандай идеялар "тықпалануына" көп нәрсе тәуелді. Тарихи-фактормен тоталитарлық билік жағдайында орнаған келеңсіз нышандар ұшырасады.
Экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық факторлардың әсерінен өрбіген құбылыстарға мыналар жатады. Малшы халықтарға тән салғырттық, шалағайлық, аңқаулық, жалқаулық, білім мен мәдениеттің төмендігінен туатын жұқтырғыштық пен еліктегіштік, адамдар қауымдастығының ұлтқа дейінгі пішіндеріне тән, сарқыншақ мінездер — рушылдық, жүзшілдік т.б. Бұрын қазақтың ұлттық санасында болмаған, отарлық және тоталитарлық режимдер кезінде жұқтырылған, түрлі идеологиялық және шаруашылық шаралардың салдары болып табылатын әлеуметтік-психологиялық кешендерге идеологиялық факторлардың әсерінен болған солақайлық кешені ( жалақорлық, күдікшілдік, өпербақандық); отарлық тәуелділікте болған халықтарға тән арызқойлық, күншілдік, жағымпаздық, өзгеге жүгінгіштік, жуастық, масылдық, құлдық бағыныштылық, құлдықтың ерекше түрі мәңгүрттік, т.б.
Қоғамдық психологияда белгілі деңгейде көрініс бергенімен, жоғарыда аталған жағымсыз құбылыстарды ұлттық психологияға жатқызуға болмайды. Ол — тарихтың белгілі бір кезеңінде билік иелері жүргізген саясаттың салдары, демек, ділдегі өзгерістер. Енді идеологиялық тәрбиенің бағытын өзгерту арқылы ділдегі келеңсіздіктерді түбегейлі өзгертіп жіберуге болады.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы жаппай геноцид, зиялы қауымды қырғынға ұшырату бұқаралық санаға арызқойлық пен жалақорлық психологияны орнықтырып кетті. Кадрларды іріктеу мен қызметке орналастырудағы әділетсіздіктер, жоғарыдағылардың төмендегілерді жеке басына берілгендік ұстанымымен тағайындауы жағымпаздықтың өршуіне себеп болды. Жоғары лауазымдарға кәсіпқойлығымен емес, пысықтығымен немесе сыбайластықпен келіп алған, ұлттық мүддені көздеуді білмейтін, ру мүддесімен күн кешіп жүргендер жойылып бара жатқан рушылдықты қайта коздырады. Осылай түрлі келеңсіз құбылыстардың бәрі өз себептерімен қоғамдық санадан орын алып жатты. Бұл жерде ескерте кететін бір жайт, патшалық Ресейге бағыныштылық және коммунистік билік тұсында бұқаралық санаға ұялағанның бөрі тек қазаққа ғана тән емес.
Дереккөздер
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы,ISBN 9965-32-491-3 2007.
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8
- Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.– Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
- Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. ISBN 9965-33-570-2
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dil kejde mentalitet agylsh mentality kejde agylsh mindset ojlaudyn үlgisi etnostyn әleumettik toptyn individtin zhalpy ruhani minez kulky Sondaj ak dil halyktyn men onyn baska ulttyk kurylymdardan ereksheligin tanu bolyp tabylady Sol arkyly adamdardyn zhalpylama zhәne nakty baga berui әleumettik ustanymy әzinin әleumettik birligine zhәne baska da kauymdastyktarga belsendi karym katynasy pajda bolady Zhalpy sipatyDil adamdardyn belgili bir kogamdastygyna tәn naktyly tarihi mәdeni ortada kalyptaskan minez kulyktardyn zhәne is әreketterdin birkelki sipatyn bildiretin ugym Dil mәdeni biregejlenuimen zhәne tulganyn ozin ozi belgili bir mәdeni ortada sezinu dengejimen bajlanysty Adam balasy tumysynan kundylyktar zhүjesin otbasylyk toptyk etnostyk orkeniettik t b kobinese bәz kalpynda dajyn kүjinde kabyldajdy Erkin tandau kabileti negizinen shygarmashylyk karymy zhasampazdyk daryny mol tulgalarga tәn Osygan oraj en aldymen etnostyk sananyn turaktylygyn dүnietanymynyn әmbebapty bolatyndygyn eskergen zhon Dil biz zhәne biz emes degen azhyratushy oppoziciyaga negizdeledi Dildi ogan tabigaty uksastau mәdeni arhetip pen ulttyk minez kulyktan azhyrta bilgen zhon Өzgermeli ortada tulgalyk turaktylykty zhүzege asyratyn mәdeni arhetip tylsymdyk bejsanaly sipat ielenedi al tanbalardyn rәmizderdin magynalardyn pajymdalgan zhүjesin kurajtyn dil sanaly talkyga tүsip otyrady lttyk minez kulyk mәdeni arhetiptermen birge adamdardyn kajtalanbaly tabigi etnopsiholdyk erekshelikteri arkyly korinis tabady Dil әrtүrli adamdardyn dүniedegi zattar men kubylystardy birkelki tanbalar men rәmizder arkyly bejnelej alu kabiletimen erekshelenedi Osy birkelkilik adami kogamdastyktardyn ortak tabigi tarihi ortada kalyptasuymen de mәdeni sabaktastyk nyshandarymen de tikelej bajlanysty bolady Mysaly euraziyalyk Ұly Dalany konystangan koshpeli halyktar urpaktarynyn dilinde koptegen ortak belgiler bar Dil әlem kartinasyn zhasajtyn zhәne mәdeni dәstүr nemese kauymdastyktyn birligin nygajtatyn zhalpy ruhani konil kүj nanymilanym ruh dagdysy ojdyn birtutas zhiyntygy Mentalitet zheke zhәne uzhymdyk sananyn ozindik ereksheligi bar dengejlerin sipattajdy bul orajda mentalitet ozgeshe ojlau tipi Mentalitet tabigat zhәne әleumettik zhagdajlar saldarynan tuyndajtyn zhәne adamnyn omir әlemi turaly ugym tanymyn ashatyn zhalpylyk mentalitet terminin zhannyn negizgi ortalyk metafizikalyk mәnin kundylyktar men akikattyn tүpderek retinde karastyra otyryp amerikan filosofy R Emersan 1856 engizdi Mentalitet kogamnyn mәdenieti ruhani omiri bejnelengende belgili bir dәuirdin filosafiyalyk dini sayasi estetikalyk teoriyalarynda korinetin metaugym bolyp tabylady Dil ugymyҒylymi publicistikalyk zhәne sayasi әdebietterde dil turaly songy zhyldary gana ajtyla bastady Sondyktan bul ugymdy tүsinude kejde birmagynalylyk zhetispej zhatuy mүmkin Sogan karamastan bir mәselenin basy ashyk dep senimmen ajtuga bolady Ol kazirgi Қazakstan kogamynyn әleumettik progreske zhetu үderisinde bukaranyn sayasi dilinin sheshushi rolin atkarady Dildin tabigatyn tүsinu үshin ony aldymen myna үsh kyrynan karastyryp korejik Birinshiden dil zheke adamnyn nemese әleumettik toptyn sana dengejin korsetedi sanamen tygyz bajlanysta bolady Sonymen kosa dildin sanamen shektelmej odan tyskary zhatkandardy da kamtitynyn umytpau kerek Mysal үshin bir standartty ahualdagy sayasi sana dengeji tүrlishe eki azamattyn әreketin alyp karajyk A degen azamat үnemi әleumettik belsendilik tanytady el ishinde nemese syrtynda bolyp zhatkan okigalarga katysty ozinin turgysyn ustanyp belgili bir sayasi keshterdi belsendi koldajdy kejbireulerinin әreketine synshyldykpen karajdy Ol sayasatty bүkilhalyktyk is dep biledi ozin de sayasattyn әri obektisi әri subektisi dep eseptejdi zhәne sodan tuyndap zhatatyn zhauapkershilikti tүsinedi Ekinshi B degen azamat ozin sayasattan tyskarymyn dep eseptejdi Onyn sayasi partiyalarmen isi zhok olardyn bagdarlmalary basshylary ony kyzyktyrmajdy Sajlau kezinde dauys beruge barmajdy ozin sajlauga da karsy Mineki bul mysaldan biz sayasi sanaga katysty dildin birinshi zhagdajda sayasi belsendilik ekinshi zhagdajda enzharlyk sipattagy korinisin bajkajmyz Zheke azamattar gana emes iri әleumettik toptar da bүkil kogam osyndaj sayasi sana dengejine proporciyaly belsendi nemese passivti boluy mүmkin Mynadaj surak tuyndajdy passivti kogam nemese azamat B oz әreketimen ozderin sayasattan aulak үstaj aldy ma Әrine zhok Olar sayasi enzharlygymen ak ozderinin sayasi turgysyn bildirdi Keltirilgen zhagdajda olar bilikke әdil emes zholdarmen kelgisi keletinderdin pajdasyna әreket zhasady Budan mynadaj korytyndy shygaruga bolady eshkim de sayasattan tyskary bola almajdy avtorlyk kogam mүshesinin sayasatka aralaspauynyn ozi konservatorga komektesuden korinis beretin sayasatka aralasu Budan shygatyn ekinshi korytyndy sayasi sana dengeji dildin kriterii retinde korinis beredi Sayasi belsendilik zhagdajyn kogam dinamikaly damidy oz keleshegin ozi zhasaj alady Ekinshi zhagdajdagydaj kogam mүsheleri belsendilik tanytpasa onyn tagdyryn bilik basyndagylar sheshedi Dildin ekinshi kyry adamnyn nemese әleumettik toptyn әreketke zhәne ojlauga kabiletinen korinis beredi Ol akyl sapasynyn korsetkishi retinde zheke adamdardyn nemese toptyn ruhani zhagdajyn nagyzdyktyn tүsinilu bejnesin ajkyndajdy ojlau turpaty zhәne uzhymdyk kalyptasatyn ojlau men tәrtiptin kurylymy retinde korinis beredi Қogam ozinin damuy kezinde tүrli silkinisterge dagdarystarga ushyrap otyruy mүmkin Osyndaj totenshe zhagdajlarda kejbir kogamdar tygyryktan zhol tauyn shygady endi bireuleri kuryp ketui mүmkin Bul kogamnyn oreketke zhәne ojlauga kabilettiligine bajlanysty Өtken gasyrdyn ekinshi zhartysynda kommunistik bilik ornatkan birkatar elder bukaralyk apat zhagdajlaryn bastarynan keshirdi Ajnaldyrgan birneshe zhyldyn ishinde Kambodzhada 8 million adamnyn 3 milliony kyrylyp kaldy Efiopiyada eki ak zhyldyn ishinde halyktyn zhartysyna zhuygy zhojyldy 1929 1933 zhyldardagy kazak halky basynan keshken noubet bulardan asyp tүsti etnostyk kazaktardyn үshten ekisi kyryldy zhәne shet elderge bosyp ketti Bilikke kүmәndi zholdarmen kelip alyp ojyna kelgenin istejtin үkimetke senip ogan karsy shyga almaj ekinshi sozben ajtkanda dildin mesheuligi saldarynan orleuden aulak kalu kuryp ketu kaupi kazir de sejildi dep ajtuga bolmajdy XX gasyrdyn ekinshi zhartysynda mundaj zhagdajlar Indoneziyada Auganstanda buryngy Kenes Odagynyn karauynda bolgan ulttyk respublikalarda korinis berdi Dildin kelesi үshinshi kyry adamdardyn dүnieni belgili bejnede kabyldauy men sezinuinen progreske dajyndygynan zaukynan korinis beredi Dүnie degende bul zherde adamdardyn әleumettik orleuge kol zhetkizgen mүddeleri eskerilgen kukyktary korgalgan shyn mәnindegi erikti kogam ugymyn koz aldyga elestetuge bolady Өrleudin kepili demokratiya desek adamdardyn demokratiyalyk sanasy men mәdenieti dengejinin dildi ajkyndajtyn faktor bolyn shyguy osydan korinedi Adamdar erkindikti sezinui ogan kulshynuy oz mүddesin alga tartyp kukyktaryn pajdalana bilui kerek Ol үshin birkatar sayasi kukyktyk bilim kerek Dildi kalyptastyratyn faktorlarDildin kalyptasuy kogamda bagalanatyn kundylyktarga idealdarga mәdeniet dengejine әleumettik kurylym men adamnyn omir sүrgen ortasyna әkimshilik ideologiyalyk zhәne ekonomikalyk sharalarga bajlanysty Tiisinshe tuyndy sana zhәne sanasyzdyk retinde adamnyn ozi dildi kalyptastyrady Al kogam oz erkimen sanaly tүrde ustanatyn idealdardy kundylyktardy ozgerte alady mәdenietke de sapaly zhanalyktar engize otyryp ony buryn bolmagan dengejge koteredi Әleumettik kurylymdy da ozgertedi Sonymen dil adamdardyn sanasymen dүnieni kabyldauymen sezimimen kulshynysymen zaukymen de bajlanysty Bүdan dildi ozgertuge zhәne kajta tәrbieleuge bolatyny korinedi Ol үshin bagyttalgan ideologiyalyk sharalar zhүrgizu kerek Kezinde kommunistik ideologiya Stalinnin zheke basyna tabynu bagytyn ustanganda bүkil kenes halky ony kabyldap halyktardyn әkesi olgende oz әkeleri elgendej eniregende etegin toltyrdy Tokyrau zhyldary dep atalatyn kezende keleshekte ulttardyn kosylyp ketui tilderdin zhojylatyny turaly kagidalardy kүn kurgatpaj kaksaudyn saldarynan tүrli ult okilderi solardyn ishinde kazaktar da kelesheginen tүnilip ulttyk nigilizm psihologiyasyna boj aldyrdy Қazakstan Respublikasynyn Konstituciyasy bojynsha bizdin elimizde cenzuraga tyjym salynady Әrkimge oz pikirin ashyk ajtu mүmkindigi berilgen Tәuelsiz BAҚ tyn ustanatyn turgylary әr tүrli Bul zhagdaj kez kelgen azamattyn oz ojyna kelgen pikirin kopshilikke zhetkize aluyna mүmkindik beredi Solaj bolsa da kogamda kejde cenzura ornatyp belgili bir akparattyn kopshilikke tarap ketpeui үshin zhantalasatyn kүshter de tabylyp zhatady Olar birzhakty akparatpen bukaralyk sanada bүr zharyp kele zhatkan demokratiyalyk dil ushkyndaryn oshiruge әrekettenedi Mundajda bukaranyn dili shekteuli akparatpen tujyktalyp oz mүddeleri үshin kүrese almajtyn dengejge tүsedi Әr halyktyn nemese bүkil onir halyktarynyn ozindik dili bolady Sonymen kosa bүkil Batys halyktaryna zhәne Shygys halyktaryna tәn zhalpy ortak dil bar Dil kogamnyn damu sipatyn ajkyndajtyn faktorlardyn biri retinde ote үlken manyzga ie Dildilik mәselesiDil bolgan zherde dildilik mәselesi tuyndajdy Dildilik individtin nemese toptyn әreketindegi dildin korinisin demek onyn ajshyktygyn nemese komeskiligin bejnelejdi Mysaly bukara demokratiyalyk kundylyktardy sanasyna zhaksy sinirgen bolsa onda ol sayasi mәdenietinin kukyktyk sauattylygynyn zhogarylygymen kogam omirine belsene aralasady үkimettin kyzmetin bakylauga alady oz kukyktaryn korgap kalady Muny dildiliktin korinisi deuge әbden bolady Bir eskeretini bukara dildiligin unamsyz zhagynan da korsetui mүmkin Mysaly ol sayasi belsendi emes oz kukyktaryn korgaj almajdy kogamdyk birlestikterdin ozge ujymdasulardyn zhumysyna katyspajdy sonyn saldarynan kogamda bolyp zhatkan sayasi kubylystardyn mәnin tүsinbejdi sonysymen ozilip otyra beredi zheniledi kyrylady kashady Demek dildiliktin zhogaryda atalgandaj kuptalatyn kerinisi siyakty kuptalmajtyn zhagymsyz korinisi de bolady Bir halyktyn sayasi belsendiligi men kukyktyk sauattylygyn korsetui dildilik bolgany siyakty ekinshi halyktyn sayasi bujygyly men kukyktyk sauatsyzdygyn korsetui de dildilikke zhatady Өjtkeni ekeui de dildi kuptalatyn nemese kuptalmajtyn ajshykty korsetip tүr Dildiliktin elshemin onyn kuptalatynyna nemese kuptalmajtynyna karap bagalauga bolmajdy Dildilik bar nemese zhok korinis berip tur nemese korinis berip turgan zhok sonysymen dildilik Al kuptalu nemese kuptalmau dildiliktin sapalyk kriterii Al dilsizdik ugymynda magyna zhok Өjtkeni bukara bar zherde zhaksy nemese zhaman bolsyn dil bar Dil bar zherde zhaksy nemese zhaman bolsyn onyn korinisi bar Dildin kandajynyn bolsa da zhaksy nemese zhaman bolsyn korinisi dildilik bolyp tabylady AҚSh halkynyn dilinin mynadaj erekshelikteri bar sayasatka belsendi aralasady Үkimettin әr kimylyn bakylajdy әkimderden esep alyp otyrady ojyna kelgenderin ashyk ajta alady kez kelgen mәseleni sheshude tez birigip ketedi Dil zhәne ulttyk psihologiyaSyrttaj karaganda dil men psihologiyanyn kogam omirindegi korinisi uksas Ekeui de sanany mendegen adamnyn nemese toptyk әreketine tura әser etetin sanasyzdyk kubylysy retinde korinis beredi Birak bulardyn mәndi ajyrmalary bar Psihologiya үnemi ozgere bermejtin ornykty faktorlardyn halyk meken etken zherdin tabigatynyn klimattyk zhagdajlardyn myndagan zhyldar bojy shugyldanyp kele zhatkan kәsiptin ornykkan salttardyn dәstүrlerdin guryptardyn halyktyn basynan keshken tarihynyn tuyndysy bolsa dil ornyksyz faktorlardyn bilikke kelgen tүrli үkimetter zhүrgizgen sayasatynyn ideologiyalyk sharalardyn belgili bir merzimdi kamtygan әleumettik silkinisterdin kataklizmderdin saldary bolyn tabylady Psihologiya onajlykpen ozgermejdi kanga singen kasiet siyakty korinis beredi dildi bilim ideologiyalyk ekonomikalyk әleumettik sharalar arkyly ozgertuge bolady Dildin ornyguy damudyn belgili kezeninde kalyptaskan ahualga tәueldi Ol bir zhagynan praktikalyk kyzmet barysynda ekinshiden ruhani tirshiliktin zhemisimen ajkyndalyp әleumettik manyzdy ideyalardyn ajnalasynda ornygady Adamdardyn basyna kandaj ideyalar tykpalanuyna kop nәrse tәueldi Tarihi faktormen totalitarlyk bilik zhagdajynda ornagan kelensiz nyshandar ushyrasady Ekonomikalyk әleumettik turmystyk faktorlardyn әserinen orbigen kubylystarga mynalar zhatady Malshy halyktarga tәn salgyrttyk shalagajlyk ankaulyk zhalkaulyk bilim men mәdeniettin tomendiginen tuatyn zhuktyrgyshtyk pen eliktegishtik adamdar kauymdastygynyn ultka dejingi pishinderine tәn sarkynshak minezder rushyldyk zhүzshildik t b Buryn kazaktyn ulttyk sanasynda bolmagan otarlyk zhәne totalitarlyk rezhimder kezinde zhuktyrylgan tүrli ideologiyalyk zhәne sharuashylyk sharalardyn saldary bolyp tabylatyn әleumettik psihologiyalyk keshenderge ideologiyalyk faktorlardyn әserinen bolgan solakajlyk kesheni zhalakorlyk kүdikshildik operbakandyk otarlyk tәueldilikte bolgan halyktarga tәn aryzkojlyk kүnshildik zhagympazdyk ozgege zhүgingishtik zhuastyk masyldyk kuldyk bagynyshtylyk kuldyktyn erekshe tүri mәngүrttik t b Қogamdyk psihologiyada belgili dengejde korinis bergenimen zhogaryda atalgan zhagymsyz kubylystardy ulttyk psihologiyaga zhatkyzuga bolmajdy Ol tarihtyn belgili bir kezeninde bilik ieleri zhүrgizgen sayasattyn saldary demek dildegi ozgerister Endi ideologiyalyk tәrbienin bagytyn ozgertu arkyly dildegi kelensizdikterdi tүbegejli ozgertip zhiberuge bolady Өtken gasyrdyn otyzynshy zhyldaryndagy zhappaj genocid ziyaly kauymdy kyrgynga ushyratu bukaralyk sanaga aryzkojlyk pen zhalakorlyk psihologiyany ornyktyryp ketti Kadrlardy irikteu men kyzmetke ornalastyrudagy әdiletsizdikter zhogarydagylardyn tomendegilerdi zheke basyna berilgendik ustanymymen tagajyndauy zhagympazdyktyn orshuine sebep boldy Zhogary lauazymdarga kәsipkojlygymen emes pysyktygymen nemese sybajlastykpen kelip algan ulttyk mүddeni kozdeudi bilmejtin ru mүddesimen kүn keship zhүrgender zhojylyp bara zhatkan rushyldykty kajta kozdyrady Osylaj tүrli kelensiz kubylystardyn bәri oz sebepterimen kogamdyk sanadan oryn alyp zhatty Bul zherde eskerte ketetin bir zhajt patshalyk Resejge bagynyshtylyk zhәne kommunistik bilik tusynda bukaralyk sanaga uyalagannyn bori tek kazakka gana tәn emes DerekkozderSayasi tүsindirme sozdik Almaty ISBN 9965 32 491 3 2007 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Mәdeniettanu zhogargy oku ornyndary men kolledzh studentterine arnlgan okulyk Almaty Raritet 2005 416 bet ISBN 9965 663 71 8 Oryssha kazaksha zandyk tүsindirme sozdik anyktamalyk Almaty Zheti zhargy baspasy 2008 zhyl ISBN 9965 11 274 6 Қogamdyk bilim negizderi Zhalpy bilim beretin mekteptin kogamdyk gumanitarlyk bagytyndagy 10 synybyna arnalgan okulyk Ә Nysanbaev Ғ Esim M Izotov K Zhүkeshev t b Almaty Mektep baspasy 2006 ISBN 9965 33 570 2Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz