1850 | |
1900 | |
1950 | |
2002 | |
Адам эволюцияның зерттеуiндегi өрлеу. Гомининның түрлердiң белгiлi ғылымдарының санының үлкеюi әр уақытта. Әрбiр түр бас сүйектi көлемдi өзгертетiн шекара және палеонтологиялық жыл жазғыштағы түрiнiң орыны көрсететiн тiк төртбұрыштың түрiнде көрсетiлген. Түрлердiң арасындағы аралықтардың көруге болатын бiртiндеп толтыруы. |
Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез , эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Чарлз Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді. Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі:
- ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар () саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын;
- эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроптар мен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын;
- ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді.
Австралопитектер бұдан 4,5–1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Оларды антропологтар Л.Лики, Р.Лики (Англия), Д.Джохансон, Т.Уайт (АҚШ), т.б. зерттеді. тегінің бірі – шамамен бұдан 2 млн. жыл бұрын өмір сүрген презинджантроптар. Ғылымда оларды « яғни іскер адам деп атайды. Өйткені олар аз болса да тас, ағаш сынықтарына біршама өңдеулер жасап, құрал ретінде пайдаланған. Адам тегінің келесі даму сатысына архантроптар жатады. Олардың сүйектері Азияда (питекантроп, синантроп), Шығыс және Солтүстік Африкада (атлантроп), Батыс Еуропада (Гейдельберг және Вертешселлеш адамдары) табылған. Бұл дәуірдегі адамдар шель мен алғашқы ашель мәдениеттерін жасаған. Ежелгі адамдардан ертедегі адамдар (палеоантроптар – неандерталь адамы), олардан қазіргі адамдардың арғы тегі кроманьон адамы, есті адам (неоантроптар) пайда болған. Морфология ерекшеліктері бүгінгі адамдарға жақын. Антропогенездік зерттеулері есті адамдарда бұрынғы адам тектерінің кейбір белгілерінің қайталануын (рудимент, атавизм), эмбрионалдық, анатомиялық, биохимиялық, т.б. ұқсастықтарды, әлеуметтік ерекшеліктерді (еңбек құралдарын жасау, пайдалану, т.б.), әр түрлі тағамдар әзірлеу, отты пайдалану, ойлау, сөйлеу қабілетін, т.б. жағдайларды анықтады. Бұл кезде жасанды тұрақжай пайда болды, еңбек құралдары күрделене түсті. Әлеуметтік ұйымшылдыққа бейімделу байқалды. Тілдің пайда болуының арқасында әлеум. қарым-қатынас жоғары сатыға көтерілді. Мұның барлығы қосылып табиғи ортаға бейімделуінің арқасында үйлесімділік тапты. Барлық адам баласы биологиялық бір түрге () жататын болып қалыптасты. Демек, Homo Sapіens-тың тарихи дамуы тоқтамай, жалғасып жатыр. Қазақстан жерінде ежелгі адамдар тұрақтары Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау, Жетісу), Батыс Қазақстанда (Маңғыстау, Мұғалжар), Орт. Қазақстанда (Сарыарқа, Балқаш) көптеп табылған.
Антропогенездің қозғаушы күштері
Адам эволюциясындағы антропогенездің биологиялық факторлары
Адам — органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр. Органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алады. Адам эволюциясындағы мұндай табиғи заңдылықтарды нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. Осындай табиғи әсерлердің нәтижесінде ертеде тіршілік еткен адамтектес маймылдардың денесінде елеулі анатомиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Адамтектес маймылдар бірте- бірте тік жүруге көшіп, қол мен аяқтың қызметі бір-бірінен бөліне бастады. Қолдары еңбек құралдарын жасауға дағдылана түсті. Табиғи сұрыпталу адамдардың жеке топтарының еңбек құралдарын жасауды жетілдіре түсуіне, ұжымдасып аң аулауына, қарттарға қамқорлық жасалуына колайлы жағдай туғызды.
Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде жекелей сұрыпталумен бірге, топтық сұрыпталу жүріп отырды. Бірақ антропогенезді тек қана биологиялық заңдылықтармен түсіндіруге болмайды. Бұл арада әлеуметтік өмірдің де елеулі орын алатынын Фридрих Энгельс (1820—1895) өз еңбектерінде дәлелдеп берді. Ол, әсіресе еңбектің, қоғамдасып тіршілік етудің, ақыл-ойдың және сөздің маңызын атап көрсетті.
Еңбек — адам эволюциясының маңызды факторларының бірі
Кез келген еңбек құралдарын дайындау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек құралдарын жасау қол арқылы жүзеге асады. Фридрих Энгельс адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлін жоғары бағалады. Ол:
- "Еңбек — адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз",
— деп жазды. Олай болса, еңбек антропогенездің басты әлеуметтік қозғаушы күші болды. Адам өз еңбегі арқылы еңбек құралдарын жасай алады. Кейбір адамтектес маймылдар қарапайым құралдарды пайдалана алғанымен, еңбек құралдарын жасай алмайды. Жануарлар табиғатқа өз тіршілік әрекеті арқылы ғана әсер етеді. Ал адам өзінің саналы еңбегі арқасында табиғатты өзгерте алады. Адамның табиғатқа әсері орасан зор және сан қилы болады. Еңбек етудің нәтижесінде біздің ежелгі маймылға ұқсас ата тегімізде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Оны антропоморфоз деп атайды. Адам өз еңбегі арқылы өзіне де өзгерістер енгізді. Еңбек — адам эволюциясына тән негізгі фактор. Маймылдар алғашында ағаш басында өрмелеп жүріп тіршілік еткен. Кейіннен ағаштан жерге түсіп күн көрген. Олардың тіршілігіндегі бұл өзгеріс бірте-бірте екі аяғының көмегімен тік жүріп, өмір сүруіне жағдай жасады. Адамның екі аяғымен тік жүруі — "маймылдан адамға өтуде шешуші қадам болды" (Энгельс). Тік жүрудің нәтижесінде адамның омыртқа жотасында "S" әрпі тәрізді иіліс-бұрылыс пайда болып, ол Денеге солқылдақтық қасиет берді. Ал аяқтың басы (табан сүйектері) күмбездене түсті, жамбас сүйектері жалпайып, сегізкөзбен байланысы артты, жақсүйектері бұрынғыдан жеңілдене түсті. Мұндай өзгерістер тұқым қуалаушылықтың нәтижесінде, миллиондаған жылдар бойы жүріп отырды. Сондықтан да адам бірден тік жүріп кеткен жоқ. Тік жүруге көшудің де өз қиындықтары болды. Тік жүру жүріс жылдамдығын баяулатты, сегізкөздің жамбаспен тұтаса байланысуы ұрпақ тууды қиындатты. Адам денесінің ауыр салмағы жалпақ табандылыққа жағдай жасады. Оның есесіне қолдың жерден босауы еңбек құралдарын жасауға едәуір жеңілдік туғызды. Қорыта айтқанда, тік жүруге көшу адам эволюциясындағы ең негізгі басқыш болды. Адамның алғашқы қалыптасу кезеңінде қол нашар дамығандықтан, ол қарапайым ғана құралдар жасай білді. Бірте-бірте осындай белгілер тұқым қуалау арқылы ұрпақтарға беріліп отырды. Ф. Энгельс: "Қол — еңбек ету құралы ғана емес, сонымен бірге — қол еңбектің өз жемісі", — деп түсіндірді. Маймылға ұқсас ата тектеріміз алғашында өздері өмір сүрген жерлердегі тастан, жануар сүйектерінен өте қарапайым құралдар жасап пайдаланды. Мұның өзі олардың ой- өрісіне, мінез-қылығына әсер етті әрі еңбек құралдарын жетілдіре түсуіне де септігін тигізді. Адамның еңбек етуге дағдылана түсуі антропогенездегі әлеуметтік әсерлердің ықпалының артуына септігін тигізеді. Биологиялық заңдылықтардың адам өміріне әсері бірте-бірте бәсеңдей түсті.
Қоғамдасып тіршілік ету — адам эволюциясының қозғаушы күші
Кез келген жануарлардың тіршілік әрекеті рефлекстер мен түйсіктер (инстинктер) арқылы ғана жүзеге асады. Жануарлардың топтасып тіршілік етуге көшуі тек табиғи сұрыпталу арқылы ғана жүріп отырды. Адамның ең ежелгі маймылға ұқсас ата тектері де топтасып өмір сүрді. Олардың еңбек етуі де қоғамдық сипатта болды. Сондықтан Ф.Энгельс адамның арғы ата тегін топтасып тіршілік еткен маймылдардан іздестіру керек екенін атап көрсетті. Топтаса жүріп еңбек еткендіктен, олардың арасында өзара қауымдық қарым-қатынас калыптаса түсті. Еңбек қоғам мүшелерінің қауымдасуына септігін тигізді. Олар ұжым болып аң аулауды, жыртқыш аңдардан қорғануды үйренді, қоғамдасып бала тәрбиесіне көңіл бөлді. Ересектер өз өмір тәжірибелерін ұрпақтарына үйретті. Адам бірте-бірте отты пайдалануды және оны сақтауды үйренді. Адамның арғы ата тектері бірте-бірте өсімдіктекті тағамдарды пайдаланудан жануартекті тағамдарды көбірек пайдалануға көшті. Етті тағамдар адам организмін қажетті өте сапалы аминқышқылдарымен қамтамасыз етті. Ол үшін олар аң мен балық аулау құралдарын жасауды жетілдіре түсті. Жануартекті тағамға көшу адам организміне де өзгерістер енгізді. Мысалы, адам ішегінің қысқаруы, шайнау бұлшық еттерінің жетіле түсуі, т.б. Отты пайдалану адамның арғы ата тектеріне көп жеңілдіктер мен мүмкіндіктер туғызды. Қоғамдасып тіршілік ету жағдайы адамның арғы ататектерінің табиғатты танып білуіне, өмір тәжірибелерінің жинақтала түсуіне мүмкіндік жасады. Олардан бір-бірімен ымдау, ишарат және дыбыс шығарып хабарласуды талап етті. Ең ежелгі адам пайдаланған сөздер еңбекпен тікелей байланысты болды. Бірте-бірте көмекейдің, ауыз қуысындағы мүшелердің құрылысы сөйлеуге байланысты өзгерді. Тұқым қуалау және табиғи сұрыпталу арқылы айқын сөйлеу мүшелері қалыптасты. Адам да жануарлар сияқты сезім мүшелері арқылы сыртқы орта тітіркендірулерін қабылдайды. Бұл — бірінші хабаршы жүйе арқылы жүзеге асады. Екінші хабаршы жүйе адамның жоғары дәрежелі жүйке қызметіне тікелей байланысты. Адамның арғы тектерінің өзара сөзбен қарым-қатынас жасауы адам миының дамуына, ойлау қабілетінің арта түсуіне ықпал жасады. Сөз бірте-бірте тәрбие құралына айналды. Сөз арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынас арта түсіп, қоғамдық байланыс дамыды. Адамның арғы ата тектерінің эволюциясында биологиялық және әлеуметтік факторлар бірлесе ықпал жасады. Қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасуына сәйкес адамдар арасында табиғи сұрыпталу өз мәнін бірте-бірте жойды. Оның есесіне әлеуметтік фактор (еңбек ету, сөз) адам эволюциясында негізгі орын алды. Ойлау, сөйлеу, ұжымдасып еңбек ету қабілеттері ешқашан тұқым куаламайды. Тек адамның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері ғана тұқым куалайды. Кейде адам қоғамынан тыс тәрбиеленген жас балаларда (кейбір аңдар асырап алған) ойлау, сөйлеу қабілеттері мүлде дамымайтыны анықталды. Қоғамдық құрылыста әрбір аға ұрпақ өз білімін, өмірлік тәжірибелерін кейінгі ұрпаққа тәрбие, білім беру арқылы жалғастырады. Қоғамның дамуына байланысты адамдардың еңбек ету кабілеті арта түсті. Түрлі шаруашылық салалары дамыды, өнеркәсіп өркендеді, ғылым, өнер, сауда, дін, т.б. өрісін кең жайды. Тайпалардан бірте-бірте ұлттар пайда болды. Жаңа мемлекеттер құрылды. Қорыта айтканда, биологиялық (тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу) және әлеуметтік факторлардың (еңбек әрекеті, етті тағамды пайдалану, қоғамдық қарым-қатынас, сөз және ойлау) бірлескен жиынтығы антропогенездің негізгі қозғаушы күштері болып саналады .
Адамның әлеуметтік эволюциясында үш негізгі кезеңді ажыратады
Адамның әлеуметтік эволюциясында үш негізгі кезеңді ажыратады. Оның
- бірінші кезеңі — қоршаған ортаны танып-білуін өнер туындысы арқылы көрсете білуі. Мысалы, тасқа ойып суреттер салу.
- Екінші кезең — жабайы жануарларды қолға үйретумен және егіншіліктің дамуымен тікелей байланысты. Осындай әрекеттер арқылы адам өзі өмір сүріп отырған табиғи ортаға ықпал жасай бастады.
- Үшінші кезең — XV ғасырда қайта өрлеу дәуірінен басталған ғылыми-техникалық прогреспен ерекшеленеді.
Қазіргі кезде адамның ақыл-ой санасы басты әлеуметтік факторға айналып отыр. Адамзат қазір Жер шарына кеңінен таралып, тіпті ғарыш кеңістігін игеруді де колға алуда. Адамдар қоныстанған жер биосферасы, адамның ақыл-ой санасы басқаратын ноосфераға ұласып отыр.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
- Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-175-4
Сілтемелер
- Марков А. В. «Происхождение и эволюция человека. Обзор достижений палеоантропологии, сравнительной генетики и эволюционной психологии» Доклад, прочтенный в Институте Биологии Развития РАН 19 марта 2009 г. Мұрағатталған 21 қазанның 2011 жылы.
- Библиотека портала Антропогенез.ру
- В Африке нашли самую старую популяцию людей Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
- Найден предположительно самый старый из предков человека («Известия науки»)
- А.В. Галанин Как возник человек
- Статьи о происхождении человека в журнале "Знание-сила"
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
1850190019502002Adam evolyuciyanyn zertteuindegi orleu Gomininnyn tүrlerdin belgili gylymdarynyn sanynyn үlkeyui әr uakytta Әrbir tүr bas sүjekti kolemdi ozgertetin shekara zhәne paleontologiyalyk zhyl zhazgyshtagy tүrinin oryny korsetetin tik tortburyshtyn tүrinde korsetilgen Tүrlerdin arasyndagy aralyktardyn koruge bolatyn birtindep toltyruy Antropogenez grek anthropos adam genesis shygu tegi antropologiya gylymynyn adamnyn shygu tegin damu tarihyn onyn zheke biol tүr bolyp kalyptasuyn zhәne adamzat kogamynyn damu kezenderin әri zharatylystanu әri kogamdyk gylymdarga sүjene otyryp zerttejtin negizgi salasy Bulardy sheshude antropogenez embriologiya fiziologiya psihologiya geologiya arheologiya etnografiya til bilimi siyakty gylymdardyn nakty derekterine sүjenedi Charlz Darvinnin evolyuciyalyk bilim zhүjesi bojynsha adam tegi adam tәrizdes majmyldan pajda bolgan yagni adam balasy biol zhagynan bir tүrge zhatady dep dәleldendi Bul ilim adam evolyuciyasyn үlken үsh dәuirge boledi en algashky adam teginin okilderi bolyp adam tәrizdi majmyldar sanalady Olar negizinde eki ayakpen zhүrip kimyl zhasagan Dajyn tabigi tastardy tayakty zhәne zhanuarlar sүjegin sol kүjinde kol karuy retinde pajdalangan Bulardy gylymda zhogary satyga dejin zhetilgen eki ayakty primattar dep atajdy Өmir sүrgen kezeni budan 2 3 mln zhyl buryn evolyuciya damu zholdarymen zhetilgender kataryna arhantroptar men paleoantroptar zhatady Olar koldan kural sajmandar zhasaj bilgen zhәne kauymdasu tүri birshama zhүjelengen Tirshilik etken uakyty budan 1 mln zhyl buryn en songy evolyuciya dәuirde bүgingi adamdardyn tүri neantroptar kalyptaskan Bular songy paleolit dәuirinde yagni 40 50 myn zhyl buryn omir sүrgen En algashky primattar okiline avstralopitekter zhatady Olardyn sүjekterinin kop tabylgan zherleri Ontүstik zhәne Shygys Afrikanyn ashyk kyrattary Bulardyn tik zhүrgendigi tastan karapajym kuraldar zhasap pajdalangandygy anyktaldy Mandaj bitisi sausaktaryndagy buyn sүjekterinin sany kolka dogasynan shygatyn arteriyanyn taramdalu tәrtibi okpesinin үlesterge bolinui adamga uksas Birak munyn bәri tikelej emes karapajym gana uksastyktar Sondyktan kazirgi majmyldardyn bir de biri adam tegi bolyp eseptelmejdi Avstralopitekter budan 4 5 1 mln zhyl buryn omir sүrgen Olardy antropologtar L Liki R Liki Angliya D Dzhohanson T Uajt AҚSh t b zerttedi teginin biri shamamen budan 2 mln zhyl buryn omir sүrgen prezindzhantroptar Ғylymda olardy yagni isker adam dep atajdy Өjtkeni olar az bolsa da tas agash synyktaryna birshama ondeuler zhasap kural retinde pajdalangan Adam teginin kelesi damu satysyna arhantroptar zhatady Olardyn sүjekteri Aziyada pitekantrop sinantrop Shygys zhәne Soltүstik Afrikada atlantrop Batys Europada Gejdelberg zhәne Verteshsellesh adamdary tabylgan Bul dәuirdegi adamdar shel men algashky ashel mәdenietterin zhasagan Ezhelgi adamdardan ertedegi adamdar paleoantroptar neandertal adamy olardan kazirgi adamdardyn argy tegi kromanon adamy esti adam neoantroptar pajda bolgan Morfologiya erekshelikteri bүgingi adamdarga zhakyn Antropogenezdik zertteuleri esti adamdarda buryngy adam tekterinin kejbir belgilerinin kajtalanuyn rudiment atavizm embrionaldyk anatomiyalyk biohimiyalyk t b uksastyktardy әleumettik erekshelikterdi enbek kuraldaryn zhasau pajdalanu t b әr tүrli tagamdar әzirleu otty pajdalanu ojlau sojleu kabiletin t b zhagdajlardy anyktady Bul kezde zhasandy turakzhaj pajda boldy enbek kuraldary kүrdelene tүsti Әleumettik ujymshyldykka bejimdelu bajkaldy Tildin pajda boluynyn arkasynda әleum karym katynas zhogary satyga koterildi Munyn barlygy kosylyp tabigi ortaga bejimdeluinin arkasynda үjlesimdilik tapty Barlyk adam balasy biologiyalyk bir tүrge zhatatyn bolyp kalyptasty Demek Homo Sapiens tyn tarihi damuy toktamaj zhalgasyp zhatyr Қazakstan zherinde ezhelgi adamdar turaktary Ontүstik Қazakstanda Қaratau Zhetisu Batys Қazakstanda Mangystau Mugalzhar Ort Қazakstanda Saryarka Balkash koptep tabylgan Antropogenezdin kozgaushy kүshteriAdam evolyuciyasyndagy antropogenezdin biologiyalyk faktorlary Adam organikalyk dүnie evolyuciyasynda en sonynda pajda bolgan biologiyalyk tүr Organikalyk dүniede bolatyn tukym kualajtyn ozgergishtik tirshilik үshin kүres zhәne tabigi suryptalu adam evolyuciyasynda da manyzdy oryn alady Adam evolyuciyasyndagy mundaj tabigi zandylyktardy naktyly mysaldarmen dәleldep berdi Osyndaj tabigi әserlerdin nәtizhesinde ertede tirshilik etken adamtektes majmyldardyn denesinde eleuli anatomiyalyk zhәne fiziologiyalyk ozgerister pajda boldy Adamtektes majmyldar birte birte tik zhүruge koship kol men ayaktyn kyzmeti bir birinen boline bastady Қoldary enbek kuraldaryn zhasauga dagdylana tүsti Tabigi suryptalu adamdardyn zheke toptarynyn enbek kuraldaryn zhasaudy zhetildire tүsuine uzhymdasyp an aulauyna karttarga kamkorlyk zhasaluyna kolajly zhagdaj tugyzdy Fridrih Engels Osyndaj is әreketterdin nәtizhesinde zhekelej suryptalumen birge toptyk suryptalu zhүrip otyrdy Birak antropogenezdi tek kana biologiyalyk zandylyktarmen tүsindiruge bolmajdy Bul arada әleumettik omirdin de eleuli oryn alatynyn Fridrih Engels 1820 1895 oz enbekterinde dәleldep berdi Ol әsirese enbektin kogamdasyp tirshilik etudin akyl ojdyn zhәne sozdin manyzyn atap korsetti Enbek adam evolyuciyasynyn manyzdy faktorlarynyn biri Kez kelgen enbek kuraldaryn dajyndau үshin adam enbek etui kazhet Enbek kuraldaryn zhasau kol arkyly zhүzege asady Fridrih Engels adamnyn kalyptasuyndagy enbektin rolin zhogary bagalady Ol Enbek adamzat omirinin birinshi negizgi sharty adamdy adam etken enbek degen dәrezhede ajtuga tiistimiz dep zhazdy Olaj bolsa enbek antropogenezdin basty әleumettik kozgaushy kүshi boldy Adam oz enbegi arkyly enbek kuraldaryn zhasaj alady Kejbir adamtektes majmyldar karapajym kuraldardy pajdalana alganymen enbek kuraldaryn zhasaj almajdy Zhanuarlar tabigatka oz tirshilik әreketi arkyly gana әser etedi Al adam ozinin sanaly enbegi arkasynda tabigatty ozgerte alady Adamnyn tabigatka әseri orasan zor zhәne san kily bolady Enbek etudin nәtizhesinde bizdin ezhelgi majmylga uksas ata tegimizde morfologiyalyk zhәne fiziologiyalyk ozgerister pajda boldy Ony antropomorfoz dep atajdy Adam oz enbegi arkyly ozine de ozgerister engizdi Enbek adam evolyuciyasyna tәn negizgi faktor Majmyldar algashynda agash basynda ormelep zhүrip tirshilik etken Kejinnen agashtan zherge tүsip kүn korgen Olardyn tirshiligindegi bul ozgeris birte birte eki ayagynyn komegimen tik zhүrip omir sүruine zhagdaj zhasady Adamnyn eki ayagymen tik zhүrui majmyldan adamga otude sheshushi kadam boldy Engels Tik zhүrudin nәtizhesinde adamnyn omyrtka zhotasynda S әrpi tәrizdi iilis burylys pajda bolyp ol Denege solkyldaktyk kasiet berdi Al ayaktyn basy taban sүjekteri kүmbezdene tүsti zhambas sүjekteri zhalpajyp segizkozben bajlanysy artty zhaksүjekteri buryngydan zhenildene tүsti Mundaj ozgerister tukym kualaushylyktyn nәtizhesinde milliondagan zhyldar bojy zhүrip otyrdy Sondyktan da adam birden tik zhүrip ketken zhok Tik zhүruge koshudin de oz kiyndyktary boldy Tik zhүru zhүris zhyldamdygyn bayaulatty segizkozdin zhambaspen tutasa bajlanysuy urpak tuudy kiyndatty Adam denesinin auyr salmagy zhalpak tabandylykka zhagdaj zhasady Onyn esesine koldyn zherden bosauy enbek kuraldaryn zhasauga edәuir zhenildik tugyzdy Қoryta ajtkanda tik zhүruge koshu adam evolyuciyasyndagy en negizgi baskysh boldy Adamnyn algashky kalyptasu kezeninde kol nashar damygandyktan ol karapajym gana kuraldar zhasaj bildi Birte birte osyndaj belgiler tukym kualau arkyly urpaktarga berilip otyrdy F Engels Қol enbek etu kuraly gana emes sonymen birge kol enbektin oz zhemisi dep tүsindirdi Majmylga uksas ata tekterimiz algashynda ozderi omir sүrgen zherlerdegi tastan zhanuar sүjekterinen ote karapajym kuraldar zhasap pajdalandy Munyn ozi olardyn oj orisine minez kylygyna әser etti әri enbek kuraldaryn zhetildire tүsuine de septigin tigizdi Adamnyn enbek etuge dagdylana tүsui antropogenezdegi әleumettik әserlerdin ykpalynyn artuyna septigin tigizedi Biologiyalyk zandylyktardyn adam omirine әseri birte birte bәsendej tүsti Қogamdasyp tirshilik etu adam evolyuciyasynyn kozgaushy kүshiKez kelgen zhanuarlardyn tirshilik әreketi reflekster men tүjsikter instinkter arkyly gana zhүzege asady Zhanuarlardyn toptasyp tirshilik etuge koshui tek tabigi suryptalu arkyly gana zhүrip otyrdy Adamnyn en ezhelgi majmylga uksas ata tekteri de toptasyp omir sүrdi Olardyn enbek etui de kogamdyk sipatta boldy Sondyktan F Engels adamnyn argy ata tegin toptasyp tirshilik etken majmyldardan izdestiru kerek ekenin atap korsetti Toptasa zhүrip enbek etkendikten olardyn arasynda ozara kauymdyk karym katynas kalyptasa tүsti Enbek kogam mүshelerinin kauymdasuyna septigin tigizdi Olar uzhym bolyp an aulaudy zhyrtkysh andardan korganudy үjrendi kogamdasyp bala tәrbiesine konil boldi Eresekter oz omir tәzhiribelerin urpaktaryna үjretti Adam birte birte otty pajdalanudy zhәne ony saktaudy үjrendi Adamnyn argy ata tekteri birte birte osimdiktekti tagamdardy pajdalanudan zhanuartekti tagamdardy kobirek pajdalanuga koshti Etti tagamdar adam organizmin kazhetti ote sapaly aminkyshkyldarymen kamtamasyz etti Ol үshin olar an men balyk aulau kuraldaryn zhasaudy zhetildire tүsti Zhanuartekti tagamga koshu adam organizmine de ozgerister engizdi Mysaly adam isheginin kyskaruy shajnau bulshyk etterinin zhetile tүsui t b Otty pajdalanu adamnyn argy ata tekterine kop zhenildikter men mүmkindikter tugyzdy Қogamdasyp tirshilik etu zhagdajy adamnyn argy atatekterinin tabigatty tanyp biluine omir tәzhiribelerinin zhinaktala tүsuine mүmkindik zhasady Olardan bir birimen ymdau isharat zhәne dybys shygaryp habarlasudy talap etti En ezhelgi adam pajdalangan sozder enbekpen tikelej bajlanysty boldy Birte birte komekejdin auyz kuysyndagy mүshelerdin kurylysy sojleuge bajlanysty ozgerdi Tukym kualau zhәne tabigi suryptalu arkyly ajkyn sojleu mүsheleri kalyptasty Adam da zhanuarlar siyakty sezim mүsheleri arkyly syrtky orta titirkendirulerin kabyldajdy Bul birinshi habarshy zhүje arkyly zhүzege asady Ekinshi habarshy zhүje adamnyn zhogary dәrezheli zhүjke kyzmetine tikelej bajlanysty Adamnyn argy tekterinin ozara sozben karym katynas zhasauy adam miynyn damuyna ojlau kabiletinin arta tүsuine ykpal zhasady Soz birte birte tәrbie kuralyna ajnaldy Soz arkyly adamdar arasyndagy karym katynas arta tүsip kogamdyk bajlanys damydy Adamnyn argy ata tekterinin evolyuciyasynda biologiyalyk zhәne әleumettik faktorlar birlese ykpal zhasady Қogamdyk karym katynastardyn kalyptasuyna sәjkes adamdar arasynda tabigi suryptalu oz mәnin birte birte zhojdy Onyn esesine әleumettik faktor enbek etu soz adam evolyuciyasynda negizgi oryn aldy Ojlau sojleu uzhymdasyp enbek etu kabiletteri eshkashan tukym kualamajdy Tek adamnyn morfologiyalyk zhәne fiziologiyalyk erekshelikteri gana tukym kualajdy Kejde adam kogamynan tys tәrbielengen zhas balalarda kejbir andar asyrap algan ojlau sojleu kabiletteri mүlde damymajtyny anyktaldy Қogamdyk kurylysta әrbir aga urpak oz bilimin omirlik tәzhiribelerin kejingi urpakka tәrbie bilim beru arkyly zhalgastyrady Қogamnyn damuyna bajlanysty adamdardyn enbek etu kabileti arta tүsti Tүrli sharuashylyk salalary damydy onerkәsip orkendedi gylym oner sauda din t b orisin ken zhajdy Tajpalardan birte birte ulttar pajda boldy Zhana memleketter kuryldy Қoryta ajtkanda biologiyalyk tukym kualajtyn ozgergishtik tirshilik үshin kүres zhәne tabigi suryptalu zhәne әleumettik faktorlardyn enbek әreketi etti tagamdy pajdalanu kogamdyk karym katynas soz zhәne ojlau birlesken zhiyntygy antropogenezdin negizgi kozgaushy kүshteri bolyp sanalady Adamnyn әleumettik evolyuciyasynda үsh negizgi kezendi azhyratady Adamnyn әleumettik evolyuciyasynda үsh negizgi kezendi azhyratady Onyn birinshi kezeni korshagan ortany tanyp biluin oner tuyndysy arkyly korsete bilui Mysaly taska ojyp suretter salu Ekinshi kezen zhabajy zhanuarlardy kolga үjretumen zhәne eginshiliktin damuymen tikelej bajlanysty Osyndaj әreketter arkyly adam ozi omir sүrip otyrgan tabigi ortaga ykpal zhasaj bastady Үshinshi kezen XV gasyrda kajta orleu dәuirinen bastalgan gylymi tehnikalyk progrespen erekshelenedi Қazirgi kezde adamnyn akyl oj sanasy basty әleumettik faktorga ajnalyp otyr Adamzat kazir Zher sharyna keninen taralyp tipti garysh kenistigin igerudi de kolga aluda Adamdar konystangan zher biosferasy adamnyn akyl oj sanasy baskaratyn noosferaga ulasyp otyr DerekkozderҚazak Enciklopediyasy O D Dajyrbekov B E Altynbekov B K Torgauytov U I Kenesariev T S Hajdarova Aurudyn aldyn alu zhәne saktandyru bojynsha oryssha kazaksha terminologiyalyk sozdik Shymkent Ғasyr Sh 2005 zhyl ISBN 9965 752 06 0 Sәtimbekov R Biologiya Zhalpy bilim beretin mekteptin kogamdyk gumanitarlyk bagytyndagy 11 synybyna arnalgan okulyk Almaty Mektep baspasy 2007 ISBN 9965 36 175 4SiltemelerMarkov A V Proishozhdenie i evolyuciya cheloveka Obzor dostizhenij paleoantropologii sravnitelnoj genetiki i evolyucionnoj psihologii Doklad prochtennyj v Institute Biologii Razvitiya RAN 19 marta 2009 g Muragattalgan 21 kazannyn 2011 zhyly Biblioteka portala Antropogenez ru V Afrike nashli samuyu staruyu populyaciyu lyudej Muragattalgan 4 nauryzdyn 2016 zhyly Najden predpolozhitelno samyj staryj iz predkov cheloveka Izvestiya nauki A V Galanin Kak voznik chelovek Stati o proishozhdenii cheloveka v zhurnale Znanie sila Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet