Еуроазияшылдық — XX ғасырдың 20-жылдары ресейлік эмигранттар арасында пайда болған тарихи-мәдени концепция және оның негізінде қалыптасқан қоғамдық-саяси ағым. Еуроазияшылдық Ресей мәдениетінің өзіндік ерекшеліктеріне басты назар аударады. Оның басты өкіддері Л.П. Карсавин, Н.С. Трубецкой, П.Н. Савицкий, , .
Ресей болашағының даму жолдары мен сипаты жөнінде батысшылдармен және славянофильдермен пікірталас жүргізген (бағдарламалық жинақ: "Шығысқа ауысу. Сезімдер және жасалымдар. Еуроазияшылдық тұжырымдары"). Еуроазияшылдық Ресей орыс этносының ерекшеліктерін славянофильдерден өзгеше дәлелдеген. Бұл ерекшелік, дейді олар, орыс этносының синтетикалық табиғатымен сипатталады. Ресей Батыстан да, Шығыстан да өзгеше, айрықша өркениет типі болып табылады. Бұл еуразиялық мәдени типке, Ресей тарихы мен орыс діліне шығыс "тұрандық", негізінен татар-моңғол жаугершілігінен қалған түркі-татарлық ықпал зор болған. Еуроазияшылдықтар азиялық мемлекеттермен тығыз қарым-қатынасты орнықтыруды жақтаған. Олар Батыс мәдениетіне еліктеуге қарсы шығып, оны "Еуропаға бас ию", "руханисыз штернационализм" деген. Кеңес Одағы тарағаннан кейін еуроазияшылдық идеясы кейбір жаңа тәуелсіз мемлекеттерде де қайтадан жанданды. Мұны бұрынғы тұтас өркениеттілік типке (Кеңес Одағы) тән құндылықтарды аңсау немесе ұлтаралық келісімді тұрақты етуге бағытталған саяси идея деп бағалауға болады.
Дереккөздер
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Euroaziyashyldyk XX gasyrdyn 20 zhyldary resejlik emigranttar arasynda pajda bolgan tarihi mәdeni koncepciya zhәne onyn negizinde kalyptaskan kogamdyk sayasi agym Euroaziyashyldyk Resej mәdenietinin ozindik erekshelikterine basty nazar audarady Onyn basty okidderi L P Karsavin N S Trubeckoj P N Savickij Euraziya Resej bolashagynyn damu zholdary men sipaty zhoninde batysshyldarmen zhәne slavyanofildermen pikirtalas zhүrgizgen bagdarlamalyk zhinak Shygyska auysu Sezimder zhәne zhasalymdar Euroaziyashyldyk tuzhyrymdary Euroaziyashyldyk Resej orys etnosynyn erekshelikterin slavyanofilderden ozgeshe dәleldegen Bul erekshelik dejdi olar orys etnosynyn sintetikalyk tabigatymen sipattalady Resej Batystan da Shygystan da ozgeshe ajryksha orkeniet tipi bolyp tabylady Bul euraziyalyk mәdeni tipke Resej tarihy men orys diline shygys turandyk negizinen tatar mongol zhaugershiliginen kalgan tүrki tatarlyk ykpal zor bolgan Euroaziyashyldyktar aziyalyk memlekettermen tygyz karym katynasty ornyktyrudy zhaktagan Olar Batys mәdenietine elikteuge karsy shygyp ony Europaga bas iyu ruhanisyz shternacionalizm degen Kenes Odagy taragannan kejin euroaziyashyldyk ideyasy kejbir zhana tәuelsiz memleketterde de kajtadan zhandandy Muny buryngy tutas orkeniettilik tipke Kenes Odagy tәn kundylyktardy ansau nemese ultaralyk kelisimdi turakty etuge bagyttalgan sayasi ideya dep bagalauga bolady DerekkozderBiekenov K Sadyrova M Әleumettanudyn tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2007 344 bet ISBN 9965 822 10 7Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet