Иман Дулатұлы (1780, бұрынғы Торғай уезі, Дулаттың Қызыл жары – 1847, Қырғызстан, Кекілік тауы, Майтөбе мекені) — батыр, Ресей отаршыларына қарсы көтеріліс қайраткері, Амангелді Имановтың атасы.
Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Ұзын тармағынан тарайтын кедел руының Бегімбет атасынан. Арғы атасы Қақай, өз әкесі Дулат жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ерлік көрсеткен батырлар болған. Торғай, Жыланшық өзендерінің аңғарын жайлаған. Қазақ халқының соңғы ханы Кенесары Қасымовтың Ресейдің отарлау саясатына қарсы он жылға созылған қарулы көтерілісіне Ахмет сұлтан Жантөрин 1838 жылы өз ауылын шапқаннан кейін келіп қосылған. Ол Кенесары жасағының белді ұйтқысы, әскербасыларының бірі болған. Иман батырдың ақыл-парасатын, адалдығы мен әділдігін, өткірлігі мен табандылығын жоғары бағалаған Кенесары оны Ағыбай батыр, Шоқпар шешен, Сайдақ қожа, інісі Наурызбаймен бірге хан кеңесінің мүшесі еткен. Иманның жасақ алдындағы беделін құрметтеп есімін атамай, “Айеке, Көсем көк, Бозжорға” деп атаған. Осы атақтарына сай Иман батыр да ханға берген сертіне адал, дұшпанына қатал бола білген, қашан да хан жасағының ынтымағы мен бірлігін сақтауға күш салған. Иман батыр көтерілісшілердің Ақмола приказына, Көкалажар қамалына, Айдарлы, Байтоқ қоныстарына шабуылдары, Ұлытау, Торғай, Ырғыз далаларындағы ұрыстары кезінде ерекше ерлік көрсеткен. 1847 жылы бірқатар қазақ батырлары аттарының басын кері бұрғанда берген антынан таймай, ханмен бірге қырғыз манабы Орманға қарсы Кекілік тауының шығыс беткейіндегі шайқаста, қазіргі Тоқмақ қаласының маңындағы Майтөбе деген жерде қолға түсіп, қаза тапқан. Осы соғыста Иман батырмен бірге оның туған бауырлары Тауық, Кейкі, Қарауыл және үлкен ұлы Бердәлі де мерт болған. 2000 жылы қыркүйекте Қостанай облысының Амангелді ауданының орталығында Иман батырға ескерткіш орнатылды.
Сілтемелер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Iman Dulatuly 1780 buryngy Torgaj uezi Dulattyn Қyzyl zhary 1847 Қyrgyzstan Kekilik tauy Majtobe mekeni batyr Resej otarshylaryna karsy koterilis kajratkeri Amangeldi Imanovtyn atasy Orta zhүz kuramyndagy Қypshak tajpasynyn Ұzyn tarmagynan tarajtyn kedel ruynyn Begimbet atasynan Argy atasy Қakaj oz әkesi Dulat zhongar shapkynshylygyna karsy kүreste erlik korsetken batyrlar bolgan Torgaj Zhylanshyk ozenderinin angaryn zhajlagan Қazak halkynyn songy hany Kenesary Қasymovtyn Resejdin otarlau sayasatyna karsy on zhylga sozylgan karuly koterilisine Ahmet sultan Zhantorin 1838 zhyly oz auylyn shapkannan kejin kelip kosylgan Ol Kenesary zhasagynyn beldi ujtkysy әskerbasylarynyn biri bolgan Iman batyrdyn akyl parasatyn adaldygy men әdildigin otkirligi men tabandylygyn zhogary bagalagan Kenesary ony Agybaj batyr Shokpar sheshen Sajdak kozha inisi Nauryzbajmen birge han kenesinin mүshesi etken Imannyn zhasak aldyndagy bedelin kurmettep esimin atamaj Ajeke Kosem kok Bozzhorga dep atagan Osy ataktaryna saj Iman batyr da hanga bergen sertine adal dushpanyna katal bola bilgen kashan da han zhasagynyn yntymagy men birligin saktauga kүsh salgan Iman batyr koterilisshilerdin Akmola prikazyna Kokalazhar kamalyna Ajdarly Bajtok konystaryna shabuyldary Ұlytau Torgaj Yrgyz dalalaryndagy urystary kezinde erekshe erlik korsetken 1847 zhyly birkatar kazak batyrlary attarynyn basyn keri burganda bergen antynan tajmaj hanmen birge kyrgyz manaby Ormanga karsy Kekilik tauynyn shygys betkejindegi shajkasta kazirgi Tokmak kalasynyn manyndagy Majtobe degen zherde kolga tүsip kaza tapkan Osy sogysta Iman batyrmen birge onyn tugan bauyrlary Tauyk Kejki Қarauyl zhәne үlken uly Berdәli de mert bolgan 2000 zhyly kyrkүjekte Қostanaj oblysynyn Amangeldi audanynyn ortalygynda Iman batyrga eskertkish ornatyldy Siltemeler Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IV tomBul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet