Генетикалық карталар — деп хромосомада болатын тіркес гендердің орналасу сызбанұсқасын айтады. Қазіргі кезде, әсіресе, генетикалық тұрғыдан толық зерттелген объектілердің, атап айтқанда, дрозофиланың, жүгері және қызан өсімдіктерінің, тышқанның, пішен таяқшасының, т.б. генетикалық карталары жасалған. Болашақта басқа да өсімдіктер мен жануарлардың және адамның генетикалық картасын жасау міндеті тұр.
Генетикалық карталар ұқсас хромосомалардың әр жұбы бойынша жеке-жеке жасалады. Хромосомалардың жұптарын тіркестік топтар деп атайды. Олардың саны хромосомалардың гаплоидты жиынтығына тең болатындығы бұрын айтылған болатын. Мысалы, дрозофилада 8 хромосома болса, ол 4 тіркестік топты, жүгерідегі 20 хромосома 10 тіркестік топты құрайды. Тіркестік топтар рим цифрларымен І, ІІ, ІІІ, ІV және т.б. болып белгіленеді.
Картаны дұрыс құрастыру үшін гендердің тұқым қуалау заңдылықтарын толық зерттеп, білу қажет. Мысалы, дрозофиланың 4 тіркестік топта шоғырланған 7000-ға жуық гені, сол сияқты жүгерінің 10 тіркестік тобында болатын 10000-ға жуық гені зерттелген және т.б.
Генетикалық картаны құрастыру кезінде тіркесу тобы, гендердің толық немесе қысқартылып алынған атаулары көрсетіледі және хромосомада орналасқан гендердің ара қашықтығын көрсететін цифрлар жазылады. Гендер арасындағы ара қашықтықтың өлшем бірлігі 1% кроссинговерге тең болады. Оны Т. Морганның құрметіне сантиморган (сМ) немесе морганида деп атайтынын білесіңдер. Мысалыға, дрозофиланың бір ғана хромосомасында болатын гендер тобының орналасу ретін қарастырайық. Олар үш түрлі гендерден тұрады:
- қанатының бүріскендігін анықтайтын — (jantһy) гені;
- көзінің қара қошқыл түсін анықтайтын — (purple) гені;
- көзінің қызыл түсін анықтайтын — (cіnnabar) гені.
Бұл гендер дрозофиланың ІІ жұп хромосомасында орналасқан. Сонда j мен pr гендерінің ара қашықтығы кроссинговер пайызымен есептегенде 5,8; pr мен c гендері 3; ал j мен с гендерінікі — 8,8 сантиморганға тең болады.
Микроорганизмдердің генетикалық картасы өзгеше. Себебі, олардың сақина тәрізді жалғыз ғана хромосомасы болады. Бірқатар бактерияларда мысалы, пішен таяқшасында генетикалық ақпарат клеткалардың конъюгациялануы кезінде беріледі және микроорганизмдер хромосомасындағы гендердің орналасу реті тұрақты болады. Сондықтан олардың генетикалық картасы да дөңгелек пішінді болып келеді. Ал ондағы орналасқан гендердің ара қашықтығы кроссинговер пайызымен емес, конъюгацияның ұзақтығымен, яғни минутпен өлшенеді.
Жалпы тірі организмдердің генетикалық картасын құрастырудың теориялық, сонымен қатар, практикалық та маңызы бар. Мысалы, гендердің орналасу ретін білу арқылы белгілердің тұқым қуалау сипатын алдын ала анықтауға мүмкіндік туады. Айталық, селекцияда будандастыру үшін қажетті ата-аналық жұптарды дұрыс таңдап алу жолдарын жеңілдетеді. Сол сияқты болашақта адамның генетикалық картасы жасалатын болса, аса қауіпті ауру — обырға (рак) жауапты онкогеннің хромосомадағы орналасқан нақты орнын тауып, оған қарсы әрекет жасалса, яғни қызметін тежеу жолы табылса адамзатты мұндай ауыр зардаптан құтқарған болар едік.
Хромосомалардағы гендердің орналасу ретін зерттеу цитологиялық жолмен де жүргізіледі. Соның негізінде цитологиялық карталар жасалады. Мысалы, дрозофила шыбыны дернәсілінің сілекей безінде болатын алып хромосомаларды цитогенетикалық тұрғыдан зерттеу барысында олардағы бірқатар гендердің орналасқан орнын анықтауға мүмкіндік туды.
Генетикалық және цитологиялық карталарды бір-бірімен салыстыра отырып, хромосома бойындағы гендердің айқасу жиілігін, яғни кроссинговер мөлшерін анықтауға болады. Бұл сілекей бездеріндегі алып хромосомаларды зерттеу нәтижесінде белгілі болды. Онда барлық төрт жұп хромосоманың жалпы ұзындығы генетикалық карта бойынша 279% кроссинговерге, яғни сантиморганга тең. К.Бриджес сол төрт жұп хромосоманың әрқайсысының ұзындығын микроскоп арқылы өлшеген. Сонда барлығының ұзындығын қосқанда 1180 микрометр болған. Генетикалық және цитологиялық карталарды салыстыру үшін К.Бриджес кроссинговер коэффициентін пайдалануды ұсынған. Ол үшін хромосомалардың барлық ұзындығын (1180 мкм) генетикалық картаның көрсеткішіне (279%) бөлген, сонда орта есеппен 4,2 болып шыққан. Бұл генетикалық картадағы әрбір кроссинговер (айқасу) бірлігіне цитологиялық карта бойынша 4,2 мкм ұзындық сәйкес келеді деген сөз.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Genetikalyk kartalar dep hromosomada bolatyn tirkes genderdin ornalasu syzbanuskasyn ajtady Қazirgi kezde әsirese genetikalyk turgydan tolyk zerttelgen obektilerdin atap ajtkanda drozofilanyn zhүgeri zhәne kyzan osimdikterinin tyshkannyn pishen tayakshasynyn t b genetikalyk kartalary zhasalgan Bolashakta baska da osimdikter men zhanuarlardyn zhәne adamnyn genetikalyk kartasyn zhasau mindeti tur Genetikalyk kartalar uksas hromosomalardyn әr zhuby bojynsha zheke zheke zhasalady Hromosomalardyn zhuptaryn tirkestik toptar dep atajdy Olardyn sany hromosomalardyn gaploidty zhiyntygyna ten bolatyndygy buryn ajtylgan bolatyn Mysaly drozofilada 8 hromosoma bolsa ol 4 tirkestik topty zhүgeridegi 20 hromosoma 10 tirkestik topty kurajdy Tirkestik toptar rim cifrlarymen I II III IV zhәne t b bolyp belgilenedi Kartany durys kurastyru үshin genderdin tukym kualau zandylyktaryn tolyk zerttep bilu kazhet Mysaly drozofilanyn 4 tirkestik topta shogyrlangan 7000 ga zhuyk geni sol siyakty zhүgerinin 10 tirkestik tobynda bolatyn 10000 ga zhuyk geni zerttelgen zhәne t b Genetikalyk kartany kurastyru kezinde tirkesu toby genderdin tolyk nemese kyskartylyp alyngan ataulary korsetiledi zhәne hromosomada ornalaskan genderdin ara kashyktygyn korsetetin cifrlar zhazylady Gender arasyndagy ara kashyktyktyn olshem birligi 1 krossingoverge ten bolady Ony T Morgannyn kurmetine santimorgan sM nemese morganida dep atajtynyn bilesinder Mysalyga drozofilanyn bir gana hromosomasynda bolatyn gender tobynyn ornalasu retin karastyrajyk Olar үsh tүrli genderden turady kanatynyn bүriskendigin anyktajtyn jantһy geni kozinin kara koshkyl tүsin anyktajtyn purple geni kozinin kyzyl tүsin anyktajtyn cinnabar geni Bul gender drozofilanyn II zhup hromosomasynda ornalaskan Sonda j men pr genderinin ara kashyktygy krossingover pajyzymen eseptegende 5 8 pr men c genderi 3 al j men s genderiniki 8 8 santimorganga ten bolady Mikroorganizmderdin genetikalyk kartasy ozgeshe Sebebi olardyn sakina tәrizdi zhalgyz gana hromosomasy bolady Birkatar bakteriyalarda mysaly pishen tayakshasynda genetikalyk akparat kletkalardyn konyugaciyalanuy kezinde beriledi zhәne mikroorganizmder hromosomasyndagy genderdin ornalasu reti turakty bolady Sondyktan olardyn genetikalyk kartasy da dongelek pishindi bolyp keledi Al ondagy ornalaskan genderdin ara kashyktygy krossingover pajyzymen emes konyugaciyanyn uzaktygymen yagni minutpen olshenedi Zhalpy tiri organizmderdin genetikalyk kartasyn kurastyrudyn teoriyalyk sonymen katar praktikalyk ta manyzy bar Mysaly genderdin ornalasu retin bilu arkyly belgilerdin tukym kualau sipatyn aldyn ala anyktauga mүmkindik tuady Ajtalyk selekciyada budandastyru үshin kazhetti ata analyk zhuptardy durys tandap alu zholdaryn zhenildetedi Sol siyakty bolashakta adamnyn genetikalyk kartasy zhasalatyn bolsa asa kauipti auru obyrga rak zhauapty onkogennin hromosomadagy ornalaskan nakty ornyn tauyp ogan karsy әreket zhasalsa yagni kyzmetin tezheu zholy tabylsa adamzatty mundaj auyr zardaptan kutkargan bolar edik Hromosomalardagy genderdin ornalasu retin zertteu citologiyalyk zholmen de zhүrgiziledi Sonyn negizinde citologiyalyk kartalar zhasalady Mysaly drozofila shybyny dernәsilinin silekej bezinde bolatyn alyp hromosomalardy citogenetikalyk turgydan zertteu barysynda olardagy birkatar genderdin ornalaskan ornyn anyktauga mүmkindik tudy Genetikalyk zhәne citologiyalyk kartalardy bir birimen salystyra otyryp hromosoma bojyndagy genderdin ajkasu zhiiligin yagni krossingover molsherin anyktauga bolady Bul silekej bezderindegi alyp hromosomalardy zertteu nәtizhesinde belgili boldy Onda barlyk tort zhup hromosomanyn zhalpy uzyndygy genetikalyk karta bojynsha 279 krossingoverge yagni santimorganga ten K Bridzhes sol tort zhup hromosomanyn әrkajsysynyn uzyndygyn mikroskop arkyly olshegen Sonda barlygynyn uzyndygyn koskanda 1180 mikrometr bolgan Genetikalyk zhәne citologiyalyk kartalardy salystyru үshin K Bridzhes krossingover koefficientin pajdalanudy usyngan Ol үshin hromosomalardyn barlyk uzyndygyn 1180 mkm genetikalyk kartanyn korsetkishine 279 bolgen sonda orta eseppen 4 2 bolyp shykkan Bul genetikalyk kartadagy әrbir krossingover ajkasu birligine citologiyalyk karta bojynsha 4 2 mkm uzyndyk sәjkes keledi degen soz