Әбу Мұхаммад әл-Ғазали Әбу Хамид Мұхаммад бин Мұхаммад ат-Туси әл-Ғазали (1058 — 1111) — аса ірі діндар, философ және факихші (мұсылмандық құқық білімпазы). қаласында (Хорасанда) туған, Нишапурда әл-Джувейнидің ( имам әл-Харамайн) шәкірті болған. Ұстазы қайтыс болған соң, 1085 жылдан бастап салжұқ уәзірі Низам әл-Мүлктің жанында болады. Ол мұны 1091 ж. Бағдатта өзі негізін қалаған фикхтан дәріс беретін ұстаз етіп тағайындайды. 1095 ж. исмаилиттер Низам әл-Мүлкті өлтіргеннен кейін Әбу Мұхаммад әл-Ғазали қажылық сапарды сылтау етіп, Бағдатты тастап кетеді де, 11 жыл бойы Шамда (Дамаск), Туста т.б. бірқатар қ-ларда болады. 1106 ж. Низам әл-Мүлктің ұлы Фахр әл-Мүлктің (салжұқ сұлтаны Санжардың тұсындағы уәзір) шақыруымен Нишапурдағы Низамийа медресесінде сабақ бере бастайды. Қайтыс болардан аз ғана бұрын туған жері Тусқа қайтып оралады.
Әбу Мұхаммад әл-Ғазали адамдарды танымдық қабілеттері бойынша “қалың бұқара” (әл-һамма, әл-һауамм) және “таңдаулылар” (әл-хасса) деп екі топқа бөлді. Діни дәстүрлер соңынан көзсіз еретін қарапайым қауым мен ислам қағидаларын қорғаумен ғана шектелетін мутакалимдерді ол алғашқы топқа жатқызды. 2-сіне — ең алдымен сенімді дәлелдер мен дәйектемелер көмегі арқылы ақиқатқа жетуге тырысатын философтарды ендірді. Сонымен қатар “таңдаулылар” қатарына тұрмыс-тіршілік мәнін логикалық қисындардан бұрын түйсік арқылы түсінетін сопылар да кіргізілді. Әбу Мұхаммад әл-Ғазали сопылықтың өзін-өзі жетілдіру бағытынан оның пайдалы жақтарын көрді, бірақ сопылар ұсынған құдаймен онтологиялық бірлікке жету бағдарын теріске шығарды. Өйткені ол “бірлікке жетуді” ең жоғары танымдық күш-қуат — зерде түйсігі арқылы құдіретті пайымдау нышаны ретінде ғана таныды. Әбу Мұхаммад әл-Ғазали бірқатар шығармаларында әлемнің мәңгілігі проблемалары, себептілік теориясы т.б. бойынша мұсылман философтарымен, Шығыс аристотелшілері өкілдерімен (Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина т.б.) пікірталасты өрістетті. Философтар көзқарастарына түсініктер жазып, олардың іс жүзінде мұсылман әлеміне таралуына себепкер болды. Ол өзінің басты еңбегі “Ихйа улум әд-динде” (“Діндегі ғылым сәулесі”) діни-филос., этика қағидаларын саралап, онда суннит дәстүршілдігі қағидаларын сопылық түсініктермен үйлестірді (мысалы, шариғатта көрсетілген ғұрыптарды сопылық дәстүрлермен толықтырды). Адам еркі мен жазмыш туралы мәселеде Әбу Мұхаммад әл-Ғазали “таңдап алу” ұғымын (касбаны) дамытады, оған сәйкес адам Алланың ұсынған жақсы-жаман әрекеттерінен өзіне қажетін таңдап алуына ерікті екендігін, бірақ соған орай жауап та беретіндігін айтады. Әбу Мұхаммад әл-Ғазали мұсылмандық ақыл-ойдың дамуына, сондай-ақ орта ғасырлық еуропалық философияға зор ықпал жасады. Әбу Мұхаммад әл-Ғазалиды әдетте худжжат әл-ислам (ислам дәйекшісі) деп атайды.
Дереккөздер
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Әbu Muhammad әl Ғazali Әbu Hamid Muhammad bin Muhammad at Tusi әl Ғazali 1058 1111 asa iri dindar filosof zhәne fakihshi musylmandyk kukyk bilimpazy kalasynda Horasanda tugan Nishapurda әl Dzhuvejnidin imam әl Haramajn shәkirti bolgan Ұstazy kajtys bolgan son 1085 zhyldan bastap salzhuk uәziri Nizam әl Mүlktin zhanynda bolady Ol muny 1091 zh Bagdatta ozi negizin kalagan fikhtan dәris beretin ustaz etip tagajyndajdy 1095 zh ismailitter Nizam әl Mүlkti oltirgennen kejin Әbu Muhammad әl Ғazali kazhylyk sapardy syltau etip Bagdatty tastap ketedi de 11 zhyl bojy Shamda Damask Tusta t b birkatar k larda bolady 1106 zh Nizam әl Mүlktin uly Fahr әl Mүlktin salzhuk sultany Sanzhardyn tusyndagy uәzir shakyruymen Nishapurdagy Nizamija medresesinde sabak bere bastajdy Қajtys bolardan az gana buryn tugan zheri Tuska kajtyp oralady Әbu Muhammad әl Ғazali adamdardy tanymdyk kabiletteri bojynsha kalyn bukara әl һamma әl һauamm zhәne tandaulylar әl hassa dep eki topka boldi Dini dәstүrler sonynan kozsiz eretin karapajym kauym men islam kagidalaryn korgaumen gana shekteletin mutakalimderdi ol algashky topka zhatkyzdy 2 sine en aldymen senimdi dәlelder men dәjektemeler komegi arkyly akikatka zhetuge tyrysatyn filosoftardy endirdi Sonymen katar tandaulylar kataryna turmys tirshilik mәnin logikalyk kisyndardan buryn tүjsik arkyly tүsinetin sopylar da kirgizildi Әbu Muhammad әl Ғazali sopylyktyn ozin ozi zhetildiru bagytynan onyn pajdaly zhaktaryn kordi birak sopylar usyngan kudajmen ontologiyalyk birlikke zhetu bagdaryn teriske shygardy Өjtkeni ol birlikke zhetudi en zhogary tanymdyk kүsh kuat zerde tүjsigi arkyly kudiretti pajymdau nyshany retinde gana tanydy Әbu Muhammad әl Ғazali birkatar shygarmalarynda әlemnin mәngiligi problemalary sebeptilik teoriyasy t b bojynsha musylman filosoftarymen Shygys aristotelshileri okilderimen Әbu Nasr әl Farabi Әbu Әli ibn Sina t b pikirtalasty oristetti Filosoftar kozkarastaryna tүsinikter zhazyp olardyn is zhүzinde musylman әlemine taraluyna sebepker boldy Ol ozinin basty enbegi Ihja ulum әd dinde Dindegi gylym sәulesi dini filos etika kagidalaryn saralap onda sunnit dәstүrshildigi kagidalaryn sopylyk tүsiniktermen үjlestirdi mysaly sharigatta korsetilgen guryptardy sopylyk dәstүrlermen tolyktyrdy Adam erki men zhazmysh turaly mәselede Әbu Muhammad әl Ғazali tandap alu ugymyn kasbany damytady ogan sәjkes adam Allanyn usyngan zhaksy zhaman әreketterinen ozine kazhetin tandap aluyna erikti ekendigin birak sogan oraj zhauap ta beretindigin ajtady Әbu Muhammad әl Ғazali musylmandyk akyl ojdyn damuyna sondaj ak orta gasyrlyk europalyk filosofiyaga zor ykpal zhasady Әbu Muhammad әl Ғazalidy әdette hudzhzhat әl islam islam dәjekshisi dep atajdy DerekkozderIslam Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 322 1Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul Islam turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz