Аполлон 11 (ағылш. Apollo 11) — 1969 жылы ұшырылған америкалық ғарыш кемесі, бұл миссияның нәтижесінде адамның баласы алғаш рет Айға қадам басты.
Аполлон 11 | |
---|---|
Ұйымы | АҚШ, НАСА |
Тапсырысы | Адам басқаратын ғарыш кемесі |
Ұшыру күн-айы | 1969 ж. 16 шілде, |
Сөре көлігі | Сатурн-5 зымыран-тасығышы |
Тапсырыс ұзақтығы | 8 күн 3 сағат 18 минут |
нөмірі | 1969-059A |
Массасы | Басқару модулі 28 806 кг Ай модулі 15 095 кг |
Ғарыш кемесі 16 шілдеде сағат 13:32 UTC ұшырылды. Бұл Аполлон бағдарламасының экипажы бар бесінші миссиясы болған еді. 20 шілдеде сағат 20:17 UTC ғарыш кеменің ай модулі Айдағы сәтті қонған. Ал 21 шілдеде сағат 02:56 UTC миссия командирі Нил Армстронг ай модулінен түсіп, Жер серігінің бетінде серуендеген алғашқы адам болып санала бастады. 15 минуттан кейін оған Базз Олдрин қосылды. Ай бетіндегі ізденістері жалпы 2 сағат 31 минут уақытты алды, ал модульде өткізген уақытпен санағанда 21 сағат 36 минутқа созылды.
Астронавтар қонған аймақта АҚШ туын тікті, Ай бетінен 21,5 кг топырақ үлгілерін жинап, өзімен бірге алып келді.
Экипаж
- Нил Олден Армстронг — командир (екінші ұшуы)
- Майкл Коллинз — басқару модулінің ұшқышы (екінші ұшуы)
- Базз Олдрин (шын аты Эдвин Олдрин) — ай модулінің ұшқышы (екінші ұшуы)
Бәрінің де алғашқы ұшулары бағдарламасы аясында болған. Үшеуі де 1930 жылы туған.
Қону аймағын таңдау
1968 жылдың 8 ақпанында НАСА Ай бетіне қонуға қолайлы бес аймақты қарастырып жатқаны туралы хабарлады. Оларды жоспарға енгізу екі жылға созылған Лунар орбитер мен Сюрвейер ғарыштық зерттеу бағдарламаларының жұмысы арқасында мүмкін болды.
Соңғы шешім келесі жеті критерийдің ескеруімен қабылданған болатын:
- қону аймағының неғұрлым тегіс болуы;
- маңайында қону радарына бөгет келтірерлік ірі төбешіктер мен кратерлердің болмауы;
- жетуіне кажет отынның көлемі неғұрлым аз болуы;
- ұшыру уақытының аздап өзгерілуіне мүмкіндіктің бар болуы;
- еркін оралу траекториясына сай болуы;
- қонғанда ландшафтың жақсы көрінуі, яғни қону уақытын Айдың таңына сәйкестендіру;
- қону аймағының еңістігі екі градустан аспауы.
Ақыры ғарыш кеменің ай модулі оңтүстік-батысында, Ай экваторына жақын жерде (координаттары 0° 41' 15" солт. ендік, 23° 26' шығыс бойлық) қонды.
Старт алдында
Аполлон 11 кемесінің ұшырылуына екі апта қалғанда, астронавтар карантинге жатқызылды. Олармен қатынасуға тек жаттықтырушы мамандарға және ең жақын туыстарға рұқсат берілген. 5 шілдеде өткен пресс-конференцияда астронавтар мөлдір пластик қорабында отырып, репортерлермен сұхбаттасты. 14 шілдеде өткен соңғы пресс-конференцияда астронавтар мен репортерлер бөлек ғимараттарда отырды. 15 шілдеде президент Ричард Никсон администрациясы астронавтарды арнайы асқа шақырды, бірақ Аполлон 11 миссиясының бас дәрігері Чарльз Берри бұған келісім берген жоқ. Осы күні Флорида штатындағы Бревэрд округына, мүйісі орналасқан жерге таман тарихи оқиғаны тамашалауға 500 000 турист жиналған болатын. Таңертеңгісіне бұл көрсеткіш 1 миллионға жетеді, деген есептеулер де болған. Зымыран жақсы көрінетін жер болып саналатын кентінде жеке үйлердің иелері туристерге 20-25 долларға, кейде тегінге де жататын орын берген, ал көптеген саяхатшылар отель-мотельге қарамай, жағажайдың өзінде түнеп шыққан.
Хронологиясы
Аполлон 11 ғарышқа 1969 жылы 16 шілдеде сағат 13:32 UTC ұшырылды. Ол кезде 5000-ға жуық құрметті қонақ жиналды, арасында 36-шы АҚШ президенті Линдон Джонсон, қызметтегі вице-президент , неміс зымыран техникасының пионері болды. Жеке трибунада 3497 БАҚ қызметкерлері орналасты, олар тарихи оқиғаны тікелей эфирге 6 континенттегі 33 мемлекетке таратты. Америка Құрама Штаттарының өзінде оны 25 миллионға жуық телекөрермен тамашалады. Қызметтегі президент Ричард Никсон келесі күнді (дүйсенбіні) Ұлттық ортақтастық күні (ағылш. National Day of Participation) деп атап, демалыс жариялады.
Старттан кейін 25 сағат 00 минут 53 секунд өткен соң, ғарыш кемесі 193 256 шақырымды артта қалдырды, бұл Айға дейінгі жолдың жартысы еді. Борттан Жерге қарай бірнеше рет телетрансляция жүргізіліп, телекөрермендерге борттық компьютер, экипаждың жұмыс орындары, тамақ ішкендері көрсетілді. Ұшудың үшінші тәулігі басталғанда, Армстронг пен Олдрин бірінші рет басқару модулінен ай модуліне өтіп кетті.
Старттан кейін 75 сағат 41 минут 23 секунд өткенде, Аполлон 11 Ай дискісінің батыс жағынан өтіп, көрінбей кетті, Жермен радиобайланыс уақытша үзілді. Ол кезде ғарыш кемесі Айдан 572 шақырым қашықтықта болды. Сегіз жарым минут өткен соң, қызметтік модульдің негізгі қозғалтқышы іске қосылды. Ол 5 минут 57 секунд істеп, ғарыш кемесін Ай орбитасына шығарды. Астронавттар Айдың Жерден көрінбейтін жағын фотоға түсіре бастады. Айды екінші рет айнала бастағанда, байланыс оралып, олар тағы телетрансляция жүргізді. Екінші айналымның соңында қозғалтқыш 17 секундқа қосылып, Аполлон 11 траекториясы шеңберлік орбитаға жақын етіп түзетілді. Армстронг пен Олдрин екінші рет ай модуліне өтіп, оның автономды қуаттау жүйесін іске қосты.
Он үшінші айналымның бастауында ай модулі басқару модулінен бөлініп шықты. Старттан кейін 102 сағат 33 минут 05 секунд өткен соң, ай модулінің қону сатысының қозғалтқышы іске қосылды. 12 минуттан кейін 20 шілденің 20:17:39 UTC уақытында ай модулі Айға сәтті қонды.
Старттан кейін 109 сағат 16 минут 49 секунд өткенде, скафандрын киіп алған Нил Армстронг люкті ашты да, сатыға қарай шықты. Сосын ол ай модуліне оралу жаттығуын орындап шықты. Қайтадан сатыға жақындап, оның сол жағында орналасқан бейнекамераны іске қосты да, сатымен Ай бетіне түсе бастады. Осы орайда ол ай модулінің тіректері ай топырағына тек 2,5-5 сантиметрге ғана батқанын хабарлап үлгерді. Соңғы қадамын Армстронг сол аяғымен жасады және радиобайланыспен келесідей мәлімдемені жіберді:
Адам үшін кішігірім қадам және адамзат үшін алып аттаныс.
Түпнұсқасы (ағыл.)That’s one small step for [a] man, one giant leap for mankind.
Бұл тарихи оқиға 1969 жылдың 21 шілдесінде 02 сағат 56 минут 15 секунд UTC уақытында орын алды. Ол кезде старттан 109 сағат 24 минут 20 секунд өткен еді. Кейін Олдрин конвейер арқылы астыға фотокамераны беріп жіберді, Армстронг Ай панорамасын түсіре бастады. Салмағы 1015,29 грамм болып шыққан ай топырағының үлгісін жинап, скафандрдың қалтасына салып алды.
15 минуттан соң Олдрин де Айға түсе бастады. Түскенде, ол сатыны ұстап тұрып, айналаға қарап: «Әдемі көрініс! Тамаша шөлейт!», деп айтыпты. Ол бірнеше рет секіріп және басқа да қимылдар жасап, кейін Күн желіндегі иондарды ұстайтын алюминий қаңылтырын орнатты. Армстронг болса, бейнекамерамен 20 метрге (кабель ұзындығына) алыстап кетіп, айналаны түсіріп, штативке қойды. Кейін екеуі Ай бетіне АҚШ туын орнатты.
Көп ұзамай Хьюстон екеуін камера алдына келуін сұрап, олармен АҚШ президенті сөйлегісі келетінін хабарлады. Байланыс кезінде Ричард Никсон аспан астронавттардың арқасында адамдар әлемінің бөлігіне айналғанын айтты. Армстронг президентке рақмет айтып, олар АҚШ-тың ғана емес, барлық елдердің адамдары атынан қызмет атқарғанын жеткізді. Кейін Армстронг ай топырағын жинауды жалғастырды, ал Олдрин өз іздерін фотоға түсірді.
Ай бетінде Нил Армстронг түсірген алғашқы фотография | Армстронг ай топырағын жинап алғаннан соң, жанында қалақшасы жатыр | Эдвин Олдриннің түсіп жатқан кезі | Армстронг (сол жақта) және Олдрин АҚШ туын орнатып жатыр | Сабырлық теңізіндегі Олдрин |
Ричард Никсонмен эфир | Олдриннің ізі | Литл Уэст кратері, төменде бұрышта — стереокамера | Литл Уэсттен қарағандағы ай модулі | Нил Армстронг ай модулінің ішінде |
Дереккөздер
- 50 Years Ago: Lunar Landing Sites Selected. NASA (February 8, 2018).
- Summary (ағыл.). Apollo 11 Mission Report. — P. 1—1. NASA (November 1969). Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 ақпан 2012. Тексерілді, 22 қаңтар 2012.
- Astronautics and Aeronautics, 1969: Chronology of Science, Technology and Policy (ағыл.) P. 210. NASA (1970). Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 ақпан 2012. Тексерілді, 31 қаңтар 2012.
- Astronautics and Aeronautics, 1969: Chronology of Science, Technology and Policy (ағыл.) P. 225. NASA (1970). Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 ақпан 2012. Тексерілді, 1 ақпан 2012.
- Astronautics and Aeronautics, 1969: Chronology of Science, Technology and Policy (ағыл.) P. 212. NASA (1970). Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 ақпан 2012. Тексерілді, 1 ақпан 2012.
- Astronautics and Aeronautics, 1969: Chronology of Science, Technology and Policy (ағыл.) P. 224. NASA (1970). Басты дереккөзінен мұрағатталған 21 маусым 2012. Тексерілді, 3 ақпан 2012.
- Jones, Eric M. The First Lunar Landing (ағыл.). Apollo 11 Lunar Surface Journal. NASA (1995). Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 мамыр 2012.
- Jones, Eric M. One Small Step (ағыл.). Apollo 11 Lunar Surface Journal. NASA (1995). Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 мамыр 2012.
Сілтемелер
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Apollo 11 |
- НАСА сайтындағы ақпарат Мұрағатталған 16 қаңтардың 2012 жылы.
- Аполлон бағдарламасы НАСА сайтында
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Apollon 11 agylsh Apollo 11 1969 zhyly ushyrylgan amerikalyk garysh kemesi bul missiyanyn nәtizhesinde adamnyn balasy algash ret Ajga kadam basty Apollon 11Ұjymy AҚSh NASATapsyrysy Adam baskaratyn garysh kemesiҰshyru kүn ajy 1969 zh 16 shilde Sore koligi Saturn 5 zymyran tasygyshyTapsyrys uzaktygy 8 kүn 3 sagat 18 minutnomiri 1969 059AMassasy Baskaru moduli 28 806 kg Aj moduli 15 095 kg Ғarysh kemesi 16 shildede sagat 13 32 UTC ushyryldy Bul Apollon bagdarlamasynyn ekipazhy bar besinshi missiyasy bolgan edi 20 shildede sagat 20 17 UTC garysh kemenin aj moduli Ajdagy sәtti kongan Al 21 shildede sagat 02 56 UTC missiya komandiri Nil Armstrong aj modulinen tүsip Zher seriginin betinde seruendegen algashky adam bolyp sanala bastady 15 minuttan kejin ogan Bazz Oldrin kosyldy Aj betindegi izdenisteri zhalpy 2 sagat 31 minut uakytty aldy al modulde otkizgen uakytpen sanaganda 21 sagat 36 minutka sozyldy Astronavtar kongan ajmakta AҚSh tuyn tikti Aj betinen 21 5 kg topyrak үlgilerin zhinap ozimen birge alyp keldi Soldan onga karaj Nil Armstrong Majkl Kollinz Bazz OldrinEkipazhNil Olden Armstrong komandir ekinshi ushuy Majkl Kollinz baskaru modulinin ushkyshy ekinshi ushuy Bazz Oldrin shyn aty Edvin Oldrin aj modulinin ushkyshy ekinshi ushuy Bәrinin de algashky ushulary bagdarlamasy ayasynda bolgan Үsheui de 1930 zhyly tugan Қonu ajmagyn tandauApollon 11 konuyna kolajly dep belgilengen bes ajmak ushkanda ekinshisi tandaldy 1968 zhyldyn 8 akpanynda NASA Aj betine konuga kolajly bes ajmakty karastyryp zhatkany turaly habarlady Olardy zhosparga engizu eki zhylga sozylgan Lunar orbiter men Syurvejer garyshtyk zertteu bagdarlamalarynyn zhumysy arkasynda mүmkin boldy Songy sheshim kelesi zheti kriterijdin eskeruimen kabyldangan bolatyn konu ajmagynyn negurlym tegis boluy manajynda konu radaryna boget keltirerlik iri tobeshikter men kraterlerdin bolmauy zhetuine kazhet otynnyn kolemi negurlym az boluy ushyru uakytynyn azdap ozgeriluine mүmkindiktin bar boluy erkin oralu traektoriyasyna saj boluy konganda landshaftyn zhaksy korinui yagni konu uakytyn Ajdyn tanyna sәjkestendiru konu ajmagynyn enistigi eki gradustan aspauy Akyry garysh kemenin aj moduli ontүstik batysynda Aj ekvatoryna zhakyn zherde koordinattary 0 41 15 solt endik 23 26 shygys bojlyk kondy Start aldyndaTarihi garysh saparyn tamashalauga kelgen turister Apollon 11 kemesinin ushyryluyna eki apta kalganda astronavtar karantinge zhatkyzyldy Olarmen katynasuga tek zhattyktyrushy mamandarga zhәne en zhakyn tuystarga ruksat berilgen 5 shildede otken press konferenciyada astronavtar moldir plastik korabynda otyryp reporterlermen suhbattasty 14 shildede otken songy press konferenciyada astronavtar men reporterler bolek gimarattarda otyrdy 15 shildede prezident Richard Nikson administraciyasy astronavtardy arnajy aska shakyrdy birak Apollon 11 missiyasynyn bas dәrigeri Charlz Berri bugan kelisim bergen zhok Osy kүni Florida shtatyndagy Breverd okrugyna mүjisi ornalaskan zherge taman tarihi okigany tamashalauga 500 000 turist zhinalgan bolatyn Tanertengisine bul korsetkish 1 millionga zhetedi degen esepteuler de bolgan Zymyran zhaksy korinetin zher bolyp sanalatyn kentinde zheke үjlerdin ieleri turisterge 20 25 dollarga kejde teginge de zhatatyn oryn bergen al koptegen sayahatshylar otel motelge karamaj zhagazhajdyn ozinde tүnep shykkan HronologiyasySaturn 5 zymyranynyn birinshi satysy bolinip ekinshi satysy iske kosylgan sәti Baskaru modulinen bolinip shykkan aj moduli Apollon 11 garyshka 1969 zhyly 16 shildede sagat 13 32 UTC ushyryldy Ol kezde 5000 ga zhuyk kurmetti konak zhinaldy arasynda 36 shy AҚSh prezidenti Lindon Dzhonson kyzmettegi vice prezident nemis zymyran tehnikasynyn pioneri boldy Zheke tribunada 3497 BAҚ kyzmetkerleri ornalasty olar tarihi okigany tikelej efirge 6 kontinenttegi 33 memleketke taratty Amerika Қurama Shtattarynyn ozinde ony 25 millionga zhuyk telekorermen tamashalady Қyzmettegi prezident Richard Nikson kelesi kүndi dүjsenbini Ұlttyk ortaktastyk kүni agylsh National Day of Participation dep atap demalys zhariyalady Starttan kejin 25 sagat 00 minut 53 sekund otken son garysh kemesi 193 256 shakyrymdy artta kaldyrdy bul Ajga dejingi zholdyn zhartysy edi Borttan Zherge karaj birneshe ret teletranslyaciya zhүrgizilip telekorermenderge borttyk kompyuter ekipazhdyn zhumys oryndary tamak ishkenderi korsetildi Ұshudyn үshinshi tәuligi bastalganda Armstrong pen Oldrin birinshi ret baskaru modulinen aj moduline otip ketti Starttan kejin 75 sagat 41 minut 23 sekund otkende Apollon 11 Aj diskisinin batys zhagynan otip korinbej ketti Zhermen radiobajlanys uakytsha үzildi Ol kezde garysh kemesi Ajdan 572 shakyrym kashyktykta boldy Segiz zharym minut otken son kyzmettik moduldin negizgi kozgaltkyshy iske kosyldy Ol 5 minut 57 sekund istep garysh kemesin Aj orbitasyna shygardy Astronavttar Ajdyn Zherden korinbejtin zhagyn fotoga tүsire bastady Ajdy ekinshi ret ajnala bastaganda bajlanys oralyp olar tagy teletranslyaciya zhүrgizdi Ekinshi ajnalymnyn sonynda kozgaltkysh 17 sekundka kosylyp Apollon 11 traektoriyasy shenberlik orbitaga zhakyn etip tүzetildi Armstrong pen Oldrin ekinshi ret aj moduline otip onyn avtonomdy kuattau zhүjesin iske kosty On үshinshi ajnalymnyn bastauynda aj moduli baskaru modulinen bolinip shykty Starttan kejin 102 sagat 33 minut 05 sekund otken son aj modulinin konu satysynyn kozgaltkyshy iske kosyldy 12 minuttan kejin 20 shildenin 20 17 39 UTC uakytynda aj moduli Ajga sәtti kondy Starttan kejin 109 sagat 16 minut 49 sekund otkende skafandryn kiip algan Nil Armstrong lyukti ashty da satyga karaj shykty Sosyn ol aj moduline oralu zhattyguyn oryndap shykty Қajtadan satyga zhakyndap onyn sol zhagynda ornalaskan bejnekamerany iske kosty da satymen Aj betine tүse bastady Osy orajda ol aj modulinin tirekteri aj topyragyna tek 2 5 5 santimetrge gana batkanyn habarlap үlgerdi Songy kadamyn Armstrong sol ayagymen zhasady zhәne radiobajlanyspen kelesidej mәlimdemeni zhiberdi Adam үshin kishigirim kadam zhәne adamzat үshin alyp attanys Tүpnuskasy agyl That s one small step for a man one giant leap for mankind source source source source track track track Armstrongtyn tarihi kadamy Bul tarihi okiga 1969 zhyldyn 21 shildesinde 02 sagat 56 minut 15 sekund UTC uakytynda oryn aldy Ol kezde starttan 109 sagat 24 minut 20 sekund otken edi Kejin Oldrin konvejer arkyly astyga fotokamerany berip zhiberdi Armstrong Aj panoramasyn tүsire bastady Salmagy 1015 29 gramm bolyp shykkan aj topyragynyn үlgisin zhinap skafandrdyn kaltasyna salyp aldy 15 minuttan son Oldrin de Ajga tүse bastady Tүskende ol satyny ustap turyp ajnalaga karap Әdemi korinis Tamasha sholejt dep ajtypty Ol birneshe ret sekirip zhәne baska da kimyldar zhasap kejin Kүn zhelindegi iondardy ustajtyn alyuminij kanyltyryn ornatty Armstrong bolsa bejnekameramen 20 metrge kabel uzyndygyna alystap ketip ajnalany tүsirip shtativke kojdy Kejin ekeui Aj betine AҚSh tuyn ornatty Kop uzamaj Hyuston ekeuin kamera aldyna keluin surap olarmen AҚSh prezidenti sojlegisi keletinin habarlady Bajlanys kezinde Richard Nikson aspan astronavttardyn arkasynda adamdar әleminin boligine ajnalganyn ajtty Armstrong prezidentke rakmet ajtyp olar AҚSh tyn gana emes barlyk elderdin adamdary atynan kyzmet atkarganyn zhetkizdi Kejin Armstrong aj topyragyn zhinaudy zhalgastyrdy al Oldrin oz izderin fotoga tүsirdi Aj betinde Nil Armstrong tүsirgen algashky fotografiya Armstrong aj topyragyn zhinap algannan son zhanynda kalakshasy zhatyr Edvin Oldrinnin tүsip zhatkan kezi Armstrong sol zhakta zhәne Oldrin AҚSh tuyn ornatyp zhatyr Sabyrlyk tenizindegi Oldrin Richard Niksonmen efir Oldrinnin izi Litl Uest krateri tomende buryshta stereokamera Litl Uestten karagandagy aj moduli Nil Armstrong aj modulinin ishindeDerekkozder50 Years Ago Lunar Landing Sites Selected NASA February 8 2018 Summary agyl Apollo 11 Mission Report P 1 1 NASA November 1969 Basty derekkozinen muragattalgan 4 akpan 2012 Tekserildi 22 kantar 2012 Astronautics and Aeronautics 1969 Chronology of Science Technology and Policy agyl P 210 NASA 1970 Basty derekkozinen muragattalgan 4 akpan 2012 Tekserildi 31 kantar 2012 Astronautics and Aeronautics 1969 Chronology of Science Technology and Policy agyl P 225 NASA 1970 Basty derekkozinen muragattalgan 4 akpan 2012 Tekserildi 1 akpan 2012 Astronautics and Aeronautics 1969 Chronology of Science Technology and Policy agyl P 212 NASA 1970 Basty derekkozinen muragattalgan 4 akpan 2012 Tekserildi 1 akpan 2012 Astronautics and Aeronautics 1969 Chronology of Science Technology and Policy agyl P 224 NASA 1970 Basty derekkozinen muragattalgan 21 mausym 2012 Tekserildi 3 akpan 2012 Jones Eric M The First Lunar Landing agyl Apollo 11 Lunar Surface Journal NASA 1995 Basty derekkozinen muragattalgan 30 mamyr 2012 Jones Eric M One Small Step agyl Apollo 11 Lunar Surface Journal NASA 1995 Basty derekkozinen muragattalgan 30 mamyr 2012 SiltemelerOrtakkorda bugan katysty media fajldar bar Apollo 11NASA sajtyndagy akparat Muragattalgan 16 kantardyn 2012 zhyly Apollon bagdarlamasy NASA sajtynda