Ұйқас — өлең тармақтарындағы аяққы сөздердің дыбыстас естілуі, үндестігі. Жалпы ұйқас ырғақты күшейтеді, тармақ жіктерін ажыратады. Ұйқас өлең жолдарын бір-біріне келген дейді, өлеңнің шумақ, тирада сияқты бөліктерінің әрқайсысын бір бүтін етіп тұтастырады, соңдықтан әр шумақтың немесе әр тираданың ұйқасы, суреті өз алдына бөлек-бөлек болып келеді. Қазақ өлеңі, оның ішінде Абай өлеңдері де аяққы ұйқасқа құрылған. Абай өлеңдерінде ұйқастың қазақ әдебиеті теориясың айтылатын түрлерінің (қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы, ерікті, кезекті, шалыс, егіз, аралас ұйқастар) бәрі бар. Абайдың ерен ақындық шеберлігі мен жаңашылдығының көрінісі — өлеңнің шумақты-шумақсыз құрылымына, сондай-ақ, шумақты өлеңдерінің неше тармақтан тұратындығына қарай ұйқас суретін құбылту - Ақынның 4 тармақты, 7-8 аралас буынды өлеңдерінің көпшілігі -а, -б, -а, -б суретті шалыс ұйқасқа құрылған. Мысалы:
- Желсіз түнде жарық ай, - а
- Сәулесі суда дірілдеп. – б
- Ауылдың жаны терең сай, - а
- Тасыған өзен күрілдеп. - б
Абайдың 4 тармақты бірөңкей 7 буынды немесе бірөңкей 8 буынды өлеңдері -а, -б, -а, -б және -а, - а, -б, -а суретті ұйқаспен жазылған. 6 тармақты, шумақты кейбір ұйқас өлеңдері -а, -б, -а, -б, -в, -в түрінде келеді, бұл да Абай шығармаларынан басталатын ұйқастың түрі:
Ғашықтық іздеп тантыма - а
Аз күн әуре несі іс? - б
Өзіңнің қара артыңа, - а
Өткен өмір бейне түс. - б.
Синтаксистік құрылымы мен композициялық құрылысы, ырғағы мен ұйқас суреті жағынан қазақ поэзиясына Абай әкелген соны дүниелер, оның сегіз аяқтары, яғни, 8 тармақты, шумақты 3 өлеңі. Бұлардың ұйқас суреті -а, -а, -б, -в, -в, -б, -г, -г. Мұндағы -а, -а, -в, -в, -г, -г ұйқасымен берілген тармақтар өзара бір-бірімен синтаксистік әрі мағыналық жұптар түзеді, Абай поэзиясындағы ұйқасқа қатыстырылған сөздер өлеңнің мазмұнына, ойына, стиліне тікелей қатысты болып келеді. Оның Абайдың 1923 ж. Қазан қаласында жарық көрген өлеңдер жинағының алғашқы ішкі екі беті сатиралық өлеңдерінде адамның мінез-құлығын жағымсыз жақтан көрсететін сөздердің бір тобы еліктеуіш, бейнелеуіш сөздер. Сондықтан ақын «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»деген өлеңін бастан-аяқ қыртың, бұртың, тырқың, жырқың сияқты жағымсыз бейнелі сезердің ұйқасына құрады, жұртым, ұртың, құлқын деген мәнді, «бояусыз» сөздерді соларға ұйқастырады. Далпылдап, жалпылдап, бартылдап, барқылдап, шаңқылдап, тарқылдап «Болыс болдым, мінеки» деген өлеңінде, бос салақтап, бұтып-шатып, қудай атып деген сияқты бейнелі сөздер жағымсыз бейне жасау үшін ұйқасқа алынады. Тек жағымсыз бейнелерді жасауға ұйқасатын сөздерді таңдап алу - Абай шеберлігінің бір қыры. Мысалы:
«Единица - жақсысы,
Ерген елі - бейне нөл..,
Единица кеткенде,
Не болады өңкей нөл»
деген ойды бір өлеңінің өзегі еткен Абай орыстың «ноль» сөзін бейне етіп қазақ поэзиясына енгізеді де, оған ой екпінін түсіру үшін өлеңді бастан-аяқ осы сөздің ұйқасына құрады. Абай портрет жасауда да, пейзаж беруде де ұйқасты шебер пайдаланады. - ып (-іп, -п) жұрнақты өткен шақ көсемше тұлғасымен келген етістік ұйқастардың барлығы дерлік бейнелі қолданыстар, олар жазды күнгі ауыл суретін беруге (Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап...), көбінесе, адамдардың қимыл-әрекеті арқылы олардың портретін жасауға қолданылады. Абайдың жалпы етістік тұлғаларын өлең ұйқасына алып бейне жасауға қатыстыруы бұрыннан келе жатқан поэтикалық амалды нығайтып, одан әрі дамытуы болса, екінші жағынан, оның өзіне тән қолтаңбасы. Өйткені, Абай пайдаланған етістік ұйқастар байырғы қазақ поэзиясындағы ашық райдағы тиянақты баяндауыштар емес (барады, алады, қалады сияқты), -ып жұрнақты тиянақты да, тиянақсыз да болып қызмет атқаратын көсемшелер, да шылауымен келген шартты рай тұлғасы (Жарқ етпес қара көңлім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да...), барыс септіктегі -у жұрнақты тұлғасы («Интернатта оқып жүр» деп басталатын өлеңінің ұйқастарын қараңыз), -мақ жұрнақты тұлғасы («Тотықұс түсті көбелек», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» сияқты өлеңдерінің ұйқасына назар аударыңыз) болып келеді.
Өлеңнің көптеген шумақтары мен жеке бөліктерінің 1 ұйқасты (моно рифмалық) немесе әр түрлі ұйқасты болып келуінің оның композициясы мен ойдың берілу сипатына тікелей қатысы бар. Бір ұйқас тәсілі қазақ поэзиясында бұрын да қолданылып келген, бірақ, ол көбінесе, 7-8 буынды шумақсыз жыр өлшемінде қолданылған, ал, Абай бұл тәсілді 11 буынды 4 тармақты өлеңдеріне де енгізген және етістік бір айқаспен қатар, өзге сөз тұлғаларын да пайдаланған. Бір ұйқасты Абай әдейі қалайды, өйткені, ол ең алдымен ой тұтастығын жасауға көмектеседі.
Өлеңді шумақтарға топтастыруда ұйқас сурет - ең негізгі белгі. Абай өлеңдерінде тек 4 тармақты емес, 6 тармақты (алты аяқ), 8 тармақты (сегіз аяқ), 14 тармақты, кейде аралас тармақты болып құрылған өлеңдерінде ұйқас негізгі роль атқарады. Сонымен қатар, Абайда ұйқас - тирада деп аталатын өлең құрылымын жасауға қатысады. Тирада - бір өлеңнің тармақ саны әркелкі болып келген бөліктері. Бұндай бөліктердің ара жігін айыратын ұйқас болады. Мыс., ұйқасқан сөздеріне қарай «Қайғы шығар ілімнен» деп басталатын өлеңі 7 бөліктен тұрады: 1-бөлік 8 тармақты ұйқасатын сөздер: ілімнен, білімнен... мінімнен, 2-белік4тармақтықайда жоқ, пайда жоқ, 3-бөлік 10 тармақты дәулетке, келбетке... әлбетте, 4-бөлік 12 тармақты ұлықтап, қызықтап... құрықтап, 5- бөлік те 12 тармақты қансаңыз, салсаңыз... ол қарыз, 6-бөлік 10 тармақты бурыл шаш, топтан қаш... өлсең де аш, соңғы 7-бөлік 4 тармақты қайда жоқ, пайда жоқ тирадалар. Бұл өлеңнің әр бөлігінде тармақ сандары ғана әркелкі емес, ұйқас суреттері де әр түрлі: 8, 10, 12тармақты бөліктер -а, -а, -б, -а, -в, -а, -г, -а, -д, -а болып ұйқасса, 4 тармақты 2 бөлік -а, -б, -в, -б ұйқасымен келеді. Соңғы ұйқас суреті өте сирек, ол өз алдына жеке шумақ не тирада құрастырудан гөрі, тұтастың сынығы іспетті. Абайдың бірқатар өлеңі тирада құрылымымен келген. Ұйқасына қарай топтасқанда «Ғылым таппай мақтанба...» деп басталатын өлеңі 2-ақ бөліктен тұрады: біріншісі 43 тармақты 1 тирада болса, 2-бөлігі 34 тармақтан құрылған 1 тирада. Сол сияқты Абайдың «Бәтен елде бар болса...» деп басталатын өлеңі 17 бөлікке бөлінген, 17 тирададағы құрылған шығарма деп тануға болады. Мұндағы әр бөліктің жігін айырып тұрған - ұйқастырылған сөздер. Әр бөлік тирада болғандықтан, тармақ сандары әр түрлі: бірінде көп, бірінде өте аз. Тирадаға құрылған өлеңдердің қатарына «Сап, сап, көңлім, сап, көңлім», «Болыс болдым, мінекей»т. б. өлеңдері жатады.
Дереккөздер
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ұjkas olen tarmaktaryndagy ayakky sozderdin dybystas estilui үndestigi Zhalpy ujkas yrgakty kүshejtedi tarmak zhikterin azhyratady Ұjkas olen zholdaryn bir birine kelgen dejdi olennin shumak tirada siyakty bolikterinin әrkajsysyn bir bүtin etip tutastyrady sondyktan әr shumaktyn nemese әr tiradanyn ujkasy sureti oz aldyna bolek bolek bolyp keledi Қazak oleni onyn ishinde Abaj olenderi de ayakky ujkaska kurylgan Abaj olenderinde ujkastyn kazak әdebieti teoriyasyn ajtylatyn tүrlerinin kara olen ujkasy shubyrtpaly erikti kezekti shalys egiz aralas ujkastar bәri bar Abajdyn eren akyndyk sheberligi men zhanashyldygynyn korinisi olennin shumakty shumaksyz kurylymyna sondaj ak shumakty olenderinin neshe tarmaktan turatyndygyna karaj ujkas suretin kubyltu Akynnyn 4 tarmakty 7 8 aralas buyndy olenderinin kopshiligi a b a b suretti shalys ujkaska kurylgan Mysaly Zhelsiz tүnde zharyk aj a Sәulesi suda dirildep b Auyldyn zhany teren saj a Tasygan ozen kүrildep b Abajdyn 4 tarmakty bironkej 7 buyndy nemese bironkej 8 buyndy olenderi a b a b zhәne a a b a suretti ujkaspen zhazylgan 6 tarmakty shumakty kejbir ujkas olenderi a b a b v v tүrinde keledi bul da Abaj shygarmalarynan bastalatyn ujkastyn tүri Ғashyktyk izdep tantyma a Az kүn әure nesi is b Өzinnin kara artyna a Өtken omir bejne tүs b Sintaksistik kurylymy men kompoziciyalyk kurylysy yrgagy men ujkas sureti zhagynan kazak poeziyasyna Abaj әkelgen sony dүnieler onyn segiz ayaktary yagni 8 tarmakty shumakty 3 oleni Bulardyn ujkas sureti a a b v v b g g Mundagy a a v v g g ujkasymen berilgen tarmaktar ozara bir birimen sintaksistik әri magynalyk zhuptar tүzedi Abaj poeziyasyndagy ujkaska katystyrylgan sozder olennin mazmunyna ojyna stiline tikelej katysty bolyp keledi Onyn Abajdyn 1923 zh Қazan kalasynda zharyk korgen olender zhinagynyn algashky ishki eki beti satiralyk olenderinde adamnyn minez kulygyn zhagymsyz zhaktan korsetetin sozderdin bir toby elikteuish bejneleuish sozder Sondyktan akyn Қalyn elim kazagym kajran zhurtym degen olenin bastan ayak kyrtyn burtyn tyrkyn zhyrkyn siyakty zhagymsyz bejneli sezerdin ujkasyna kurady zhurtym urtyn kulkyn degen mәndi boyausyz sozderdi solarga ujkastyrady Dalpyldap zhalpyldap bartyldap barkyldap shankyldap tarkyldap Bolys boldym mineki degen oleninde bos salaktap butyp shatyp kudaj atyp degen siyakty bejneli sozder zhagymsyz bejne zhasau үshin ujkaska alynady Tek zhagymsyz bejnelerdi zhasauga ujkasatyn sozderdi tandap alu Abaj sheberliginin bir kyry Mysaly Edinica zhaksysy Ergen eli bejne nol Edinica ketkende Ne bolady onkej nol degen ojdy bir oleninin ozegi etken Abaj orystyn nol sozin bejne etip kazak poeziyasyna engizedi de ogan oj ekpinin tүsiru үshin olendi bastan ayak osy sozdin ujkasyna kurady Abaj portret zhasauda da pejzazh berude de ujkasty sheber pajdalanady yp ip p zhurnakty otken shak kosemshe tulgasymen kelgen etistik ujkastardyn barlygy derlik bejneli koldanystar olar zhazdy kүngi auyl suretin beruge At ajgyrlar bieler Bүjiri shygyp ynkyldap Suda turyp shybyndap kobinese adamdardyn kimyl әreketi arkyly olardyn portretin zhasauga koldanylady Abajdyn zhalpy etistik tulgalaryn olen ujkasyna alyp bejne zhasauga katystyruy burynnan kele zhatkan poetikalyk amaldy nygajtyp odan әri damytuy bolsa ekinshi zhagynan onyn ozine tәn koltanbasy Өjtkeni Abaj pajdalangan etistik ujkastar bajyrgy kazak poeziyasyndagy ashyk rajdagy tiyanakty bayandauyshtar emes barady alady kalady siyakty yp zhurnakty tiyanakty da tiyanaksyz da bolyp kyzmet atkaratyn kosemsheler da shylauymen kelgen shartty raj tulgasy Zhark etpes kara konlim ne kylsa da Aspanda aj menen kүn shagylsa da barys septiktegi u zhurnakty tulgasy Internatta okyp zhүr dep bastalatyn oleninin ujkastaryn karanyz mak zhurnakty tulgasy Totykus tүsti kobelek Қartajdyk kajgy ojladyk ujky sergek siyakty olenderinin ujkasyna nazar audarynyz bolyp keledi Өlennin koptegen shumaktary men zheke bolikterinin 1 ujkasty mono rifmalyk nemese әr tүrli ujkasty bolyp keluinin onyn kompoziciyasy men ojdyn berilu sipatyna tikelej katysy bar Bir ujkas tәsili kazak poeziyasynda buryn da koldanylyp kelgen birak ol kobinese 7 8 buyndy shumaksyz zhyr olsheminde koldanylgan al Abaj bul tәsildi 11 buyndy 4 tarmakty olenderine de engizgen zhәne etistik bir ajkaspen katar ozge soz tulgalaryn da pajdalangan Bir ujkasty Abaj әdeji kalajdy ojtkeni ol en aldymen oj tutastygyn zhasauga komektesedi Өlendi shumaktarga toptastyruda ujkas suret en negizgi belgi Abaj olenderinde tek 4 tarmakty emes 6 tarmakty alty ayak 8 tarmakty segiz ayak 14 tarmakty kejde aralas tarmakty bolyp kurylgan olenderinde ujkas negizgi rol atkarady Sonymen katar Abajda ujkas tirada dep atalatyn olen kurylymyn zhasauga katysady Tirada bir olennin tarmak sany әrkelki bolyp kelgen bolikteri Bundaj bolikterdin ara zhigin ajyratyn ujkas bolady Mys ujkaskan sozderine karaj Қajgy shygar ilimnen dep bastalatyn oleni 7 bolikten turady 1 bolik 8 tarmakty ujkasatyn sozder ilimnen bilimnen minimnen 2 belik4tarmaktykajda zhok pajda zhok 3 bolik 10 tarmakty dәuletke kelbetke әlbette 4 bolik 12 tarmakty ulyktap kyzyktap kuryktap 5 bolik te 12 tarmakty kansanyz salsanyz ol karyz 6 bolik 10 tarmakty buryl shash toptan kash olsen de ash songy 7 bolik 4 tarmakty kajda zhok pajda zhok tiradalar Bul olennin әr boliginde tarmak sandary gana әrkelki emes ujkas suretteri de әr tүrli 8 10 12tarmakty bolikter a a b a v a g a d a bolyp ujkassa 4 tarmakty 2 bolik a b v b ujkasymen keledi Songy ujkas sureti ote sirek ol oz aldyna zheke shumak ne tirada kurastyrudan gori tutastyn synygy ispetti Abajdyn birkatar oleni tirada kurylymymen kelgen Ұjkasyna karaj toptaskanda Ғylym tappaj maktanba dep bastalatyn oleni 2 ak bolikten turady birinshisi 43 tarmakty 1 tirada bolsa 2 boligi 34 tarmaktan kurylgan 1 tirada Sol siyakty Abajdyn Bәten elde bar bolsa dep bastalatyn oleni 17 bolikke bolingen 17 tiradadagy kurylgan shygarma dep tanuga bolady Mundagy әr boliktin zhigin ajyryp turgan ujkastyrylgan sozder Әr bolik tirada bolgandyktan tarmak sandary әr tүrli birinde kop birinde ote az Tiradaga kurylgan olenderdin kataryna Sap sap konlim sap konlim Bolys boldym minekej t b olenderi zhatady DerekkozderAbaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet