Бургундия (Bourgogne) — Франциядағы тарихи аймақ, орта ғасырларда осы аттас мемлекеттің орталығы болған.
Жері 31 мың км²-ден астам. Халқы 1,6 млн (1988). Орталығы Дижон қаласы. Бұл аймаққа 5 ғасырда германдардың бургун тайпасы келіп қоныстанды да, орталығы Лион қаласы болған Бургундия корольдігін құрды. 6 ғасырда корольдік Бургундия деген атпен Франк мемлекетінің құрамына кірді. Франк мемлекеті ыдырағаннан кейін 9 ғасырда Бургундия герцогтығы құрылып, француз корольдеріне вассалды тәуелдікте болды. 14 — 15 ғасырларда Бургундия герцогтары Францияның Жүз жылдық соғыс кезіндегі (1337 — 1453) аса ауыр жағдайын пайдаланып, дербес саясат жүргізді. Жергілікті қала тұрғындарының қолдауымен олар ағылшын және француз корольдерімен кезек-кезек одақтаса отырып, төңірегіндегі ұсақ графтықтарды күшпен өздеріне қосып алды, сөйтіп Қайырымды Филипп (Felіpe of Bueno) заманында (1419 — 1467) Еуропадағы аса қуатты мемлекеттердің біріне айналды. Ол Францияға бағынғысы келмеген бүлікшіл феодалдарды өз жақтарына шығарып алды және Эно, Нидерланд, , Брабайт, Лимбург, Люксембургті өзіне қосып алып, Эльзас пен Лотарингияны басып алуға тырысты. Бұл Франциямен екі арада болған бургун соғысына (1474 — 1477) алып келді. Этн. құрамы әр түрлі әрі өзара саяси-экономикалық байланыстары нашар болғандықтан бұл соғыста Бургундия күйрей жеңіліп, мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатып, Францияның провинциясына айналды. 1780 жылы Бургундия провинциясы Сона мен Луара, Эн, , Йонна департаменттеріне бөлінді.
Бургундия орта ғасырлардағы Еуропа мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосты. 11 — 12 ғасырларда роман стиліндегі архитектураның негізгі орталығы болды. Осы стильде салынған шіркеулер күні бүгінге дейін өзі орналасқан жерге көрік беруде әрі тарихи ескерткіштер ретінде бағаланады.
Дереккөздер
- “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Burgundiya Bourgogne Franciyadagy tarihi ajmak orta gasyrlarda osy attas memlekettin ortalygy bolgan Burgundiya flagyBurgundardyn ornalasuy Zheri 31 myn km den astam Halky 1 6 mln 1988 Ortalygy Dizhon kalasy Bul ajmakka 5 gasyrda germandardyn burgun tajpasy kelip konystandy da ortalygy Lion kalasy bolgan Burgundiya koroldigin kurdy 6 gasyrda koroldik Burgundiya degen atpen Frank memleketinin kuramyna kirdi Frank memleketi ydyragannan kejin 9 gasyrda Burgundiya gercogtygy kurylyp francuz korolderine vassaldy tәueldikte boldy 14 15 gasyrlarda Burgundiya gercogtary Franciyanyn Zhүz zhyldyk sogys kezindegi 1337 1453 asa auyr zhagdajyn pajdalanyp derbes sayasat zhүrgizdi Zhergilikti kala turgyndarynyn koldauymen olar agylshyn zhәne francuz korolderimen kezek kezek odaktasa otyryp toniregindegi usak graftyktardy kүshpen ozderine kosyp aldy sojtip Қajyrymdy Filipp Felipe of Bueno zamanynda 1419 1467 Europadagy asa kuatty memleketterdin birine ajnaldy Ol Franciyaga bagyngysy kelmegen bүlikshil feodaldardy oz zhaktaryna shygaryp aldy zhәne Eno Niderland Brabajt Limburg Lyuksemburgti ozine kosyp alyp Elzas pen Lotaringiyany basyp aluga tyrysty Bul Franciyamen eki arada bolgan burgun sogysyna 1474 1477 alyp keldi Etn kuramy әr tүrli әri ozara sayasi ekonomikalyk bajlanystary nashar bolgandyktan bul sogysta Burgundiya kүjrej zhenilip memleket retinde omir sүruin toktatyp Franciyanyn provinciyasyna ajnaldy 1780 zhyly Burgundiya provinciyasy Sona men Luara En Jonna departamentterine bolindi Burgundiya orta gasyrlardagy Europa mәdenietinin damuyna үlken үles kosty 11 12 gasyrlarda roman stilindegi arhitekturanyn negizgi ortalygy boldy Osy stilde salyngan shirkeuler kүni bүginge dejin ozi ornalaskan zherge korik berude әri tarihi eskertkishter retinde bagalanady Derekkozder Қazak Enciklopediyasy tom