Майонез — тазартылған сұйық өсімдік майын, жұмыртқаның сары уызын, сүт порошогін және ерекше дәм мен иіс беретін (қыша, сірке суы, тұз, қант, дәмдеуіш пен дәмдік қоспалар) әр түрлі қоспалар қосып жасайды. Майонезді әр түрлі салқын тағамдарға (көкөніс, балық, ет тағамдары) тұздық ретінде пайдаланады. Майонезді көбінесе сұйық ыстық тағамдардың дәмін келтіруге, бифштекс қуыруға және басқа да кулинариялық қажеттері пайдаланады. Майонез тәбет ашады. Өнеркәсіп орындары майонездің алуан түрін шығарады. Негізгілері — асханалық және қышқылтым майонездер.
Асханалық майонез
Асханалық майонез — Провансаль және Сүт майонездері. Құрамында 67% май және 25%-тен аспайтын су, аздап тіл үйіретін нәзік қышқыл дәмі бар. Әуесқойлық майонезде 47% май және 45—45,5% су болады. Өзіне тән иісі мен дәмін келтіру үшін кейбір майонезге әр түрлі дәмдік қоспалар қосады: Көктем майонезіне — укропты эфир майын, «Бұрыш қосылған» майонезге — үгітілген қара бұрыш пен қара бұрыш экстрактын, Ароматты майонезге — петрушка, аскөк және балдыркөк экстрактын, Кавказ майонезіне — қара және қызыл бұрыш, сунельдер т.б. қосады.
Қышқылтым майонез
Қышқылтым майонезге құрамында томат пастасы, қызыл, ащы және тәтті бұрышы бар Огонек майонезі, Южный соусы қосылатын Южный майонезі жатады. Мерекелік майонезінің ерекше дәмі мен иісі болады. Оған қызыл және қара бұрыш, сарымсақ, кориандр, жаңғақ және басқа демдеу іштер қосады. Майонез суға және кейбір сүт өнімдеріне жақсы араласады. Майонездің майлылығын азайтыл та пайдаланады. Қайнаған су, сүт не қаймақ қосып, сыйымдылығы 200 г құтыдағы майонезге 1—2 қасық асханалық сірке суын қосып, кей жағдайда қышқылтым майонез жасайды. Балық және ет тағамдарына қосылатын майонезге 1—2 ас қасық (дәміне қарай) үгітілген желпек қосуға болады. Майонез темір қақпақтармен мықтап жабылатын, сыйымдылығы 200—500 г шыны ыдыстарға, полимер мөлдір пленкалардың арнайы түрлерінен жасалған 100 грамдық пакеттерге, сондай-ақ 50 грамнан 100 грамға дейінгі алюминий сықпаларға салынып шығарылады. Асханалық провансаль майонездерін З°С-дан 7°С-ға дейінгі температурада 30 күн, 7—14°С температурада 20 күнге дейін және 14—18°С температурада 10 күнге дейін сақтауға болады. Ал қоспалар қосылған сүттен жасалған және әуесқойлық майонездердің сақтау мерзімі олардан 1,5—2 есе кем. Қақпағы мықтап жабылған ыдыста майонез өзінің сапасын ұзағырақ сақтайды. Майонез бұзыла бастағанда, бетінде күңгірт қабат пайда болады..
Дереккөздер
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Majonez tazartylgan sujyk osimdik majyn zhumyrtkanyn sary uyzyn sүt poroshogin zhәne erekshe dәm men iis beretin kysha sirke suy tuz kant dәmdeuish pen dәmdik kospalar әr tүrli kospalar kosyp zhasajdy Majonezdi әr tүrli salkyn tagamdarga kokonis balyk et tagamdary tuzdyk retinde pajdalanady Majonezdi kobinese sujyk ystyk tagamdardyn dәmin keltiruge bifshteks kuyruga zhәne baska da kulinariyalyk kazhetteri pajdalanady Majonez tәbet ashady Өnerkәsip oryndary majonezdin aluan tүrin shygarady Negizgileri ashanalyk zhәne kyshkyltym majonezder MajonezAshanalyk majonez Ashanalyk majonez Provansal zhәne Sүt majonezderi Қuramynda 67 maj zhәne 25 ten aspajtyn su azdap til үjiretin nәzik kyshkyl dәmi bar Әueskojlyk majonezde 47 maj zhәne 45 45 5 su bolady Өzine tәn iisi men dәmin keltiru үshin kejbir majonezge әr tүrli dәmdik kospalar kosady Koktem majonezine ukropty efir majyn Burysh kosylgan majonezge үgitilgen kara burysh pen kara burysh ekstraktyn Aromatty majonezge petrushka askok zhәne baldyrkok ekstraktyn Kavkaz majonezine kara zhәne kyzyl burysh sunelder t b kosady Қyshkyltym majonez Қyshkyltym majonezge kuramynda tomat pastasy kyzyl ashy zhәne tәtti buryshy bar Ogonek majonezi Yuzhnyj sousy kosylatyn Yuzhnyj majonezi zhatady Merekelik majonezinin erekshe dәmi men iisi bolady Ogan kyzyl zhәne kara burysh sarymsak koriandr zhangak zhәne baska demdeu ishter kosady Majonez suga zhәne kejbir sүt onimderine zhaksy aralasady Majonezdin majlylygyn azajtyl ta pajdalanady Қajnagan su sүt ne kajmak kosyp syjymdylygy 200 g kutydagy majonezge 1 2 kasyk ashanalyk sirke suyn kosyp kej zhagdajda kyshkyltym majonez zhasajdy Balyk zhәne et tagamdaryna kosylatyn majonezge 1 2 as kasyk dәmine karaj үgitilgen zhelpek kosuga bolady Majonez temir kakpaktarmen myktap zhabylatyn syjymdylygy 200 500 g shyny ydystarga polimer moldir plenkalardyn arnajy tүrlerinen zhasalgan 100 gramdyk paketterge sondaj ak 50 gramnan 100 gramga dejingi alyuminij sykpalarga salynyp shygarylady Ashanalyk provansal majonezderin Z S dan 7 S ga dejingi temperaturada 30 kүn 7 14 S temperaturada 20 kүnge dejin zhәne 14 18 S temperaturada 10 kүnge dejin saktauga bolady Al kospalar kosylgan sүtten zhasalgan zhәne әueskojlyk majonezderdin saktau merzimi olardan 1 5 2 ese kem Қakpagy myktap zhabylgan ydysta majonez ozinin sapasyn uzagyrak saktajdy Majonez buzyla bastaganda betinde kүngirt kabat pajda bolady DerekkozderShanyrak Үj turmystyk enciklopediyasy Almaty Қaz Sov encikl Bas red 1990 ISBN 5 89800 008 9 Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi K54 Қogamdyk tamaktandyru Almaty Mektep baspasy 2007 232 bet ISBN 9965 36 414 1Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet