Аманғали Кенжеахметұлы (1888, Бөкей Ордасы, Тума ауылы 11.1.1928, қазіргі Атырау облысы; Исатай ауданы Үштаған мекені) әнші, ақын. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қуғынға ұшырап, «банды Аманғали» атанған.
Жалпы мәлімет
Аманғали — ел аузында палуан, өнерпаз, намысқой адам ретінде аңыздалатын тұлға. 12 ата Байұлына жататын беріш руының себек атасынан. Отбасындағы 10 баланың үлкені Аманғали ескіше сауат ашқан. 1916 жылғы маусым жарлығымен қара жұмысқа алынып, елге 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін оралады. 1918-19 ж. милиция қызметкері ретінде Нарын өңірінде кеңес өкіметін орнатуға қатысқан. 1921-22 ж. Шолантау маңында (Нарын құмы) Серов, Киселевтің қарсы соғысады.
Қалай «банды» атанды?
Аманғалидың «банды» атанып, қуғындалуы болмашы оқиғадан — ағайын, екі құда арасындағы реніштен басталған. 1924 ж. болыс белсенділерінің шақыруымен Ордадан (Бөкей губерниясынан) әкімшілік тергеуші Е.Шкоков бастаған қарулы отряд Аманғалиды ұстауға шығады. Бірақ құм арасына із тастап қашқан Аманғали тобы оларға ұстатпай, ақыр соңында бытырай бастаған қуғыншы отряд басшыларын Шкоков пен 4 болыс мүшесінің ездерін тұтқындайды. Отряд жетекшісі Шкоковтың ұсынысы бойынша екі жақты бітімгершілік шарты жасалады. Аманғалиды қудалау осымен тоқталып, ол қару-жарақтарын тапсыруды міндетіне алып, тұтқындарды босатып жібереді. Бірақ, өзара пәтуаласып, бітімге қол қойғандарымен кеңес органдары, әсіресе өкіметке жағынуды ғана ойлаған ауыл, болыс белсенділері Аманғалидың соңына түсулерін қоймайды. 1925 ж. Ол Жайықтың Бұхара бетіне өтіп, адай правителі (ревкомы) Тобанияз Әлниязовты сағалайды. Алайда ол шарасыздан куғыншылардың қолына Аманғалиды ұстап береді. Аманғали Орал түрмесіне жөнелтіледі. Аманғали 1926 ж. мамырда үш адам боп түрмеден қашады. Бостандыққа шығысымен кек алуға аттанады. Атыс-шабыс кезінде Аманғалидың қасындағылар Жұмағалидың немересін, кейін баласын өлтіреді. Осылайша «банды» аталып, жала жабылған Аманғалидың соңынан жазалаушы отряд шығады. Қашып-пысып, тынымсыз жортуылда жүргенде ұлы Нағымжан, зайыбы Мұхсина жене т.б. серіктері ұсталып, кейбір туған-туыстары оққа ұшып, Аманғали жалғыз қалады. Ақырында, 1928 ж. 11 қаңтарда немере інісі Тайыр екеуі куғыншылар қолынан қаза табады. Олардың сүйегі қазіргі Атырау облысы Құрманғазы ауданының Қарағайлы деген жерінде жерленген.
Туған-туыстары
Аманғалидың зайыбы Мұхсина мен үш інісі жазықсыз сотталып, екі інісі (Мұқанғали, Әндірғали) атылған, бір інісі (Үмбетқали), туысы (Есмұрза) Финляндияға өтіп кеткен. Олардан тараған ұрпақ — бес қыз Қазақстанды бір көруді аңсайды. Аманғалидың көзі тірі бір қызы Атыраудың Мақат станциясында тұрады. Мұхсина Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауылы маңында жерленген. Аманғалидың соңында асқақ рухты әндері, өлендері қалды. А.В. Загаевичтің «Қазақтың 1000 әні» кітабына 2 әні нотасымен енген. Аманғали туралы белгілі композитор әрі жазушы І.Жақанов, атыраулық қаламгерлер Т.Тінәлиев, ақын Т.Досымов, сондай-ақ Л.Қапашев әдеби-көркем шығармалар жене зерттеу мақалалар жазып, деректі кинофильм түсірген.
Дереккөздер
- Батыс Қазақстан облысы. Эндиклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Amangali Kenzheahmetuly 1888 Bokej Ordasy Tuma auyly 11 1 1928 kazirgi Atyrau oblysy Isataj audany Үshtagan mekeni әnshi akyn Kenes okimetinin algashky zhyldarynda kugynga ushyrap bandy Amangali atangan Zhalpy mәlimetAmangali el auzynda paluan onerpaz namyskoj adam retinde anyzdalatyn tulga 12 ata Bajulyna zhatatyn berish ruynyn sebek atasynan Otbasyndagy 10 balanyn үlkeni Amangali eskishe sauat ashkan 1916 zhylgy mausym zharlygymen kara zhumyska alynyp elge 1917 zh Akpan revolyuciyasynan kejin oralady 1918 19 zh miliciya kyzmetkeri retinde Naryn onirinde kenes okimetin ornatuga katyskan 1921 22 zh Sholantau manynda Naryn kumy Serov Kiselevtin karsy sogysady Қalaj bandy atandy Amangalidyn bandy atanyp kugyndaluy bolmashy okigadan agajyn eki kuda arasyndagy renishten bastalgan 1924 zh bolys belsendilerinin shakyruymen Ordadan Bokej guberniyasynan әkimshilik tergeushi E Shkokov bastagan karuly otryad Amangalidy ustauga shygady Birak kum arasyna iz tastap kashkan Amangali toby olarga ustatpaj akyr sonynda bytyraj bastagan kugynshy otryad basshylaryn Shkokov pen 4 bolys mүshesinin ezderin tutkyndajdy Otryad zhetekshisi Shkokovtyn usynysy bojynsha eki zhakty bitimgershilik sharty zhasalady Amangalidy kudalau osymen toktalyp ol karu zharaktaryn tapsyrudy mindetine alyp tutkyndardy bosatyp zhiberedi Birak ozara pәtualasyp bitimge kol kojgandarymen kenes organdary әsirese okimetke zhagynudy gana ojlagan auyl bolys belsendileri Amangalidyn sonyna tүsulerin kojmajdy 1925 zh Ol Zhajyktyn Buhara betine otip adaj praviteli revkomy Tobaniyaz Әlniyazovty sagalajdy Alajda ol sharasyzdan kugynshylardyn kolyna Amangalidy ustap beredi Amangali Oral tүrmesine zhoneltiledi Amangali 1926 zh mamyrda үsh adam bop tүrmeden kashady Bostandykka shygysymen kek aluga attanady Atys shabys kezinde Amangalidyn kasyndagylar Zhumagalidyn nemeresin kejin balasyn oltiredi Osylajsha bandy atalyp zhala zhabylgan Amangalidyn sonynan zhazalaushy otryad shygady Қashyp pysyp tynymsyz zhortuylda zhүrgende uly Nagymzhan zajyby Muhsina zhene t b serikteri ustalyp kejbir tugan tuystary okka ushyp Amangali zhalgyz kalady Akyrynda 1928 zh 11 kantarda nemere inisi Tajyr ekeui kugynshylar kolynan kaza tabady Olardyn sүjegi kazirgi Atyrau oblysy Қurmangazy audanynyn Қaragajly degen zherinde zherlengen Tugan tuystaryAmangalidyn zajyby Muhsina men үsh inisi zhazyksyz sottalyp eki inisi Mukangali Әndirgali atylgan bir inisi Үmbetkali tuysy Esmurza Finlyandiyaga otip ketken Olardan taragan urpak bes kyz Қazakstandy bir korudi ansajdy Amangalidyn kozi tiri bir kyzy Atyraudyn Makat stanciyasynda turady Muhsina Batys Қazakstan oblysy Kaztalovka auyly manynda zherlengen Amangalidyn sonynda askak ruhty әnderi olenderi kaldy A V Zagaevichtin Қazaktyn 1000 әni kitabyna 2 әni notasymen engen Amangali turaly belgili kompozitor әri zhazushy I Zhakanov atyraulyk kalamgerler T Tinәliev akyn T Dosymov sondaj ak L Қapashev әdebi korkem shygarmalar zhene zertteu makalalar zhazyp derekti kinofilm tүsirgen DerekkozderBatys Қazakstan oblysy Endiklopediya Almaty Arys baspasy 2002 ISBN 9965 607 02 8 Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz