Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |
Қазақ мифологиясы — Ежелгі мифтердің ертегілер мен аңыздардан айырмашылығы, мифтердің мазмұнында ертедегі халықтардың жаратылыстық-ғылыми және тарихи таным-түсініктері көбірек ұшырасады. Бұған мысал ретінде жердің жаратылуы жайлы немесе барлық тіршілік атаулының «әлемдік жұмыртқадан» шығуы жайындағы көне , болмаса жер жүзін топан су басуы туралы мифті келтіруге болады. Алғашқы мифтер өте бағзы замандарда пайда болған, содан әрбір жаңа мыңжылдық сайын қарапайымнан күрделіге қарай сатылап даму дәуірлерін өткерген. Мифтер – адамдардың дүниетанымының көрінісі. Солар арқылы жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы жөніндегі мыңдаған жылдар бұрынғы түсінік, көзқарастар бізге жетіп отыр. Ертедегі адамның санасы мифологиялық сипатта болған. Сол замандарда табиғат құбылыстарын түсіндіру үшін абыздар мифтерді пайдаланған, мифтік бейнелер арқылы жаратылыстың сырлары мен шығу тегін ұғуға тырысқан. Қазақтар жақсылық істерді басқаратындарын аруақ, періште, т. б. десе, жамандық істерді басқаратындарын пері, шайтан, жын, албасты, жезтырнақ т. б. деп атайды. Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Төрт түлікті аса қадірлеп, қасиет тұтып, оларды барынша дәріптеп, бүкіл өмір тіршілігінің қуанышы мен ренішін, өзіндік дүниетанымын, рухани-мәдени өмірін, әдет-ғұрпын солармен байланыстырады. Ерте замандарда қазақтар әр түлік малдың өз алдына бөлек-бөлек «бақташы иелері» бар деп сенетін. Қойдың «Шопан ата», түйенің «, сиырдың «, жылқының «, ешкінің « деген «иелері» бар деп есептейді. Бұл аталған есімдердің барлығы – бір кездері данышпан, әулиелігімен есімі елге жайылған тұлғалар. Қазақ халқының ұғым-түсінігінде Қыдыр сәттілік пен бақ беруші, көбіне иман жүзді қарт түрінде бейнеленіп, өзін көзімен көру сәті түскендерге бақыт сыйлаушы ретінде суреттеледі. Яғни, күнделікті кездесетін адамдардың арасында Қыдыр-ата болуы мүмкін: ол әр түрлі кейіпте (көбіне кедей адам секілді) жүреді. Одан сый алу үшін кез келген адамға, оның әлеуметтік мансап-мәртебесі мен байлығына, киіміне, түр-әлпетіне қарамай, қонақжайлық көрсету керек (өйткені ол Қыдыр болып шығуы мүмкін). "Қырықтың бірі Қыдыр” сөзінің астарынан осындай түсініктен туындаған моральдық факторды көруге болады. Қыдыр (Қызыр) ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Міне сондықтан әр үй Қыдыр атаның жолын күтіп, өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші-сыртын, қора-қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп немесе бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан. Жындардың, албастылардың, шайтандар мен басқа да мифологиялық мақұлықтардың пайда болу туралы мынадай әңгімелер айтылады. Адам ата мен Хауа ананың арасында адамның кімнен жаратылғандығы жөнінде талас туады: Хауа ана «менен» десе, Адам ата «жоқ, менен» дейді. Қайсысының сөзі рас болып шығатынына көздерін жеткізу үшін екеуі ұрықтарын бөлек-бөлек жинайды. Адам ата ұрығын құмыраға сақтайды, Хауа ана мақтаға орап қояды. Белгілі бір уақыт өткен соң қараса, құмыра ішінде адам пайда болған екен, мақтаның ішінде де бірдеңе жыбырлайды. Бірақ ол адам емес, дию, жын, пері болып шығады. Албасты, жын-шайтанның әйелге үйір келетіні де осыдан дейді.
Адам өлгеннен кейін аруаққа, тәнсіз рухқа, Құдайдың қызметшісіне, оның әмірін орындаушыға, жердегі тірлігіндегі өзімен туыстас ру мен тайпаның желеп-жебеушісіне айналады. Аруақ деп о дүниеге ерте кеткен туыс, бабаларды айтады. Қасиет тұтылатын аруақтар – атақты адамдардың, данагөйлердің, билер мен батырлардың аруақтары. Сонымен бірге әрбір адамның өзінің қолдаушы аруағы болады деп есептеледі, ал, кейде олар бірнешеу болады.
Дию- (Дәу) – қиял-ғажайып ертегінің кейіпкері. Диюды кейде қазақ ертегілерінде дәу деп те атайды. Қазақта дәу ертегіде кездеседі, ол алып денелі, жалғыз көзді, кейде екі басты, үсті түкті құбыжық кейпінде, демек оның бойында хаостың қалдығы бар. Ол ертегіде әйелдерді ұрлайды, оны зорлықпен иеленіп отырады, иен таудың үңгірінде өмір сүреді, адамның етін жейді, қара күштің иесі, аңғал, сонымен бірге адамға жат әрекетке баратын қатігез кейіпкер.
Шайтан— діни танымда Құдайдың қаһарына ұшыраған, адамды азғырып аздыратын, өзімен бірге тозаққа әкетуді мақсат ететін пері. Шайтан оттан жаратылған, Ібілістің бұйрығын орындаушылар. Адам баласына тек дұшпандық ойлайды, бірақ оның дұшпандығының өзі Рахымды Құдайдың құдіретімен адамның рухани толысуына қызмет етуі мүмкін. Әрбір адамның бойында періштесімен қатар өзінің Шайтаны болады. Шайтан адамның бойындағы нәпсілік құштарлықтарын қоздыру арқылы әрекет жасайды, күнәлі істерге бастап, құлшылығына кедергі жасайды, адамды түзу жолдан тайдыруға, сөйтіп, түбінде тозаққа түсуге итермелейді. «Мен адам ұрпақтарын алдынан, артынан, оңынан, солынан келіп, азғырамын. Ей, Раббым, сен өзіңнің құлдарыңның көбін, берген нығметтеріңнің қадірін біліп, шүкіршілігін қылатындардың қатарынан таппайсың» (әл-Ағраф сүресі, 17-аят) деген Шайтаннан пана табудың жолы Алла есімін көп еске алып, зікір ету.
Далалы жерлердің өзендерінде, қамысты сай-салаларында, иірімді тұмаларда (кішірек бастау, бұлақ) сұлу арулар – су перілері өмір сүреді. Қазақтар оларды Күлдіргіш деп атайды. Күлдіргіштер су түбінде жасырынады. Сол себептен қамыс пен құрақ өскен жайылма айдын қауіпсіз, тыныш болып көрінеді. Ағаштардың жуан діндерін аймалаған су ақырын ағып жатады. Қайраңды саланың мөлдір суында серке балықтардың шорши жүзгені жоғарыдан байқалып тұрады. Осындай аялы да саялы жерлерде қауіп бар деп ешкім ойламайды. Тұңғиықта, сарғыш қоңыр өзен балдырында Күлдіргіш жасырынатынын біле бермейді. Перілер жалаңаш келіп, шомылып жүрген жас жігіттерді қызықтырып, арбайды, еліктіріп, қастарына шақырады. Жігіт жақындай бергенде жармаса кетіп, ұзын қолдарымен мойындарынан орай қысып, өлгенше қытықтап, су түбіне, балдырлы түнекке тартып әкетеді.
Албасты- су тылсымына байланысты әзәзіл пері. Албастылар өзен-көлдердің маңайын мекен етіп, ақ шашы жалбыраған, емшегі арқасынан асып салбыраған ұсқынсыз әйел кейпінде көрінеді. Әдетте, ол жағалауда жайбарақат шашын тарап отырады. Албастылар жансыз заттар мен жануарлар кейпіне енеді деген нанымдар бар. Ең қаскүнем зиянкес албастылар қара, қалғандары сары болады. Олардың қолында әрқашан да сиқырлы кітап, тарақ, күміс теңге жүреді. Албастының күйеуі – әзәзіл Теміртөс сайтан. Ол – орманда мекендейтін пері. Албастылар адамның түсіне еніп, шошытып, ауруға шалдықтырады. Әсіресе, жас босанған әйелдер мен жаңа туған сәбилерге өш.
Жезтырнақ – имек жез мұрынды, үлкен жез тырнақты, сұлу жас әйел кейпіндегі жын-пері тектес мақұлық. Жезтырнақ ғаламат зор қара күш иесі, ащы даусы жер жаңғырықтырады. Өзінің айқайымен ол құстар мен ұсақ хайуанаттарды өлтіре береді. Кейбір мифтік ертегілерде жолы болғыш аңшылар жезтырнақтарды айламен жеңеді. Сондай аңыздардың бірінде іңір қараңғысында бір жас келіншектің алаулатып от жағып отырған аңшының қасына келгені баяндалады. Аңшы оны дәмге шақырады. Ол үнемі, тіпті тамақ жеп отырғанда да мұрнын жеңімен көлегейлей бергеніне қарап әйелдің пері екенін аңғарады. Әйел кеткеннен кейін аңшы оттың қасына бөрене тастап, оны өз киімімен жабады да, мылтығын оқтап, ағаш басына шығады. Түнде жезтырнақ қайтып келіп, бөренені тарпа бас салады, тырнағы ағашқа бойлай кіріп кетеді. Сол кезде аңшы әзәзілді дәл көздеп атып өлтіреді.
Жауыз пері обыр түнде молаларды кезіп, өлген кісілердің мәйіттерін қазып жейді. Көбіне-көп обыр – қаусаған өлмелі кемпір. Ол қараңғы түнде келіп, тауықтың жұмыртқасын ұрлайды, сиырдың сүтін еміп қояды, қорада тұрған малды айдап әкетеді. Кейбір обыр ұйықтап жатқан адамдардың қанын соратын қансорғыш қара мысыққа айналады. Зұлым адамның жаны обыр болады. Ол тыншымай, адамдардың зәре-құтын алып, берекесін қашырады.
Ұсқынсыз жәдігөй Мыстан кемпір адамдарға көп жамандық жасайды. Мыстан балаларды ауыстырып қояды, бәйгелерде тұлпарды қулықпен басып озбақ болады. Өзі жер асты патшалығында ұстайтын тұтқындарды жейді, дәудің ұлдарымен бірге өлілер мен тірілер әлемінің шекарасындағы о дүниенің, Еркіліктің жер асты патшалығының есігін күзетеді. Кейбір мифтерде Жалмауыз кемпір – қорқынышты құбыжық. Бұл әзәзіл адам тұрағынан аулақ, таулар мен ормандарда өмір кешеді. Алба-жұлба киінеді.
Ит мұрыны өтпес ормандарда, көнерген тау соқпақтарында, адам аяғы сирек басатын ми батпақтар арасында жауыз орман перісі – Көнаяқ тіршілік етеді. Аяқтарының орнында қайыс белбеу болады. Өздері адам ұшырасқанша тырп етпей күтіп жатады екен. Меңіреу жыныс орман ішінде адам келе жатса, кенет алдынан шыға келіп, таңырқаған жолаушыны атымен атап, жайма-шуақ сөйлесіп, жол көрсетуге уәде береді. Сөйтіп, сенімге кіріп алған Көнаяқ қалжыраған жолаушыға қарғып мініп, оны қайысымен байлап-матап, әбден әлі құрып, өлесі болып құлағанынша қуалап мініп жүреді.
От – Ұмай Тәңір-Ананың адамға сыйлаған жылуы мен ризығын бейнелейтін құдірет (ежелгі түркілер солай деп санаған). От-Ана құдайы Ұмай Тәңір-Ананың табанынан жаралған. Оның әкесі – құрыш, шешесі – шақпақ тас. От-Ана адамның үйінде, ошағында өмір сүреді. Адамдардың жаратылып, өмірге келуі От-Ананың желеп-жебеуімен болады. Қазақтардың отбасында жаңа түскен жас келін алғаш табалдырықтан аттағанда, күйеу жігіттің анасы немесе басқа бір егде әйел алақанын отқа жылытып, сонымен қалыңдықтың бетінен сипайды. Табиғат пен тіршілік – адам қиялының қайнар көзі. Мифтерде халықтың шынайы тұрмыс-тіршілігі де, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастар да көрініс тапқан.
Дереккөздер
Тағы қараңыз
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna sәjkes bolu үshin zhetildiru kazhet Osy makalany әri karaj damytuga komektesiniz Қazak mifologiyasy Ezhelgi mifterdin ertegiler men anyzdardan ajyrmashylygy mifterdin mazmunynda ertedegi halyktardyn zharatylystyk gylymi zhәne tarihi tanym tүsinikteri kobirek ushyrasady Bugan mysal retinde zherdin zharatyluy zhajly nemese barlyk tirshilik ataulynyn әlemdik zhumyrtkadan shyguy zhajyndagy kone bolmasa zher zhүzin topan su basuy turaly mifti keltiruge bolady Algashky mifter ote bagzy zamandarda pajda bolgan sodan әrbir zhana mynzhyldyk sajyn karapajymnan kүrdelige karaj satylap damu dәuirlerin otkergen Mifter adamdardyn dүnietanymynyn korinisi Solar arkyly zher betindegi tirshiliktin pajda boluy zhonindegi myndagan zhyldar buryngy tүsinik kozkarastar bizge zhetip otyr Ertedegi adamnyn sanasy mifologiyalyk sipatta bolgan Sol zamandarda tabigat kubylystaryn tүsindiru үshin abyzdar mifterdi pajdalangan miftik bejneler arkyly zharatylystyn syrlary men shygu tegin uguga tyryskan Қazaktar zhaksylyk isterdi baskaratyndaryn aruak perishte t b dese zhamandyk isterdi baskaratyndaryn peri shajtan zhyn albasty zheztyrnak t b dep atajdy Қazak ezhelden mal sharuashylygymen ajnalyskan halyk Tort tүlikti asa kadirlep kasiet tutyp olardy barynsha dәriptep bүkil omir tirshiliginin kuanyshy men renishin ozindik dүnietanymyn ruhani mәdeni omirin әdet gurpyn solarmen bajlanystyrady Erte zamandarda kazaktar әr tүlik maldyn oz aldyna bolek bolek baktashy ieleri bar dep senetin Қojdyn Shopan ata tүjenin siyrdyn zhylkynyn eshkinin degen ieleri bar dep eseptejdi Bul atalgan esimderdin barlygy bir kezderi danyshpan әulieligimen esimi elge zhajylgan tulgalar Қazak halkynyn ugym tүsiniginde Қydyr sәttilik pen bak berushi kobine iman zhүzdi kart tүrinde bejnelenip ozin kozimen koru sәti tүskenderge bakyt syjlaushy retinde suretteledi Yagni kүndelikti kezdesetin adamdardyn arasynda Қydyr ata boluy mүmkin ol әr tүrli kejipte kobine kedej adam sekildi zhүredi Odan syj alu үshin kez kelgen adamga onyn әleumettik mansap mәrtebesi men bajlygyna kiimine tүr әlpetine karamaj konakzhajlyk korsetu kerek ojtkeni ol Қydyr bolyp shyguy mүmkin Қyryktyn biri Қydyr sozinin astarynan osyndaj tүsinikten tuyndagan moraldyk faktordy koruge bolady Қydyr Қyzyr ata bүkil halyktyn kamkory olarga zhaksylyk zhasaushy yrys kut nesibe әkelushi bakyt bereke omir syjlaushy kasiet iesi kemenger әulie koripkel zharylkaushy kart Ol Ұlystyn uly kүninde әr elge kelip әr shanyrakka sogyp bata beredi Mine sondyktan әr үj Қydyr atanyn zholyn kүtip ozderinin zhanyn da tәnin de kier kiim ydysy men bujymdaryn da taza ustauga tyrysady Үjdin ishi syrtyn kora kopsyny tazartyp agash egip osimdikke su kuyady Musylman kauymy mundaj үjge Қydyr ata tүnep nemese bata berip ketedi dep tүsingen Қydyr kongan Қydyr darygan degen sozder osyndajdan shykkan Zhyndardyn albastylardyn shajtandar men baska da mifologiyalyk makulyktardyn pajda bolu turaly mynadaj әngimeler ajtylady Adam ata men Haua ananyn arasynda adamnyn kimnen zharatylgandygy zhoninde talas tuady Haua ana menen dese Adam ata zhok menen dejdi Қajsysynyn sozi ras bolyp shygatynyna kozderin zhetkizu үshin ekeui uryktaryn bolek bolek zhinajdy Adam ata urygyn kumyraga saktajdy Haua ana maktaga orap koyady Belgili bir uakyt otken son karasa kumyra ishinde adam pajda bolgan eken maktanyn ishinde de birdene zhybyrlajdy Birak ol adam emes diyu zhyn peri bolyp shygady Albasty zhyn shajtannyn әjelge үjir keletini de osydan dejdi Adam olgennen kejin aruakka tәnsiz ruhka Қudajdyn kyzmetshisine onyn әmirin oryndaushyga zherdegi tirligindegi ozimen tuystas ru men tajpanyn zhelep zhebeushisine ajnalady Aruak dep o dүniege erte ketken tuys babalardy ajtady Қasiet tutylatyn aruaktar atakty adamdardyn danagojlerdin biler men batyrlardyn aruaktary Sonymen birge әrbir adamnyn ozinin koldaushy aruagy bolady dep esepteledi al kejde olar birnesheu bolady Diyu Dәu kiyal gazhajyp erteginin kejipkeri Diyudy kejde kazak ertegilerinde dәu dep te atajdy Қazakta dәu ertegide kezdesedi ol alyp deneli zhalgyz kozdi kejde eki basty үsti tүkti kubyzhyk kejpinde demek onyn bojynda haostyn kaldygy bar Ol ertegide әjelderdi urlajdy ony zorlykpen ielenip otyrady ien taudyn үngirinde omir sүredi adamnyn etin zhejdi kara kүshtin iesi angal sonymen birge adamga zhat әreketke baratyn katigez kejipker Shajtan dini tanymda Қudajdyn kaһaryna ushyragan adamdy azgyryp azdyratyn ozimen birge tozakka әketudi maksat etetin peri Shajtan ottan zharatylgan Ibilistin bujrygyn oryndaushylar Adam balasyna tek dushpandyk ojlajdy birak onyn dushpandygynyn ozi Rahymdy Қudajdyn kudiretimen adamnyn ruhani tolysuyna kyzmet etui mүmkin Әrbir adamnyn bojynda perishtesimen katar ozinin Shajtany bolady Shajtan adamnyn bojyndagy nәpsilik kushtarlyktaryn kozdyru arkyly әreket zhasajdy kүnәli isterge bastap kulshylygyna kedergi zhasajdy adamdy tүzu zholdan tajdyruga sojtip tүbinde tozakka tүsuge itermelejdi Men adam urpaktaryn aldynan artynan onynan solynan kelip azgyramyn Ej Rabbym sen ozinnin kuldarynnyn kobin bergen nygmetterinnin kadirin bilip shүkirshiligin kylatyndardyn katarynan tappajsyn әl Agraf sүresi 17 ayat degen Shajtannan pana tabudyn zholy Alla esimin kop eske alyp zikir etu Dalaly zherlerdin ozenderinde kamysty saj salalarynda iirimdi tumalarda kishirek bastau bulak sulu arular su perileri omir sүredi Қazaktar olardy Kүldirgish dep atajdy Kүldirgishter su tүbinde zhasyrynady Sol sebepten kamys pen kurak osken zhajylma ajdyn kauipsiz tynysh bolyp korinedi Agashtardyn zhuan dinderin ajmalagan su akyryn agyp zhatady Қajrandy salanyn moldir suynda serke balyktardyn shorshi zhүzgeni zhogarydan bajkalyp turady Osyndaj ayaly da sayaly zherlerde kauip bar dep eshkim ojlamajdy Tungiykta sargysh konyr ozen baldyrynda Kүldirgish zhasyrynatynyn bile bermejdi Periler zhalanash kelip shomylyp zhүrgen zhas zhigitterdi kyzyktyryp arbajdy eliktirip kastaryna shakyrady Zhigit zhakyndaj bergende zharmasa ketip uzyn koldarymen mojyndarynan oraj kysyp olgenshe kytyktap su tүbine baldyrly tүnekke tartyp әketedi Albasty su tylsymyna bajlanysty әzәzil peri Albastylar ozen kolderdin manajyn meken etip ak shashy zhalbyragan emshegi arkasynan asyp salbyragan uskynsyz әjel kejpinde korinedi Әdette ol zhagalauda zhajbarakat shashyn tarap otyrady Albastylar zhansyz zattar men zhanuarlar kejpine enedi degen nanymdar bar En kaskүnem ziyankes albastylar kara kalgandary sary bolady Olardyn kolynda әrkashan da sikyrly kitap tarak kүmis tenge zhүredi Albastynyn kүjeui әzәzil Temirtos sajtan Ol ormanda mekendejtin peri Albastylar adamnyn tүsine enip shoshytyp auruga shaldyktyrady Әsirese zhas bosangan әjelder men zhana tugan sәbilerge osh Zheztyrnak imek zhez muryndy үlken zhez tyrnakty sulu zhas әjel kejpindegi zhyn peri tektes makulyk Zheztyrnak galamat zor kara kүsh iesi ashy dausy zher zhangyryktyrady Өzinin ajkajymen ol kustar men usak hajuanattardy oltire beredi Kejbir miftik ertegilerde zholy bolgysh anshylar zheztyrnaktardy ajlamen zhenedi Sondaj anyzdardyn birinde inir karangysynda bir zhas kelinshektin alaulatyp ot zhagyp otyrgan anshynyn kasyna kelgeni bayandalady Anshy ony dәmge shakyrady Ol үnemi tipti tamak zhep otyrganda da murnyn zhenimen kolegejlej bergenine karap әjeldin peri ekenin angarady Әjel ketkennen kejin anshy ottyn kasyna borene tastap ony oz kiimimen zhabady da myltygyn oktap agash basyna shygady Tүnde zheztyrnak kajtyp kelip boreneni tarpa bas salady tyrnagy agashka bojlaj kirip ketedi Sol kezde anshy әzәzildi dәl kozdep atyp oltiredi Zhauyz peri obyr tүnde molalardy kezip olgen kisilerdin mәjitterin kazyp zhejdi Kobine kop obyr kausagan olmeli kempir Ol karangy tүnde kelip tauyktyn zhumyrtkasyn urlajdy siyrdyn sүtin emip koyady korada turgan maldy ajdap әketedi Kejbir obyr ujyktap zhatkan adamdardyn kanyn soratyn kansorgysh kara mysykka ajnalady Zulym adamnyn zhany obyr bolady Ol tynshymaj adamdardyn zәre kutyn alyp berekesin kashyrady Ұskynsyz zhәdigoj Mystan kempir adamdarga kop zhamandyk zhasajdy Mystan balalardy auystyryp koyady bәjgelerde tulpardy kulykpen basyp ozbak bolady Өzi zher asty patshalygynda ustajtyn tutkyndardy zhejdi dәudin uldarymen birge oliler men tiriler әleminin shekarasyndagy o dүnienin Erkiliktin zher asty patshalygynyn esigin kүzetedi Kejbir mifterde Zhalmauyz kempir korkynyshty kubyzhyk Bul әzәzil adam turagynan aulak taular men ormandarda omir keshedi Alba zhulba kiinedi It muryny otpes ormandarda konergen tau sokpaktarynda adam ayagy sirek basatyn mi batpaktar arasynda zhauyz orman perisi Konayak tirshilik etedi Ayaktarynyn ornynda kajys belbeu bolady Өzderi adam ushyraskansha tyrp etpej kүtip zhatady eken Menireu zhynys orman ishinde adam kele zhatsa kenet aldynan shyga kelip tanyrkagan zholaushyny atymen atap zhajma shuak sojlesip zhol korsetuge uәde beredi Sojtip senimge kirip algan Konayak kalzhyragan zholaushyga kargyp minip ony kajysymen bajlap matap әbden әli kuryp olesi bolyp kulaganynsha kualap minip zhүredi Ot Ұmaj Tәnir Ananyn adamga syjlagan zhyluy men rizygyn bejnelejtin kudiret ezhelgi tүrkiler solaj dep sanagan Ot Ana kudajy Ұmaj Tәnir Ananyn tabanynan zharalgan Onyn әkesi kurysh sheshesi shakpak tas Ot Ana adamnyn үjinde oshagynda omir sүredi Adamdardyn zharatylyp omirge kelui Ot Ananyn zhelep zhebeuimen bolady Қazaktardyn otbasynda zhana tүsken zhas kelin algash tabaldyryktan attaganda kүjeu zhigittin anasy nemese baska bir egde әjel alakanyn otka zhylytyp sonymen kalyndyktyn betinen sipajdy Tabigat pen tirshilik adam kiyalynyn kajnar kozi Mifterde halyktyn shynajy turmys tirshiligi de adamdar arasyndagy ozara karym katynastar da korinis tapkan DerekkozderTagy karanyz