Амал - әр жылдың он екі айындағы табиғат құбылыстарына байланысты халықтық қағидаларда қалыптасқан болжамдардың атаулары мен реттері.
Тарихы
Жылдың әр айлары мен тоқсанында болатын ауа райындағы және табиғат өзгерістері мен құбылыстарын назарына ұстап, бекітіп ұдайы қадағалап, болжап және оны күн ілгері хабарлап тұратын есепшілер болды. Әсіресе, малшы қауым үшін тоғыс есебінің шаруашылық маңызы үлкен болды. Осы есепке сүйене отырып, малшылар әр айдағы амалдардың қалай өтетінін шамалап отырды. Ұлттық сандық ұғымда жеті амал бар. Олар:
Жыл мезгіліне байланысты амалдар реті
Амалдар наурыз айынан басталады. Жыл аяғында, яғни наурыз айының 17-21 күндері аралығында болатын жауын-шашынды, суық, әрі лайсаң мезгіл бесқонақтан қатты сақтанып отырған. Самарқанның көк тасы жібитін күн деп Наурыз айының 22-ін айтады. Бүл күні бойынша жаңа жыл басталады. Осы күні шығыста күн жылып, жер жібіп, ашық, шуақты мезгілдер басталады. Жаңа айдың туатынына дейінгі бір-екі күн мен «кеміген» айдың аспаннан екі күндік жоқ болып кету мерзімін қазақ дейді. Осы арқылы алдағы айға болжам жасалады.
Наурыз айының соңғы күндерінде жыл құстары да ұшып келе бастайды, аралас қарлы жаңбыр, суық жел тұрады. Мұны ел құс қанаты деп атап амалға жатқызған.
Көктемде көкек айында қар күрт еріп, жер лайсаң болған кезеңді Аласапыран деп атайды.
Көкек айының орта кезінен кейін алғаш найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жер бусанады. Осы сәттердегі найзағайдың жарқылын халық « қамшысы шартылдады, қыс кетті» деп есептейді.
Көкектің соңғы күндерінде 2-3 күнге созылатын суық жел соғып, тобылғы жарған амалдары басталады. Бұл «тобылғы бүршік жарған» яғни өсімдіктер тамыр жайды, алғашқы көк шыға бастаған кез дегенді білдіреді.
Мамыр айының алғашқы онкүндігінде дала (су) құстары балапанын шығара бастайды. Халық тілінде қызыл жұмыртқа деп аталатын амалда 1-2 күнге созылатын суық болады.
Мамыр айының аяғында болатын суық желді Құралайдың салқыны амалы кезінде желге қарсы киік өз құралайларын (баласын) аяқтандырып, өргізеді (киік көптігіне қарамай, 2-3 күн ішінде түгелдей төлдеп болады).
Мамыр айының ортасына қарай Үркер аспанда мүлде көрінбей кетуін «Үркер батты деп жер қызады» дейді халық есепшілері.
Маусымның 24-де Үркер таң ата батыстан көрінеді де, содан шілде айында 40 күнге созылатын ыстық басталады. Осы аптапты күндерге орай халық арасында қырық күн шілде» деп атаған. Үркердің толғағы аталатын амал мал-жанға жайлы кезең жаздың орта кезінде басталады. Бұл кезде жер құрғап, шөп буыны қатып, сарғая бастайды.
Тамыз айының ортасында ауа райы салқын тартып, қою бұлт пайда болып, алғашқы күз нышаны біліне бастайды. Осы кезеңді Таразының тууы деп атайды. «Таразы туса - таң суыр» деген сөз орамы осындайдан шыққан.
Қыркүйек айының ортасында салқын басталады, жаңбыр жауады, түнде шөп басына шық түседі, бірақ күндіз шуақты күндер де болады. Мүндай жылы мезгілдерді мизам шуақ деп атайды.
Қыркүйектің соңғы онкүндігінде күз келеді, суықты күндер, жауын басталады. Бұл сүмбіленің тууы деген амал.
Қараша айындағы құс оңтүстікке қайта бастайтын уақыт қараша қаздың қайтуы деген амал. Бұл кезде солтүстікте алғашқы қар түсіп, күн суытады.
Желтоқсанның басында болатын алғашқы аязды жұрт қырбастың қызылы амалы дейді және қатты аязды суықтар болады.
Желтоқсанның соңғы онкүндігінде қазақ даласында қатты боран соғады. Дәл осы кезде киік текесі келеге түсетіндіктен бұл кезең теке бұрқылдақ амалы деп аталып кеткен.
Халықтың айтуында күннің таласуы дейтін кезең қаңтардың алғашқы күніне сәйкес келеді. Бұл кезде де ауа райы өзгереді, қар жауады, яғни сырғыма жүреді.
Қаңтардың соңғы күндерінде қыс күшіне енеді, сақылдаған сары аяздар болатын кезді қазақтар қысқы шілде деп атаған.
Ақпан айының қысы да ақырып келгенде ат құлағы көрінбейтін борандар күш алады. Ай аяғындағы сырғақ пен қатты боранды күндерде қасқырдың арланы мен қаншығы жұптасады. Бөрісырғақ амалы келеді дейтіні сондықтан (сырғақ деп бұршақтан кіші мұзды қар түйіршіктерін айтады).
Есепшілер жыл сайын белгілі бір уақытта қайталап отыратын ауа райындағы құбылыстарды (жауын-шашын, жел, боран, ыстық, суық т.б.) амалдың қай кезде болатынын тоғыс есебі бойынша анықтап отырған (толығырақ қ. ).
Киіктің матауы деген амал он жеті тоғысқа (қыркүйектің аяғы, қазанның басына) сәйкес келеді. Бұл кезде киіктің (ақбөкен, қарақұйрық, киік т.б.) текесі үйірге төседі. Елік құралай лағын апрельдің басында өтетін 5-10 күндік салқында өргізеді. Құралайдың салқыны үш тоғысқа сәйкес келеді. Он бес тоғыста (қазанның аяғы, қарашаның басында) өтетін жауын-шашынды 5-10 күндік амалды есепшілер бұғының мойын жуар амалы деп атаған. Бұл кезде бұғы маралмен насай-топыр (үйірге түседі) құрады. Таутекенің тауешкімен, құлжаның арқармен үйірге түсетін кезінде - он үш тоғыста (қарашаның аяғы) өтетін амал - теке бұрқақ (бұрқылдақ). Қаңтардың қарлы бораны он бір тоғыста (желтоқсан) өтетін амалдан соң, тоғыз тоғыста (қаңтар) өтетін аязды күндерді ай мүйізді алты күн немесе ақпан-тоқпанның (дақпанның) аязы деген амал ға жатқызады.
Бес тоғыстың бет жуары деген сөз орамы бес тоғыстағы (наурыз) амалдың (жауын-шашынды 5-10 күн) шаруаға жайлы екенін білдіреді. Кей жерлерде бес тоғыстан соң он күнде өтетін амалды отамалы ойылған қыс деп атайды. Есепшілердің айтуынша, отамалының: «Қара жерге келсем, қар әкелемін, қарға келсем, қар әкетемін», — дейтін серті бар. Отамалы қара жерге келсе, жайсыздау болып, боранды, жауын-шашынды күн көп болады. Сөйтіп, амалдар дәстүрлі күнқайыру жүйесінің сан ғасырлық халықтық тәжірибенің тезінен өткен өзіндік принциптері мен нормалары (тәсілдері) бар ең мәнді элементтері болып табылады.
Қазақстанның батыс өңірінде кездесетін амалдар
- Бесқонақ - наурыз айының 8-20 күндері аралығында болатын жауынды-шашынды күндер. Жұрт бесқонақтан қатты сақтанып, күтініп отырған. Бұл күндері тойдан қайтқан бес қонақ, боранға ұшырап, үсіп өліпті деген ел аузында аңыз бар.
- Кіші қараша. 20-қазан мен 10 қараша аралығында. Ауа-райы құбылып, қар аралас жаңбыр жауады, ызғырық жел соғады.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
- Е.Қаженбаев Атырау облысының географиясы ISBN 9965-741-14-х
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Amal әr zhyldyn on eki ajyndagy tabigat kubylystaryna bajlanysty halyktyk kagidalarda kalyptaskan bolzhamdardyn ataulary men retteri TarihyZhyldyn әr ajlary men toksanynda bolatyn aua rajyndagy zhәne tabigat ozgeristeri men kubylystaryn nazaryna ustap bekitip udajy kadagalap bolzhap zhәne ony kүn ilgeri habarlap turatyn esepshiler boldy Әsirese malshy kauym үshin togys esebinin sharuashylyk manyzy үlken boldy Osy esepke sүjene otyryp malshylar әr ajdagy amaldardyn kalaj otetinin shamalap otyrdy Ұlttyk sandyk ugymda zheti amal bar Olar Zhyl mezgiline bajlanysty amaldar retiAmaldar nauryz ajynan bastalady Zhyl ayagynda yagni nauryz ajynyn 17 21 kүnderi aralygynda bolatyn zhauyn shashyndy suyk әri lajsan mezgil beskonaktan katty saktanyp otyrgan Samarkannyn kok tasy zhibitin kүn dep Nauryz ajynyn 22 in ajtady Bүl kүni bojynsha zhana zhyl bastalady Osy kүni shygysta kүn zhylyp zher zhibip ashyk shuakty mezgilder bastalady Zhana ajdyn tuatynyna dejingi bir eki kүn men kemigen ajdyn aspannan eki kүndik zhok bolyp ketu merzimin kazak dejdi Osy arkyly aldagy ajga bolzham zhasalady Nauryz ajynyn songy kүnderinde zhyl kustary da ushyp kele bastajdy aralas karly zhanbyr suyk zhel turady Muny el kus kanaty dep atap amalga zhatkyzgan Koktemde kokek ajynda kar kүrt erip zher lajsan bolgan kezendi Alasapyran dep atajdy Kokek ajynyn orta kezinen kejin algash najzagaj ojnap zhanbyr zhauady zher busanady Osy sәtterdegi najzagajdyn zharkylyn halyk kamshysy shartyldady kys ketti dep eseptejdi Kokektin songy kүnderinde 2 3 kүnge sozylatyn suyk zhel sogyp tobylgy zhargan amaldary bastalady Bul tobylgy bүrshik zhargan yagni osimdikter tamyr zhajdy algashky kok shyga bastagan kez degendi bildiredi Mamyr ajynyn algashky onkүndiginde dala su kustary balapanyn shygara bastajdy Halyk tilinde kyzyl zhumyrtka dep atalatyn amalda 1 2 kүnge sozylatyn suyk bolady Mamyr ajynyn ayagynda bolatyn suyk zheldi Қuralajdyn salkyny amaly kezinde zhelge karsy kiik oz kuralajlaryn balasyn ayaktandyryp orgizedi kiik koptigine karamaj 2 3 kүn ishinde tүgeldej toldep bolady Mamyr ajynyn ortasyna karaj Үrker aspanda mүlde korinbej ketuin Үrker batty dep zher kyzady dejdi halyk esepshileri Mausymnyn 24 de Үrker tan ata batystan korinedi de sodan shilde ajynda 40 kүnge sozylatyn ystyk bastalady Osy aptapty kүnderge oraj halyk arasynda kyryk kүn shilde dep atagan Үrkerdin tolgagy atalatyn amal mal zhanga zhajly kezen zhazdyn orta kezinde bastalady Bul kezde zher kurgap shop buyny katyp sargaya bastajdy Tamyz ajynyn ortasynda aua rajy salkyn tartyp koyu bult pajda bolyp algashky kүz nyshany biline bastajdy Osy kezendi Tarazynyn tuuy dep atajdy Tarazy tusa tan suyr degen soz oramy osyndajdan shykkan Қyrkүjek ajynyn ortasynda salkyn bastalady zhanbyr zhauady tүnde shop basyna shyk tүsedi birak kүndiz shuakty kүnder de bolady Mүndaj zhyly mezgilderdi mizam shuak dep atajdy Қyrkүjektin songy onkүndiginde kүz keledi suykty kүnder zhauyn bastalady Bul sүmbilenin tuuy degen amal Қarasha ajyndagy kus ontүstikke kajta bastajtyn uakyt karasha kazdyn kajtuy degen amal Bul kezde soltүstikte algashky kar tүsip kүn suytady Zheltoksannyn basynda bolatyn algashky ayazdy zhurt kyrbastyn kyzyly amaly dejdi zhәne katty ayazdy suyktar bolady Zheltoksannyn songy onkүndiginde kazak dalasynda katty boran sogady Dәl osy kezde kiik tekesi kelege tүsetindikten bul kezen teke burkyldak amaly dep atalyp ketken Halyktyn ajtuynda kүnnin talasuy dejtin kezen kantardyn algashky kүnine sәjkes keledi Bul kezde de aua rajy ozgeredi kar zhauady yagni syrgyma zhүredi Қantardyn songy kүnderinde kys kүshine enedi sakyldagan sary ayazdar bolatyn kezdi kazaktar kysky shilde dep atagan Akpan ajynyn kysy da akyryp kelgende at kulagy korinbejtin borandar kүsh alady Aj ayagyndagy syrgak pen katty borandy kүnderde kaskyrdyn arlany men kanshygy zhuptasady Borisyrgak amaly keledi dejtini sondyktan syrgak dep burshaktan kishi muzdy kar tүjirshikterin ajtady Esepshiler zhyl sajyn belgili bir uakytta kajtalap otyratyn aua rajyndagy kubylystardy zhauyn shashyn zhel boran ystyk suyk t b amaldyn kaj kezde bolatynyn togys esebi bojynsha anyktap otyrgan tolygyrak k Kiiktin matauy degen amal on zheti togyska kyrkүjektin ayagy kazannyn basyna sәjkes keledi Bul kezde kiiktin akboken karakujryk kiik t b tekesi үjirge tosedi Elik kuralaj lagyn apreldin basynda otetin 5 10 kүndik salkynda orgizedi Қuralajdyn salkyny үsh togyska sәjkes keledi On bes togysta kazannyn ayagy karashanyn basynda otetin zhauyn shashyndy 5 10 kүndik amaldy esepshiler bugynyn mojyn zhuar amaly dep atagan Bul kezde bugy maralmen nasaj topyr үjirge tүsedi kurady Tautekenin taueshkimen kulzhanyn arkarmen үjirge tүsetin kezinde on үsh togysta karashanyn ayagy otetin amal teke burkak burkyldak Қantardyn karly borany on bir togysta zheltoksan otetin amaldan son togyz togysta kantar otetin ayazdy kүnderdi aj mүjizdi alty kүn nemese akpan tokpannyn dakpannyn ayazy degen amal ga zhatkyzady Bes togystyn bet zhuary degen soz oramy bes togystagy nauryz amaldyn zhauyn shashyndy 5 10 kүn sharuaga zhajly ekenin bildiredi Kej zherlerde bes togystan son on kүnde otetin amaldy otamaly ojylgan kys dep atajdy Esepshilerdin ajtuynsha otamalynyn Қara zherge kelsem kar әkelemin karga kelsem kar әketemin dejtin serti bar Otamaly kara zherge kelse zhajsyzdau bolyp borandy zhauyn shashyndy kүn kop bolady Sojtip amaldar dәstүrli kүnkajyru zhүjesinin san gasyrlyk halyktyk tәzhiribenin tezinen otken ozindik principteri men normalary tәsilderi bar en mәndi elementteri bolyp tabylady Қazakstannyn batys onirinde kezdesetin amaldarBeskonak nauryz ajynyn 8 20 kүnderi aralygynda bolatyn zhauyndy shashyndy kүnder Zhurt beskonaktan katty saktanyp kүtinip otyrgan Bul kүnderi tojdan kajtkan bes konak boranga ushyrap үsip olipti degen el auzynda anyz bar Kishi karasha 20 kazan men 10 karasha aralygynda Aua rajy kubylyp kar aralas zhanbyr zhauady yzgyryk zhel sogady DerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2 E Қazhenbaev Atyrau oblysynyn geografiyasy ISBN 9965 741 14 h