Батыс Рим империясының құлауы — 474 жылы орын алған ірі тарихи оқиға. Әлем тарихында бұл уақыт құлдықтың жойылу кезеңі деп есептелінеді.
Империядағы ішкі қайшылықтардың шиеленісуі
Б.з. I-II ғасырларында Рим империясы өзінің даму шыңына шықты. Сол тұста құлиеленушілік құрылыста ең жоғарғы сатысына көтерілді. Алайда б.з.-дың II ғасырының аяғынан бастап экономикада үлкен қиыншылықтар орын алды. Құлдар мен колондар қатты қаналды. Зорлық-зомбылық олардың еңбекке деген ынтасын жойды. Жұқпалы аурулар кеңінен тарап, оларды жаппай өлімге алып келіп соқты. Еркін шаруалар жұтады. Құлдар мен колондардың жалпы саны қысқарды. Орасан көп жерлер өңделмей қалды. Батпақты жерлер ұлғайды, жыртатын жерлерді орман басты. Қолөнершілер шеберханаларын тастап, ірі иеліктерге кетті. Кен өндіру мен сауда қысқарды. Б.з.-дың III ғасырында ақша айналысында құнды металдар тым азайып кетті. Бай адамдар алтын-күмістерін құпия ұстады.
Ғұндардың батысқа жорығы
Ежелден жауынгер атанған ғұн тайпаларының батысқа қарай жылжуы б.з.б. II ғасырда басталды. Ғұндардың бұл жылжуы тарихта Халықтардың ұлы қоныс аударуы деген атпен белгілі болған тайпалар мен жаңа құрыла бастаған халықтардың қоныс аударуына әсер етті. Ғұндардың батысқа қарай жылжуы жаугершілікпен қатар жүріп, бүкіл Еуразия жерінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың саяси өміріне, этникалық құрамына және мәдениетіне үлкен өзгерістер енгізді. Сол тұста 24 тайпалық одақтан құрылған ғұндармен бүкіл Еуразия қос құлағында иық теңестіретін бірде-бір ел болмады. Олар Дунай өзені арқылы Батыс Еуропаға, Испания жеріне жеткен. Ғұндар б.з.-дың ғасырында Скандинавиядан Солтүстік Қара теңіз маңына дейін қоныстанған готтарды батысқа ығыстырады және готтардың бір бөлігін бағындырып алады.
V ғасырдың ортасында ғұндардың көсемі Аттила (Еділ) болды. Ол қазіргі Румыния мен Венгрия жерінде көшіп жүрген ғұн тайпаларын біріктіріп, жаңа жорықтар ұйымдастырды. Аттила әскерлері Панония мен Мензияны және Францияның да бірқатар жерлерін жаулап алды. Жаулап алынған жерлердегі халықтарды қырып-жойып, қалаларды қиратып, ауылдарды өртеп, бүкіл Еуропа елдерінің үрейін ұшырған.
Готтар мен ғұндардың басып кіруі
Империяның қауіпті көршісі Қара теңіздің солтүстік маңына көшіп келіп қоныстанған германдардың готтар тайпасы болды. Олар империяның әлсіздігін пайдаланды. Готтар Италия жеріне баса-көктеп кірді. Готтардың әскеріне Аларих қолбасшылық етті.
Рим әскерлері көп құрамды болғандықтан сенімсіз болып шықты. Олар Италия жерін қорғаудың орнына көбісі Аларих жағына өтіп кетті. Императорды жек көретін құлдар мен колондар құлиеленушілердің үйлері мен бау-бақшаларын қиратып, готтарға барып қосылды. Готтар "мәңгі қалаға" келіп тірелетін нан таситын жолдарды кесіп тастады. Соның нәтижесінде қалада аштық пен әртүрлі аурулардың эпидемиясы басталды. Осындай ауыр жағдайға түскен римдіктер Аларихпен келіссөз жүргізді, бірақ ол еш нәтиже бермеді. Келіссөз жүргізу барысында Рим жағы қалада халықтың көп екенін, олардың барлығы өз жерлерін қорғауға дайын екенін мәлімдеді. Алайда бұған кекете: "Шөп неғұрлым көп болса, соғұрлым оны шабу жеңіл болады" деп жауап береді. Рим империясына бұдан кейін үлкен қауіп төндіріп тұрған ғұндар еді. Ғұндардың көсемі Аттила (Еділ) V ғасырдың 30-жылдары Батыс Рим империясына қарайтын Галлияға басып кірді. Империяның белгілі қолбасшысы Аэций Аттилаға әскерімен қарсы шығады. шебер саясатшы да болатын. Ол біріккен көрші тйпалардан (вестготтар, франктер) жасақтар құрып, ғұндарға қарсы қояды. Ғұндар мен біріккен тайпалардың арасындағы соғыс ең ірі шайқас 451 жылы Каталун алқабында болды.
452 жылы Аттила өз әскерімен Солтүстік Италияға басып кіреді. Көрші халықтар мен тайпалардың шапқыншылығы нәтижесінде Римде ғасырлар бойы жасалған мәдени құнды заттар жойылады. Олардың орнын шөп пен бұта басады. Ғұндар мен готтардың шапқыншылығы Рим империясын құлдыратты.
Батыс Рим империясының құлауы
Рим әскери қызметінде жүрген көрші тайпалар әскербасыларының тақ үшін күресі шиеленісті. Сол тұста Рим көрші халықтардың шапқыншылық жорықтарынан қатты күйзелді. Әсіресе, Африкада қоныс тепкен германдардың вандал тайпасының шабуылдары қатты соққы болып тиді. Батыс Рим империясы билеушілерінің ішкі қырқыстарын жақсы пайдалана білген вандалдар 455 жылы Римді алады. Қаланы аяусыз тонап, қиратып, өртейді. Халқын қырып-жояды, мыңдаған адамдарын құлдыққа айдап алып кетеді. Ешбір көңілге қонбайтын осы ойрандаушылық "вандализм" деген сөзді қалыптастырды. Вандалдардың талқауынан соң "мәңгі қала" атанған Рим қираған үйіндіге айналады.
Дереккөздер
Әдебиет
- Ежелгі дүние тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы: "Атамұра"
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Batys Rim imperiyasynyn kulauy 474 zhyly oryn algan iri tarihi okiga Әlem tarihynda bul uakyt kuldyktyn zhojylu kezeni dep eseptelinedi Rim respublikasy Rim imperiyasy Shygys Rim imperiyasy Imperiyadagy ishki kajshylyktardyn shielenisuiB z I II gasyrlarynda Rim imperiyasy ozinin damu shynyna shykty Sol tusta kulielenushilik kurylysta en zhogargy satysyna koterildi Alajda b z dyn II gasyrynyn ayagynan bastap ekonomikada үlken kiynshylyktar oryn aldy Қuldar men kolondar katty kanaldy Zorlyk zombylyk olardyn enbekke degen yntasyn zhojdy Zhukpaly aurular keninen tarap olardy zhappaj olimge alyp kelip sokty Erkin sharualar zhutady Қuldar men kolondardyn zhalpy sany kyskardy Orasan kop zherler ondelmej kaldy Batpakty zherler ulgajdy zhyrtatyn zherlerdi orman basty Қolonershiler sheberhanalaryn tastap iri ielikterge ketti Ken ondiru men sauda kyskardy B z dyn III gasyrynda aksha ajnalysynda kundy metaldar tym azajyp ketti Baj adamdar altyn kүmisterin kupiya ustady Ғundardyn batyska zhorygyEzhelden zhauynger atangan gun tajpalarynyn batyska karaj zhylzhuy b z b II gasyrda bastaldy Ғundardyn bul zhylzhuy tarihta Halyktardyn uly konys audaruy degen atpen belgili bolgan tajpalar men zhana kuryla bastagan halyktardyn konys audaruyna әser etti Ғundardyn batyska karaj zhylzhuy zhaugershilikpen katar zhүrip bүkil Euraziya zherinde omir sүrgen tajpalar men halyktardyn sayasi omirine etnikalyk kuramyna zhәne mәdenietine үlken ozgerister engizdi Sol tusta 24 tajpalyk odaktan kurylgan gundarmen bүkil Euraziya kos kulagynda iyk tenestiretin birde bir el bolmady Olar Dunaj ozeni arkyly Batys Europaga Ispaniya zherine zhetken Ғundar b z dyn gasyrynda Skandinaviyadan Soltүstik Қara teniz manyna dejin konystangan gottardy batyska ygystyrady zhәne gottardyn bir boligin bagyndyryp alady V gasyrdyn ortasynda gundardyn kosemi Attila Edil boldy Ol kazirgi Rumyniya men Vengriya zherinde koship zhүrgen gun tajpalaryn biriktirip zhana zhoryktar ujymdastyrdy Attila әskerleri Panoniya men Menziyany zhәne Franciyanyn da birkatar zherlerin zhaulap aldy Zhaulap alyngan zherlerdegi halyktardy kyryp zhojyp kalalardy kiratyp auyldardy ortep bүkil Europa elderinin үrejin ushyrgan Gottar men gundardyn basyp kiruiImperiyanyn kauipti korshisi Қara tenizdin soltүstik manyna koship kelip konystangan germandardyn gottar tajpasy boldy Olar imperiyanyn әlsizdigin pajdalandy Gottar Italiya zherine basa koktep kirdi Gottardyn әskerine Alarih kolbasshylyk etti Rim әskerleri kop kuramdy bolgandyktan senimsiz bolyp shykty Olar Italiya zherin korgaudyn ornyna kobisi Alarih zhagyna otip ketti Imperatordy zhek koretin kuldar men kolondar kulielenushilerdin үjleri men bau bakshalaryn kiratyp gottarga baryp kosyldy Gottar mәngi kalaga kelip tireletin nan tasityn zholdardy kesip tastady Sonyn nәtizhesinde kalada ashtyk pen әrtүrli aurulardyn epidemiyasy bastaldy Osyndaj auyr zhagdajga tүsken rimdikter Alarihpen kelissoz zhүrgizdi birak ol esh nәtizhe bermedi Kelissoz zhүrgizu barysynda Rim zhagy kalada halyktyn kop ekenin olardyn barlygy oz zherlerin korgauga dajyn ekenin mәlimdedi Alajda bugan kekete Shop negurlym kop bolsa sogurlym ony shabu zhenil bolady dep zhauap beredi Rim imperiyasyna budan kejin үlken kauip tondirip turgan gundar edi Ғundardyn kosemi Attila Edil V gasyrdyn 30 zhyldary Batys Rim imperiyasyna karajtyn Galliyaga basyp kirdi Imperiyanyn belgili kolbasshysy Aecij Attilaga әskerimen karsy shygady sheber sayasatshy da bolatyn Ol birikken korshi tjpalardan vestgottar frankter zhasaktar kuryp gundarga karsy koyady Ғundar men birikken tajpalardyn arasyndagy sogys en iri shajkas 451 zhyly Katalun alkabynda boldy 452 zhyly Attila oz әskerimen Soltүstik Italiyaga basyp kiredi Korshi halyktar men tajpalardyn shapkynshylygy nәtizhesinde Rimde gasyrlar bojy zhasalgan mәdeni kundy zattar zhojylady Olardyn ornyn shop pen buta basady Ғundar men gottardyn shapkynshylygy Rim imperiyasyn kuldyratty Batys Rim imperiyasynyn kulauyRim әskeri kyzmetinde zhүrgen korshi tajpalar әskerbasylarynyn tak үshin kүresi shielenisti Sol tusta Rim korshi halyktardyn shapkynshylyk zhoryktarynan katty kүjzeldi Әsirese Afrikada konys tepken germandardyn vandal tajpasynyn shabuyldary katty sokky bolyp tidi Batys Rim imperiyasy bileushilerinin ishki kyrkystaryn zhaksy pajdalana bilgen vandaldar 455 zhyly Rimdi alady Қalany ayausyz tonap kiratyp ortejdi Halkyn kyryp zhoyady myndagan adamdaryn kuldykka ajdap alyp ketedi Eshbir konilge konbajtyn osy ojrandaushylyk vandalizm degen sozdi kalyptastyrdy Vandaldardyn talkauynan son mәngi kala atangan Rim kiragan үjindige ajnalady DerekkozderӘdebietEzhelgi dүnie tarihy Zhalpy bilim beretin mekteptin 6 synybyna arnalgan okulyk Almaty Atamura