БАҚАН - киіз үй тіккенде шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түндікті көтеріп жабуға пайдаланылатын ұзындау келген ағаш.
Басынан ұшына қарай бірте-бірте жіңішкеріп келген, бір ұшы (жоғарғы) екі аша етіп жасалады. Бақанның ашалы жағы басы, үшкіл келген жерге тірелетін жағы аяғы немесе ұшы деп аталады. Ұзындығы 2-3 құлаш. Жуандығы қос тұтам ағашты шала кептіріп, жұмырлап жонып, тезге салып түзетіп дайындайды. Бақан әдетте майыспайтын, мықты, түзу қайың, тал ағаштан жасалады. Бақан шаңырақты көтеріп тұруға арналған уық қаламын шаңырақ қаламдығына енгізіп, екінші төменгі ұшын керегенің басына қосып байлаған кезде қолданылады. Үй ішінің адам қолы жетпейтін тұстарын реттеп, жөндеп отыруға, таңертеңгісін түндікті ашуға, түнге қарай жауып қоюға пайдаланады. Кішкене түрін бақанша деп атайды. ҚР MOM қорында сақталған екі бақанның (КП 16333/127, 128) бірінің ұзындығы 3,93 см, жуандығы 21 см.; екіншісінің - 3,33 см. х 16 см. Оның бірінің басында ағаштың өз бұтағынан шыққан табиғи ашасы, бірінде темірден жасалып қондырған ашасы бар. Темірден орнатылған V пішінді аша жоғары қаратыла орналастырылған, ашаның бірі екіншісінен сәл ұзын. Әдетте бақан ашаларының салмақ түсер дәл ортасы - бұтақтың ұрысы тегістеле өнделіп, оған ағаштың шайыры жағылады немесе темірмен қапталады.
Киіз үйді баспана еткен көшпелі қазақтарда бақанды таңдау мен жасаудың өзіндік дәстүрі бар: оған көп ретте берік, әрі қабығының, жоңқасының иісі ерекше болатын ең таңдаулы ағаш - қайыңды қолайлы көреді. Бақан кейбір өңірлерде талдан жасалса, ағашсыз жерлерде морт сынатын болса да қарағайдан дайындалады. Сондай- ақ тобылғы, қайың, тал, терек сияқты ағаштар да жарай береді
Бақан түрлері
Қазақта бақан түрлері бірнешеу: аша (бақан) - ат әбзелдерін ілуге және малды жоғары іліп сойғанда пайдаланылады; тіреу бақан немесе белбақан - жел күшті тұрғанда көлденең ағашқа сыптығыр түзу ағаш салып тірейтін бақанның ашалы түрі; адалбақан - киім, қамшы, ат әбзелдерін, кейде тұтқалы ыдыс-аяқ ілетін бұтақтары бар, ағаштан жонып немесе темірден ілгіш салынатын, күміс құймалармен әшекейленетін, көбінесе бұталы арша ағашынан кесіп жасалынатын бақан түрі; желбақан немесе балуан бақан қатты дауылда шаңыраққа тіреуге және үйді тігіп, жыққанда шаңырақ көтеруге ғана қолданылады.
Бақанның ең үлкен түрі - қарабақан. Жуантық келген және ұзақ қолданыста болған бақанның бұл үлкен түрін басына шүберек байлап, «ту еткен», киелі санаған.
Бақанға қатысты ырымдар және жосын-жоралғылар
Бақан киіз үй жабдықтарының ішіндегі ең қадірлі, қасиетті атрибут саналады. Отбасының ырыс-берекесі, құты бақанда тұрақтайды деген наным болған. Сондықтан отбасылық және шаруашылыққа (әсіресе, төрт түлікке) байланысты ғұрыптың шешуші сәттері бақанмен атқарылады. Ертеде бай-манаптардың керегесі биік, уығы ұзын үйлерінің шаңырағын қарулы жігіттер ат үстінде тұрып бақанмен көтерген екен. Алғаш отау тіккенде және басқа үйлердің шаңырағын, ырым етіп, үлкен үйдің бақанымен көтерген. Байырғы ортада бақан үстінен аттамаған, отқа жақпаған. Ескірген бақанға ақтық байлап, май жағып құз жартасқа апарып тастайды немесе таза жерге қояды. Сиыр ошақ (ауру түрі) болып ауырса, бақанмен түрткен. Бақан әлем ағашы қызметін де атқарады: шаңыраққа бақанды тірегенде жел тұратын бағытқа қарама-қарсы бағытта тірейді; үйдің орнықтылығын, ішкі әсемдігін қамтамасыз ету үшін шаңырақты ұзын сырық - бақанмен тіреген; бір шаңырақты бір ғана бақанмен тірейді. Бақанды үйден сүт тамызып шығарған. «Бақан аттаған байымайды» дейтін қазақтар бақанның үстінен аттамайды, айналып жүреді. Ертедегі түсінік бойынша «баланың кіндігі бұралып қалмау» үшін әйел екіқабат кезінде бақан, арқан аттамау керек. Бақанды жерге көлденеңінен тастауға болмайды; бақанмен кісі ұрмайды. Жаугершілік кезенде ғана бақан қару орнына жүрген. Бақанның (сондай-ақ уықтың қарын бауының шашағы) басқа тиюі - жаман ырым. Мұндай жағдайда адамның періштесі қашады-мыс. Бақанды киіз үйге басымен (ашасымен) кіргізіп, аяғымен шығарады. Түнде бақанды үйден сыртқа шығармайды. Көшкенде бақанның айырын қомға (артына) қаратып қыстырады. Баланың бақанды құшақтауына, сүйенуіне, болмайды. Дәстүрлі ортада жетім қалған, сүйеніші жоқ, ата-анасыз бала ғана бақан құшақтайды деп, тыйым жасаған. Босанатын әйел бақанға асылады; жайшылықта бақанға асылған, сүйенген адамға «бақанға сүйенетіндей көзің қарауытып тұр ма?» деп, яғни «босанатын әйелдің күйіне түсесің» деген түсінікпен тыйым айтылады. Үй иесі өлгенде киіз үйге бақанын тіремейді, үйдің сүйеніші құлады ұғымды білдіреді. Отыққан төлді өріске алғаш шығарарда және отарға малды айдарда қой-ешкіні бақанның үстінен секіртеді (амандығын тілеп бір мал сойып таратады). Малдың құрсағының астынан бақан салып көтереді. Әсіресе ірі қара мал туа алмай жатса, бақанды астына өткізіп көтеріп қояды. Ғылымда мұны «Шефер тәсілі» деп атайды.
Қазақы түсінік бойынша бақанның емдік киелі қасиеті де бар. Ауырған үлкен қойдың екі тірсегін байланыстырып алған соң бақанның басына іліп, жоғары көтеріп екі кісі бақанды бірнеше қайтара ақырындап жерге түймештейтін де, қойды босатып жіберетін; егіз баланың сыңары ауырса, екіншісі ауырмасын деп (көз тисе, қарықса, сырқаттанса) ашa бақанды сау баланың кіндігіне тигізіп, үшкіріп кіндікті айыру, ажырату ем-домын жасайды. Мұны әдетте бақсы атқарды. Бақайқұрт болған қой, сарып болған сиырдың тұяғын бақанмен түртеді. Індет жэне басқа да себептермен шығын тым көп болса, қораның ортасына бақан қойып, малды астынан өткізеді; малды домдағанда, індеттен айықпай қойса, бақанның (бақаннан басқадай сырық, аша, жай ағаш жарамайды) басына шүберек байлап, майлап тұтатады да малды артына ертіп ауруды адастырады; кемтар төл көп туса, қошқардың сауырына, күйегіне бақанды тигізіп «кет, пәлекет кет!» деп қуады.
Бөгдеге малый сатқан кезде бас жіп, ноқта, жүгенін шешіп алады да, мал сатқан үйдің бақанын сатылған малдың жал, кұйырығына тигізіп алады. Онысы «мал басы сенде кетсе де, байлық ырысы өзімде талсын» деп ырымдағаны; Отау көтеру кезінде тұз, қайрақ, дәм, шайды дорбаға салып, бақанның кесек ашасына іліп, екінші ашасына бір жапырақ кұйрықмай шаншиды да, жоғары көтеріп, шаңырақтың әр күлдіреуішіне тигізіп алады. Бақанның ашасындағы әлгі бір жапырақ майды кішкене ұл балаға тістетіп алдырады, ал дорбадағы дәнді алып сақтап қояды. Сонымен қатар атауында бақан аты сақталып қалған немесе бақанның өзін тікелей араластырып атқарылатын салт түрлері бар. Отбасы ғұрпында үйленген кезде қалыңдығын көруге келген күйеу (кейде іс құда-құдағилар келгенде) «бақан» жасайды. Ол күйеудің бөгде ортаға кірігу нышанын белгілейтін кәде берумен аяқталады. Кейін күйеу есік аша келгенде қайын жұрт жағының адамдары күйеудің жатқан үйінің түңлігін түргені үшін «Бақан салды» аталатын кәде талап етеді.
Сырдың бойындағы қазақтарда ертеде барымтаға ұшыраған ауыл ортасына басына қызыл шүберек байланған бақан қадап қою ырымы болған. Бұл осы ауыл малының қолды болғанын білдірген. Үй иесі қайтыс болғанда бақан ашасының үш жеріне қара шүберек жыртындысын байлап, шаңырақтан шығарып, шай қайнатым уақыт көтереді; ұл туса бақанға ақ шүберек яғни ақтық байлап көтереді.
Бақанның қызметі мен бағзыда атқарған әлеуметтік статусына қарай тілімізде қалыптасқан Бақан ала қуу деген тұрақты тіркесі зәрін төккен, ашуға берілген адамның іс-әрекетін бейнелесе, «әпербақан» деген сөз ұрда-жық, сөзге тоқтамайтын мінезді адамдарға қатысты қолданылады. «Бақан тірес, ит тартыс» бақастық, тым-тырағай айтысу, жұлкысу мағынасында айтылады. Бақаядау қатты ұрып-соғу әрекетін, бақандай сын есімі білдей, дырдай, үлкен деген мағыналарды білдіреді.
Дереккөздер
- Обычаи киргизов Семипалатинской области 11 PB. 1878. N9
- Арғынбаев X. Қазақтың мал шаруашылығы жөнінде этнографиялық очерк. Алматы: Ғылым, 1969
- ҚТТС. 2-том, Алматы: Ғылым, 1976
- Алексеев Н. Ранние формы религий тюркоязычных народов Сибири
- Символика культов и ритулов народов зарубежной Азии. М., 1980
- Уәлиханов III. Тандамалы. Алматы: Жазушы, 1985
- Жүнісов А. Фәниден бақиға дейін. Алматы, 1994
- Жстсүгіров I. Менің есімдегілерім // Заман-Қазақстан, 1994. Қыркүйек
- Шаханова Н. Мир казахской культуры. Алматы: Қазақстан, 1998
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
BAҚAN kiiz үj tikkende shanyrak koteruge үzikter men tүndikti koterip zhabuga pajdalanylatyn uzyndau kelgen agash Basynan ushyna karaj birte birte zhinishkerip kelgen bir ushy zhogargy eki asha etip zhasalady Bakannyn ashaly zhagy basy үshkil kelgen zherge tireletin zhagy ayagy nemese ushy dep atalady Ұzyndygy 2 3 kulash Zhuandygy kos tutam agashty shala keptirip zhumyrlap zhonyp tezge salyp tүzetip dajyndajdy Bakan әdette majyspajtyn mykty tүzu kajyn tal agashtan zhasalady Bakan shanyrakty koterip turuga arnalgan uyk kalamyn shanyrak kalamdygyna engizip ekinshi tomengi ushyn keregenin basyna kosyp bajlagan kezde koldanylady Үj ishinin adam koly zhetpejtin tustaryn rettep zhondep otyruga tanertengisin tүndikti ashuga tүnge karaj zhauyp koyuga pajdalanady Kishkene tүrin bakansha dep atajdy ҚR MOM korynda saktalgan eki bakannyn KP 16333 127 128 birinin uzyndygy 3 93 sm zhuandygy 21 sm ekinshisinin 3 33 sm h 16 sm Onyn birinin basynda agashtyn oz butagynan shykkan tabigi ashasy birinde temirden zhasalyp kondyrgan ashasy bar Temirden ornatylgan V pishindi asha zhogary karatyla ornalastyrylgan ashanyn biri ekinshisinen sәl uzyn Әdette bakan ashalarynyn salmak tүser dәl ortasy butaktyn urysy tegistele ondelip ogan agashtyn shajyry zhagylady nemese temirmen kaptalady Kiiz үjdi baspana etken koshpeli kazaktarda bakandy tandau men zhasaudyn ozindik dәstүri bar ogan kop rette berik әri kabygynyn zhonkasynyn iisi erekshe bolatyn en tandauly agash kajyndy kolajly koredi Bakan kejbir onirlerde taldan zhasalsa agashsyz zherlerde mort synatyn bolsa da karagajdan dajyndalady Sondaj ak tobylgy kajyn tal terek siyakty agashtar da zharaj berediBakan tүrleriҚazakta bakan tүrleri birnesheu asha bakan at әbzelderin iluge zhәne maldy zhogary ilip sojganda pajdalanylady tireu bakan nemese belbakan zhel kүshti turganda koldenen agashka syptygyr tүzu agash salyp tirejtin bakannyn ashaly tүri adalbakan kiim kamshy at әbzelderin kejde tutkaly ydys ayak iletin butaktary bar agashtan zhonyp nemese temirden ilgish salynatyn kүmis kujmalarmen әshekejlenetin kobinese butaly arsha agashynan kesip zhasalynatyn bakan tүri zhelbakan nemese baluan bakan katty dauylda shanyrakka tireuge zhәne үjdi tigip zhykkanda shanyrak koteruge gana koldanylady Bakannyn en үlken tүri karabakan Zhuantyk kelgen zhәne uzak koldanysta bolgan bakannyn bul үlken tүrin basyna shүberek bajlap tu etken kieli sanagan Bakanga katysty yrymdar zhәne zhosyn zhoralgylarBakan kiiz үj zhabdyktarynyn ishindegi en kadirli kasietti atribut sanalady Otbasynyn yrys berekesi kuty bakanda turaktajdy degen nanym bolgan Sondyktan otbasylyk zhәne sharuashylykka әsirese tort tүlikke bajlanysty guryptyn sheshushi sәtteri bakanmen atkarylady Ertede baj manaptardyn keregesi biik uygy uzyn үjlerinin shanyragyn karuly zhigitter at үstinde turyp bakanmen kotergen eken Algash otau tikkende zhәne baska үjlerdin shanyragyn yrym etip үlken үjdin bakanymen kotergen Bajyrgy ortada bakan үstinen attamagan otka zhakpagan Eskirgen bakanga aktyk bajlap maj zhagyp kuz zhartaska aparyp tastajdy nemese taza zherge koyady Siyr oshak auru tүri bolyp auyrsa bakanmen tүrtken Bakan әlem agashy kyzmetin de atkarady shanyrakka bakandy tiregende zhel turatyn bagytka karama karsy bagytta tirejdi үjdin ornyktylygyn ishki әsemdigin kamtamasyz etu үshin shanyrakty uzyn syryk bakanmen tiregen bir shanyrakty bir gana bakanmen tirejdi Bakandy үjden sүt tamyzyp shygargan Bakan attagan bajymajdy dejtin kazaktar bakannyn үstinen attamajdy ajnalyp zhүredi Ertedegi tүsinik bojynsha balanyn kindigi buralyp kalmau үshin әjel ekikabat kezinde bakan arkan attamau kerek Bakandy zherge koldeneninen tastauga bolmajdy bakanmen kisi urmajdy Zhaugershilik kezende gana bakan karu ornyna zhүrgen Bakannyn sondaj ak uyktyn karyn bauynyn shashagy baska tiyui zhaman yrym Mundaj zhagdajda adamnyn perishtesi kashady mys Bakandy kiiz үjge basymen ashasymen kirgizip ayagymen shygarady Tүnde bakandy үjden syrtka shygarmajdy Koshkende bakannyn ajyryn komga artyna karatyp kystyrady Balanyn bakandy kushaktauyna sүjenuine bolmajdy Dәstүrli ortada zhetim kalgan sүjenishi zhok ata anasyz bala gana bakan kushaktajdy dep tyjym zhasagan Bosanatyn әjel bakanga asylady zhajshylykta bakanga asylgan sүjengen adamga bakanga sүjenetindej kozin karauytyp tur ma dep yagni bosanatyn әjeldin kүjine tүsesin degen tүsinikpen tyjym ajtylady Үj iesi olgende kiiz үjge bakanyn tiremejdi үjdin sүjenishi kulady ugymdy bildiredi Otykkan toldi oriske algash shygararda zhәne otarga maldy ajdarda koj eshkini bakannyn үstinen sekirtedi amandygyn tilep bir mal sojyp taratady Maldyn kursagynyn astynan bakan salyp koteredi Әsirese iri kara mal tua almaj zhatsa bakandy astyna otkizip koterip koyady Ғylymda muny Shefer tәsili dep atajdy Қazaky tүsinik bojynsha bakannyn emdik kieli kasieti de bar Auyrgan үlken kojdyn eki tirsegin bajlanystyryp algan son bakannyn basyna ilip zhogary koterip eki kisi bakandy birneshe kajtara akyryndap zherge tүjmeshtejtin de kojdy bosatyp zhiberetin egiz balanyn synary auyrsa ekinshisi auyrmasyn dep koz tise karyksa syrkattansa asha bakandy sau balanyn kindigine tigizip үshkirip kindikti ajyru azhyratu em domyn zhasajdy Muny әdette baksy atkardy Bakajkurt bolgan koj saryp bolgan siyrdyn tuyagyn bakanmen tүrtedi Indet zhene baska da sebeptermen shygyn tym kop bolsa koranyn ortasyna bakan kojyp maldy astynan otkizedi maldy domdaganda indetten ajykpaj kojsa bakannyn bakannan baskadaj syryk asha zhaj agash zharamajdy basyna shүberek bajlap majlap tutatady da maldy artyna ertip aurudy adastyrady kemtar tol kop tusa koshkardyn sauyryna kүjegine bakandy tigizip ket pәleket ket dep kuady Bogdege malyj satkan kezde bas zhip nokta zhүgenin sheship alady da mal satkan үjdin bakanyn satylgan maldyn zhal kujyrygyna tigizip alady Onysy mal basy sende ketse de bajlyk yrysy ozimde talsyn dep yrymdagany Otau koteru kezinde tuz kajrak dәm shajdy dorbaga salyp bakannyn kesek ashasyna ilip ekinshi ashasyna bir zhapyrak kujrykmaj shanshidy da zhogary koterip shanyraktyn әr kүldireuishine tigizip alady Bakannyn ashasyndagy әlgi bir zhapyrak majdy kishkene ul balaga tistetip aldyrady al dorbadagy dәndi alyp saktap koyady Sonymen katar atauynda bakan aty saktalyp kalgan nemese bakannyn ozin tikelej aralastyryp atkarylatyn salt tүrleri bar Otbasy gurpynda үjlengen kezde kalyndygyn koruge kelgen kүjeu kejde is kuda kudagilar kelgende bakan zhasajdy Ol kүjeudin bogde ortaga kirigu nyshanyn belgilejtin kәde berumen ayaktalady Kejin kүjeu esik asha kelgende kajyn zhurt zhagynyn adamdary kүjeudin zhatkan үjinin tүnligin tүrgeni үshin Bakan saldy atalatyn kәde talap etedi Syrdyn bojyndagy kazaktarda ertede barymtaga ushyragan auyl ortasyna basyna kyzyl shүberek bajlangan bakan kadap koyu yrymy bolgan Bul osy auyl malynyn koldy bolganyn bildirgen Үj iesi kajtys bolganda bakan ashasynyn үsh zherine kara shүberek zhyrtyndysyn bajlap shanyraktan shygaryp shaj kajnatym uakyt koteredi ul tusa bakanga ak shүberek yagni aktyk bajlap koteredi Bakannyn kyzmeti men bagzyda atkargan әleumettik statusyna karaj tilimizde kalyptaskan Bakan ala kuu degen turakty tirkesi zәrin tokken ashuga berilgen adamnyn is әreketin bejnelese әperbakan degen soz urda zhyk sozge toktamajtyn minezdi adamdarga katysty koldanylady Bakan tires it tartys bakastyk tym tyragaj ajtysu zhulkysu magynasynda ajtylady Bakayadau katty uryp sogu әreketin bakandaj syn esimi bildej dyrdaj үlken degen magynalardy bildiredi DerekkozderObychai kirgizov Semipalatinskoj oblasti 11 PB 1878 N9 Argynbaev X Қazaktyn mal sharuashylygy zhoninde etnografiyalyk ocherk Almaty Ғylym 1969 ҚTTS 2 tom Almaty Ғylym 1976 Alekseev N Rannie formy religij tyurkoyazychnyh narodov Sibiri Simvolika kultov i ritulov narodov zarubezhnoj Azii M 1980 Uәlihanov III Tandamaly Almaty Zhazushy 1985 Zhүnisov A Fәniden bakiga dejin Almaty 1994 Zhstsүgirov I Menin esimdegilerim Zaman Қazakstan 1994 Қyrkүjek Shahanova N Mir kazahskoj kultury Almaty Қazakstan 1998Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet