Байқоңыр — Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 жылы қаланған.
Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.
Байқоңыр қаласы қалану барысын Ресейден келген техникалық инженер Г.М. Шубников басқарған болатын. Сондықтан Г.М. Шубников Байкоңыр қаласының "әкесі" атанып кеткен дейді. Қазіргі таңда Байқоңыр қаласында Г.М. Шубников есімі берілген көше және ескерткіштер бар.
Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол - дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды.
Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.
Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 3 рет (1994, 1998, 2001) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды. Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіруде.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. // Бас ред. Б.Ө.Жақып. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. — 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
- Казахстанской Информационно - Энциклопедический Справочник — Алматы: Университет <<Туран>>, 2000 жыл. — P. 300 бет. — ISBN 9965-481-11-3.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baska magynalar үshin Bajkonyr degen betti karanyz Bajkonyr Қyzylorda oblysy Қarmakshy audanynyn aumagynda ornalaskan garysh alany Irgesi 1955 zhyly kalangan Ғarysh alanyn salu үshin Bajkonyrdy tandap alu kezinde bul zherdin eldi mekenderden kashyk boluy ekvator zhazyktygyna zhakyndygy raketa ushyrudyn kauipsizdigi kajtyp oralatyn garyshtyk obektiler үshin kolajly konu ajmaktarynyn boluy t b faktorlar eskerildi Bajkonyrdyn basty zhәne komekshi obektileri men kyzmet etu oryndary ken ajmakka ornalaskan olar bir birimen avtomobil zholdary zhәne temirzhol arkyly bajlanyskan Bajkonyrdyn negizgi obektilerine tehnikalyk tugyrlar starttyk keshender men ushu trassasynyn bojyndagy olsheu beketteri olardyn әrkajsysy zhalpy tehnika zhәne arnauly tehnologiya kural zhabdyktary bar iri kurylystar garysh alanyna әr tүrli zhүkterdi zhetkizetin kirme zholdar t b komekshi zhәne kyzmet korsetu obektilerine otyn zhanarmaj saktajtyn alan sujyk ottegi men azot ondiretin zattar energiya zhәne sumen kamtamasyz etetin zhүjeler bajlanys zhүjesi televiziya t b zhatady Bajkonyrda raketa tasygyshtyn RT әrbir tүrine sәjkes bir ne birneshe tehnikalyk tugyrlar zhәne olardyn әrkajsysyna arnalyp bir ne birneshe starttyk keshender salyngan Bajkonyrdan Proton zymyrany ushu sәti Bajkonyr kalasy kalanu barysyn Resejden kelgen tehnikalyk inzhener G M Shubnikov baskargan bolatyn Sondyktan G M Shubnikov Bajkonyr kalasynyn әkesi atanyp ketken dejdi Қazirgi tanda Bajkonyr kalasynda G M Shubnikov esimi berilgen koshe zhәne eskertkishter bar Bajkonyrdyn ushu trassasy Aral tenizinen Kamchatka tүbegine dejin sozylyp zhatyr 1957 zhyly 4 kazanda Bajkonyr garysh alanynan tungysh garysh raketasy sәtti ushyryldy Ol dүnie zhүzindegi en birinshi Zherdin zhasandy serigin ZhZhS orbitaga shygardy Soyuz TMA 13 ushyryluga dajyndyk Bajkonyr әlemdegi en iri zher beti gylymi garysh poligony bolyp tabylady onyn basty zhәne komekshi nysandarynyn zhalpy audany 6717 sharshy shakyrym Bajkonyrdan 1961 zhyly 12 sәuirde adamzat tarihynda tungysh ret Yurij Alekseevich Gagarin Vostok garysh kemesimen garyshka attandy Bajkonyr odan kejin de garysh kenistigin igerude koptegen zhanashyl bastamalardyn starttyk ornyna ajnaldy Bajkonyrdan Kүnnin Ajdyn Sholpannyn algashky zhasandy serikteri Vostok Voshod Soyuz Progress garysh kemeleri Salyut Mir orbitalyk stanciyalary zhumystar zhүrgizuge arnalgan Proton Zond Prognoz bajlanys maksaty үshin pajdalanylatyn zhәne meteorologiyalyk bakylaular zhүrgizuge arnalgan Molniya Ekran Gorizont Raduga Meteor t b ZhZhS teri ushyryldy Ajdy Marsty zhәne Sholpandy zertteuge arnalgan garysh apparattary bar RT lar da Bajkonyrdan attandyryldy 1991 zh 2 kazanda tungysh kazak garyshkeri T Әubәkirov Soyuz T 13 garysh kemesimen Bajkonyrdan garyshka koterildi Resejmen birlesken bagdarlama bojynsha kazak garyshkeri T A Musabaev garyshta 3 ret 1994 1998 2001 boldy Bajkonyr garysh alanyn saluga әr zhyldary tүrli mamandyktagy koptegen kazakstandyktar katysty Olardyn arasynda Bajkonyr garysh alanynyn kyzmetkerleri Қ Tokmuhamedov B Mezhigulov T Uәshev K Әbilgazin polkovnik Ә Ismailov M Қulymgereev Қ Nurmagambetov S Muhametkaliev B Eshimov Қ Nurmukanov R Қulmyrzaev M Mukanov t b boldy Қazakstan azamaty ushkysh synakshy major M Z Rafikov algashky garyshkerler tobynda Yu A Gagarinmen birge dajyndyktan otti Bajkonyr garysh alany 1991 zh Қazakstan Respublikasynyn ieligine otip 1993 zh Resej Federaciyasyna 20 zhylga berildi Bajkonyr keshenin pajdalanudyn ekologiyalyk zardaptary bajkaldy Bajkonyr kesheninen Қazakstan Respublikasy aumagyna zhylyna 30 35 myn t uly zattar taralady Raketalardan tүsken kaldyktar Қaragandy Pavlodar zhәne Shygys Қazakstan oblystaryna ziyan keltirude DerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H Kazahstanskoj Informacionno Enciklopedicheskij Spravochnik Almaty Universitet lt lt Turan gt gt 2000 zhyl P 300 bet ISBN 9965 481 11 3