Жатаған шырша, шренк шыршасы (Pіcea schrenkіana) — қарағай тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, өте сирек кездесетін ағаш. Теңіз деңгейінен биіктігі 2800 — 3100 м, ұсақ тасты, жартасты тау беткейлерінде бірыңғай шыршалы кейде сібір самырсынымен аралас орман құрап өседі. Жатаған шырша 1842 жылы Жетісу (Жоңғар) Алатауында табылған. Биіктігі 150 — 250 см-ден 40 метрге дейін, жуандығы 2 метрге жетеді. Діңінің қабығы — қоңырқай сұрғылт түсті, қабыршақтанып оңай сылынады. Қылқаны (жапырақтары) 4 қырлы, үшкір, ұзындығы 2 — 3,5 см, ені 2,0 мм-дей, ұзарған өркенінің қабық төмпешіктеріне бір-бірден бекінеді. Жапырақтары түскенде төмпешіктері сақталып қалады. Бүрі сопақша, цилиндр пішінді, ұзындығы 8 — 10 см, жуандығы 2,5 — 4 см. Жеміс жапырақтары, көбінесе, бүрлерінде орналасады. Мамыр айында гүлдейді. Вегетативтік (өсімді) жолмен көбейеді. Тұқымы — майда, қоңырқай түсті, жұқа қанатшалы өсіндісі арқылы желмен таралады, тамыз — қыркүйекте піседі. Алғашқы 15 жылда баяу (жылына 5 — 25 см) содан кейін тез өседі. 250 — 300 жыл жасайды. Жатаған шырша сүрегінен бағалы жасалынады, құрылысқа пайдаланады. Жатаған шырша тау беткейіндегі топырақты шайылудан қорғайды. Жылдан жылға санының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Сілтеме
Қазақ энциклопедиясы
Бұл — ботаника бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhatagan shyrsha shrenk shyrshasy Picea schrenkiana karagaj tukymdasyna zhatatyn mәngi zhasyl ote sirek kezdesetin agash Teniz dengejinen biiktigi 2800 3100 m usak tasty zhartasty tau betkejlerinde biryngaj shyrshaly kejde sibir samyrsynymen aralas orman kurap osedi Zhatagan shyrsha 1842 zhyly Zhetisu Zhongar Alatauynda tabylgan Biiktigi 150 250 sm den 40 metrge dejin zhuandygy 2 metrge zhetedi Dininin kabygy konyrkaj surgylt tүsti kabyrshaktanyp onaj sylynady Қylkany zhapyraktary 4 kyrly үshkir uzyndygy 2 3 5 sm eni 2 0 mm dej uzargan orkeninin kabyk tompeshikterine bir birden bekinedi Zhapyraktary tүskende tompeshikteri saktalyp kalady Bүri sopaksha cilindr pishindi uzyndygy 8 10 sm zhuandygy 2 5 4 sm Zhemis zhapyraktary kobinese bүrlerinde ornalasady Mamyr ajynda gүldejdi Vegetativtik osimdi zholmen kobejedi Tukymy majda konyrkaj tүsti zhuka kanatshaly osindisi arkyly zhelmen taralady tamyz kyrkүjekte pisedi Algashky 15 zhylda bayau zhylyna 5 25 sm sodan kejin tez osedi 250 300 zhyl zhasajdy Zhatagan shyrsha sүreginen bagaly zhasalynady kurylyska pajdalanady Zhatagan shyrsha tau betkejindegi topyrakty shajyludan korgajdy Zhyldan zhylga sanynyn azayuyna bajlanysty korgauga alynyp Қazakstannyn Қyzyl kitabyna engizilgen SiltemeҚazak enciklopediyasy Bul botanika bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet