Амёба (гр. Lodosea – өзгергіш) – қарапайымдар типіне жататын тамыраяқтылар класының өкілі. Қабыршақтары мен ішкі қаңқалары жоқ. Денесінің сыртқы пішіні тұрақсыз, көлемі 20 дан 700 мм, кейде одан да зор. Жалған аяқтарының пішіні мен ұзындығы әрбір түрге тән.
Амёбаның көпшілігі тұщы суларда, топырақта, теңіздерде және аздаған түрлері паразиттік тіршілік етеді. Денесі бір жасушадан тұрады, олардың денесінде қабықша болмайды. Дене пішіндері тұрақсыз: қалақша, саусақ, жебе тәрізді болып келеді. Амёбаның дене мөлшері 20 – 700 мкм шамасында. Денесінің кез келген жерінен үнемі өсіп шығатын жалған аяқтары болады. Соның көмегімен қозғалып, қорегін ұстайды. Ұстап алған қорегінің айналасында цитоплазмадан ас қорыту сөлі бөлініп, ас қорыту вакуолясы пайда болады да, онда қорегі қорытылады. Ал қорытылмай, сіңбей қалған қорегі әрбір 5 – 8 мин. сайын денесіндегі көпіршік тәрізді жиырылғыш вакуоля арқылы сыртқа шығарылады. Барлық денесімен тыныс алады. Амёбалардың әдетте бір ядросы болады, денесі екіге бөліну арқылы жыныссыз көбейеді. Амёбаның тіршілігіне қолайсыз жағдай туғанда оның денесі жұмырланып, сыртынан тығыз қорғаныс қабықша (циста) пайда болады. Ал қайтадан қолайлы жағдай туғанда циста жойылып, бұрынғысынша тіршілік ете бастайды. Амёбаның кейбір түрлері омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың организмінде, сондай-ақ адамның тоқ ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Бұлардың ішінде ең зияндысы – дизентерия Амёбасы (Entamoeba hіstolytіca). Ол адамды амебиаз ауруына шалдықтырады.
Амеба протей – амебалардың ірі түрінің бірі. Қозғалып жүргенде дене тұрқы 0,5 миллиметрдей, жай көзге майда тамшыдай болып көрінеді. Микроскоппен қарағанда дененің (жасушаның) әр жерінде бірде пайда болып, бірде жоғалып тұратын өсінділер көзге түседі. Амеба денесін плазмолемма деп аталатын өте жұқа, серпімді жарғақша қабық (мембрана) қаптап тұрады. Жасуша ішіндегі цитоплазма үнемі қозғалыста болады. Цитоплазманың қозғалысы әсерінен жәндік денесінде ең алдымен іркілдек бүртік пайда болады. Ол бірте-бірте созылып, ұшы тұйық өскінге айналады. Бұл өскін жасушаның бір жерінде тұрақтамайды; ол жерден жоғалып, дененің басқа бір жерінде түзіліп, үнемі осылай өзгереді. Осымен байланысты амеба денесінің пішіні тұрақты болмайды, өзгеріп тұрады.
АМЕБАЛАР. ҚАРАПАЙЫМ АМЕБАЛАР
Тұщы суда, батпақты жердегі мүктер арасында тіршілік ететін амебалар жалаңаш амеба және бақалшақты амеба түрінде кездеседі. Амебалардың түрлері өте көп: тек теңізде ғана тіршілік ететін, қайырылған теңіз түбіндегі қалдықтар мен жыныстар арасынан бақалшақтары құрылысқа пайдаланылатын, диаметрі 0,1 мм-ден 20 сантиметрге дейін жететін ерекше бақалшақты шұрықденелілерді кездестіруге болады. Жалаңаш амебалар мен бақалшақты амебалар теңіз тамыраяқтылар класына жатады. Бұлардың дене пішіні, құрылысы, тіршілік әрекетінде өзгерістер болғанмен, негізгі белгілері ортақ болғандықтан, жалғанаяқтылар класына топтастырылады. Біз осы кластың өкілі, кез келген тоқтау суларда кездесетін қарапайым амебамен танысамыз.
Қарапайым амебаның тіршілігі, сыртқы құрылысы және қозғалуы. Бұл – жалаңаш амебалардың едәуір ірі денелі түрі, оның дене мөлшері мм-дің 1/5-3/4 бөлігіндей болады. Қарапайым амебаның негізгі мекені – су өсімдіктерінің шіріген жапырағы мен органикалық заттары мол суқойма түбіндегі тұнба. Оның тұрақты пішіні болмайды, денесі қоймалжың цитоплазмадан және кішкене ядродан құралған біржасушалы біртұтас тірі шырыштан құралады. Денесінің мөлшері өте кіші болғандықтан, қарапайым амебаның құрылысы тек микроскоппен ғана анық көрінеді. Біржасушаның ішіндегі цитоплазма үнемі қозғалыста болады. Цитоплазманың қозғалу әсерінен амебаның денесінде ең алдымен томпақ пайда болып, ол бірте-бірте созылады да, жалғанаяққа айналады. Амеба жалғанаяқтары арқылы бір жерден екінші жерге жайлап қозғала алады. Жалғанаяқтар өсімдіктің тамыры тәрізді болғандықтан, амебаша қозғала алатын біржасушалы жәндіктерді кейде тамыраяқтылар деп те атайды. «Амеба» гректің сөзі, қазақша баламасы – «өзгергіш» деген мағына береді. Жалғанаяқтар дененің әр жерінен пайда болып, қайтадан жойылып тұратындықтан, амебаның дене пішіні үнемі өзгеріп отырады.
Қоректенуі. Амеба денесінің кез келген жерінен пайда болатын жалғанаяқтарымен тек қозғалып қоймай, қорегін (ұсақ балдырлар, бактериялар) де қармайды. Қорек денеге тиген кезде цитоплазма өсінділері оны екі жағынан орап алады. Цитоплазмадан сұйықтық тамшылары – асқорыту сөлі бөлініп, қоректің түйірі орналасқан жерде вакуоль пайда болады. Вакуольдің ішіндегі асқорыту сөлі қоректі ерітіп, денеге сіңіреді де, оның қорытылмай қалған бөлігі дененің кез келген жерінен сыртқа шығарылады. Сол кезде ас қорыту вакуолі жойылып кетеді.
Тыныс алуы. Амеба суда еріген оттегімен бүкіл денесі арқылы тыныс алады. Цитоплазмаға сіңген оттегі ондағы қоректік заттарды өте қарапайым заттарға айырып тотықтырады да, суға амеба денесіндегі көмірқышқыл газы бөлініп шығады. Амеба денесіндегі тотығу нәтижесінде ағзаға қажетті, оның тіршілік әрекетіне қажетті энергия бөлінеді. Денедегі заттардың тотығуы да жануға ұқсас, бірақ одан айырмашылығы – жылу мен жарықты жалын ретінде бөлмейді.
Зәр шығаруы. Зат алмасу туралы ұғым. Амебаның арнаулы зәр шығару мүшесі жоқ. Тіршілік әрекеті кезінде цитоплазмада әр түрлі зиянды заттар да ериді. Ол зиянды заттар амебаның бүкіл денесі арқылы сумен бірге цитоплазмаға түседі. Зиянды заттар ерітіндісінен цитоплазмада көпіршік – жиырылғыш вакуоль пайда болады. Микроскоп арқылы зер сала қарасаңдар, жиырылғыш вакуольдің 1-5 минут сайын бірде үлкейіп, бірде кішірейіп тұрғанын байқайсыңдар. Амеба вакуольге жиналған зиянды ерітіндісін көпіршікті жиыру арқылы мезгілімен сыртқа шығарып отырады. Сөйтіп жиырылғыш вакуоль амебаның денесіндегі суды, сонымен бірге ерімей қалған қоректік зиянды заттарды дененің кез келген жерінен сыртқа шығарып, цитоплазманы уланудан сақтайды, яғни зәр шығарады. Суда еріген оттегінің амеба денесінде тотығуы, оттегінің зиянды заттарға дейін қоректі тотықтыруы химиялық өзгеріс болып табылады. Ағзадағы барлық зат атаулылардың және энергияның өзгеруі, яғни химиялық реакцияның жиынтығы зат алмасу деп аталады. Табиғаттағы кез келген тіршілік иесі өз денесінде және айналадағы ортада зат алмасу құбылысы тежелсе, одан әрі тіршілік ете алмайды. Зат алмасу арқылы қоректік заттар ыдырап, энергияға айналады да, бейорганикалық заттардың қосылыстары жинақталған кезде басқа заттар түзілу арқылы жасушаның әрекеті күшейе түседі.
Көбеюі. Амебалардың көпшілігі жыныссыз жолмен көбейеді.Жыныссыз көбею амеба денесінің тең бөлінуі арқылы өтеді. Бұл кезде алдымен амебаның ядросы екіге бөлініп, денесі созылады да, жаңа пайда болған бір-бір ядромен екі жаққа ажырайды. Пайда болған екі жасушаның – екі жас амебаның біреуінде ғана бұрынғы жиырылғыш вакуоль сақталады, екіншісінде ондай вакуоль жаңадан түзіледі. Сөйтіп, амеба бөліну арқылы көбейеді.
Циста түзуі. «Циста» грекше «кистис», яғни «қаптама» дегенді білдіретін сөз. Қолайсыз жағдайға тап болған кезде амебаның денесі жұмырланып, сыртын қалың тығыз қабат қаптайды да, қоректенуін тоқтатады. Осындай тығыз қабықша циста деп аталады. Цисталанған амеба суқойманың суы суалса да, айналадағы температура күрт өзгерсе де төзеді. Цистадағы амеба жел арқылы басқа суқоймаларға оңай таралады.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
- Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;
- Мұстажап Рүстем "Өсімдіктану"кітабы;
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Amyoba gr Lodosea ozgergish karapajymdar tipine zhatatyn tamyrayaktylar klasynyn okili Қabyrshaktary men ishki kankalary zhok Denesinin syrtky pishini turaksyz kolemi 20 dan 700 mm kejde odan da zor Zhalgan ayaktarynyn pishini men uzyndygy әrbir tүrge tәn Amyoba Amyobanyn kopshiligi tushy sularda topyrakta tenizderde zhәne azdagan tүrleri parazittik tirshilik etedi Denesi bir zhasushadan turady olardyn denesinde kabyksha bolmajdy Dene pishinderi turaksyz kalaksha sausak zhebe tәrizdi bolyp keledi Amyobanyn dene molsheri 20 700 mkm shamasynda Denesinin kez kelgen zherinen үnemi osip shygatyn zhalgan ayaktary bolady Sonyn komegimen kozgalyp koregin ustajdy Ұstap algan koreginin ajnalasynda citoplazmadan as korytu soli bolinip as korytu vakuolyasy pajda bolady da onda koregi korytylady Al korytylmaj sinbej kalgan koregi әrbir 5 8 min sajyn denesindegi kopirshik tәrizdi zhiyrylgysh vakuolya arkyly syrtka shygarylady Barlyk denesimen tynys alady Amyobalardyn әdette bir yadrosy bolady denesi ekige bolinu arkyly zhynyssyz kobejedi Amyobanyn tirshiligine kolajsyz zhagdaj tuganda onyn denesi zhumyrlanyp syrtynan tygyz korganys kabyksha cista pajda bolady Al kajtadan kolajly zhagdaj tuganda cista zhojylyp buryngysynsha tirshilik ete bastajdy Amyobanyn kejbir tүrleri omyrtkasyz zhәne omyrtkaly zhanuarlardyn organizminde sondaj ak adamnyn tok isheginde parazittik tirshilik etedi Bulardyn ishinde en ziyandysy dizenteriya Amyobasy Entamoeba histolytica Ol adamdy amebiaz auruyna shaldyktyrady Ameba protej amebalardyn iri tүrinin biri Қozgalyp zhүrgende dene turky 0 5 millimetrdej zhaj kozge majda tamshydaj bolyp korinedi Mikroskoppen karaganda denenin zhasushanyn әr zherinde birde pajda bolyp birde zhogalyp turatyn osindiler kozge tүsedi Ameba denesin plazmolemma dep atalatyn ote zhuka serpimdi zhargaksha kabyk membrana kaptap turady Zhasusha ishindegi citoplazma үnemi kozgalysta bolady Citoplazmanyn kozgalysy әserinen zhәndik denesinde en aldymen irkildek bүrtik pajda bolady Ol birte birte sozylyp ushy tujyk oskinge ajnalady Bul oskin zhasushanyn bir zherinde turaktamajdy ol zherden zhogalyp denenin baska bir zherinde tүzilip үnemi osylaj ozgeredi Osymen bajlanysty ameba denesinin pishini turakty bolmajdy ozgerip turady AMEBALAR ҚARAPAJYM AMEBALARTushy suda batpakty zherdegi mүkter arasynda tirshilik etetin amebalar zhalanash ameba zhәne bakalshakty ameba tүrinde kezdesedi Amebalardyn tүrleri ote kop tek tenizde gana tirshilik etetin kajyrylgan teniz tүbindegi kaldyktar men zhynystar arasynan bakalshaktary kurylyska pajdalanylatyn diametri 0 1 mm den 20 santimetrge dejin zhetetin erekshe bakalshakty shurykdenelilerdi kezdestiruge bolady Zhalanash amebalar men bakalshakty amebalar teniz tamyrayaktylar klasyna zhatady Bulardyn dene pishini kurylysy tirshilik әreketinde ozgerister bolganmen negizgi belgileri ortak bolgandyktan zhalganayaktylar klasyna toptastyrylady Biz osy klastyn okili kez kelgen toktau sularda kezdesetin karapajym amebamen tanysamyz Қarapajym amebanyn tirshiligi syrtky kurylysy zhәne kozgaluy Bul zhalanash amebalardyn edәuir iri deneli tүri onyn dene molsheri mm din 1 5 3 4 boligindej bolady Қarapajym amebanyn negizgi mekeni su osimdikterinin shirigen zhapyragy men organikalyk zattary mol sukojma tүbindegi tunba Onyn turakty pishini bolmajdy denesi kojmalzhyn citoplazmadan zhәne kishkene yadrodan kuralgan birzhasushaly birtutas tiri shyryshtan kuralady Denesinin molsheri ote kishi bolgandyktan karapajym amebanyn kurylysy tek mikroskoppen gana anyk korinedi Birzhasushanyn ishindegi citoplazma үnemi kozgalysta bolady Citoplazmanyn kozgalu әserinen amebanyn denesinde en aldymen tompak pajda bolyp ol birte birte sozylady da zhalganayakka ajnalady Ameba zhalganayaktary arkyly bir zherden ekinshi zherge zhajlap kozgala alady Zhalganayaktar osimdiktin tamyry tәrizdi bolgandyktan amebasha kozgala alatyn birzhasushaly zhәndikterdi kejde tamyrayaktylar dep te atajdy Ameba grektin sozi kazaksha balamasy ozgergish degen magyna beredi Zhalganayaktar denenin әr zherinen pajda bolyp kajtadan zhojylyp turatyndyktan amebanyn dene pishini үnemi ozgerip otyrady Қorektenui Ameba denesinin kez kelgen zherinen pajda bolatyn zhalganayaktarymen tek kozgalyp kojmaj koregin usak baldyrlar bakteriyalar de karmajdy Қorek denege tigen kezde citoplazma osindileri ony eki zhagynan orap alady Citoplazmadan sujyktyk tamshylary askorytu soli bolinip korektin tүjiri ornalaskan zherde vakuol pajda bolady Vakuoldin ishindegi askorytu soli korekti eritip denege siniredi de onyn korytylmaj kalgan boligi denenin kez kelgen zherinen syrtka shygarylady Sol kezde as korytu vakuoli zhojylyp ketedi Tynys aluy Ameba suda erigen ottegimen bүkil denesi arkyly tynys alady Citoplazmaga singen ottegi ondagy korektik zattardy ote karapajym zattarga ajyryp totyktyrady da suga ameba denesindegi komirkyshkyl gazy bolinip shygady Ameba denesindegi totygu nәtizhesinde agzaga kazhetti onyn tirshilik әreketine kazhetti energiya bolinedi Denedegi zattardyn totyguy da zhanuga uksas birak odan ajyrmashylygy zhylu men zharykty zhalyn retinde bolmejdi Zәr shygaruy Zat almasu turaly ugym Amebanyn arnauly zәr shygaru mүshesi zhok Tirshilik әreketi kezinde citoplazmada әr tүrli ziyandy zattar da eridi Ol ziyandy zattar amebanyn bүkil denesi arkyly sumen birge citoplazmaga tүsedi Ziyandy zattar eritindisinen citoplazmada kopirshik zhiyrylgysh vakuol pajda bolady Mikroskop arkyly zer sala karasandar zhiyrylgysh vakuoldin 1 5 minut sajyn birde үlkejip birde kishirejip turganyn bajkajsyndar Ameba vakuolge zhinalgan ziyandy eritindisin kopirshikti zhiyru arkyly mezgilimen syrtka shygaryp otyrady Sojtip zhiyrylgysh vakuol amebanyn denesindegi sudy sonymen birge erimej kalgan korektik ziyandy zattardy denenin kez kelgen zherinen syrtka shygaryp citoplazmany ulanudan saktajdy yagni zәr shygarady Suda erigen otteginin ameba denesinde totyguy otteginin ziyandy zattarga dejin korekti totyktyruy himiyalyk ozgeris bolyp tabylady Agzadagy barlyk zat ataulylardyn zhәne energiyanyn ozgerui yagni himiyalyk reakciyanyn zhiyntygy zat almasu dep atalady Tabigattagy kez kelgen tirshilik iesi oz denesinde zhәne ajnaladagy ortada zat almasu kubylysy tezhelse odan әri tirshilik ete almajdy Zat almasu arkyly korektik zattar ydyrap energiyaga ajnalady da bejorganikalyk zattardyn kosylystary zhinaktalgan kezde baska zattar tүzilu arkyly zhasushanyn әreketi kүsheje tүsedi Kobeyui Amebalardyn kopshiligi zhynyssyz zholmen kobejedi Zhynyssyz kobeyu ameba denesinin ten bolinui arkyly otedi Bul kezde aldymen amebanyn yadrosy ekige bolinip denesi sozylady da zhana pajda bolgan bir bir yadromen eki zhakka azhyrajdy Pajda bolgan eki zhasushanyn eki zhas amebanyn bireuinde gana buryngy zhiyrylgysh vakuol saktalady ekinshisinde ondaj vakuol zhanadan tүziledi Sojtip ameba bolinu arkyly kobejedi Cista tүzui Cista grekshe kistis yagni kaptama degendi bildiretin soz Қolajsyz zhagdajga tap bolgan kezde amebanyn denesi zhumyrlanyp syrtyn kalyn tygyz kabat kaptajdy da korektenuin toktatady Osyndaj tygyz kabyksha cista dep atalady Cistalangan ameba sukojmanyn suy sualsa da ajnaladagy temperatura kүrt ozgerse de tozedi Cistadagy ameba zhel arkyly baska sukojmalarga onaj taralady DerekkozderOryssha kazaksha tүsindirme sozdik Biologiya Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2007 1028 b ISBN 9965 08 286 3 Қazakstan Respublikasynyn tabigaty 7 tom Mustazhap Rүstem Өsimdiktanu kitaby Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul biologiya bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz