Қырым операциясы – Ұлы Отан соғысы барысында 1944 жылы 8 сәуірде – 12 мамырда Қырымды неміс-фашист әскерлерінен азат ету мақсатымен жүргізілген совет әскерлерінің шабуыл операциясы. Қырым операциясы 4-Украин майданы (қолбасшысы армия генералы Ф.И. Толбухин) мен Дербес Приморье армиясы ( армия генералы А. И. Еременко) әскерлері және Қара теңіз флоты ( адмирал Ф. С. Октябрьский) мен Азов әскери флотилиясы (контр-адмирал С. Г. Горшков) бірігіп қимыл жасауы арқылы жүзеге асырылды. Қызыл Армия Днепрдің оң жағасында жүргізген сәтті ұрыстарынан кейін және 1943 жылы күзінде жүзеге асырылған операциялардың нәтижесінде Қырымда бекінген жаудың 17-армиясы қоршауда қалды. Оның құрамында 7 румын және 5 неміс дивизиялары (200 мыңға жуық адам, 3600-дей зеңбірек пен миномет, 200-ден астам танк пен ауыр зеңбірек, 150 самолет) болды. Совет әскерлерінің құрамында 30 атқыштар дивизиясы, 2 теңіз жаяу әскері бригадасы, 2 бекіністі аудан (400 мыңға жуық адам, 6 мыңдай зеңбірек пен миномет, 559 танк пен өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы, 1250 самолет) болды.
4- Украин майданының әскерлері 8-әуе армиясы мен Қара теңіз флоты авиациясының қолдауымен 8 сәуірде Перекоп бағытында шабуылға шығып, гвардия 2-армия Армянск қаласын алды, ал 51-армия Сиваш бекінісіндегі жаудың алғы шебін бұзып өтті. 11 сәуірге қараған түнде Дербес Приморье армиясы 4-әуе армиясы мен Қара теңіз флоты авиациясының қолдауымен шабуылға шығып, Керчь қаласын алды. 19 танк корпусы Джанқойды азат етті. Керчьтегі жау тобы батысқа қарай жедел шегіне бастады. Совет әскерлері шабуылды үдете отырып, сәуірдің 13 – 14-нде , Симферополь, Бақшасарай, Алушта, Судак қалаларын, 18-нде Ялтаны азат етті. Осының нәтижесінде Севастопольге жол ашылды. 5 мамырда Севастопольдың сыртқы қорғаныс шебіне шабуыл бастаған совет әскерлері 8 мамырда оның ішкі қорғаныс шетіне өтіп, 9 мамырда қаланы азат етті. Херсонес мүйісін паналаған жау әскерлерінің қалдықтары 12 мамырда тізе бүкті. Қырымды азат етуде совет әскерлеріне жергілікті партизан құрамалары үлкен көмек көрсетті.
Жау өлгені, тұтқынға түскені бар 140 мың адамынан және соғыс техникасынан айрылды. Қырымды азат ету ұрысында ерекше ерлік көрсеткені үшін 126 адамға Совет Одағының Батыры атағы берілді. Жаудың Қырымдағы тобын күйрету нәтижесінде Совет майданының оң қанатындағы қауіп сейілді, Қара теңіз флотының базасы жақсартылды.
Дереккөздер
- Штеменко С. М., Бас штаб соғыс жылдарында, А., 1972;
- Великая Отечественная война Советского Союза 1941-1945 жж. Краткая история, М., 1970;
- Бирюзов С. С., Когда гремели пушки, М., 1962.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қyrym operaciyasy Ұly Otan sogysy barysynda 1944 zhyly 8 sәuirde 12 mamyrda Қyrymdy nemis fashist әskerlerinen azat etu maksatymen zhүrgizilgen sovet әskerlerinin shabuyl operaciyasy Қyrym operaciyasy 4 Ukrain majdany kolbasshysy armiya generaly F I Tolbuhin men Derbes Primore armiyasy armiya generaly A I Eremenko әskerleri zhәne Қara teniz floty admiral F S Oktyabrskij men Azov әskeri flotiliyasy kontr admiral S G Gorshkov birigip kimyl zhasauy arkyly zhүzege asyryldy Қyzyl Armiya Dneprdin on zhagasynda zhүrgizgen sәtti urystarynan kejin zhәne 1943 zhyly kүzinde zhүzege asyrylgan operaciyalardyn nәtizhesinde Қyrymda bekingen zhaudyn 17 armiyasy korshauda kaldy Onyn kuramynda 7 rumyn zhәne 5 nemis diviziyalary 200 mynga zhuyk adam 3600 dej zenbirek pen minomet 200 den astam tank pen auyr zenbirek 150 samolet boldy Sovet әskerlerinin kuramynda 30 atkyshtar diviziyasy 2 teniz zhayau әskeri brigadasy 2 bekinisti audan 400 mynga zhuyk adam 6 myndaj zenbirek pen minomet 559 tank pen ozdiginen zhүretin artilleriyalyk kondyrgy 1250 samolet boldy 4 Ukrain majdanynyn әskerleri 8 әue armiyasy men Қara teniz floty aviaciyasynyn koldauymen 8 sәuirde Perekop bagytynda shabuylga shygyp gvardiya 2 armiya Armyansk kalasyn aldy al 51 armiya Sivash bekinisindegi zhaudyn algy shebin buzyp otti 11 sәuirge karagan tүnde Derbes Primore armiyasy 4 әue armiyasy men Қara teniz floty aviaciyasynyn koldauymen shabuylga shygyp Kerch kalasyn aldy 19 tank korpusy Dzhankojdy azat etti Kerchtegi zhau toby batyska karaj zhedel shegine bastady Sovet әskerleri shabuyldy үdete otyryp sәuirdin 13 14 nde Simferopol Bakshasaraj Alushta Sudak kalalaryn 18 nde Yaltany azat etti Osynyn nәtizhesinde Sevastopolge zhol ashyldy 5 mamyrda Sevastopoldyn syrtky korganys shebine shabuyl bastagan sovet әskerleri 8 mamyrda onyn ishki korganys shetine otip 9 mamyrda kalany azat etti Hersones mүjisin panalagan zhau әskerlerinin kaldyktary 12 mamyrda tize bүkti Қyrymdy azat etude sovet әskerlerine zhergilikti partizan kuramalary үlken komek korsetti Zhau olgeni tutkynga tүskeni bar 140 myn adamynan zhәne sogys tehnikasynan ajryldy Қyrymdy azat etu urysynda erekshe erlik korsetkeni үshin 126 adamga Sovet Odagynyn Batyry atagy berildi Zhaudyn Қyrymdagy tobyn kүjretu nәtizhesinde Sovet majdanynyn on kanatyndagy kauip sejildi Қara teniz flotynyn bazasy zhaksartyldy DerekkozderShtemenko S M Bas shtab sogys zhyldarynda A 1972 Velikaya Otechestvennaya vojna Sovetskogo Soyuza 1941 1945 zhzh Kratkaya istoriya M 1970 Biryuzov S S Kogda gremeli pushki M 1962