Өмір мектебі — жазушы Сәбит Мұқановтың 3-томдық мемуарлық романы.
Кітаптың алғашқы тараулары «Менің мектептерім» деген атпен 1930 жылы жарияланды. 1941 жылы жеке кітап болып басылды. Мұқанов бұл кітапты қайта жазып, толықтырып, «Өмір мектебі» деген атпен (бірінші мен екінші томдарын 1955 жылы, үшінші томды 1964 жылы) жариялады.
Шығарма — халықтың жарты ғасырға жуық өмірінің: еркіндік, теңдік жолындағы күресінің, еңбек, білім алу жолындағы тынымсыз аттаныстары мен ізденістерінің біртұтас суреті. Трилогияда ескі қазақ аулындағы діни наным-сенімдер, араб жазуының ерекшеліктері, ескіше жыл атаулары, төрелердің шежіресі, «ақтабан шұбырынды» оқиғасы, кейбір қалалардың салыну тарихы т.б. жөнінде кейде өз атынан, кейде басқа біреулерді сөйлету арқылы ұзынды-қысқалы сан-алуан мəлімет береді. Сын-зерттеу еңбектерінде осының көпшілігі оқырмандар назарын негізгі оқиға желісінен аулақ əкететін артық дүние делініп жүр. Дегенмен ол əңгіме-баяндаулардың өткен кездің сыр-сипаты, əдет-ғұрпы, ұғым-түсініктерінен келер ұрпаққа азды-көпті мағлұмат беру қызметін атқарып тұрғаны даусыз.
Мазмұны
- 1-кітабы «Азапты жолда»
- 2-кітабы «Азаттық жолда»
- 3-кітабы «Есею жылдары»
Алғашқы кітабында жазушының шыққан ортасы, жетімдікпен, жоқшылықпен өткен балалық шағы; одан кейінгі кітабында елдегі әлеуметтік өзгерістерге ілесе, білім жолына ұмтылысы, қоғамдық істерге араласа бастаған жастың алғашқы қадамы сипаталады. Ал соңғы кітапта Мұқанов өзінің ақын, азамат, қоғам қайраткері ретінде есеюі жайында сыр шертеді. Сол арқылы ел өміріндегі өзгерістер, қоғамдық жаңару сөз болады. «Есею жылдары» кітабына Қазақстанның Кеңес өкіметі тұсындағы өмірі негіз болған.
Кітап авторы қазақ ауылындағы тап тартысының күшеюі, ауылдың кеңес жолына түсуі, Қазақстандағы алғашқы өндірістер мен ұжымшарлардың құрылуы, жаңа әдебиеттің тууы мен қалыптасуы сияқты негізгі оқиғалар жайын әңгімелей отырып, осы жолдағы қиыншылықтар мен асыра сілтеу фактілерін де өз пайымдауымен сипаттайды. Онда Қазақстан өміріне қатысты сол кезеңдегі қайраткерлердің (С.Сейфуллин, Ә.Досов, С.Меңдешев, А.Асылбеков, Ж.Сәдуакасов, О.Жандосов, О.Исаев) еңбегі сөз болады. Бүкіл шығарманың идеялық түйіні - 20 ғасырдағы халықтың азаттық жолындағы күресі мен жеңісінің табиғи жолын көркем бейнелеу. 3-кітаптың «Қарсақбай сапары» атты тарауында автордың Қарсақбайға барған сапары сөз болады. Ол сол сапарында жас инженер Қаныш Сәтбаевпен танысқанын, Қаныштың өлке тарихы және Жезқазғанның болашағы, атқарылып жатқан жұмыстар жайында қозғаған әңгімесін баяндайды.
Дереккөздер
- Қазақ совет энциклопедиясы, 8-том
- Н.С. Исмагулова. «Өмір мектебіндегі» суреткерлік шеберліктері
- Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8
Сілтемелер
- Аян Әден. «Өмір мектебі» трилогиясының тарихи шындығы 3-бөлім
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Өmir mektebi zhazushy Sәbit Mukanovtyn 3 tomdyk memuarlyk romany Kitaptyn algashky taraulary Menin mektepterim degen atpen 1930 zhyly zhariyalandy 1941 zhyly zheke kitap bolyp basyldy Mukanov bul kitapty kajta zhazyp tolyktyryp Өmir mektebi degen atpen birinshi men ekinshi tomdaryn 1955 zhyly үshinshi tomdy 1964 zhyly zhariyalady Shygarma halyktyn zharty gasyrga zhuyk omirinin erkindik tendik zholyndagy kүresinin enbek bilim alu zholyndagy tynymsyz attanystary men izdenisterinin birtutas sureti Trilogiyada eski kazak aulyndagy dini nanym senimder arab zhazuynyn erekshelikteri eskishe zhyl ataulary torelerdin shezhiresi aktaban shubyryndy okigasy kejbir kalalardyn salynu tarihy t b zhoninde kejde oz atynan kejde baska bireulerdi sojletu arkyly uzyndy kyskaly san aluan melimet beredi Syn zertteu enbekterinde osynyn kopshiligi okyrmandar nazaryn negizgi okiga zhelisinen aulak eketetin artyk dүnie delinip zhүr Degenmen ol engime bayandaulardyn otken kezdin syr sipaty edet gurpy ugym tүsinikterinen keler urpakka azdy kopti maglumat beru kyzmetin atkaryp turgany dausyz Mazmuny1 kitaby Azapty zholda 2 kitaby Azattyk zholda 3 kitaby Eseyu zhyldary Algashky kitabynda zhazushynyn shykkan ortasy zhetimdikpen zhokshylykpen otken balalyk shagy odan kejingi kitabynda eldegi әleumettik ozgeristerge ilese bilim zholyna umtylysy kogamdyk isterge aralasa bastagan zhastyn algashky kadamy sipatalady Al songy kitapta Mukanov ozinin akyn azamat kogam kajratkeri retinde eseyui zhajynda syr shertedi Sol arkyly el omirindegi ozgerister kogamdyk zhanaru soz bolady Eseyu zhyldary kitabyna Қazakstannyn Kenes okimeti tusyndagy omiri negiz bolgan Kitap avtory kazak auylyndagy tap tartysynyn kүsheyui auyldyn kenes zholyna tүsui Қazakstandagy algashky ondirister men uzhymsharlardyn kuryluy zhana әdebiettin tuuy men kalyptasuy siyakty negizgi okigalar zhajyn әngimelej otyryp osy zholdagy kiynshylyktar men asyra silteu faktilerin de oz pajymdauymen sipattajdy Onda Қazakstan omirine katysty sol kezendegi kajratkerlerdin S Sejfullin Ә Dosov S Mendeshev A Asylbekov Zh Sәduakasov O Zhandosov O Isaev enbegi soz bolady Bүkil shygarmanyn ideyalyk tүjini 20 gasyrdagy halyktyn azattyk zholyndagy kүresi men zhenisinin tabigi zholyn korkem bejneleu 3 kitaptyn Қarsakbaj sapary atty tarauynda avtordyn Қarsakbajga bargan sapary soz bolady Ol sol saparynda zhas inzhener Қanysh Sәtbaevpen tanyskanyn Қanyshtyn olke tarihy zhәne Zhezkazgannyn bolashagy atkarylyp zhatkan zhumystar zhajynda kozgagan әngimesin bayandajdy DerekkozderҚazak sovet enciklopediyasy 8 tom N S Ismagulova Өmir mektebindegi suretkerlik sheberlikteri Қanysh Satpaev Enciklopediya Bas redaktor B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 zhyl ISBN 9965 893 74 8SiltemelerAyan Әden Өmir mektebi trilogiyasynyn tarihi shyndygy 3 bolim