Жылу электр станциясы — жылу қозғалтқыштары көмегімен жылу энергиясын электр энергиясына айналдыратын энергетикалық өндіріс орны.
Жағылатын отын түріне қарай қатты отынды (көмір, ағаш, шымтезек, жанғыш тақтатас), газды немесе сұйық отынды (мазут, мұнай) жағатын станция болып ажыратылады. Жылу энергиясы жылу қозғалтқышында механикалық энергияға айналдырылады, соңынан электр генераторы арқылы электр энергиясына түрленеді. Пайдаланылатын жылу қозғалтқышының түріне орай жылу электр станциясы бу турбиналы, газ турбиналы, бу-газ турбиналы болып бөлінеді.
Тек электр энергиясын өндіретін ЖЭС конденсациялық турбинамен жабдықталып, конденсациялық электр станциясы (КЭС) деп аталады. Жоғары қуатты КЭС қондырғылары бірнеше блоктардан құралады, блок құрамында бу қазаны, бу турбинасы, электр генераторы және трансформатор болады. Станцияның жалпы қуаты жеке блоктардың қуатына және олардың санына тәуелді. Егер электр энергиясын өндірумен қатар жұмыс жасап шыққан бу жылыту мақсатында пайдаланылатын болса, ол жылу электр орталығы деп аталады.
ЖЭС энергиямен қамтамасыз ету аймақтарының ерекшеліктеріне сәйкес аудандық, қалалық, орталық, өндірістік, коммуналдық және ауылдық болып бөлінеді. Қуатты ЖЭС мемлекеттік аймақтық электр станциясы (МАЭС) деп аталады. ЖЭС сумен жабдықтау жүйелеріне, қуатына, пайдаланылатын будың сипаттамаларына, т.б. ерекшеліктеріне байланысты да әр түрге ажыратыла береді.
Қазақстандағы қуатты жылу электр станцияларының қатарына Қарағанды МАЭС және Жамбыл МАЭС станциялары жатады. Республика бойынша өндірілетін электр энергиясының 80%-на жуығы жылу электр станцияларының үлесіне тиеді.
Дереккөздер
- Қазақ совет энциклопедиясы, 4 том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhylu elektr stanciyasy zhylu kozgaltkyshtary komegimen zhylu energiyasyn elektr energiyasyna ajnaldyratyn energetikalyk ondiris orny Қaragandy MAES Zhagylatyn otyn tүrine karaj katty otyndy komir agash shymtezek zhangysh taktatas gazdy nemese sujyk otyndy mazut munaj zhagatyn stanciya bolyp azhyratylady Zhylu energiyasy zhylu kozgaltkyshynda mehanikalyk energiyaga ajnaldyrylady sonynan elektr generatory arkyly elektr energiyasyna tүrlenedi Pajdalanylatyn zhylu kozgaltkyshynyn tүrine oraj zhylu elektr stanciyasy bu turbinaly gaz turbinaly bu gaz turbinaly bolyp bolinedi Tek elektr energiyasyn ondiretin ZhES kondensaciyalyk turbinamen zhabdyktalyp kondensaciyalyk elektr stanciyasy KES dep atalady Zhogary kuatty KES kondyrgylary birneshe bloktardan kuralady blok kuramynda bu kazany bu turbinasy elektr generatory zhәne transformator bolady Stanciyanyn zhalpy kuaty zheke bloktardyn kuatyna zhәne olardyn sanyna tәueldi Eger elektr energiyasyn ondirumen katar zhumys zhasap shykkan bu zhylytu maksatynda pajdalanylatyn bolsa ol zhylu elektr ortalygy dep atalady ZhES energiyamen kamtamasyz etu ajmaktarynyn erekshelikterine sәjkes audandyk kalalyk ortalyk ondiristik kommunaldyk zhәne auyldyk bolyp bolinedi Қuatty ZhES memlekettik ajmaktyk elektr stanciyasy MAES dep atalady ZhES sumen zhabdyktau zhүjelerine kuatyna pajdalanylatyn budyn sipattamalaryna t b erekshelikterine bajlanysty da әr tүrge azhyratyla beredi Қazakstandagy kuatty zhylu elektr stanciyalarynyn kataryna Қaragandy MAES zhәne Zhambyl MAES stanciyalary zhatady Respublika bojynsha ondiriletin elektr energiyasynyn 80 na zhuygy zhylu elektr stanciyalarynyn үlesine tiedi DerekkozderҚazak sovet enciklopediyasy 4 tom