Адам — Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам – философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика, медицина, т.б. ғылымдардың нысаны болып табылады.
Биологиялық тұрғыдан
Саналы адам ― приматтардың ең кең таралған түрі. Бипедализм мен үлкен, дамыған миымен ерекшеленеді. Бұлар адамға күрделі құрал жасап, тіл мен мәдинетті дамытуға мүмкіндік берген. Адамдарға отбасы, ұжым, мемлекет сияқты бір-бірімен серіктесіп, бір-бірімен бәсекелесетін күрделі әлеуметтік құрылымдарда өмір сүру тән. Адамдар арасындағы әлеуметтік әрекеттесу алуан түрлі құндылықтар, нормалар және ритуалдарды туғызды. Білімқұмарлық пен табиғи құбылыстарды түсінуге және өз пайдасына жұмсауға деген талпыныс адамдарда ғылым, философия, мифология, дін және т.с.с. салалардың пайда болуына әкелді.
Философиялық тұрғыдан
Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары – әпсаналардағы (мифологиядағы), діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жөніндегі әңгімелер ертедегі Стоя қаласының ойшылдары (Сенека, т.б.) мен Сократтан басталады. (Протагор: «адам – заттардың өлшемі», Сократ: «өзіңді өзің танып біл»). Ежелгі Үнді, Қытай, Грек философиясында адам әлемнің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Демокрит түсіндірмесінде адам микрокосм, «кіші әлем», ол сондай-ақ түпнегіздерден құралады; адам денесі мен рухы ақиқаттың екі аспектісі (аристотелизм) немесе екі ерекше түпкізаты (платонизм). Антикалық философия үшін (Аристотель) адамды қоғамдық өмірге икемді тіршілік, рух, парасат иесі ретінде тану анықтаушы фактор болды. Ортағасырлық шығыс өкілдері де (Әбу Наср әл-Фараби, т.б.) діннің ықпалы күшейіп тұрғандығына қарамастан, Аристотельдің осы түсінігін ары қарай жалғастырды.
Қайта өркендеу дәуірінде адам құдайдан дарыған еріктілік күші арқасында өз өмірі мен тағдырының негізін қалаушы және табиғаттың шектеусіз билеушісі ретінде танылды, сондықтан шебер жаратушының бейнесі Ренессанс символына айналды. 17 ғасыр (ғылыми-революция ғасырында) мен 18 ғасыр (ағартушылық дәуірінде) рационалистерінің ұғынуында нақ сол парасат, ақыл-ой адамның түпкізаты, өзіне тән ерекшелігі ретінде қарастырылады.
Неміс классикалық философиясы үшін адам мәдениеттің жаратушысы, рухани іс-әрекет субъектісі және жалпы идеалдық бастау, яғни рух, парасат иесі. 19 – 20 ғасырлардағы постклассикалық философия (Фридрих Ницше, Артур Шопенгауэр, Серен Кьеркегор және т.б.) сезім, мықтылық және т.б. адамдық ақылдан шет қабілеттерге бет бұрады. Қазіргі философия адам тіршілігінің мәнін оның саналы қызметімен байланыстырады. Бұл қызметтің барысында адам тарихтың әрі алғышарты әрі жемісі болып шығады.
Адамның әлеуметтік мәніне назар аудара отырып, қазіргі философия сонымен бірге әлеуметтік және биологиялық факторлардың өзара күрделі әсерін, әлеуметтік факторлардың басымдылығын ескереді. Әйтсе де «табиғи түрде» әрекет ететін биологиялық факторлардың зор маңызы бар екендігін де ұмытпау қажет. Болашақтағы адам парасатты, иманды, елгезек те қарекетшіл, сонымен бірге сұлулықтан ләззат ала білетін, рухани кемел, жан-жақты дамыған тұлға. Ол қоғамдық тірлікте қайталанбас бітім, бірегей тұлға ретіндегі өзіндік «менімен» танылатын болады.
Адам тарихы
Адам жерде шамамен осыдан 2 – 3 млн. жыл бұрын пайда болды. Ол бірнеше эволюциялық кезеңдерден (питекантроп, Һомо Хейдельберг, Һомо Еректус, Һомо Неандерталдар) өтіп, осыдан 30 – 40 мың жыл бұрын, Һомо Сапиенстер (латынша - саналы адам) кейпіне енді де, бірте-бірте қазіргі адамдарға тән биологиялық қасиеттерге (кроманьондар) ие болды.
Абай, Шәкәрім және ислам теологы әл-Ғазали тәрізді даналардың айтуынша, адам болмысы үш бөліктен құралады: тән, нәзік болмыс және жан. Тән – табиғаттың негізгі бес элементінен: топырақтан, судан, ауадан, оттан және эфирден тұрады. Тәннің құрылысын, оның жұмысын, өзгеру заңдылықтарын медицинаға байланысты ғылым салалары зерттейді. Адамның нәзік болмысына – сезім, ой-өріс, ақыл-ес, түйсік және «мен» деген түсінік жатады. Бұлардың табиғатын ұғыну өте қиын.
Нәзік болмыс табиғи және әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасады. Оны психология, парапсихология, спиритуализм, магия, бақсылық, йога тәрізді адам психикасын зерттейтін ғылымдар мен окульттік ағымдар қарастырады. Нәзік болмыстың түрлі атаулары бар: қазақша – рух, санскритте – аура, арабша – хауас сәлим, орысша – дух, латынша – спирит, ғылымда – психоэнергетикалық жүйе, т.б.
Жан – адам өмірін басқарушы, қуат көзі, мәңгілік болмысы болып табылады. Тән мен материалдық болмыс оның уақытша киген киімі тәрізді. Олар ауысып отырады. Жан білімге және рухани ләззатқа құштар болғандықтан, ол бұл қасиеттердің қайнар көзін қоршаған ортаның материалдық болмысынан іздейді. Материалдық болмыс болса, әрқашан ақиқатты көмескілеп, бұрмалап көрсетеді және мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, ол жанды толық қанағаттандыра алмайды. Бұл жан мен тән арасындағы қайшылықты және олардың өзіндік сипаттағы үздіксіз күресін туғызады.
Шығыс философиясы бойынша адамның жетілуі дегеніміз жанның материалдық құрсаудан босану барысы. Материалдық құрсаудан неғұрлым азат болса, жан солғұрлым жетілген болып есептеледі. Адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы да осында. Адам материалдық болмысқа хайуанат дүниесіне қарағанда әлдеқайда тәуелсіз. Сондықтан оның өмірлік мақсаттарға жету мүмкіндігі мол. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана іске асады. Оның қасиеттері жетілу барысында білінеді. Рухани жетілген адамның бүкіл болмысы кемелді келеді. Абай тәнді жан билеу керек екенін айтады. Жан тәнді нәзік болмыс арқылы билейді. Сондықтан жан неғұрлым таза болса, адамның іс-әрекеті де соғұрлым кемел. Бұл адам өмірін мазмұнды етіп, бақыт сезіміне бөлейді. Адам «микрокосм» болғандықтан, оның өмірі «макрокосм» болып табылатын бүкіл әлем өмірімен тығыз байланыста. Сондықтан әркімнің өмірі бүкіл әлем заңдылықтарымен толық үйлесімді болғаны абзал. Абай өзін тәнмен балап, табиғи сезімдерінің ықпалында жүргенді «пенде» деп, нәзік болмысын жетілдірген интеллектуалдарды «адам» деп, ал жан тазалығы үшін рухани жолға түскендерді «толық адам» деп атайды. Белгілі бір тарихи дәуірге немесе ортаға тән мәнділік сол дәуірдегі я ортадағы адамдардың жалпы рухани кескінін құрайтын нәрсе. Адамдардағы нақты істер мен мақсаттар, олардың ойлау ерекшелігі (менталитет), жалпы тіршілігі мен ойлауының логикасы сол ішкі мәнділікпен сәулеленіп тұрады, белгілі дәрежеде соның көрінісі деуге болады. Сондықтан да мәнділік көбінесе тікелей көзге көрінетін құбылыс емес.
Белгілі бір ортаның рухани мәдениетінің өзгеше болып тұратыны да оның түпкі негізінде ерекше мәннің жататындығынан. Осындай мән белгілі бір мәдениеттің ішкі ұйтқысы. Мысалы, байырғы қауымдасудың дәрежесінде 20 ғасырға дейін сақталған Америка, Австралияның, т.б. жерлердің тайпаларын зерттеген Еуропа ғалымдары сол тайпа адамдарының іс-әрекеттерін, әсіресе олардың ойлау логикасын көп уақыт түсіне алған жоқ. Оларға әуелде (Эмиль Дюркгейм, әсіресе Люсьен Леви-Брюль) қауым адамдарының ойлауында ешқандай логика жоқ сияқты көрінген. Бірақ, кейінгі кезеңдерде олардың ойлауы еуропалықтарға ұқсамайтын басқаша тәртіппен, заңдылықпен іске асатындығы айқындала бастады. Прологикалық (яғни логикалық дәрежеге дейінгі) деп есептеліп келген ойлаудың өзіндік өзгеше логикасының бар екені белгілі болды. Оның себебі ойлаудың барлық мәнін сыртқы объективтік дүниенің себеп-салдарлық байланыстары арқылы ғана көретін, сыртқы дүниені тек пайдалануға бағышталған еуропалық ойлау негізінде басқа мән жатқан ойлауды, рухани мәдениетті түсіне алмады. Байырғы қауым адамдарының мәдениетіне, ойлауына, табиғатқа, болмысқа осы тұрғыдан қарау жат нәрсе. Осы қатесін Леви-Брюль кейін өзі де мойындаған.
Адамның дүниеге қатынасы, оның негізгі сипаты мен табиғаты осы мәнмен анықталады. Сыртқы табиғатты өзгерту қызметінің өзі негізгі екі түрлі мәнді іске асыру үшін болуы мүмкін: біріншіден, табиғат пен адамның бірін-бірі толықтыратын, жаңғыртатын үйлесімді байланысы және екіншіден, табиғатты тек пайдалануға ұмтылу. Табиғатқа тек қана пайдагершіліктің көзімен қарап, тек өзінің бір мұқтаждығының тұрғысынан қатынас жасау антикалық дәуірден бастап Еуропада кең өріс алды. Онда табиғатты тек адамның бір кәдесіне жарайтын немесе жарамайтын заттар мен құбылыстардың арсеналы, табиғи қоймасы ретінде ғана қарап, іс-әрекет жасау басым болды. Әрине, еуропалық өмірде басқа көзқарастар да бар, бірақ әңгіме қандай пиғылдың жетекші, басым болғандығында. Осы пайдагерлік қатынас үстем болған, тіпті баз біреулердің жан дүниесінде жалғыз ғана құмарлыққа ие болған жерде табиғаттың, басқа адамдардың, жалпы өзінен тыс құбылыстардың қайсысы болса да өзіндік дербес мағынасынан айрылады, оңдай жандар үшін табиғаттың кез келген заты я пайдалы, я пайдасыз, олардың өзіндік құндылығы ол үшін жоқпен тең. Сондықтан ондай адам, оңдай қоғам табиғатты тәуелсіз мағынасы үшін қастерлемейді, мәпелемейді, тіпті сақтауға да ұмтылмайды, одан тек керегін алып, жоя беруге даяр. Бұл белгілі бір мәнділіктің ешбір қоспасыз «таза» анықтамасы. Бірақ өмірде ол қатынас «кіршіксіз» күйінде кездесе бермейді. Өкінішке қарай өзіміз өмір сүріп отырған дүниемізде осы қатынас басым. Соның арқасында өзімізді қоршап отырған табиғат орасан зор зардап шегуде. Бұл қатынас түбірінен өзгермесе (бүкіл әлемдік шеңберде) адамзат қазіргісінен де зор апаттарға ұшырауы сөзсіз. Бұл тарихтағы жалған мәнділіктің бір көрінісі. Адамдарға өз құлқынан басқаның бәрін тәрік етушілік меңдеп кеткен дәуірлерде ол табиғатқа ғана емес, ең алдымен адамның адамға қатынасында ең үлкен апаттарға душар етеді. Осындай пиғыл 20 ғасырда айрықша зор алапаттар туғызды. Оның кейбір мысалдары: екі рет болған дүниежүзілік соғыс, белгілі кезеңде Еуропада бел алған фашизм, бұрынғы КСРО-дағы тоталитарлық тәртіп, бүкіл әлемді, соның ішінде Қазақстанды да қамтыған экологиялық дағдарыс. Екінші бір мәнділік: табиғатты өзгертуге, меңгеруге, үстемдік етуге, пайдалануға біршама енжарлық, бірақ оның есесіне, табиғатпен үйлесімді тіршілікке бейімділік, көбінесе, Шығыста айқынырақ көрінді. 20 ғасырға дейін осылай болды. Бірақ мұнда да мәнділіктің алғашқы үлгісі белең ала бастады.
Дереккөздер
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Adam Zher betindegi en zhogargy damu satysyndagy tirshilik iesi kogamdyk tarihi әreket pen mәdenietti zhasaushy Adam filosofiya әleumettanu psihologiya fiziologiya pedagogika medicina t b gylymdardyn nysany bolyp tabylady Baska magynalar үshin Adam ajryk degen betti karanyz Biologiyalyk turgydanTolyk makalasy Sanaly adam Sanaly adam primattardyn en ken taralgan tүri Bipedalizm men үlken damygan miymen erekshelenedi Bular adamga kүrdeli kural zhasap til men mәdinetti damytuga mүmkindik bergen Adamdarga otbasy uzhym memleket siyakty bir birimen seriktesip bir birimen bәsekelesetin kүrdeli әleumettik kurylymdarda omir sүru tәn Adamdar arasyndagy әleumettik әrekettesu aluan tүrli kundylyktar normalar zhәne ritualdardy tugyzdy Bilimkumarlyk pen tabigi kubylystardy tүsinuge zhәne oz pajdasyna zhumsauga degen talpynys adamdarda gylym filosofiya mifologiya din zhәne t s s salalardyn pajda boluyna әkeldi Filosofiyalyk turgydanAdam mәselesi onyn pajda boluy omirde alatyn orny tirshiliginin mәni men maksaty adamzat tanymynyn formalary әpsanalardagy mifologiyadagy dindegi filosofiyadagy gylymdagy en negizgi mәsele Bul zhonindegi әngimeler ertedegi Stoya kalasynyn ojshyldary Seneka t b men Sokrattan bastalady Protagor adam zattardyn olshemi Sokrat ozindi ozin tanyp bil Ezhelgi Үndi Қytaj Grek filosofiyasynda adam әlemnin bir boligi retinde karastyrylady Demokrit tүsindirmesinde adam mikrokosm kishi әlem ol sondaj ak tүpnegizderden kuralady adam denesi men ruhy akikattyn eki aspektisi aristotelizm nemese eki erekshe tүpkizaty platonizm Antikalyk filosofiya үshin Aristotel adamdy kogamdyk omirge ikemdi tirshilik ruh parasat iesi retinde tanu anyktaushy faktor boldy Ortagasyrlyk shygys okilderi de Әbu Nasr әl Farabi t b dinnin ykpaly kүshejip turgandygyna karamastan Aristoteldin osy tүsinigin ary karaj zhalgastyrdy Adam kuky men bostandygy tendigi Қajta orkendeu dәuirinde adam kudajdan darygan eriktilik kүshi arkasynda oz omiri men tagdyrynyn negizin kalaushy zhәne tabigattyn shekteusiz bileushisi retinde tanyldy sondyktan sheber zharatushynyn bejnesi Renessans simvolyna ajnaldy 17 gasyr gylymi revolyuciya gasyrynda men 18 gasyr agartushylyk dәuirinde racionalisterinin ugynuynda nak sol parasat akyl oj adamnyn tүpkizaty ozine tәn ereksheligi retinde karastyrylady Nemis klassikalyk filosofiyasy үshin adam mәdeniettin zharatushysy ruhani is әreket subektisi zhәne zhalpy idealdyk bastau yagni ruh parasat iesi 19 20 gasyrlardagy postklassikalyk filosofiya Fridrih Nicshe Artur Shopengauer Seren Kerkegor zhәne t b sezim myktylyk zhәne t b adamdyk akyldan shet kabiletterge bet burady Қazirgi filosofiya adam tirshiliginin mәnin onyn sanaly kyzmetimen bajlanystyrady Bul kyzmettin barysynda adam tarihtyn әri algysharty әri zhemisi bolyp shygady Adamnyn әleumettik mәnine nazar audara otyryp kazirgi filosofiya sonymen birge әleumettik zhәne biologiyalyk faktorlardyn ozara kүrdeli әserin әleumettik faktorlardyn basymdylygyn eskeredi Әjtse de tabigi tүrde әreket etetin biologiyalyk faktorlardyn zor manyzy bar ekendigin de umytpau kazhet Bolashaktagy adam parasatty imandy elgezek te kareketshil sonymen birge sululyktan lәzzat ala biletin ruhani kemel zhan zhakty damygan tulga Ol kogamdyk tirlikte kajtalanbas bitim biregej tulga retindegi ozindik menimen tanylatyn bolady Adam tarihyAdam zherde shamamen osydan 2 3 mln zhyl buryn pajda boldy Ol birneshe evolyuciyalyk kezenderden pitekantrop Һomo Hejdelberg Һomo Erektus Һomo Neandertaldar otip osydan 30 40 myn zhyl buryn Һomo Sapienster latynsha sanaly adam kejpine endi de birte birte kazirgi adamdarga tәn biologiyalyk kasietterge kromanondar ie boldy Abaj Shәkәrim zhәne islam teology әl Ғazali tәrizdi danalardyn ajtuynsha adam bolmysy үsh bolikten kuralady tәn nәzik bolmys zhәne zhan Tәn tabigattyn negizgi bes elementinen topyraktan sudan auadan ottan zhәne efirden turady Tәnnin kurylysyn onyn zhumysyn ozgeru zandylyktaryn medicinaga bajlanysty gylym salalary zerttejdi Adamnyn nәzik bolmysyna sezim oj oris akyl es tүjsik zhәne men degen tүsinik zhatady Bulardyn tabigatyn ugynu ote kiyn Nәzik bolmys tabigi zhәne әleumettik ortaga bajlanysty kalyptasady Ony psihologiya parapsihologiya spiritualizm magiya baksylyk joga tәrizdi adam psihikasyn zerttejtin gylymdar men okulttik agymdar karastyrady Nәzik bolmystyn tүrli ataulary bar kazaksha ruh sanskritte aura arabsha hauas sәlim oryssha duh latynsha spirit gylymda psihoenergetikalyk zhүje t b Zhan adam omirin baskarushy kuat kozi mәngilik bolmysy bolyp tabylady Tәn men materialdyk bolmys onyn uakytsha kigen kiimi tәrizdi Olar auysyp otyrady Zhan bilimge zhәne ruhani lәzzatka kushtar bolgandyktan ol bul kasietterdin kajnar kozin korshagan ortanyn materialdyk bolmysynan izdejdi Materialdyk bolmys bolsa әrkashan akikatty komeskilep burmalap korsetedi zhәne mүmkindigi shekteuli bolgandyktan ol zhandy tolyk kanagattandyra almajdy Bul zhan men tәn arasyndagy kajshylykty zhәne olardyn ozindik sipattagy үzdiksiz kүresin tugyzady Soka ajdagan adam auyl sharuashylygynyn orkendeui zhәne zhanuarlardy kolga үjretu turakty eldi mekenderdi kalyptastyrdy Shygys filosofiyasy bojynsha adamnyn zhetilui degenimiz zhannyn materialdyk kursaudan bosanu barysy Materialdyk kursaudan negurlym azat bolsa zhan solgurlym zhetilgen bolyp esepteledi Adamnyn baska tirshilik ielerinen ajyrmashylygy da osynda Adam materialdyk bolmyska hajuanat dүniesine karaganda әldekajda tәuelsiz Sondyktan onyn omirlik maksattarga zhetu mүmkindigi mol Zhannyn tolyguy tek ruhani zholmen gana iske asady Onyn kasietteri zhetilu barysynda bilinedi Ruhani zhetilgen adamnyn bүkil bolmysy kemeldi keledi Abaj tәndi zhan bileu kerek ekenin ajtady Zhan tәndi nәzik bolmys arkyly bilejdi Sondyktan zhan negurlym taza bolsa adamnyn is әreketi de sogurlym kemel Bul adam omirin mazmundy etip bakyt sezimine bolejdi Adam mikrokosm bolgandyktan onyn omiri makrokosm bolyp tabylatyn bүkil әlem omirimen tygyz bajlanysta Sondyktan әrkimnin omiri bүkil әlem zandylyktarymen tolyk үjlesimdi bolgany abzal Abaj ozin tәnmen balap tabigi sezimderinin ykpalynda zhүrgendi pende dep nәzik bolmysyn zhetildirgen intellektualdardy adam dep al zhan tazalygy үshin ruhani zholga tүskenderdi tolyk adam dep atajdy Belgili bir tarihi dәuirge nemese ortaga tәn mәndilik sol dәuirdegi ya ortadagy adamdardyn zhalpy ruhani keskinin kurajtyn nәrse Adamdardagy nakty ister men maksattar olardyn ojlau ereksheligi mentalitet zhalpy tirshiligi men ojlauynyn logikasy sol ishki mәndilikpen sәulelenip turady belgili dәrezhede sonyn korinisi deuge bolady Sondyktan da mәndilik kobinese tikelej kozge korinetin kubylys emes Belgili bir ortanyn ruhani mәdenietinin ozgeshe bolyp turatyny da onyn tүpki negizinde erekshe mәnnin zhatatyndygynan Osyndaj mәn belgili bir mәdeniettin ishki ujtkysy Mysaly bajyrgy kauymdasudyn dәrezhesinde 20 gasyrga dejin saktalgan Amerika Avstraliyanyn t b zherlerdin tajpalaryn zerttegen Europa galymdary sol tajpa adamdarynyn is әreketterin әsirese olardyn ojlau logikasyn kop uakyt tүsine algan zhok Olarga әuelde Emil Dyurkgejm әsirese Lyusen Levi Bryul kauym adamdarynyn ojlauynda eshkandaj logika zhok siyakty koringen Birak kejingi kezenderde olardyn ojlauy europalyktarga uksamajtyn baskasha tәrtippen zandylykpen iske asatyndygy ajkyndala bastady Prologikalyk yagni logikalyk dәrezhege dejingi dep eseptelip kelgen ojlaudyn ozindik ozgeshe logikasynyn bar ekeni belgili boldy Onyn sebebi ojlaudyn barlyk mәnin syrtky obektivtik dүnienin sebep saldarlyk bajlanystary arkyly gana koretin syrtky dүnieni tek pajdalanuga bagyshtalgan europalyk ojlau negizinde baska mәn zhatkan ojlaudy ruhani mәdenietti tүsine almady Bajyrgy kauym adamdarynyn mәdenietine ojlauyna tabigatka bolmyska osy turgydan karau zhat nәrse Osy katesin Levi Bryul kejin ozi de mojyndagan Adamzat progressi Adamnyn dүniege katynasy onyn negizgi sipaty men tabigaty osy mәnmen anyktalady Syrtky tabigatty ozgertu kyzmetinin ozi negizgi eki tүrli mәndi iske asyru үshin boluy mүmkin birinshiden tabigat pen adamnyn birin biri tolyktyratyn zhangyrtatyn үjlesimdi bajlanysy zhәne ekinshiden tabigatty tek pajdalanuga umtylu Tabigatka tek kana pajdagershiliktin kozimen karap tek ozinin bir muktazhdygynyn turgysynan katynas zhasau antikalyk dәuirden bastap Europada ken oris aldy Onda tabigatty tek adamnyn bir kәdesine zharajtyn nemese zharamajtyn zattar men kubylystardyn arsenaly tabigi kojmasy retinde gana karap is әreket zhasau basym boldy Әrine europalyk omirde baska kozkarastar da bar birak әngime kandaj pigyldyn zhetekshi basym bolgandygynda Osy pajdagerlik katynas үstem bolgan tipti baz bireulerdin zhan dүniesinde zhalgyz gana kumarlykka ie bolgan zherde tabigattyn baska adamdardyn zhalpy ozinen tys kubylystardyn kajsysy bolsa da ozindik derbes magynasynan ajrylady ondaj zhandar үshin tabigattyn kez kelgen zaty ya pajdaly ya pajdasyz olardyn ozindik kundylygy ol үshin zhokpen ten Sondyktan ondaj adam ondaj kogam tabigatty tәuelsiz magynasy үshin kasterlemejdi mәpelemejdi tipti saktauga da umtylmajdy odan tek keregin alyp zhoya beruge dayar Bul belgili bir mәndiliktin eshbir kospasyz taza anyktamasy Birak omirde ol katynas kirshiksiz kүjinde kezdese bermejdi Өkinishke karaj ozimiz omir sүrip otyrgan dүniemizde osy katynas basym Sonyn arkasynda ozimizdi korshap otyrgan tabigat orasan zor zardap shegude Bul katynas tүbirinen ozgermese bүkil әlemdik shenberde adamzat kazirgisinen de zor apattarga ushyrauy sozsiz Bul tarihtagy zhalgan mәndiliktin bir korinisi Adamdarga oz kulkynan baskanyn bәrin tәrik etushilik mendep ketken dәuirlerde ol tabigatka gana emes en aldymen adamnyn adamga katynasynda en үlken apattarga dushar etedi Osyndaj pigyl 20 gasyrda ajryksha zor alapattar tugyzdy Onyn kejbir mysaldary eki ret bolgan dүniezhүzilik sogys belgili kezende Europada bel algan fashizm buryngy KSRO dagy totalitarlyk tәrtip bүkil әlemdi sonyn ishinde Қazakstandy da kamtygan ekologiyalyk dagdarys Ekinshi bir mәndilik tabigatty ozgertuge mengeruge үstemdik etuge pajdalanuga birshama enzharlyk birak onyn esesine tabigatpen үjlesimdi tirshilikke bejimdilik kobinese Shygysta ajkynyrak korindi 20 gasyrga dejin osylaj boldy Birak munda da mәndiliktin algashky үlgisi belen ala bastady DerekkozderBiekenov K Sadyrova M Әleumettanudyn tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2007 344 bet ISBN 9965 822 10 7 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet