Құлажорға кезеңі – ерте темір дәуіріне жататын тарихи-мәдени кезең.Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуіріндегі жерлеу-ғұрыптық ескерткіштері хронологиялық жағынан үш кезеңге бөлінеді: б.з.б. 7 – 6 ғасырлардағы майемер, б.з.б. 5 – 4 ғасырлардағы берел және б.з.б. 3 – 1 ғасырлардағы Құлажорға кезеңі ескерткіштеріне Ертіс өзені бойындағы (ұзындығы 250 км) Бөкен ауылынан Шүлбі кентіне дейінгі аралықты қамтыған Құлажорға, Қызылту, Юпитер, , , және Славянка сынды оншақты қорым жатады. Бұл жерлерде сексенге жуық оба қазылғанымен толық зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Б.з.б. 3 ғасырдағы Шығыс Қазақстанның археологиялық ескерткіштерінің түрлері мен құрылымының сипаты өзгерген. Қола дәуірі жерлеу кешендеріне тән адамды тас жәшікке қою салты кең етек жайды. Тас пен топырақ аралас дөңгелек пішінді Құлажорға кезеңі обаларының көлемі шағын (диаметрі 4,5 – 15 метр, биіктігі 0,3 – 0,5 метр). Диаметрі 30 метрден асатын обалар сирек кездеседі. Мүрделер тереңдігі 1,5 – 2,5 метр шығыстан батысқа қарай созылған сопақша пішінді қабірге қырынан қойылған, ірі гранит тақта тастардан тұрғызылған тас жәшікке салынған. Сонымен қатар тас жәшіктің ішіне ағаш жәшік қою, жай қабірдің үстін тақта тастармен жабу ғұрпы да орын алған. Өлген адамдар шалқасынан жатқызылған, басы көбіне батысқа, кейде шығысқа қаратып жерленген. Батысқа қаратылып жерленген адамдардың жанына заттар қойылмаған, тек бір жағдайда ғана бас тұсынан алтын пластина мен мыстан жасалған әшекейлер табылған. Бұл кезеңдегі жерлеу әдет-ғұрыптарына екі адамды қатарынан жерлеу рәсімі де тән. Жалпы Шығыс Қазақтан көне көшпелілерінің қоныс орындары зерттелінбегендіктен олардың мәдениетін тек жерлеу ескерткіштерінен табылған заттар мен кездейсоқ олжалар арқылы сипаттауға болады. Көшпелілердің басқа аймақтарындағы осы кезең ескерткіштерімен салыстырғанда құлажорғалықтардың жерлеу ғұрпындағы заттар жұпыны болып келеді. Көбіне адамның бас жағына қолдан жасалған құмыра тәрізді қыш ыдыс, оның жанына темір пышақ пен қой омыртқалары қойылған. Оған қарап б.з.б. 5 – 4 ғасырларда пайда болған темір пышақтар Құлажорға кезеңіде күнделікті қолданыста болған деген тұжырым жасауға болады. Осы кезеңде еңбек құралдары мен қару-жарақтарды қайрайтын төрт бұрышты, жоғарғы жағында белдікке тағу үшін жасалған тесігі бар ұзынша қайрақ тастар, ілмекті, ұзынша үшкір айналар, сегіз саны тәріздес сырғалар, т.б. заттар кең тарала бастаған. Осындай ерекше жерлеу ғұрпы тән болып келетін бұл обалар Көкпекті ауданындағы Құлажорға өзені бойында алғаш ашылып зерттелінгендіктен, шартты түрде мұның атымен тұтас бір тарихи кезең аталған. Жерленген мәйіттердің антропол. түр сипатында моңғол текті түрге аздап ұқсастық байқалады. Мұны ғұндардың шығысқа қарай өлы қоныс аударуымен, олардың жергілікті халықтарға тигізген әсерімен түсіндіруге болады. Бұл ескерткіштерді қалдырған халықтың этникалық тегі әлі толық айқындалмаған.
Дереккөздер
- “Қазақ Энциклопедиясы”, VI-том
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қulazhorga kezeni erte temir dәuirine zhatatyn tarihi mәdeni kezen Shygys Қazakstannyn erte temir dәuirindegi zherleu guryptyk eskertkishteri hronologiyalyk zhagynan үsh kezenge bolinedi b z b 7 6 gasyrlardagy majemer b z b 5 4 gasyrlardagy berel zhәne b z b 3 1 gasyrlardagy Қulazhorga kezeni eskertkishterine Ertis ozeni bojyndagy uzyndygy 250 km Boken auylynan Shүlbi kentine dejingi aralykty kamtygan Қulazhorga Қyzyltu Yupiter zhәne Slavyanka syndy onshakty korym zhatady Bul zherlerde seksenge zhuyk oba kazylganymen tolyk zertteu zhumystary zhүrgizilmegen B z b 3 gasyrdagy Shygys Қazakstannyn arheologiyalyk eskertkishterinin tүrleri men kurylymynyn sipaty ozgergen Қola dәuiri zherleu keshenderine tәn adamdy tas zhәshikke koyu salty ken etek zhajdy Tas pen topyrak aralas dongelek pishindi Қulazhorga kezeni obalarynyn kolemi shagyn diametri 4 5 15 metr biiktigi 0 3 0 5 metr Diametri 30 metrden asatyn obalar sirek kezdesedi Mүrdeler terendigi 1 5 2 5 metr shygystan batyska karaj sozylgan sopaksha pishindi kabirge kyrynan kojylgan iri granit takta tastardan turgyzylgan tas zhәshikke salyngan Sonymen katar tas zhәshiktin ishine agash zhәshik koyu zhaj kabirdin үstin takta tastarmen zhabu gurpy da oryn algan Өlgen adamdar shalkasynan zhatkyzylgan basy kobine batyska kejde shygyska karatyp zherlengen Batyska karatylyp zherlengen adamdardyn zhanyna zattar kojylmagan tek bir zhagdajda gana bas tusynan altyn plastina men mystan zhasalgan әshekejler tabylgan Bul kezendegi zherleu әdet guryptaryna eki adamdy katarynan zherleu rәsimi de tәn Zhalpy Shygys Қazaktan kone koshpelilerinin konys oryndary zerttelinbegendikten olardyn mәdenietin tek zherleu eskertkishterinen tabylgan zattar men kezdejsok olzhalar arkyly sipattauga bolady Koshpelilerdin baska ajmaktaryndagy osy kezen eskertkishterimen salystyrganda kulazhorgalyktardyn zherleu gurpyndagy zattar zhupyny bolyp keledi Kobine adamnyn bas zhagyna koldan zhasalgan kumyra tәrizdi kysh ydys onyn zhanyna temir pyshak pen koj omyrtkalary kojylgan Ogan karap b z b 5 4 gasyrlarda pajda bolgan temir pyshaktar Қulazhorga kezenide kүndelikti koldanysta bolgan degen tuzhyrym zhasauga bolady Osy kezende enbek kuraldary men karu zharaktardy kajrajtyn tort buryshty zhogargy zhagynda beldikke tagu үshin zhasalgan tesigi bar uzynsha kajrak tastar ilmekti uzynsha үshkir ajnalar segiz sany tәrizdes syrgalar t b zattar ken tarala bastagan Osyndaj erekshe zherleu gurpy tәn bolyp keletin bul obalar Kokpekti audanyndagy Қulazhorga ozeni bojynda algash ashylyp zerttelingendikten shartty tүrde munyn atymen tutas bir tarihi kezen atalgan Zherlengen mәjitterdin antropol tүr sipatynda mongol tekti tүrge azdap uksastyk bajkalady Muny gundardyn shygyska karaj oly konys audaruymen olardyn zhergilikti halyktarga tigizgen әserimen tүsindiruge bolady Bul eskertkishterdi kaldyrgan halyktyn etnikalyk tegi әli tolyk ajkyndalmagan Derekkozder Қazak Enciklopediyasy VI tom Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz