Шәмші Қалдаяқов (15 тамыз 1930, Отырар ауданы – 29 ақпан 1992, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық әртісі (1991), Қазақстанның Еңбек Ері (2022, қайтыс болғанынан кейін). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан.
Шәмші Қалдаяқов | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Қызметі | |
Жұбайы |
|
Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы замандағы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.
Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956-1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында В.В.Великанов класында оқыды. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел.
Осылайша бағзы мен бүгінгі мақамдарды керемет ұштастыруы Ш.Қалдаяқов туындыларының даңқын дүрілдетіп шығарып, дүйім далаға кең жайылуға кепілдік берді. Мұхтар Әуезов өмірден озар тұсында университет студенттері алдында сөйлеген әйгілі сөзінде Шәмші саздарын Ақан, Біржан өнерпаздығынан кейінгі бір "жыл келгендей жаңалық" сезіндіретін үздік құбылыс ретінде бағалағаны мәлім. Жұрт аузында "бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші" атануының сыры сонда. Сазгер әндері, әсіресе, 60-70-жылдардагы жастардың аузында жүрді. Кешеулеген "хрущевтік жылымық" дәуірінің жас адамдары шетел композиторлары мен орындаушыларына, мәселен, "Биттлзге" қалай ынтықса, қазақстандық өз сазгерлерімізді де солай сүйіп тыңдады. Бұл соңғысы мен арасында, әрине, Қалдаяқов бірінші орында тұрды.
Әсем да ақылды көкөрім жасты ғана емес, ересек, егде қауымның да, сан түрлі мамандық, алуан ұлт адамдарының да көңілін баурап алды. Халық арасында әсіресе күллі отаншылдық, елшілдік нотасын тап басқан "Менің Қазақстаным" туындысы айрықша мәшһүр болды. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы ұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің осы әнін ұрандай шырқап шықты. 2005 жылдан "Менің Қазақстаным" туындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.
Өмірбаяны
Шымкент облысы Отырар ауданында 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын, жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді әлеміне бет алып әуелей беретіні ақиқат. Табиғат ерекше дарын иесі еткен дара тұлға Шәмші Қалдаяқовты қазақ баласы есінен шығармас. Шәмші ағамыздың «Қорлан» әнін шырқаудағы өзіне ішкі сырын ашып айтпай сөз шешендігіне салып бұра тартып кететіні де бар. Кең жүрегімен табиғат берген дархан, дарынды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап әндерімен халқын байытатын, олардың өмір сүруге құштарлығын арттыратынШәмші Қалдаяқов пиониноны да, домбыраны да жосылта тартатын еді. Бірақ, домбыраны екпіндете, төпелеп тартқанын көрген емеспіз. Бір әсем әуенді шерте бастайтын да қоңырлата былқылдата ала жөнелетін. Қысқаша айтқанда тұла бойы тұнған өнер болатын.
Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар. Ш.Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапйымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа махабатты жырлаған композитор ретінде белгілі. Тамды аруы махаббат жайлы болғанымен ол махаббат бостандығын аңсап жазылған ән. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болған. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің шеберлігімен дүниеге әкелді. Ал, «Сағынышым менің» әнінде ерекше аңсау , терең толғау бар. Айта берсек әр әннің өзіндік тарихи сыры бар. Ең бір көшпелі тарих - ән тарихы. Кешегі Кәрібаевтың Жамбыл вальсімен қанағаттанған лектің рухани көші небір аймаңдай дарындармен дараланып, сән салтанаты асқан келешектің көркем келбетін көз алдымызға келтіре білген нұрлы көші еді.
Көш жуан ортасынан ойып орын алған композитордың бірі әрі бірегейі де Шәмші Қалдаяқов болатын. Шәмшінің тағдырын да біртуар тұтас бір тағдыр иесінің 18 жыл соңғы жылдарында осы топырақта ғажайып шығармашылық ғұмыр кешкі «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы», «Фосфорлы Жамбыл» секілді атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде басталған Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивалі Жамбылда жалғасын тауып, талай таланттардың тұсауын кесті. Шын таланттың ғажайып дарынның шапағаты тиді деген осы. Дарыны иісі қазаққа ортақ Шәмшідей аяулы жанның ән ғұмыры әлі талай ұрпақтың ой білімімен, парасатымен жаңаша жаңғырып жалғасын таба берері сөзсіз. Бұл еңбекті сол төккен тердің төл басы Тараз тойына тарту деп қабылдауымыз ләміз.
Қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды. 1992 жылы 29 ақпанда жасы 62 ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан, көрнекті халық әртісі Ш.Қалдаяқов көз жұмды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдардан бастап айналысқан 1956-1962 жылдарда Алматы консерваториясында оқыды. Шәмшінің тұнып тұрған сыр шындығымен, шынайылылығымен және сезімге терең бойлауымен ерекшеленетін алғашқы әндерінің өзі композитордың атын елге жайып, халықтың сүйікті перзентіне айналдырды. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқовтың 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Олардың дені ән жанрында Ш.Қалдаяқовтың өзінің қайталанбас қол таңбасы халықтың бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске көтерді. Қазақ даласын әнмен тербеткен Ш. Қалдаяқовтың тағдыры мен ғұмырына осы төрт жол өлең түгелімен арналғандай. Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той-думан да өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кеткелі қашан...
Танымал әндер жазудағы табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. Ал, 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық артисі.
Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі
Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер ретінде көрінді. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік – Шәмші шығармаларының басты тақырыбы. Оның азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың кең байтақ жерін жырға қосатын:
- «Ақ ерке – Ақ Жайық»,
- «Арыс жағасында»,
- «Сыр сұлуы»,
- «Жарқырайды Жезқазған»,
- «Қарқаралы»,
- «Фосфорлы Жамбыл»,
- «Байқоңыр»,
- «Талдықорған – әнім менің»,
- «Ырысты өлке – Шардара»,
- «Отан»,
- «Теріскей»,
- «Мойынқұмда»,
- «Отырардағы той»,
- «Көгілдір Көкше»,
- «Өмір өзен», т.б. туындыларын жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады.
Композитордың марш екпінді, жігерлі, шаттықпен шырқалатын:
- «Менің Қазақстаным»,
- «Теңізде – толқында»,
- «Бақыт құшағында»,
- «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері халық арасына кеңінен тарады.
- «Ақмаңдайлым»,
- «Ақсұңқарым»,
- «Қайдасың»,
- «Еркежан»,
- «Ана туралы жыр»,
- «Құшақ жайған қандай адам»,
- «Қайықта»,
- «Қыз сағынышы»,
- «Ақ бантик»,
- «Кешікпей келем деп ең»,
- «Қуаныш вальсі»,
- «Әнім сен едің»,
- «Сағынышым менің»
әндері Р.Бағланова, Р.Абдуллин, Б.Төлегенова, Р.Мұсабаев, З.Қойшыбаева, т.б. әншілердің репертуарынан берік орын алды.
Қалдаяқов артында мол музыкалық мұра қалдырды.
Марапаттары
Республика жастар сыйлығының иегері болды (1965).
Шәмші есімі ел есінде
1992 жылдан бастап сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестиваль дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Шымкент қаласында облыстық филармония, бір көше, Алматы қаласында бір көше, композитор туған өлке – Шәуілдір ауылындағы музыка мектебі – Қалдаяқов есімімен аталады. Шымкент филармониясының алдына Қалдаяқов ескерткіші орнатылған. 1991 жылы Қалдаяқов жайлы ғұмырнамалық «Жылдарым менің, жырларым ме-нің» (реж. Т.Ахметов) деген деректі телефильм түсірілді. «Шәмшіғұмыр» естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді (2002).
Шығармалары
- Әндер, А., 1967;
- Бақыт құшағында. Әндер жинағы, А., 1971;
- Сағынышым менің. Әндер, А., 1978;
- Менің Қазақстаным. Әндер, А., 1981;
- Шәмші әлемі. Әндер, А., 2000.
Дереккөздер
- https://abai.kz/post/55971
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Сыртқы сілтемелер
- ШӘМШІ ТАБИҒАТЫНЫҢ ШЫҢЫ МЕН ШАТҚАЛЫ Мұрағатталған 23 қаңтардың 2022 жылы.
- Шәмші Қалдаяқов: «Мені іздеп келген аяғыңнан айналайын»
- Жәмила Қалдаяқова: Шәмші ешқашан отбасының шырқын бұзған адам емес Мұрағатталған 23 қаңтардың 2022 жылы.
- Шымкентте Шәмші ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shәmshi Қaldayakov 15 tamyz 1930 Otyrar audany 29 akpan 1992 Almaty kompozitor Қazakstannyn halyk әrtisi 1991 Қazakstannyn Enbek Eri 2022 kajtys bolganynan kejin Shymkent Taraz Zhetisaj kalalarynyn kurmetti azamaty Kishi zhүzdin Zhagalbajly ruynan Shәmshi ҚaldayakovTugan kүni15 tamyz 1930 1930 08 15 Tugan zheriOtyrar audany Tүrkistan oblysy Қazak KSR KSROҚajtys bolgan kүni29 akpan 1992 1992 02 29 61 zhas Қajtys bolgan zheriAlmaty ҚazakstanҚyzmetikompozitorZhubajy Asa kornekti sazger әn zhanrynyn әjgili majtalmany Қazakstan mәdenietine enbegi singen kajratker osy zamandagy kazak estradasynyn negizin salushylardyn biri Қazakstannyn halyk әrtisi Ontүstik Қazakstan oblysynyn Қyzylkum audanynda dүniege keldi Bala kezinen bojyndagy bar talantyn alkaly zhiyn alaman bәjgelerde korsete bildi 1950 zhyldan bastap shygarmashylykpen tүbegejli tүrde shugyldandy 1956 1962 zhzh Қurmangazy atyndagy memlekettik konservatoriyasynda V V Velikanov klasynda okydy Shәmshi әnderi gazhajyp sazdylygymen syldyrap akkan bulak suyndaj tap taza syngyrymen lirikalyk nazdylygymen erekshelenedi Onyn shygarmashylyk zhagynan sinirgen enbegi kazak estradalyk әnderinin әuenin ulttyk nakyshpen kunarlandyruynda yagni halyktyk kajnarmen kabystyruynda zhatyr Al bul onyn kazak zhurtynyn muzykalyk dәstүri sүtin emip oskendigine dәlel Osylajsha bagzy men bүgingi makamdardy keremet ushtastyruy Sh Қaldayakov tuyndylarynyn dankyn dүrildetip shygaryp dүjim dalaga ken zhajyluga kepildik berdi Muhtar Әuezov omirden ozar tusynda universitet studentteri aldynda sojlegen әjgili sozinde Shәmshi sazdaryn Akan Birzhan onerpazdygynan kejingi bir zhyl kelgendej zhanalyk sezindiretin үzdik kubylys retinde bagalagany mәlim Zhurt auzynda bүkil kazak eline әn saldyrgan Shәmshi atanuynyn syry sonda Sazger әnderi әsirese 60 70 zhyldardagy zhastardyn auzynda zhүrdi Kesheulegen hrushevtik zhylymyk dәuirinin zhas adamdary shetel kompozitorlary men oryndaushylaryna mәselen Bittlzge kalaj yntyksa kazakstandyk oz sazgerlerimizdi de solaj sүjip tyndady Bul songysy men arasynda әrine Қaldayakov birinshi orynda turdy Әsem da akyldy kokorim zhasty gana emes eresek egde kauymnyn da san tүrli mamandyk aluan ult adamdarynyn da konilin baurap aldy Halyk arasynda әsirese kүlli otanshyldyk elshildik notasyn tap baskan Menin Қazakstanym tuyndysy ajryksha mәshһүr boldy 1986 zhyly Zheltoksan koterilisine katysushy ul kyzdar Almaty alandary men koshelerinde Shәmshinin osy әnin urandaj shyrkap shykty 2005 zhyldan Menin Қazakstanym tuyndysy Қazakstan Respublikasynyn Memlekettik әnurany bolyp bekitildi ӨmirbayanyShymkent oblysy Otyrar audanynda 1930 zhyly 15 tamyzda dүniege kelgen Onyn әnderi respublikamyzdyn kaj oniri bolmasyn zhii ajtylyp әn sүjer kauym arasyna barynsha ken taragan Әn onerimizde zharyk zhuldyzdaj sәule shashyp ajyryksha iz kaldyrgan Sh Қaldayakov kүlli kazak halkynyn ulttyk maktanyshy sazgerdin serisi Biz es bilgeli beri elimizdin ken bajtak dalasymen aspanynda kalyktagan mahabbat pen sagynysh sezimine tolyk kajtalanbas Shәmshi әuenderi endi әlemine bet alyp әuelej beretini akikat Tabigat erekshe daryn iesi etken dara tulga Shәmshi Қaldayakovty kazak balasy esinen shygarmas Shәmshi agamyzdyn Қorlan әnin shyrkaudagy ozine ishki syryn ashyp ajtpaj soz sheshendigine salyp bura tartyp ketetini de bar Ken zhүregimen tabigat bergen darhan daryndy Shәmshi agamyz ozinin zhүrek terbejtin kiyal kozgajtyn teren ojga shomyldyratyn gazhap әnderimen halkyn bajytatyn olardyn omir sүruge kushtarlygyn arttyratynShәmshi Қaldayakov pioninony da dombyrany da zhosylta tartatyn edi Birak dombyrany ekpindete topelep tartkanyn korgen emespiz Bir әsem әuendi sherte bastajtyn da konyrlata bylkyldata ala zhoneletin Қyskasha ajtkanda tula bojy tungan oner bolatyn Қazaktyn muzyka onerinde Shәmshinin orny erekshe 300 ge zhuyk әni bar Sh Қaldayakov keudesin kagyp men atakty kompozitormyn dep bir sәtte maktangan zhan emes Қashanda ozinin karapjymdylygymen izgiligi mol adam retinde bүkil kazak halkynyn zhүreginen mәngi oryn aldy Өzinin shygargan oleninin biri Tamdy aruy Shәmshi aganyn kalyn zhurtka mahabatty zhyrlagan kompozitor retinde belgili Tamdy aruy mahabbat zhajly bolganymen ol mahabbat bostandygyn ansap zhazylgan әn Yagni zhas zhigittin basynan otken kajgyly okigaga sebep bolgan Bul mahabbat bostandygyn ansagan әndi Shәmshi agamyz ozinin sheberligimen dүniege әkeldi Al Sagynyshym menin әninde erekshe ansau teren tolgau bar Ajta bersek әr әnnin ozindik tarihi syry bar En bir koshpeli tarih әn tarihy Keshegi Kәribaevtyn Zhambyl valsimen kanagattangan lektin ruhani koshi nebir ajmandaj daryndarmen daralanyp sәn saltanaty askan keleshektin korkem kelbetin koz aldymyzga keltire bilgen nurly koshi edi Kosh zhuan ortasynan ojyp oryn algan kompozitordyn biri әri biregeji de Shәmshi Қaldayakov bolatyn Shәmshinin tagdyryn da birtuar tutas bir tagdyr iesinin 18 zhyl songy zhyldarynda osy topyrakta gazhajyp shygarmashylyk gumyr keshki Mojynkumda auylym Dүngen kyzy Fosforly Zhambyl sekildi atakty әnderi osynda dүnie esigin ashyp tortkүl dүniege tarady Әu basta Shymkent onirinde atakty әnderi osynda dүnie esigin ashyp tortkүl dүniege tarady Әu basta Shymkent onirinde bastalgan Shәmshi Қaldayakov atyndagy Halykaralyk әn festivali Zhambylda zhalgasyn tauyp talaj talanttardyn tusauyn kesti Shyn talanttyn gazhajyp darynnyn shapagaty tidi degen osy Daryny iisi kazakka ortak Shәmshidej ayauly zhannyn әn gumyry әli talaj urpaktyn oj bilimimen parasatymen zhanasha zhangyryp zhalgasyn taba bereri sozsiz Bul enbekti sol tokken terdin tol basy Taraz tojyna tartu dep kabyldauymyz lәmiz Қazak oneri orny tolmas kazaga dushar boldy 1992 zhyly 29 akpanda zhasy 62 ge karagan shagynda uzakka sozylgan auyr naukastan kornekti halyk әrtisi Sh Қaldayakov koz zhumdy Shygarmashylyk zhumyspen 1950 zhyldardan bastap ajnalyskan 1956 1962 zhyldarda Almaty konservatoriyasynda okydy Shәmshinin tunyp turgan syr shyndygymen shynajylylygymen zhәne sezimge teren bojlauymen erekshelenetin algashky әnderinin ozi kompozitordyn atyn elge zhajyp halyktyn sүjikti perzentine ajnaldyrdy 40 zhyldan astam shygarmashylyk kyzmetinde Sh Қaldayakovtyn 300 ge zhuyk muzykalyk tuyndy zhazdy Olardyn deni әn zhanrynda Sh Қaldayakovtyn ozinin kajtalanbas kol tanbasy halyktyn boyauy kanyk talantymen kazak halkynyn kazirgi әnin onerin biik beleske koterdi Қazak dalasyn әnmen terbetken Sh Қaldayakovtyn tagdyry men gumyryna osy tort zhol olen tүgelimen arnalgandaj Onyn әnderinsiz eshbir mereke de eshbir toj duman da otpejdi Onyn әnderin enbektegen baladan bastap enkejgen kәrige dejin shyrkajdy Al Shәmshi aga degen soz Әn aga degen sozben tutasyp sinonim bolyp ketkeli kashan Tanymal әnder zhazudagy tabysy үshin kompozitor 1965 zhyly Қazakstan Komsomol syjlygyn aldy Al 1991 zhyly ogan Қazakstan Respublikasynyn Halyk artisi Қazak muzyka onerine koskan үlesiҚaldayakov ulttyk muzyka onerinin әn zhanryna asa ajkyn songy lep ala kelgen sazger retinde korindi Onyn әnderi kulakka zhagymdy zhүrekke zhyly kabyldanyp zhurtshylyktyn sүjispenshiligine bolendi Kompozitor shygarmalarynyn takyryptyk mazmundyk aukymy asa ken Elge zherge Otanga ata anaga zharga dos zharanga degen sүjispenshilik Shәmshi shygarmalarynyn basty takyryby Onyn azamattyk lirikaga tungan respublikamyzdyn ken bajtak zherin zhyrga kosatyn Shәmshi Қaldayakovtyn Almatyda Respublika sarajynyn soltүstik zhagyna kojylgan eskertkishi Ak erke Ak Zhajyk Arys zhagasynda Syr suluy Zharkyrajdy Zhezkazgan Қarkaraly Fosforly Zhambyl Bajkonyr Taldykorgan әnim menin Yrysty olke Shardara Otan Teriskej Mojynkumda Otyrardagy toj Kogildir Kokshe Өmir ozen t b tuyndylaryn zhurtshylyk erekshe ykylaspen kabyldady Kompozitordyn marsh ekpindi zhigerli shattykpen shyrkalatyn Menin Қazakstanym Tenizde tolkynda Bakyt kushagynda Bәrinen de sen sulu siyakty әnderi halyk arasyna keninen tarady Akmandajlym Aksunkarym Қajdasyn Erkezhan Ana turaly zhyr Қushak zhajgan kandaj adam Қajykta Қyz sagynyshy Ak bantik Keshikpej kelem dep en Қuanysh valsi Әnim sen edin Sagynyshym menin әnderi R Baglanova R Abdullin B Tolegenova R Musabaev Z Қojshybaeva t b әnshilerdin repertuarynan berik oryn aldy Қaldayakov artynda mol muzykalyk mura kaldyrdy MarapattaryRespublika zhastar syjlygynyn iegeri boldy 1965 Shәmshi esimi el esindeShymkent kalasyndagy Shәmshi sayabagynda ornatylgan Shәmshi eskertkishi 1992 zhyldan bastap sazgerler men әnshiler үshin Қaldayakov atyndagy halykaralyk bajkau festival dәstүrli tүrde otkizilip turady Shymkent kalasynda oblystyk filarmoniya bir koshe Almaty kalasynda bir koshe kompozitor tugan olke Shәuildir auylyndagy muzyka mektebi Қaldayakov esimimen atalady Shymkent filarmoniyasynyn aldyna Қaldayakov eskertkishi ornatylgan 1991 zhyly Қaldayakov zhajly gumyrnamalyk Zhyldarym menin zhyrlarym me nin rezh T Ahmetov degen derekti telefilm tүsirildi Shәmshigumyr estelikter men makalalar zhinagy zharyk kordi 2002 ShygarmalaryӘnder A 1967 Bakyt kushagynda Әnder zhinagy A 1971 Sagynyshym menin Әnder A 1978 Menin Қazakstanym Әnder A 1981 Shәmshi әlemi Әnder A 2000 Derekkozderhttps abai kz post 55971 Tarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8Syrtky siltemelerShӘMShI TABIҒATYNYҢ ShYҢY MEN ShATҚALY Muragattalgan 23 kantardyn 2022 zhyly Shәmshi Қaldayakov Meni izdep kelgen ayagynnan ajnalajyn Zhәmila Қaldayakova Shәmshi eshkashan otbasynyn shyrkyn buzgan adam emes Muragattalgan 23 kantardyn 2022 zhyly Shymkentte Shәmshi eskertkishine gүl shoktary kojyldyOsy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet