Өскемен жылу электр орталығы (Өскемен ЖЭО) — аймақтық маңызы бар жылу электр орталығы (аралас жылу-электр орталығы). Шығыс Қазақстан облысы, қазақстандық Өскемен қаласында «Қазмырыш» ЖШС қорғасын-мырыш зауытына іргелес жерде орналасқан. Өз кезегінде «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» ЖШС (ҚКЖ) құрамына кіретін аттас компанияға жатады. Станция өндіретін электр және жылу энергиясы қаланың тұрғын үй-коммуналдық секторы мен өнеркәсіп кәсіпорындарының жүктемесінің 80%-ын жабады. ЖЭО - Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесіне кіреді.
Тарихы
1939 жыл станцияны құру үшін қосалқы бөлімшелерді дайындау жылы болды. Құрылыс кірпіш зауытынан, тұрғын кентінен, ЖЭО құрылыс алаңынан басталды, оның құрамына ерітінді-бетон зауыты, ағаш кесетін жерлер мен қоймалар кірді. Қуаттылығы 210 кВт құрайтын уақтылы электр станциясы салынды. Сосын соғыс басталып, соның салдарынан құрылыс тоқтатылды. 1942 жылы "Электроцинк" Орджоникидзе зауытының құрал-жабдығы эвакуацияланғанна кейін құрылыс жалғастырылды.
1946 жылдың басында станцияда 6 адам ғана жұмыс істеген болатын, оларды Леонид Львович Ставицкий (1945-1946 жж. аралығында) басқарды, ал бас инженер М. С. Стаскевич болды. Сол кезде осы адамдар мен электр цехының бастығы А. Я. Лепилинде ғана жоғары білім болды. Құрылыс ұлғая келе, оның ұжымы да өсе түсті, бірінші агрегатты іске қосудың басында 272 адамды құрады.
1946 жылы Л.Л. Ставицкийді директор лауазымында Иван Михайлович Ивашевский алмастырды, осы қызметте ол 1951 жылға дейін жұмыс атқарды.
1947 жылғы 27 қыркүйекте Өскемен мырыш зауытының іске қосылуына қарай әрекеттегі алғашқы 4 МВт-тан 60 атм. жоғары қысымдағы екі блок жұмысқа енгізілді. Беляев, Мережко, Горшков, Краснов, Панкратов, Бусыгина, Рукавишников, Рыбалко, Фролов, Везигина, Кунгурцев – станцияның алғашқы қалыптасуына үлестерін қосқан адамдардың біразы ғана.
1951 жылдың желтоқсан айында Өскемен ЖЭО 26 МВт 2-ші кезегі ағылшын құралында пайдалануға енгізілді. 1951 жылдан бастап станция директоры лауазымына Вадим Аркадьевич Вериго тағайындалды, ол осы қызметте 19 жыл жұмыс істеді.
1952 жылдың қараша айында Өскемен ЖЭО үшінші кезекпен кеңейтілді – 3 қазандық 75 т/сағ және екі турбина 12 МВт. Станция қуаттылығының дамуымен қатар қалалық жылу жүйелері де құрыла бастады, олар 100 қазандықтан артық көлемді жабуға мүмкіндік берді, соның арқасында қаладағы экологиялық ахуал айтарлықтай жақсарды.
1952-53 жж. алғашқы бойлерлік іске қосылып, салынып жатқан металлургтер кентінің ауданында алғашқы магистраль құрылды.
1954 жылы Т-25-29 25 МВт жылуландыру турбинасы енгізілді. 1959 жылы стнцияның төртінші кезегінің құрылысы аяқталды. 1963 жылы Белинский көшесі мен Ленин алаңы бойынша және Комендантка өзеніне дейін ұзындығы 3000 метр құрайтын тағы бір жылу магистрал торабы, ал 1966 жылы Лев Толстой бульвары (қазір Ленин алаңының бас жағы) бойынша магистраль салынды. 1963-1967 жж. аралығында станцияның бесінші кезегі іске қосылды.
1966-1970 жж. аралығында Өскемен ЖЭО-да жоғары қысымдағы Т-50-130, T-I00-I30 және P-40-I30 бірінші жылыту блоктары енгізілді. Осы жылы станция директоры болып Василий Ефимович Архипов тағайындалды, ол осы лауазымда 1976 жылға дейін қызмет атқарды, ал кейіннен Қазақстан Энергетика министрлігі бір басқармасының бстығы болып тағайындалды.
1976 жыл директор болып Юрий Моисеевич Маргулис тағайындалып, станцияны 16 жыл бойы - 1992 жылға дейін басқарды.
1985 ж. 15 қарашада бірқұбырлы 600 м. жылу трассасымен Өскемен ЖЭО аумағы көпір арқылы Солтүстік жағалаудағы өнеркәсіптік тораптың оңтүстік қазандығымен қосылды.
1991 жылы қазіргі әрекеттегі № 14 - 500 т./сағ. қазандық пайдалануға берілді. Сосын елімізде баршаға белгілі қайта құру кезеңі басталды. Энергетика саласы қалтырады, экономиканың өзге де салалары сияқты. Бұл жайт Өскемен ЖЭО-ның тағдырына да әсерін тигізді: біртұтас энергия жұйесінің құлдырауы, төлемсіздік, қарыздар, отынмен жабдықтаудағы қиыншылықтар және өзге де кері әсерлі себепшарттар станцияның жұмыс қабілеттілігіне әсерін тигізбей қоймады, соншалықты қажетті жетінші кезектің құрылысы баяулады. Осы күрделі жылдары (1992-1997) осыған дейін станцияның бас инженері луазымында «сегізжылдықты» атқарған Владимир Федорович Холявин басшылыққа келді. «Таза өндіріспен» қатар ЖЭО әлеуметтік құрылым нысандарына ие болды, оның "Аюда" демалыс базасында 30 үйлік Гастелло атындағы тамаша пионер лагері, өз здравпункты, асханасы, дүкені, буфеты болды. Станция жұмысшылары осы жылдар барысында кәсіби шеберлік, спорт сайыстарына, көркем өнерпаздық байқауларына белсенді қатысты. Станцияның көптеген қызметкерлері жоғары үкіметтік марапаттармен марапатталған.
1997 жылы станция директоры болып Сергей Афанасьевич Тазин тағайындалды. Бұл жылдар станция үшін оңайға тиген жоқ. Бірақ, ұжымның ұйымдасқан жұмысының нәтижесінде қысқа мерзім ішінде станцияда тығырықтан шығуға мүмкіндік берген айтарлықтай өзгерістер орын алды. Кәсіпорынның штаты оңтайландырылды: қосалқы персонал радикалды қысқартылды, басқарушы кадрлар қайта топтастырылды. Жоғары білікті мамандардың негізгі ұйытқысы сақталды, бұл станцияға алдыңғы жылдардай сенімді қызмет атқаруға мүмкіншілік берді. 2000 жылы Сергей Тазинды басшылық қызметінде станцияның сегізінші директоры болған Геннадий Юрьевич Туранов алмастырды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19 наурыздағы №369 қаулысына сәйкес жекешелендіру шеңберінде AES Suntree энергетикалық корпорациясына берілген алты электр станцияларының қатарына кірді (Өскемен СЭС, Шүлбі СЭС, , , және Өскемен ЖЭО) . Бұған дейін, 1996 жылы үкімет Қазақстандағы ең ірі электр станция - американдықтарға 1,5 миллион долларға сатты.
2017 жылдың сәуірінде AES Өскемен және Согрин ЖЭО-ын кәсіпкер Дінмұхамет Ыдырысовтың қазақстандық «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» компаниясына («Ордабасы» корпорациясы) сатты.
Компания туралы
Кәсіпорынның негізгі қызметі болып табылатын жылу және электр энергиясының өндірісі аралас тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда станцияда 9 қазандық агрегаты мен 8 турбина агрегаты орнатылған. Кәсіпорындағы негізгі отын түрі – көмір. Қазандық агрегаттарының тамызық отыны - мазут. Отын станцияға «Қаражыра» АҚ мен «Майкөбен-Вест» ЖШС-нен теміржол арқылы жеткізіледі.
Станциямен өндірілген электр және жылу энергиясы қаланың тұрғын-коммуналдық секторының 80% жүктемесін қамтиды. «Қазмырыш» ЖШС және «ҮМЗ» АҚ сынды ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды жылу энергиясымен жабдықтайды.
2017 жылы Өскемен ЖЭО іске қосылғанына 70 жыл толды. Бүгінгі таңда станцияда 559 адам жұмыс істейді. Қазіргі кезде станци яның белгіленген жылу қуаттылығы - 859,9 Гкал/сағ, белгіленген электр қуаттылығы – 372,5 МВт құрайды. «Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры – Идрисов Сабырғали Мұхаметқалиұлы.
Дереккөздер
- Дүкенбаев К. Қазақстанның энергетикасы. Нарыққа қарай жылжу — Алматы: Физкультура и спорт, 1998. — Б. 584. — ISBN 9965-01-099-4.
- Давтян, Паруйр. Нарыққа бара жаттық, бірақ базарға келдік немесе қазақстанша эксклюзивті жекешелендіру, Новая газета (24 сәуір 2000). Тексерілді 28 маусымның 2016.
- Есиркепов, Тохтар. Энергетикалық компаниялардың инвестициялық тарифтері жайлы - 3, Деловая Неделя (8 мамыр 2013). Тексерілді 28 маусымның 2016.
- Гайфутдинова Венера. Дінмұхамет Ыдырысов энергетикалық активтерді көбейтуде
Сілтеме
- «Өскемен ЖЭО» ЖШС ресми сайты
- «Қазақстан Коммуналдық Жүйелері» ЖШС ресми сайты
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Өskemen zhylu elektr ortalygy Өskemen ZhEO ajmaktyk manyzy bar zhylu elektr ortalygy aralas zhylu elektr ortalygy Shygys Қazakstan oblysy kazakstandyk Өskemen kalasynda Қazmyrysh ZhShS korgasyn myrysh zauytyna irgeles zherde ornalaskan Өz kezeginde Қazakstandyk kommunaldyk zhүjeler ZhShS ҚKZh kuramyna kiretin attas kompaniyaga zhatady Stanciya ondiretin elektr zhәne zhylu energiyasy kalanyn turgyn үj kommunaldyk sektory men onerkәsip kәsiporyndarynyn zhүktemesinin 80 yn zhabady ZhEO Қazakstannyn biryngaj energetikalyk zhүjesine kiredi OKҚ men Өskemen ZhEO murzhalaryTarihy1939 zhyl stanciyany kuru үshin kosalky bolimshelerdi dajyndau zhyly boldy Қurylys kirpish zauytynan turgyn kentinen ZhEO kurylys alanynan bastaldy onyn kuramyna eritindi beton zauyty agash kesetin zherler men kojmalar kirdi Қuattylygy 210 kVt kurajtyn uaktyly elektr stanciyasy salyndy Sosyn sogys bastalyp sonyn saldarynan kurylys toktatyldy 1942 zhyly Elektrocink Ordzhonikidze zauytynyn kural zhabdygy evakuaciyalanganna kejin kurylys zhalgastyryldy 1946 zhyldyn basynda stanciyada 6 adam gana zhumys istegen bolatyn olardy Leonid Lvovich Stavickij 1945 1946 zhzh aralygynda baskardy al bas inzhener M S Staskevich boldy Sol kezde osy adamdar men elektr cehynyn bastygy A Ya Lepilinde gana zhogary bilim boldy Қurylys ulgaya kele onyn uzhymy da ose tүsti birinshi agregatty iske kosudyn basynda 272 adamdy kurady 1946 zhyly L L Stavickijdi direktor lauazymynda Ivan Mihajlovich Ivashevskij almastyrdy osy kyzmette ol 1951 zhylga dejin zhumys atkardy 1947 zhylgy 27 kyrkүjekte Өskemen myrysh zauytynyn iske kosyluyna karaj әrekettegi algashky 4 MVt tan 60 atm zhogary kysymdagy eki blok zhumyska engizildi Belyaev Merezhko Gorshkov Krasnov Pankratov Busygina Rukavishnikov Rybalko Frolov Vezigina Kungurcev stanciyanyn algashky kalyptasuyna үlesterin koskan adamdardyn birazy gana 1951 zhyldyn zheltoksan ajynda Өskemen ZhEO 26 MVt 2 shi kezegi agylshyn kuralynda pajdalanuga engizildi 1951 zhyldan bastap stanciya direktory lauazymyna Vadim Arkadevich Verigo tagajyndaldy ol osy kyzmette 19 zhyl zhumys istedi 1952 zhyldyn karasha ajynda Өskemen ZhEO үshinshi kezekpen kenejtildi 3 kazandyk 75 t sag zhәne eki turbina 12 MVt Stanciya kuattylygynyn damuymen katar kalalyk zhylu zhүjeleri de kuryla bastady olar 100 kazandyktan artyk kolemdi zhabuga mүmkindik berdi sonyn arkasynda kaladagy ekologiyalyk ahual ajtarlyktaj zhaksardy 1952 53 zhzh algashky bojlerlik iske kosylyp salynyp zhatkan metallurgter kentinin audanynda algashky magistral kuryldy 1954 zhyly T 25 29 25 MVt zhylulandyru turbinasy engizildi 1959 zhyly stnciyanyn tortinshi kezeginin kurylysy ayaktaldy 1963 zhyly Belinskij koshesi men Lenin alany bojynsha zhәne Komendantka ozenine dejin uzyndygy 3000 metr kurajtyn tagy bir zhylu magistral toraby al 1966 zhyly Lev Tolstoj bulvary kazir Lenin alanynyn bas zhagy bojynsha magistral salyndy 1963 1967 zhzh aralygynda stanciyanyn besinshi kezegi iske kosyldy 1966 1970 zhzh aralygynda Өskemen ZhEO da zhogary kysymdagy T 50 130 T I00 I30 zhәne P 40 I30 birinshi zhylytu bloktary engizildi Osy zhyly stanciya direktory bolyp Vasilij Efimovich Arhipov tagajyndaldy ol osy lauazymda 1976 zhylga dejin kyzmet atkardy al kejinnen Қazakstan Energetika ministrligi bir baskarmasynyn bstygy bolyp tagajyndaldy 1976 zhyl direktor bolyp Yurij Moiseevich Margulis tagajyndalyp stanciyany 16 zhyl bojy 1992 zhylga dejin baskardy 1985 zh 15 karashada birkubyrly 600 m zhylu trassasymen Өskemen ZhEO aumagy kopir arkyly Soltүstik zhagalaudagy onerkәsiptik toraptyn ontүstik kazandygymen kosyldy 1991 zhyly kazirgi әrekettegi 14 500 t sag kazandyk pajdalanuga berildi Sosyn elimizde barshaga belgili kajta kuru kezeni bastaldy Energetika salasy kaltyrady ekonomikanyn ozge de salalary siyakty Bul zhajt Өskemen ZhEO nyn tagdyryna da әserin tigizdi birtutas energiya zhujesinin kuldyrauy tolemsizdik karyzdar otynmen zhabdyktaudagy kiynshylyktar zhәne ozge de keri әserli sebepsharttar stanciyanyn zhumys kabilettiligine әserin tigizbej kojmady sonshalykty kazhetti zhetinshi kezektin kurylysy bayaulady Osy kүrdeli zhyldary 1992 1997 osygan dejin stanciyanyn bas inzheneri luazymynda segizzhyldykty atkargan Vladimir Fedorovich Holyavin basshylykka keldi Taza ondirispen katar ZhEO әleumettik kurylym nysandaryna ie boldy onyn Ayuda demalys bazasynda 30 үjlik Gastello atyndagy tamasha pioner lageri oz zdravpunkty ashanasy dүkeni bufety boldy Stanciya zhumysshylary osy zhyldar barysynda kәsibi sheberlik sport sajystaryna korkem onerpazdyk bajkaularyna belsendi katysty Stanciyanyn koptegen kyzmetkerleri zhogary үkimettik marapattarmen marapattalgan 1997 zhyly stanciya direktory bolyp Sergej Afanasevich Tazin tagajyndaldy Bul zhyldar stanciya үshin onajga tigen zhok Birak uzhymnyn ujymdaskan zhumysynyn nәtizhesinde kyska merzim ishinde stanciyada tygyryktan shyguga mүmkindik bergen ajtarlyktaj ozgerister oryn aldy Kәsiporynnyn shtaty ontajlandyryldy kosalky personal radikaldy kyskartyldy baskarushy kadrlar kajta toptastyryldy Zhogary bilikti mamandardyn negizgi ujytkysy saktaldy bul stanciyaga aldyngy zhyldardaj senimdi kyzmet atkaruga mүmkinshilik berdi 2000 zhyly Sergej Tazindy basshylyk kyzmetinde stanciyanyn segizinshi direktory bolgan Gennadij Yurevich Turanov almastyrdy 1997 zhyly Қazakstan Respublikasy Үkimetinin 19 nauryzdagy 369 kaulysyna sәjkes zhekeshelendiru shenberinde AES Suntree energetikalyk korporaciyasyna berilgen alty elektr stanciyalarynyn kataryna kirdi Өskemen SES Shүlbi SES zhәne Өskemen ZhEO Bugan dejin 1996 zhyly үkimet Қazakstandagy en iri elektr stanciya amerikandyktarga 1 5 million dollarga satty 2017 zhyldyn sәuirinde AES Өskemen zhәne Sogrin ZhEO yn kәsipker Dinmuhamet Ydyrysovtyn kazakstandyk Қazakstandyk kommunaldyk zhүjeler kompaniyasyna Ordabasy korporaciyasy satty Kompaniya turalyKәsiporynnyn negizgi kyzmeti bolyp tabylatyn zhylu zhәne elektr energiyasynyn ondirisi aralas tәsil arkyly zhүzege asyrylady Қazirgi tanda stanciyada 9 kazandyk agregaty men 8 turbina agregaty ornatylgan Kәsiporyndagy negizgi otyn tүri komir Қazandyk agregattarynyn tamyzyk otyny mazut Otyn stanciyaga Қarazhyra AҚ men Majkoben Vest ZhShS nen temirzhol arkyly zhetkiziledi Stanciyamen ondirilgen elektr zhәne zhylu energiyasy kalanyn turgyn kommunaldyk sektorynyn 80 zhүktemesin kamtidy Қazmyrysh ZhShS zhәne ҮMZ AҚ syndy iri onerkәsiptik kәsiporyndardy zhylu energiyasymen zhabdyktajdy 2017 zhyly Өskemen ZhEO iske kosylganyna 70 zhyl toldy Bүgingi tanda stanciyada 559 adam zhumys istejdi Қazirgi kezde stanci yanyn belgilengen zhylu kuattylygy 859 9 Gkal sag belgilengen elektr kuattylygy 372 5 MVt kurajdy Өskemen ZhEO ZhShS Bas direktory Idrisov Sabyrgali Muhametkaliuly DerekkozderDүkenbaev K Қazakstannyn energetikasy Narykka karaj zhylzhu Almaty Fizkultura i sport 1998 B 584 ISBN 9965 01 099 4 Davtyan Parujr Narykka bara zhattyk birak bazarga keldik nemese kazakstansha eksklyuzivti zhekeshelendiru Novaya gazeta 24 sәuir 2000 Tekserildi 28 mausymnyn 2016 Esirkepov Tohtar Energetikalyk kompaniyalardyn investiciyalyk tarifteri zhajly 3 Delovaya Nedelya 8 mamyr 2013 Tekserildi 28 mausymnyn 2016 Gajfutdinova Venera Dinmuhamet Ydyrysov energetikalyk aktivterdi kobejtudeSilteme Өskemen ZhEO ZhShS resmi sajty Қazakstan Kommunaldyk Zhүjeleri ZhShS resmi sajty