Қызылқұм Артезиан Алабы– жер асты суы. Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағын, Қаратау мен Арал теңізі аралығын алып жатыр. Алап оңтүстігінің аздаған бөлігі Өзбекстан жеріне кіреді. Қазақстандағы бөлігінің ауданы 115 мың км². Грунт сулары тау етегіндегі ысырынды конустарда, ойпаттағы өзен арналарында, Қызылқұм өңіріндегі еспе құмдарда таралған. Бор кезеңінің сенон, тұран, сеномен, альб қабаттамаларымен тығыз байланысты. Бұлардың әрқайсысының құрамында бірнеше сулы құм, құмтас қабаттары кездеседі. Қалыңдылығы тау етегінен ойыс орталығына қарай 30 м-ден 300 м-ге, қалыптасқан тереңдігі 20–30 м-ден 1770 м-ге дейін өзгереді. Ойыс орталығында қазылған ұңғымалардан шығатын атқылама судың өнімділігі 2–70 л/с, температурасы 30–50С. Геотермиялық болжам бойынша Арыс ойысының ең терең бөлігінде судың ыстықтығы 100–110С-қа жетеді, ал олардың болжамдық пайдалану қоры 240 м³/с. Суларының химиялық құрамы, тұздылығы тау етектерінен алыстаған сайын өзгеріп отырады. Қаратау етегіне жақын аудандарда бор қабаттарында таралған сулар тұщы (0,2–0,4 г/л), құрамы гидрокарбонатты-кальцийлі. Арал теңізіне қарай судың тұздылығы арта түседі. Қызылорда қаласының тұсында минералдылығы 1–1,5 г/л, Арал теңізінің жағалауында 3–10 г/л, құрамы сульфатты, хлорлы-натрийлі. Түркістан, Шәуілдір, Арыс елді мекендерінде терең ұңғымалардан шыққан ыстық сулардың шипалық қасиеті бар. Бор, антропоген қабаттарындағы тұщы сулар ауыз су ретінде, егістік суаруға кеңінен пайдаланылады.
Дереккөздер
- Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baska magynalar үshin Қyzylkum degen betti karanyz Қyzylkum Artezian Alaby zher asty suy Қyzylorda zhәne Ontүstik Қazakstan oblystary aumagyn Қaratau men Aral tenizi aralygyn alyp zhatyr Alap ontүstiginin azdagan boligi Өzbekstan zherine kiredi Қazakstandagy boliginin audany 115 myn km Grunt sulary tau etegindegi ysyryndy konustarda ojpattagy ozen arnalarynda Қyzylkum onirindegi espe kumdarda taralgan Bor kezeninin senon turan senomen alb kabattamalarymen tygyz bajlanysty Bulardyn әrkajsysynyn kuramynda birneshe suly kum kumtas kabattary kezdesedi Қalyndylygy tau eteginen ojys ortalygyna karaj 30 m den 300 m ge kalyptaskan terendigi 20 30 m den 1770 m ge dejin ozgeredi Ojys ortalygynda kazylgan ungymalardan shygatyn atkylama sudyn onimdiligi 2 70 l s temperaturasy 30 50S Geotermiyalyk bolzham bojynsha Arys ojysynyn en teren boliginde sudyn ystyktygy 100 110S ka zhetedi al olardyn bolzhamdyk pajdalanu kory 240 m s Sularynyn himiyalyk kuramy tuzdylygy tau etekterinen alystagan sajyn ozgerip otyrady Қaratau etegine zhakyn audandarda bor kabattarynda taralgan sular tushy 0 2 0 4 g l kuramy gidrokarbonatty kalcijli Aral tenizine karaj sudyn tuzdylygy arta tүsedi Қyzylorda kalasynyn tusynda mineraldylygy 1 1 5 g l Aral tenizinin zhagalauynda 3 10 g l kuramy sulfatty hlorly natrijli Tүrkistan Shәuildir Arys eldi mekenderinde teren ungymalardan shykkan ystyk sulardyn shipalyk kasieti bar Bor antropogen kabattaryndagy tushy sular auyz su retinde egistik suaruga keninen pajdalanylady DerekkozderOntүstik Қazakstan oblysynyn enciklopediyasyBul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz