1964 жылғы Токио қаласында өткен олимпиадаға Моңғол елінің атынан Алданыш Рамазанқызы деген олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ қызы.
Алданыш Моңғолия спорт тарихына тұңғыш рет олимпиадаға қатысқан әйел ретінде аты алтын әріппен жазылған. Әрі Моңғолиялық қазақ диаспорасынан шыққан тұңғыш спорт шебері. Моңғол елінің бірнеше рет жаңартқан. Он екі дүркін чемпиондық тұғырға көтерілген, шашасына шаң жұқпаған желаяқ.
Ол Ұланбатыр қалалық №18 орта мектепте оқып жүргенде-ақ жүгірістен алдына жан салмапты. Мұны байқаған сол кездегі мемлекеттік спорт комитетінің жеңіл атлетика бөлімінің жаттықтырушы Ү.Найдан мен Кеңес елінен келген спорт маманы Иванов 5 сыныптың оқушысын жеңіл атлетика сексиясына қабылдаған. Кешікпей таланты қыз ұлттық құраманың сапынан бірақ шыққан. Осы 1961 жылдан бастап, 1969 жылға дейін ұлттық құрамада өнер көрсетті.
1962 жылы Моңғол елінің тарихында алғаш рет бүкілхалықтық спартакиада өткен еді. Осыған 16 жастағы Алданыш «Еңбек» спорт қоғамы атынан қатысып, 200 метр қашықтыққа 26,6 сек, 400 метрге 58,8сек, 800 метрге 2 мин 18,7 сек жүгіріп өтіп, ел рекордын жаңарты. Бұл бұрын соңды болмаған елеулі жетістік еді. Алданыш Рамазанқызының 200 метр қашықтыққа жасаған рекорды үш жылдан кейін жаңарды. Ал 400 және 800 метр қашықтықтағы рекордын 22 жыл бойы ешкім бұза алмады.
Бір қызығы осы Алданыштың 800 метр қашықтыққа тоқтатқан рекордын 1984 жылы тағы бір қазақ қызы Моңғолия Мемлекеттік универстеттің түлегі Күшай Құлыбекқызы жаңартты.
Желаяқ споршы 1961 жылы Мәскеуде өткен «Правда» газеті атындағы және ағайынды Знаменскийлер атындағы жарыстарға қатысып жүлделі орынға ие болды. 1966 жылы Таулы Алтай өлкесінде өткен Монгол – Кеңес елдерінің студент-жастар фестивалына қатысып, жүгірістен алтын медалға қолы жеткені бар. Республикалық құрамада жүрген жылдары Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен халықаралық турнирден әкелген күміс медалы, Моңғолияның жеңіл атлетика спортының тарихында халықаралық жарыстан әкелген тұңғыш медал ретінде спорт тарихына тіркеліпті.
Моңғолияда басқадай спорт түрлері, соның ішінде жеңіл атлетика дамып, кемелдене қоймаған 1964 жылы Жапонияның астанасы Токиодағы олимпиада да Алданыштың көрсеткен нәтижесі жаман емес еді.
Ол әйелдер арасындағы 400 метрлік қашықтыққа қатысқан 68 жүйріктен 20-шы, 800 метрлік қашықтыққа қатысқан 75 спортшыдан 22-ші орынға ие болыпты. Әлемнің 70-80 елінің таңдаулы жүйрік қыз-келіншектері қатысқан мұндай додада алғашқы жиырмалықтан көріну екінің бірінің қолынан келе қоймасы анық.
Қазақ тарихында жеңіл атлетикадан шыққан тұңғыш спорт шебері, Моңғолияның тұңғыш олимпиадашысы, ширек ғасырға жуық рекорды бұзылмаған спортшы, халықаралық жарыстан тұңғыш медаль әкелген жеңіл атлет, желаяқ жүйрік, озат бапкер-ұстаз Алданыш Рамазанқызы қазір Ұланбатыр қаласында өмір сүріп жатыр. Оның шәкірттерінен көптеген мықты спортшылар туып шығыпты. Төл шәкірті Мемлекеттік педагогикалық университеттің оқытушысы, спорт шебері Ұртнасын деген қыз Алданыштың өзі тоқтатқын 400 метр қашықтықтық рекордын бұзыпты.
Аға спортшы, кезінде Моңғолия жеңіл атлетикасының «ханшасы» атанған қазақтың қара көз қызы Алданыш 1965 жылы медицина техникумын, 1972 жылы Мемлекеттік физикультура спорт институтын бітірген 1972 жылдан күні бүгінге дейін Ұланбатыр қалалық №22 орта мектепте спорт мұғалімі қызметін атқарып келеді. Мемлекеттік жоғары награда «Алтын жұлдыз» орденінің иегері. «Халыққа білім беру ісінің озат қызметкері», «Моңғолия спортының үздігі» қатарлы атақтары бар.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
1964 zhylgy Tokio kalasynda otken olimpiadaga Mongol elinin atynan Aldanysh Ramazankyzy degen olimpiadaga katyskan tungysh kazak kyzy Aldanysh Mongoliya sport tarihyna tungysh ret olimpiadaga katyskan әjel retinde aty altyn әrippen zhazylgan Әri Mongoliyalyk kazak diasporasynan shykkan tungysh sport sheberi Mongol elinin birneshe ret zhanartkan On eki dүrkin chempiondyk tugyrga koterilgen shashasyna shan zhukpagan zhelayak Ol Ұlanbatyr kalalyk 18 orta mektepte okyp zhүrgende ak zhүgiristen aldyna zhan salmapty Muny bajkagan sol kezdegi memlekettik sport komitetinin zhenil atletika boliminin zhattyktyrushy Ү Najdan men Kenes elinen kelgen sport mamany Ivanov 5 synyptyn okushysyn zhenil atletika seksiyasyna kabyldagan Keshikpej talanty kyz ulttyk kuramanyn sapynan birak shykkan Osy 1961 zhyldan bastap 1969 zhylga dejin ulttyk kuramada oner korsetti 1962 zhyly Mongol elinin tarihynda algash ret bүkilhalyktyk spartakiada otken edi Osygan 16 zhastagy Aldanysh Enbek sport kogamy atynan katysyp 200 metr kashyktykka 26 6 sek 400 metrge 58 8sek 800 metrge 2 min 18 7 sek zhүgirip otip el rekordyn zhanarty Bul buryn sondy bolmagan eleuli zhetistik edi Aldanysh Ramazankyzynyn 200 metr kashyktykka zhasagan rekordy үsh zhyldan kejin zhanardy Al 400 zhәne 800 metr kashyktyktagy rekordyn 22 zhyl bojy eshkim buza almady Bir kyzygy osy Aldanyshtyn 800 metr kashyktykka toktatkan rekordyn 1984 zhyly tagy bir kazak kyzy Mongoliya Memlekettik universtettin tүlegi Kүshaj Қulybekkyzy zhanartty Zhelayak sporshy 1961 zhyly Mәskeude otken Pravda gazeti atyndagy zhәne agajyndy Znamenskijler atyndagy zharystarga katysyp zhүldeli orynga ie boldy 1966 zhyly Tauly Altaj olkesinde otken Mongol Kenes elderinin student zhastar festivalyna katysyp zhүgiristen altyn medalga koly zhetkeni bar Respublikalyk kuramada zhүrgen zhyldary Әzirbajzhan astanasy Bakude otken halykaralyk turnirden әkelgen kүmis medaly Mongoliyanyn zhenil atletika sportynyn tarihynda halykaralyk zharystan әkelgen tungysh medal retinde sport tarihyna tirkelipti Mongoliyada baskadaj sport tүrleri sonyn ishinde zhenil atletika damyp kemeldene kojmagan 1964 zhyly Zhaponiyanyn astanasy Tokiodagy olimpiada da Aldanyshtyn korsetken nәtizhesi zhaman emes edi Ol әjelder arasyndagy 400 metrlik kashyktykka katyskan 68 zhүjrikten 20 shy 800 metrlik kashyktykka katyskan 75 sportshydan 22 shi orynga ie bolypty Әlemnin 70 80 elinin tandauly zhүjrik kyz kelinshekteri katyskan mundaj dodada algashky zhiyrmalyktan korinu ekinin birinin kolynan kele kojmasy anyk Қazak tarihynda zhenil atletikadan shykkan tungysh sport sheberi Mongoliyanyn tungysh olimpiadashysy shirek gasyrga zhuyk rekordy buzylmagan sportshy halykaralyk zharystan tungysh medal әkelgen zhenil atlet zhelayak zhүjrik ozat bapker ustaz Aldanysh Ramazankyzy kazir Ұlanbatyr kalasynda omir sүrip zhatyr Onyn shәkirtterinen koptegen mykty sportshylar tuyp shygypty Tol shәkirti Memlekettik pedagogikalyk universitettin okytushysy sport sheberi Ұrtnasyn degen kyz Aldanyshtyn ozi toktatkyn 400 metr kashyktyktyk rekordyn buzypty Aga sportshy kezinde Mongoliya zhenil atletikasynyn hanshasy atangan kazaktyn kara koz kyzy Aldanysh 1965 zhyly medicina tehnikumyn 1972 zhyly Memlekettik fizikultura sport institutyn bitirgen 1972 zhyldan kүni bүginge dejin Ұlanbatyr kalalyk 22 orta mektepte sport mugalimi kyzmetin atkaryp keledi Memlekettik zhogary nagrada Altyn zhuldyz ordeninin iegeri Halykka bilim beru isinin ozat kyzmetkeri Mongoliya sportynyn үzdigi katarly ataktary bar Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz