Архетип (грек, агсһе — бастау, tupos — бейне) — алғашқы үлгі, түпнұсқа. Архетип жалпы адамзаттық негізіне, шығармашылық жасампаз қиялдың нәр алатын бастауына жатады. Архетип өнерде ерекше рөл атқарады. Мәдени архетиптер — бұл ілкі мәдени түпнұсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік-рәміздер, тарихтың терең қойнауларынан үзілмей «өсіп» шығып, қазіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдарлар. Архетип туралы ілімдер К. Юнгтің «аналитикалық психологиясында», «мәдени-тарихи теориясында», Дж. Кулидің «Рәміздік интеракционизмінде» және мәдениетті құндылық-рәміздік жүйе мен адамдар тіршілігінің рухани интенциясы деген түсініктерде жан-жақты дамытылды. К. Юнгтің аналитикалық психологиясында архетип көмескі сананың тылсымдық құрылымдарында «ұжымдық бейсаналық» түпнұсқалар ретінде сақталды. Мәдени тұлғаның рухани-шығармашылық қазынасын қауымдық тылсымдағы архетиптер құрастырады. Оларға адамның рухани өмірін априорлы (тәжірибеге дейін) қалыптастыратын және оның іс-әрекетін, мінез-құлық жүйесін жалпылама анықтайтын құндылықтар қисыны жатады. Осының негізінде адамда «мендік» сезім, этноста ортақ уақыттық-кеңістік өрісі пайда болады. Әрбір халық өз мәдениетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде архетиптеріне жиі оралады. Мысалы, Қазақстанда соңғы жылдары мәдениет пен өнердің әр саласындағы «ұлттық негіздерді жаңғырту» идеясы осымен тұстас.
Дереккөздер
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Arhetip grek agsһe bastau tupos bejne algashky үlgi tүpnuska Arhetip zhalpy adamzattyk negizine shygarmashylyk zhasampaz kiyaldyn nәr alatyn bastauyna zhatady Arhetip onerde erekshe rol atkarady Mәdeni arhetipter bul ilki mәdeni tүpnuskalar adam zhәne onyn tabigat pen kogamdagy orny zhonindegi tүsinik rәmizder tarihtyn teren kojnaularynan үzilmej osip shygyp kazirgi mәdeniettin normalyk kundylyk kenistiginde oz manyzy men magynasyn zhogaltpagan zhәne bүgingi adamdardyn әreketterine zhalpy zhoba beretin baptyk kundylyk bagdarlar Arhetip turaly ilimder K Yungtin analitikalyk psihologiyasynda mәdeni tarihi teoriyasynda Dzh Kulidin Rәmizdik interakcionizminde zhәne mәdenietti kundylyk rәmizdik zhүje men adamdar tirshiliginin ruhani intenciyasy degen tүsinikterde zhan zhakty damytyldy K Yungtin analitikalyk psihologiyasynda arhetip komeski sananyn tylsymdyk kurylymdarynda uzhymdyk bejsanalyk tүpnuskalar retinde saktaldy Mәdeni tulganyn ruhani shygarmashylyk kazynasyn kauymdyk tylsymdagy arhetipter kurastyrady Olarga adamnyn ruhani omirin apriorly tәzhiribege dejin kalyptastyratyn zhәne onyn is әreketin minez kulyk zhүjesin zhalpylama anyktajtyn kundylyktar kisyny zhatady Osynyn negizinde adamda mendik sezim etnosta ortak uakyttyk kenistik orisi pajda bolady Әrbir halyk oz mәdenietin erkin damytuga mүmkindik algan kezde arhetipterine zhii oralady Mysaly Қazakstanda songy zhyldary mәdeniet pen onerdin әr salasyndagy ulttyk negizderdi zhangyrtu ideyasy osymen tustas DerekkozderBiekenov K Sadyrova M Әleumettanudyn tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2007 344 bet ISBN 9965 822 10 7 Sayasi tүsindirme sozdik Almaty 2007 ISBN 9965 32 491 3 Mәdeniettanu zhogargy oku ornyndary men kolledzh studentterine arnlgan okulyk Almaty Raritet 2005 416 bet ISBN 9965 663 71 8 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz