Құдалық – ұл әкесінің қыз әкесімен құда болуы; ұл әкесінің баласына қыз айттырып келін түсіруі, ал қыз әкесінің қыз ұзатып, күйеуге беру салты.
Құдалық құрылымы
Құдалық – этномәдени кеңістіктегі құрылымы күрделі институт. Құдалықтың құрылымы бірінен соң бірі болып жататын бірнеше ғұрыптардан, ғұрыптар әртүрлі атқарылатын жол-жоралғылардан тұрады, ал жол-жоралғыларда берілетін әрқилы кәделер болады. Құдалықта атқарылатын ғұрыптар мен жол-жоралғылар, берілетін кәде-сыйларды құдаласушы екі жақтың, қыз бен жігіттің араларындағы материалдық, құқықтық, этикалық қарым-қатынасты реттеуде айрықша қызмет атқарған.
Әдетте, ұл өсіріп отырған әке қазақы дәстүрде баланың ішіп-жемі мен киім-кешегінен басқа төрт парызын өтеуге тырысады. Біріншісі, баланы сүндетке отырғызып, сүндет атын беру; екінші, сауатын аштыру; үшінші, қалыңмалын беріп үйлендіру; төртіншісі үй тігіп, еншісін беріп бөлек шығару.
Әз Тәуке заманында белгіленген заң бойынша әке баласын 15-тен, ал қызын 16 жастан асқанда некелестіре алады екен. Алайда, ата-ана құдалық қамын бұдан да ертерек ойластыра бастаған.
Құдалықтың мақсаты
Құдалықтың байырғы қазақ салт-дәстүрінде мұраты біреу ғана болған: ұлды үйлендіріп, келін түсіру; қызды күйеуге беріп, құтты орнына қондыру. Алайда құдалықтың мұраты біреу ғана болғанымен мақсаты әртүрлі: қызының материалдық мұқтаждықта болмауы; қалыңмалды көбірек алу (өйткені екінші, үшінші, төртінші ұлын үйлендірудің қамын ойлайды); байырғыдан келе жатқан достамырлықты ендігі жерде құдатамыр болу арқылы жалғастыру; ежелден келе жатқан құдаластықты су сүзілмейді, сүйек үзілмейді деген қағида бойынша үзбей жалғастырып, сарысүйек құда болу; құдалықты жаңғыртып отыру; сүйек жаңғырту, яғни әйелі қайтыс болған күйеудің балдыз алуы құдалығы; немере сүйіп (жас иіс көріп) қызық көру т.б. ықпалды румен тұрғалас құдалықта болып, туыстық қатынас орнату.
Бұл жерде ру, тайпа деңгейіндегі аса дәулетті, ықпалды адамдардың әр басқа ру, тайпалардағы өзі тұрғылас адамдармен құда болу салты құр мақтан, атағын аспандату емес. Мұндай тұрғалас құдалықтың мақсатындағы саяси-әлеуметтік сипатты көрнекті педагог-ағартушы Ы. Алтынсарин былайша тереңінен таратып ашқан: «Даңқты қазақтар әрқашан өзінің баласына басқа бір рудан, тайпадан барып, өзіндей даңқты адамдардың қызын айттыруға тырысады, қазір де солай. Қазақ арасындағы аңызға қарағанда, қыз айттырудың мұндай тәртібі Есім ханның бұйрығы бойынша орнаған көрінеді. Қазақ қарттары мұндай тәртіпте алысты болжағандық бар екенін, өйткені, қазақ арасы тыныш болмаған кездерде оның халыққа пайда келтіргенін айтады. Шынында да, қазақтарға кейбір билердің ықпалының өте күштілігіне қарағанда, жауласып отырған рулардың өзара татуласуына себеп болды деуге болады. Қазақ арасында қазір берік орын теуіп отырған әдет, атап айтқанда, өзінің сегіз атадан жақын туысқандарының қызына үйленбеу әдеті, мүмкін, осы себептен болар».
Орындалатын ғұрыптар
Құдалық, құдаласу, құда түсу бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар, яғни құдаласу, құда түсу бірнеше актіден тұратын күрделі үрдіс болса, құдалық – солардың бір тиянаққа келгендегісі.
Құдалықты бастау, әдетте, күйеу жігіт жақ тарапынан болады. Әр жақтың өзді-өзіне тән орындауға тиіс ғұрыптары, онда атқарылатын жол-жоралғылары, жол-жоралғыларда берілетін кәде-сыйлар болады. Олар: күйеу жігіт әкесі тарапынан орындалатын ғұрыптар – қыз айттыру, құда түсу, қалың беру, ұрын бару, қалыңдық ойнау, өлтірісін беру, құда шақыру (есік-төр көрсету тойы), келін түсіру тойы. Осы ғұрыптарда берілетін кәделер үш түрлі болады: 1) мінгізері – мінт; 2) кигізері – киіт; 3) ұстатары – сыйт.
Ал, қыз әкесі тарапынан орындалатын ғұрыптарға – құдатүсер тойын өткізу, қыз жасауын беру, күйеу жігіт пен қалыңдықтың некесін қидыру, қыз ұзату тойын өткізу. Құдатүсер тойында құда қарсы алу, құда күту, құда аттандыру жоралғылары жасалады, ал кәделерге – киіт кигізу, мінт мінгізу, сыйт беру т.б. жатады.
Қалың (қалыңмал) беру ғұрпы
Құдалық салтында қалың беру едәуір уақытқа созылатын үрдіс. Жігіт әкесі берілетін қалыңды келісілген мөлшер бойынша үштен бірін, жартысын, болмаса төрттен бірін белгіленген уақыт бойынша беріп отырады.
Дәулеті, тұрмысы жоғары адамдар да қалыңды бірден қыз әкесінің алдына салып айдатпайды. Құда түсуден кейін, шамамен бір-екі жыл өткен соң, күйеу жігіт қалыңмалдың ілу деп аталатын бөлігін алып келеді. Қыз әкесі әкелген ілуді жарамды деп тапса, күйеу жігіттің ауылдан бір шақырымдай жерге шатыр немесе үй тігіп, ұрын келіп жатуына рұқсат береді. Күйеу жігіттің қалыңдығымен кездесуге алғаш келуін ұрын келу дейді.
Қалың беру тұрмыс күйі құбатөбел шаруалар үшін оңай бола бермейді. Бұндай материалдық қиындықтан шығу үшін кейбір адамдар ұлына 9-10 жастан бастап қыз айттырады. Жыл сайын қалыңның белгілі бір бөлігін қыз әкесіне беріп тұрады. Құдалық салт бойынша белгіленген қалың 12 жылға дейін яғни бір мүшел өткенше қыз әкесіне беріліп бітуге тиіс. Одан әрі уақытты созуға болмайды, өйткені қыз бойжетіп кетеді. Бойжеткен қызды күйеуге ұзатпай, ұстап отыру қыз балаға обал дей келіп, «қысырақ баққаннан да, қыз баққан қиын» (мәтел) дейді. Ал он екі жылдың ішінде қалыңын беріп біте алмаса, құдалықты үзбеу жағын қарастырып, қыз әкесі кіші қызын беруге келіседі.
Қалың беру ғұрпында ақ батамен бекітілген уағдаластықтың негізі қалың берумен байланысты. Қалыңның келісілген бір бөлігін бергеннен кейін ғана күйеу жігіт қыздың ауылына ұрын келе алады, ұрын шайдан соң қалыңдық ойнау жоралғысын жасап, келіп-кетіп қалыңдық ойнау жоралғысында қыз жеңгелеріне кәде сый беріп тұрады. Тиісті қалыңын беріп болған соң ғана ұзату тойы жасалып, қалыңдық күйеу жұртына ұзатылады. Сонымен, бұдан қалың беру ғұрпының құдалық салтында айрықша мәні болғаны байқалады.
Құда түсу ғұрпы
Құдалық салтындағы құдаласу, құда түсу ғұрпы алдымен қыз көру жоралғысынан басталады. Көңілдеріне жаққан соң, жігіттің әкесі қыздың ата-анасына туыстығы бейтарап, жөн білетін адамды жаушы етіп жібереді.
Қыз жақтың қарсы емесін, сұралатын қалыңмал мөлшерін шамалаған соң, жігіт жақ қыз айттыруға өз туыстарын жібереді. Қыз айттырушылар ақшалай немесе мал түрінде сырға салар кәдесін береді және құда түсуге қай шамада келетінін келісіп келеді. Бұдан кейін құда (жігіт әкесі) ауылдың беделді адамдары мен ақсақалдары, бетке ұстарларымен ақылдасып, кесімді үлкен кәделердің, яғни ілу, сүт ақы, той малы қандай көлемде болатынын, есік көруге кімдер баратынын шешеді.
Құдалыққа баратын адамдардың құрамы:
- үлкен шаңырақтан;
- құда-жегжаттан;
- елдің беделді адамынан;
- сөзге шешен, әдет-ғұрып, жөн-жосықты жақсы білетін адамнан құралады.
- сондай-ақ, айтыс ақыны, палуан, күлдіргі, атақты мешкей апаруы мүмкін. Мешкей апаратыны құдаларға тартылатын қайқайма құдатабақ, сол қайқайған түрінде қайтпай, сыпырып-сиырылған түрде қайтарылуы тиіс.
Құдашылардың барлығы бір құдаға бағынып, оның айтқандарынан шықпайды. Құдалықта жанжал, төбелес шығып кетпеуге тиіс, онда құдалықтың шырқы бұзылады.
Осыдан соң жігіт әкесі алдын-ала келісілген уақыт бойынша 10-15 адамнан құрылған туыстарын құда түсуге аттандырады немесе оларды өзі бастап барады. Екі жақ алдын-ала келісілген, уағдаласқан қалыңмалдың мөлшерін нақтылап, қай бөлігін қай кезде беруді, сондай-ақ, той малы, сүтақы, ата күші тәрізді кесімді кәделердің мөлшерін келісіп баталасады. Ақ бата құдалықтың қасиетті мөрі іспетті болып, құқықтық күшіне енеді. Құда-жекжаттығымыз мықты, мыңжылдық болсын деп, құдалықтың қарғы бауы кәдесіне күйеу жігіт әкесі жылқы атайды. Қыз әкесінің, жігіт әкесінің аттары аталып құдаласқаны, олардың ұлы мен қызының атастырылғаны жиналған жұртқа жария етіледі де құйрық-бауыр жеу жоралғысы жасалады. Осыдан бастап оң жақтағы қыз ақ баталы қалыңдық аталып, қыз ауылында құдатүсер тойы өткізіледі.
Құдатүсер тойы
Құдатүсер тойы құдалықтағы аса маңызды ғұрыптың бірі саналады. Байырғы қазақ тұрмысында құдаластық салтындағы атқарылатын жол-жоралғылар құдаларды қарсы алу; құдаларды күту; құдаларды аттандыру деп аталады. Бұлар өз ретімен атқарылатын аса жауапты актілердің бірі болған. Құдатүсер тойын өткізерде құдаларды қарсы алу, күту, аттандыру бір ғана шаңырақтың емес, әулеттің, арғы ата, ағайын-туыстың бәріне де сын деуге болады. Бұл жоралғыға қатысты берілетін әр алуан кәделер болады. Бұларды этнос санасындағы фрейм-сценарий форматы бойынша төмендегіше сипаттауға болады.
Құдаларды қарсы алу жоралғысы
Қызды ауыл құдашылардың құдалыққа келе жатқанын білісімен-ақ ауылдан оқшаулау жерге құда күтетін арнайы үй тігеді. Үйдің ішіне үш салар текемет, сырмақ, кілем жайылып, көрпе төселіп, жастық тасталады. Оқшаулау жерге ат байлайтын керме орнатылады. Қарсы алушы топ құдаларды аттарынан түсіріп, аттарын байлайды. Бұл ізеті үшін атбайлар кәдесін береді. Күтушілер келе жатқан құдаларды үйдің алдына шығып қарсы алады. Құдалар бір-бірімен төс қағысып амандасып, есен-саулық сұрасады. Қарсы алып, үйге кіруге шақырған жас әйелдерге арқанкерер, ауылкөрімдік кәделерін береді.
Құда күту жоралғысы
Құда күтуші ауыл жігіттерінің бірі босағаға мал алып келіп, құдалардың үлкенінен малды бауыздауға бата сұрайды. Құдалардың үлкен-кішілеріне, жолына қарай сойылған малдың кәделі мүшелерінен әзірленген құдатабақ тартылады. Әзіл-қалжың айтысып, ара-тұра өнерпаз жастар ән салып, күй тартады. Құдалар жағы да «әу» десіп, өз өнерлерін көрсетеді. Құдаларға көрсетілген әзіл-оспақ, әзіл-сықақтың қандайына да болса да құдалар ашуланбайды, олармен бірге күлісіп жүріп құдашылардан өз «ұпайын» алады. Өз кезегі келіп, қыз берген құдаларды күйеу жігіт әкесінің ауылына шақырғанда олар да құдатартардың небір күлкілі түрін тауып, тапқырлықпен «қарымта қайырады». Кейде құдатартардың қиын түрлерінен құда-құдашаларға тиісті кәде сыйын беріп, «құтылады». Бұндай гедонистік шаралар көңіл көтеру үшін жасалған тәрізді көрінгенімен, оның түп мәнінде «дегеніме көнсең құда боласың» дегендей тасаланған мән барлығы байқалады.
Құдалардың бетіне ұн, ақ, қамыр, қой сүтіне шыланған қазанның күйесін жағу күлкі шақыру сияқты көрінгенімен, байырғы мифтік санада ақ (сүт), дән, қазан «көбею», «өсіп-өрбу», «өркен жаю» ұғымдарымен символдық байланыста болған.
Құдатартар «ойын-сауық жоралғысы» өткен соң құдалар көп ұзамай қыз әкесінің үйіне кіреді, босағаға ат байлар кәдесін береді. Құда күтуге мұнда да ерекше көңіл бөлінеді «құдалыққа керегі – алыс-беріс, ағайынға керегі – барыс-келіс» деп қыз әкесі сөз бастап киіттің, кәде сыйдың ең бағалысын үлкен құдаға деп алдына қояды. Киіттің құны басжақсының құнына теңесетіндей қымбат болады.
Қазақ дәстүрі бойынша құдалар бір үйден қайтпайды. Қыз әкесінің жақын туыстары құдаларды кезегімен үйлеріне шақырып, кәде сыйын беріп күтеді. Құда күтушілер, құдашылар да әдемі әзіл, ән-күйімен құдатүсер тойының ажарын аша түседі.
Құда аттандыру жоралғысы
Құда аттандыру жоралғысы құдатүсер тойдың соңғы қызметі болып саналады. Құдалардың ат көлігі, жол жабдықтары әзірленеді. Қыз жеңгелері мен жас әйелдер құдалардың қолтығынан сүйеп, даярланып қойған ат көлігіне мінгізеді. Бұл қызметі мен ілтипаты үшін құдалар құдашаларға қолтықсүйер кәдесін береді. Құда күтушілер әзіл-қалжыңмен, әуелеткен әнмен құдашыларды ауыл шетіндегі жолға дейін шығарып салады.
Есік-төр көрсету жоралғысы (құда шақыру тойы)
Құда түсер тойынан кейінгі өз кезегінде өтетін той күйеу жігіттің ауылында болады. Оны құда шақыру тойы деп атайды. Күйеу жігіттің әкесі құдасын есік-төр көріп, елдегі ағайын-туыстарымен танысуға шақырады. Алайда бұл жоралғы есіккөрсетер деп аталғанымен, шын мәнінде, қыз ауылында өтетін құдатүсерге қайтарылған «жауап» есепті болған. Құда шақыру тойында жасалатын жол-жоралғы, кәделер (құдаларды қарсы алу, құда күту, құда аттандыру т.б.) қызды ауылда өткен құдатүсердегідей болады.
Алайда құда шақыру тойында әртүрлі ойын-сауық жоралғылары өтеді. Солардың бірі – құдатартар. Бұл жоралғыларда күлдіргі ойын-оспақтардың құдажүгіртер тәрізді «жаңа» түрлері көрсетіледі. Алыстан ат арылтып шөліркеп келген құдаларға күтуші келіншектер саумал ұсынса, іш айдайтынын біліп, қымызаяққа ерін тигізіп қайтарып береді. Сондықтан құдаларға қымызды өлтірмей береді. Ашыған қымыздың үстіне жаңа сауылған саумал құяды, бірақ піспейді. Мұндай пісілмеген қымызды өлтірілмеген қымыз дейді. Шөліркеп келген құда қымыздың өлтірілген- өлтірілмегенін аңдай алмай сіміріп салып, қымызаяқты бірден босатады. Біраздан соң, ет жеп, сорпа ішкен соң құданың іші бұзылып, ауыл сыртындағы тобылғы сайға бірнеше мәрте жүгіреді. Мұндай әзілді құда жүгірту дейді. Осыны байқаған құдашалар мырс-мырс күліп, «жоқ қарап жүрсіз бе, құдажан?» деп әзілдейді.
Жетісу жеріндегі құдатартар жоралғысында, үйден шыға берген құдалардың біреуін алты әйел тарпа бас салып, ұраға түсірмек болады, немесе «кірлеп кетіпсіз ғой құдажан» деп жақын жердегі бұлақ суына апарып құданы тоғытпақ болады. Мұндайда кәнігі құда ары-бері қашқақтаған болып, құдашалардың ышқырынан ұстап, дамбал бауын үзіп жібереді. Дамбалы аяғына түскен құдаша «бетім-айлап» тұра қашады да, өзі жұртқа күлкілі болады. Мұндай ойынды халық арасында алты қатын жортақай деп атайды.
Той өткен соң, күйеу жігіттің ауылы құдаларды аттандыру қамына кіріседі. Қыз әкесіне тиісті киіт кигізіп, мінт мінгізеді, қалған құдаларға кәде сыйларын береді. Бірақ бұл жерде қыздың әкесі қалың алғандықтан, алыс-беріс жағы қыз ауылындағыдай аса көлемді бола қоймайды. Құда аттандырарда күйеу жігіттің әкесі қалыңның қалған бөлігін құдасының алдына салып айдатады.
Сөйтіп, құдалардың аткөлігі де даярланады. Мұнда да жас әйелдер атқа мінген құдалардың қолтығынан сүйеп, ізет көрсетіп, қолтық сүйер, құда аттандырар кәдесін алады. Әнші қыз-жігіттер ән салып, әзіл оспақ айтады. Ал, жыршылар құдаларды көтере мақтап-мадақтап жырға қосады, сөйтіп, құдаларды жоғары көңіл-күйде аттандырып, жолға салады.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Алтынсарин И. Очерк обычаев при сватовстве и свадьбе у киргизов Оренбургского ведомства. ЗООИРГО. Вып.1. Казань, 1870. С.104-110;
- Загряжский Г. Юридические обычаи киргизов. О народном суде у кочевого населения Туркестанского края по обычному праву (зан). Материалы для статистики Туркестанского края. Ежегодник. Под. ред.: Маева Н.А. Вып.IV. СПб., 1876. С.151-202;
- Алекторов А.Е. Основание брака и свадебные обычаи у киргизов. ОЛ. 1888. №11,12. С.185-195; 36-37;
- Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области. Т.1. Юридический быт. Ташкент: Типо-Литография С.И. Лахтина, 1889;
- Тронов В.Д. Обычаи и обычное право киргиз. ЗИРГО ОЭ. СПб.: Скоропечатня П.О. Яблонского, 1891. Т.XVII. Вып.II. С.71-89;
- Диваев А.А. О свадебном ритуале киргизов Сырь-Даринской области. ТС. 1916. Т.568. С.51-65;
- Сүйіншіден – көңіл айтуға дейін. Құраст. Н.Төреқұл. Алматы: Қазақстан, 1998;
- Ісләмжанұлы К. Қазақтың отбасы фольклоры. Алматы: Арыс, 2007;
- Зиманов С.З. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары және дәстүрлері туралы деректер (академик С.З. Зимановтың қолжазба қорынан алынды. XX ғ. 60 жылдары жиналған, өзгертусіз берілді). Қазақтың ата заңдары: құжаттар, деректер және зерттеулер. 9-том. Алматы: Жеті жарғы, 2008. 169-194 бб.;
- ҚР МОМ – материалдарынан;
- ОМЭЭ – материалдарынан.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қudalyk ul әkesinin kyz әkesimen kuda boluy ul әkesinin balasyna kyz ajttyryp kelin tүsirui al kyz әkesinin kyz uzatyp kүjeuge beru salty Қudalyk Suretshi E Ospanuly Қudalyk kurylymyҚudalyk etnomәdeni kenistiktegi kurylymy kүrdeli institut Қudalyktyn kurylymy birinen son biri bolyp zhatatyn birneshe guryptardan guryptar әrtүrli atkarylatyn zhol zhoralgylardan turady al zhol zhoralgylarda beriletin әrkily kәdeler bolady Қudalykta atkarylatyn guryptar men zhol zhoralgylar beriletin kәde syjlardy kudalasushy eki zhaktyn kyz ben zhigittin aralaryndagy materialdyk kukyktyk etikalyk karym katynasty retteude ajryksha kyzmet atkargan Әdette ul osirip otyrgan әke kazaky dәstүrde balanyn iship zhemi men kiim kesheginen baska tort paryzyn oteuge tyrysady Birinshisi balany sүndetke otyrgyzyp sүndet atyn beru ekinshi sauatyn ashtyru үshinshi kalynmalyn berip үjlendiru tortinshisi үj tigip enshisin berip bolek shygaru Әz Tәuke zamanynda belgilengen zan bojynsha әke balasyn 15 ten al kyzyn 16 zhastan askanda nekelestire alady eken Alajda ata ana kudalyk kamyn budan da erterek ojlastyra bastagan Қudalyktyn maksatyҚudalyktyn bajyrgy kazak salt dәstүrinde muraty bireu gana bolgan uldy үjlendirip kelin tүsiru kyzdy kүjeuge berip kutty ornyna kondyru Alajda kudalyktyn muraty bireu gana bolganymen maksaty әrtүrli kyzynyn materialdyk muktazhdykta bolmauy kalynmaldy kobirek alu ojtkeni ekinshi үshinshi tortinshi ulyn үjlendirudin kamyn ojlajdy bajyrgydan kele zhatkan dostamyrlykty endigi zherde kudatamyr bolu arkyly zhalgastyru ezhelden kele zhatkan kudalastykty su sүzilmejdi sүjek үzilmejdi degen kagida bojynsha үzbej zhalgastyryp sarysүjek kuda bolu kudalykty zhangyrtyp otyru sүjek zhangyrtu yagni әjeli kajtys bolgan kүjeudin baldyz aluy kudalygy nemere sүjip zhas iis korip kyzyk koru t b ykpaldy rumen turgalas kudalykta bolyp tuystyk katynas ornatu Bul zherde ru tajpa dengejindegi asa dәuletti ykpaldy adamdardyn әr baska ru tajpalardagy ozi turgylas adamdarmen kuda bolu salty kur maktan atagyn aspandatu emes Mundaj turgalas kudalyktyn maksatyndagy sayasi әleumettik sipatty kornekti pedagog agartushy Y Altynsarin bylajsha tereninen taratyp ashkan Dankty kazaktar әrkashan ozinin balasyna baska bir rudan tajpadan baryp ozindej dankty adamdardyn kyzyn ajttyruga tyrysady kazir de solaj Қazak arasyndagy anyzga karaganda kyz ajttyrudyn mundaj tәrtibi Esim hannyn bujrygy bojynsha ornagan korinedi Қazak karttary mundaj tәrtipte alysty bolzhagandyk bar ekenin ojtkeni kazak arasy tynysh bolmagan kezderde onyn halykka pajda keltirgenin ajtady Shynynda da kazaktarga kejbir bilerdin ykpalynyn ote kүshtiligine karaganda zhaulasyp otyrgan rulardyn ozara tatulasuyna sebep boldy deuge bolady Қazak arasynda kazir berik oryn teuip otyrgan әdet atap ajtkanda ozinin segiz atadan zhakyn tuyskandarynyn kyzyna үjlenbeu әdeti mүmkin osy sebepten bolar Oryndalatyn guryptarҚudalyk kudalasu kuda tүsu bir birimen tygyz bajlanysty ugymdar yagni kudalasu kuda tүsu birneshe aktiden turatyn kүrdeli үrdis bolsa kudalyk solardyn bir tiyanakka kelgendegisi Қudalykty bastau әdette kүjeu zhigit zhak tarapynan bolady Әr zhaktyn ozdi ozine tәn oryndauga tiis guryptary onda atkarylatyn zhol zhoralgylary zhol zhoralgylarda beriletin kәde syjlar bolady Olar kүjeu zhigit әkesi tarapynan oryndalatyn guryptar kyz ajttyru kuda tүsu kalyn beru uryn baru kalyndyk ojnau oltirisin beru kuda shakyru esik tor korsetu tojy kelin tүsiru tojy Osy guryptarda beriletin kәdeler үsh tүrli bolady 1 mingizeri mint 2 kigizeri kiit 3 ustatary syjt Al kyz әkesi tarapynan oryndalatyn guryptarga kudatүser tojyn otkizu kyz zhasauyn beru kүjeu zhigit pen kalyndyktyn nekesin kidyru kyz uzatu tojyn otkizu Қudatүser tojynda kuda karsy alu kuda kүtu kuda attandyru zhoralgylary zhasalady al kәdelerge kiit kigizu mint mingizu syjt beru t b zhatady Қalyn kalynmal beru gurpyҚudalyk saltynda kalyn beru edәuir uakytka sozylatyn үrdis Zhigit әkesi beriletin kalyndy kelisilgen molsher bojynsha үshten birin zhartysyn bolmasa tortten birin belgilengen uakyt bojynsha berip otyrady Dәuleti turmysy zhogary adamdar da kalyndy birden kyz әkesinin aldyna salyp ajdatpajdy Қuda tүsuden kejin shamamen bir eki zhyl otken son kүjeu zhigit kalynmaldyn ilu dep atalatyn boligin alyp keledi Қyz әkesi әkelgen iludi zharamdy dep tapsa kүjeu zhigittin auyldan bir shakyrymdaj zherge shatyr nemese үj tigip uryn kelip zhatuyna ruksat beredi Kүjeu zhigittin kalyndygymen kezdesuge algash keluin uryn kelu dejdi Қalyn beru turmys kүji kubatobel sharualar үshin onaj bola bermejdi Bundaj materialdyk kiyndyktan shygu үshin kejbir adamdar ulyna 9 10 zhastan bastap kyz ajttyrady Zhyl sajyn kalynnyn belgili bir boligin kyz әkesine berip turady Қudalyk salt bojynsha belgilengen kalyn 12 zhylga dejin yagni bir mүshel otkenshe kyz әkesine berilip bituge tiis Odan әri uakytty sozuga bolmajdy ojtkeni kyz bojzhetip ketedi Bojzhetken kyzdy kүjeuge uzatpaj ustap otyru kyz balaga obal dej kelip kysyrak bakkannan da kyz bakkan kiyn mәtel dejdi Al on eki zhyldyn ishinde kalynyn berip bite almasa kudalykty үzbeu zhagyn karastyryp kyz әkesi kishi kyzyn beruge kelisedi Қalyn beru gurpynda ak batamen bekitilgen uagdalastyktyn negizi kalyn berumen bajlanysty Қalynnyn kelisilgen bir boligin bergennen kejin gana kүjeu zhigit kyzdyn auylyna uryn kele alady uryn shajdan son kalyndyk ojnau zhoralgysyn zhasap kelip ketip kalyndyk ojnau zhoralgysynda kyz zhengelerine kәde syj berip turady Tiisti kalynyn berip bolgan son gana uzatu tojy zhasalyp kalyndyk kүjeu zhurtyna uzatylady Sonymen budan kalyn beru gurpynyn kudalyk saltynda ajryksha mәni bolgany bajkalady Қuda tүsu gurpyҚudalyk saltyndagy kudalasu kuda tүsu gurpy aldymen kyz koru zhoralgysynan bastalady Konilderine zhakkan son zhigittin әkesi kyzdyn ata anasyna tuystygy bejtarap zhon biletin adamdy zhaushy etip zhiberedi Қyz zhaktyn karsy emesin suralatyn kalynmal molsherin shamalagan son zhigit zhak kyz ajttyruga oz tuystaryn zhiberedi Қyz ajttyrushylar akshalaj nemese mal tүrinde syrga salar kәdesin beredi zhәne kuda tүsuge kaj shamada keletinin kelisip keledi Budan kejin kuda zhigit әkesi auyldyn bedeldi adamdary men aksakaldary betke ustarlarymen akyldasyp kesimdi үlken kәdelerdin yagni ilu sүt aky toj maly kandaj kolemde bolatynyn esik koruge kimder baratynyn sheshedi Қudalykka baratyn adamdardyn kuramy үlken shanyraktan kuda zhegzhattan eldin bedeldi adamynan sozge sheshen әdet guryp zhon zhosykty zhaksy biletin adamnan kuralady sondaj ak ajtys akyny paluan kүldirgi atakty meshkej aparuy mүmkin Meshkej aparatyny kudalarga tartylatyn kajkajma kudatabak sol kajkajgan tүrinde kajtpaj sypyryp siyrylgan tүrde kajtaryluy tiis Қudashylardyn barlygy bir kudaga bagynyp onyn ajtkandarynan shykpajdy Қudalykta zhanzhal tobeles shygyp ketpeuge tiis onda kudalyktyn shyrky buzylady Osydan son zhigit әkesi aldyn ala kelisilgen uakyt bojynsha 10 15 adamnan kurylgan tuystaryn kuda tүsuge attandyrady nemese olardy ozi bastap barady Eki zhak aldyn ala kelisilgen uagdalaskan kalynmaldyn molsherin naktylap kaj boligin kaj kezde berudi sondaj ak toj maly sүtaky ata kүshi tәrizdi kesimdi kәdelerdin molsherin kelisip batalasady Ak bata kudalyktyn kasietti mori ispetti bolyp kukyktyk kүshine enedi Қuda zhekzhattygymyz mykty mynzhyldyk bolsyn dep kudalyktyn kargy bauy kәdesine kүjeu zhigit әkesi zhylky atajdy Қyz әkesinin zhigit әkesinin attary atalyp kudalaskany olardyn uly men kyzynyn atastyrylgany zhinalgan zhurtka zhariya etiledi de kujryk bauyr zheu zhoralgysy zhasalady Osydan bastap on zhaktagy kyz ak bataly kalyndyk atalyp kyz auylynda kudatүser tojy otkiziledi Қudatүser tojyҚudatүser tojy kudalyktagy asa manyzdy guryptyn biri sanalady Bajyrgy kazak turmysynda kudalastyk saltyndagy atkarylatyn zhol zhoralgylar kudalardy karsy alu kudalardy kүtu kudalardy attandyru dep atalady Bular oz retimen atkarylatyn asa zhauapty aktilerdin biri bolgan Қudatүser tojyn otkizerde kudalardy karsy alu kүtu attandyru bir gana shanyraktyn emes әulettin argy ata agajyn tuystyn bәrine de syn deuge bolady Bul zhoralgyga katysty beriletin әr aluan kәdeler bolady Bulardy etnos sanasyndagy frejm scenarij formaty bojynsha tomendegishe sipattauga bolady Қudalardy karsy alu zhoralgysy Қyzdy auyl kudashylardyn kudalykka kele zhatkanyn bilisimen ak auyldan okshaulau zherge kuda kүtetin arnajy үj tigedi Үjdin ishine үsh salar tekemet syrmak kilem zhajylyp korpe toselip zhastyk tastalady Okshaulau zherge at bajlajtyn kerme ornatylady Қarsy alushy top kudalardy attarynan tүsirip attaryn bajlajdy Bul izeti үshin atbajlar kәdesin beredi Kүtushiler kele zhatkan kudalardy үjdin aldyna shygyp karsy alady Қudalar bir birimen tos kagysyp amandasyp esen saulyk surasady Қarsy alyp үjge kiruge shakyrgan zhas әjelderge arkankerer auylkorimdik kәdelerin beredi Қuda kүtu zhoralgysy Қuda kүtushi auyl zhigitterinin biri bosagaga mal alyp kelip kudalardyn үlkeninen maldy bauyzdauga bata surajdy Қudalardyn үlken kishilerine zholyna karaj sojylgan maldyn kәdeli mүshelerinen әzirlengen kudatabak tartylady Әzil kalzhyn ajtysyp ara tura onerpaz zhastar әn salyp kүj tartady Қudalar zhagy da әu desip oz onerlerin korsetedi Қudalarga korsetilgen әzil ospak әzil sykaktyn kandajyna da bolsa da kudalar ashulanbajdy olarmen birge kүlisip zhүrip kudashylardan oz upajyn alady Өz kezegi kelip kyz bergen kudalardy kүjeu zhigit әkesinin auylyna shakyrganda olar da kudatartardyn nebir kүlkili tүrin tauyp tapkyrlykpen karymta kajyrady Kejde kudatartardyn kiyn tүrlerinen kuda kudashalarga tiisti kәde syjyn berip kutylady Bundaj gedonistik sharalar konil koteru үshin zhasalgan tәrizdi koringenimen onyn tүp mәninde degenime konsen kuda bolasyn degendej tasalangan mәn barlygy bajkalady Қudalardyn betine un ak kamyr koj sүtine shylangan kazannyn kүjesin zhagu kүlki shakyru siyakty koringenimen bajyrgy miftik sanada ak sүt dәn kazan kobeyu osip orbu orken zhayu ugymdarymen simvoldyk bajlanysta bolgan Қudatartar ojyn sauyk zhoralgysy otken son kudalar kop uzamaj kyz әkesinin үjine kiredi bosagaga at bajlar kәdesin beredi Қuda kүtuge munda da erekshe konil bolinedi kudalykka keregi alys beris agajynga keregi barys kelis dep kyz әkesi soz bastap kiittin kәde syjdyn en bagalysyn үlken kudaga dep aldyna koyady Kiittin kuny baszhaksynyn kunyna tenesetindej kymbat bolady Қazak dәstүri bojynsha kudalar bir үjden kajtpajdy Қyz әkesinin zhakyn tuystary kudalardy kezegimen үjlerine shakyryp kәde syjyn berip kүtedi Қuda kүtushiler kudashylar da әdemi әzil әn kүjimen kudatүser tojynyn azharyn asha tүsedi Қuda attandyru zhoralgysy Қuda attandyru zhoralgysy kudatүser tojdyn songy kyzmeti bolyp sanalady Қudalardyn at koligi zhol zhabdyktary әzirlenedi Қyz zhengeleri men zhas әjelder kudalardyn koltygynan sүjep dayarlanyp kojgan at koligine mingizedi Bul kyzmeti men iltipaty үshin kudalar kudashalarga koltyksүjer kәdesin beredi Қuda kүtushiler әzil kalzhynmen әueletken әnmen kudashylardy auyl shetindegi zholga dejin shygaryp salady Esik tor korsetu zhoralgysy kuda shakyru tojy Қuda tүser tojynan kejingi oz kezeginde otetin toj kүjeu zhigittin auylynda bolady Ony kuda shakyru tojy dep atajdy Kүjeu zhigittin әkesi kudasyn esik tor korip eldegi agajyn tuystarymen tanysuga shakyrady Alajda bul zhoralgy esikkorseter dep atalganymen shyn mәninde kyz auylynda otetin kudatүserge kajtarylgan zhauap esepti bolgan Қuda shakyru tojynda zhasalatyn zhol zhoralgy kәdeler kudalardy karsy alu kuda kүtu kuda attandyru t b kyzdy auylda otken kudatүserdegidej bolady Alajda kuda shakyru tojynda әrtүrli ojyn sauyk zhoralgylary otedi Solardyn biri kudatartar Bul zhoralgylarda kүldirgi ojyn ospaktardyn kudazhүgirter tәrizdi zhana tүrleri korsetiledi Alystan at aryltyp sholirkep kelgen kudalarga kүtushi kelinshekter saumal usynsa ish ajdajtynyn bilip kymyzayakka erin tigizip kajtaryp beredi Sondyktan kudalarga kymyzdy oltirmej beredi Ashygan kymyzdyn үstine zhana sauylgan saumal kuyady birak pispejdi Mundaj pisilmegen kymyzdy oltirilmegen kymyz dejdi Sholirkep kelgen kuda kymyzdyn oltirilgen oltirilmegenin andaj almaj simirip salyp kymyzayakty birden bosatady Birazdan son et zhep sorpa ishken son kudanyn ishi buzylyp auyl syrtyndagy tobylgy sajga birneshe mәrte zhүgiredi Mundaj әzildi kuda zhүgirtu dejdi Osyny bajkagan kudashalar myrs myrs kүlip zhok karap zhүrsiz be kudazhan dep әzildejdi Zhetisu zherindegi kudatartar zhoralgysynda үjden shyga bergen kudalardyn bireuin alty әjel tarpa bas salyp uraga tүsirmek bolady nemese kirlep ketipsiz goj kudazhan dep zhakyn zherdegi bulak suyna aparyp kudany togytpak bolady Mundajda kәnigi kuda ary beri kashkaktagan bolyp kudashalardyn yshkyrynan ustap dambal bauyn үzip zhiberedi Dambaly ayagyna tүsken kudasha betim ajlap tura kashady da ozi zhurtka kүlkili bolady Mundaj ojyndy halyk arasynda alty katyn zhortakaj dep atajdy Toj otken son kүjeu zhigittin auyly kudalardy attandyru kamyna kirisedi Қyz әkesine tiisti kiit kigizip mint mingizedi kalgan kudalarga kәde syjlaryn beredi Birak bul zherde kyzdyn әkesi kalyn algandyktan alys beris zhagy kyz auylyndagydaj asa kolemdi bola kojmajdy Қuda attandyrarda kүjeu zhigittin әkesi kalynnyn kalgan boligin kudasynyn aldyna salyp ajdatady Sojtip kudalardyn atkoligi de dayarlanady Munda da zhas әjelder atka mingen kudalardyn koltygynan sүjep izet korsetip koltyk sүjer kuda attandyrar kәdesin alady Әnshi kyz zhigitter әn salyp әzil ospak ajtady Al zhyrshylar kudalardy kotere maktap madaktap zhyrga kosady sojtip kudalardy zhogary konil kүjde attandyryp zholga salady DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterAltynsarin I Ocherk obychaev pri svatovstve i svadbe u kirgizov Orenburgskogo vedomstva ZOOIRGO Vyp 1 Kazan 1870 S 104 110 Zagryazhskij G Yuridicheskie obychai kirgizov O narodnom sude u kochevogo naseleniya Turkestanskogo kraya po obychnomu pravu zan Materialy dlya statistiki Turkestanskogo kraya Ezhegodnik Pod red Maeva N A Vyp IV SPb 1876 S 151 202 Alektorov A E Osnovanie braka i svadebnye obychai u kirgizov OL 1888 11 12 S 185 195 36 37 Grodekov N I Kirgizy i karakirgizy Syr Darinskoj oblasti T 1 Yuridicheskij byt Tashkent Tipo Litografiya S I Lahtina 1889 Tronov V D Obychai i obychnoe pravo kirgiz ZIRGO OE SPb Skoropechatnya P O Yablonskogo 1891 T XVII Vyp II S 71 89 Divaev A A O svadebnom rituale kirgizov Syr Darinskoj oblasti TS 1916 T 568 S 51 65 Sүjinshiden konil ajtuga dejin Қurast N Torekul Almaty Қazakstan 1998 Islәmzhanuly K Қazaktyn otbasy folklory Almaty Arys 2007 Zimanov S Z Қazak halkynyn әdet guryptary zhәne dәstүrleri turaly derekter akademik S Z Zimanovtyn kolzhazba korynan alyndy XX g 60 zhyldary zhinalgan ozgertusiz berildi Қazaktyn ata zandary kuzhattar derekter zhәne zertteuler 9 tom Almaty Zheti zhargy 2008 169 194 bb ҚR MOM materialdarynan OMEE materialdarynan