Қызылкенші, Қыз Әулие — 17 ғасырдағы сарай. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Кент тауының баурайында орналасқан. Жергілікті халық Қыз Әулие деп атайды. Алғашқы жазба сипаттамасын 19 ғасырда Қарқаралы дуанын ашу барысында Омбы губерниясын басқарған генерал С.Б. Броневский жасаған. Кеңес дәуірінде И.А. Чеканинский, С.С. Черников, Ә.Марғұлан зерттеді. 1985 ж. “Казпроектреставрация” институты қазба жұмыстарын жүргізді. 1986 — 87 ж. Қарағанды мемлекеттік университі жанындағы “Эврика” студенттік-археологиялық экспедициялық (жетекiшісі Ж.Смаилов, А.Бейсенов) зерттеп, негізгі сарайдан, 3 қосымша құрылыстан және іргесіндегі қорымнан 10 шағын обаны аршыды. Сарай тастан қаланған 2 қабатты құрылыс болған. Ортадағы үлкен бөлменің ауданы 11,5x12 м. Едені ақ балшықпен тегістелген, ал шығыс бұрышы қызыл бояумен боялған. Орталығы бөлменің 3 қабырғасынан есік шығарылып, 3 шағын бөлме жапсарласқан. Төртінші қабырғадан оңтүстік-шығысқа қарай сыртқы есік шығады. Сарайдың ішкі қабырғалары ақ балшықпен сыланған. 3 шағын құрылыстың екеуінің пеші бар. Есік алдындағы шұңқыр табиғи бұлақ көзінің орны тәрізді. Қазба барысында табылған заттар тым аз: темір құлып, қолдан құйылған мылтық шүріппесі, екі қорғасын оқ, мыс жүзік пен дөңгелек теңге. Сарайды шамамен 17 ғасырдың орта кезінде қазақтармен бейбіт қарым-қатынаста болған ойрат шонжарларының өкілдері діни пұтхана орны ретінде салдырған. Кейіннен ол жергілікті қазақтардың киелі орнына айналған.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қyzylkenshi Қyz Әulie 17 gasyrdagy saraj Қaragandy oblysy Қarkaraly audany Kent tauynyn baurajynda ornalaskan Zhergilikti halyk Қyz Әulie dep atajdy Algashky zhazba sipattamasyn 19 gasyrda Қarkaraly duanyn ashu barysynda Omby guberniyasyn baskargan general S B Bronevskij zhasagan Kenes dәuirinde I A Chekaninskij S S Chernikov Ә Margulan zerttedi 1985 zh Kazproektrestavraciya instituty kazba zhumystaryn zhүrgizdi 1986 87 zh Қaragandy memlekettik universiti zhanyndagy Evrika studenttik arheologiyalyk ekspediciyalyk zhetekishisi Zh Smailov A Bejsenov zerttep negizgi sarajdan 3 kosymsha kurylystan zhәne irgesindegi korymnan 10 shagyn obany arshydy Saraj tastan kalangan 2 kabatty kurylys bolgan Ortadagy үlken bolmenin audany 11 5x12 m Edeni ak balshykpen tegistelgen al shygys buryshy kyzyl boyaumen boyalgan Ortalygy bolmenin 3 kabyrgasynan esik shygarylyp 3 shagyn bolme zhapsarlaskan Tortinshi kabyrgadan ontүstik shygyska karaj syrtky esik shygady Sarajdyn ishki kabyrgalary ak balshykpen sylangan 3 shagyn kurylystyn ekeuinin peshi bar Esik aldyndagy shunkyr tabigi bulak kozinin orny tәrizdi Қazba barysynda tabylgan zattar tym az temir kulyp koldan kujylgan myltyk shүrippesi eki korgasyn ok mys zhүzik pen dongelek tenge Sarajdy shamamen 17 gasyrdyn orta kezinde kazaktarmen bejbit karym katynasta bolgan ojrat shonzharlarynyn okilderi dini puthana orny retinde saldyrgan Kejinnen ol zhergilikti kazaktardyn kieli ornyna ajnalgan ҚyzylkenshiDerekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet