Науша Қаржауұлы (шамамен 19 ғасырдың 1-жартысы) — қазақ батыры. Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Ол інісі Наурызәлімен бірге руластарын басқарып, 1827 жылы көктемде Бөкей ордасын шарпыған толқуға қатысады. Олар Қаратоғай батыр Мәметұлы бастаған көтерілісшілеріне қосылып, Жәңгір ханға Астрахан және Орал казак орыстарының озбырлықтарынан қорғап, таласты жер мәселесін шешуді — Қараөзеннің шығыс жағалауы мен Сарыөзеннің бойын қазақтарға қайтаруды, алым-салықтар мөлшерін азайтуды, т.б. талап етеді. Көтерілісшілердің сесінен қаймыққан Жәңгір хан Еділ бойындағы Владимировка кентін паналап, әскери көмек сұрайды. Толкушынарды басуға шыққан Орал казак-орыс отряды тікелей шабуылға шығуға бата алмайды, ал оларға қарсы күш көрсетуге бел байлаған Науша және Қаратоғай батырларға көтерілісшілер тобындағы шеркеш руының беделді азаматы Жақсыбаев басу айтып, тоқтады. Уақиға қантөгіссіз аяқталып, бейбіт түрде тарқағанымен халықтың патшалық және жергілікті билікке наразылығы тоқгамайды. Архив кұжаттарында баяндалған мұндай толқулардың басында Науша батырдың есімі тұрады. Бөкей өрдасыңдағы халық наразылығы туралы хабар Санкт-Петербург әкімшілігіне дейін жетіп, Орал казак-орыстары мен қазақ рулары арасындағы жер дауын тексеру үшін 1928 жылы Жайық өңіріне сенат өкілі М.Энгель келеді. Ол арнайы тексеру барысыңда қазақтардьщ талабының дұрыстығын, казак-орыс әскерлерінің озбырлығын ашып көрсетеді. Әсіресе шекара сызығын Тасқалаға шейін кері шегіндіріп, Нәбиуллин Қараөзен, Сарыөзен алабын шынайы иелері — қазақ руларына босатып беруді ұсынады. Бірақ Орынбор, Орал әкімшіліктерінің басшылары сенат уәкілінің ұсыныс-пікірін ескерусіз қалдырады. Сөйтіп, Науша батыр және Қаратоғай басқарған толқу 1829 жылы көктемінде Ішкі Ордадағы алаша, байбақты, тана, беріш және т.б. руларды қамтиды. Олар Шолан-Шығыр деген жерге жиналады. Жәңгір хан да өз жақтастарынан қол жиып әрі Орынбор әкімшілігінен әскери көмек сұратып, толқуды басуға кіріседі. Екі жақтың жасақтары Масқар құмы деген жерде бетпе-бет келеді. Дәстүр бойынша әуелі екі жақ батырларының жекпе-жегі болады. Хан жағынан еңгезердей Седібек батыр мен көтерілісшілер басшысы, ықшам денелі Науша ортаға шығып, айқасады. Қимылына көз ілеспейтін епті де әбжіл Науша батыр Сәдібектің денесіне, найза сүңгітіп, атынан түсіреді. Мысы басылған хан жасағы қарсы қимыл жасай алмай, кері шегінеді. Осы жолы Науша батыр бастаған топ Жайық бойына беттеп, жолдарын торыған Орал казак-орыс әскерлеріне де күйрете соққы берген. Архив құжаттарында «Науша жасақтары казак-орыс әскерлеріне бой бермей, өзеннен мал-жанымен өтіп кетті» деген бірер сөйлемдік мәлімдеу бар. Жалпы Наушаның өмірі мен ерлік істері туралы қазақтар арасында да, казак-орыстар арасында да аңыз-әңгімелер көп болған. Жайық ойындағы шайқасқа қатысқан Назаров деген казак-орыс өздерінің жеңілу себебіне байланысты «бізге қарай атойлап шапқанда Наушаның бір өзі жүз кісі сияқты болып көрінді» деп куәлік берген. Ел аузында Науша Ақбұлақ шайқасына да қатысып, Исатай батырдың мүрдесін жау қолына түсірмей, өзі жасырып жерлегенміс деген де әңгіме бар. Соңғы жылдары белгілі тарихшы- ғалым И.Кенжалиев Науша батырдың ғұмырнамалық деректерін жинақтады.
Дереккөздер
- (ҚР ОМА, 4-қор, 1685-іс, 88- тігінді)
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Nausha Қarzhauuly shamamen 19 gasyrdyn 1 zhartysy kazak batyry Bajuly tajpasynyn Bajbakty ruynan Ol inisi Nauryzәlimen birge rulastaryn baskaryp 1827 zhyly koktemde Bokej ordasyn sharpygan tolkuga katysady Olar Қaratogaj batyr Mәmetuly bastagan koterilisshilerine kosylyp Zhәngir hanga Astrahan zhәne Oral kazak orystarynyn ozbyrlyktarynan korgap talasty zher mәselesin sheshudi Қaraozennin shygys zhagalauy men Saryozennin bojyn kazaktarga kajtarudy alym salyktar molsherin azajtudy t b talap etedi Koterilisshilerdin sesinen kajmykkan Zhәngir han Edil bojyndagy Vladimirovka kentin panalap әskeri komek surajdy Tolkushynardy basuga shykkan Oral kazak orys otryady tikelej shabuylga shyguga bata almajdy al olarga karsy kүsh korsetuge bel bajlagan Nausha zhәne Қaratogaj batyrlarga koterilisshiler tobyndagy sherkesh ruynyn bedeldi azamaty Zhaksybaev basu ajtyp toktady Uakiga kantogissiz ayaktalyp bejbit tүrde tarkaganymen halyktyn patshalyk zhәne zhergilikti bilikke narazylygy tokgamajdy Arhiv kuzhattarynda bayandalgan mundaj tolkulardyn basynda Nausha batyrdyn esimi turady Bokej ordasyndagy halyk narazylygy turaly habar Sankt Peterburg әkimshiligine dejin zhetip Oral kazak orystary men kazak rulary arasyndagy zher dauyn tekseru үshin 1928 zhyly Zhajyk onirine senat okili M Engel keledi Ol arnajy tekseru barysynda kazaktardsh talabynyn durystygyn kazak orys әskerlerinin ozbyrlygyn ashyp korsetedi Әsirese shekara syzygyn Taskalaga shejin keri shegindirip Nәbiullin Қaraozen Saryozen alabyn shynajy ieleri kazak rularyna bosatyp berudi usynady Birak Orynbor Oral әkimshilikterinin basshylary senat uәkilinin usynys pikirin eskerusiz kaldyrady Sojtip Nausha batyr zhәne Қaratogaj baskargan tolku 1829 zhyly kokteminde Ishki Ordadagy alasha bajbakty tana berish zhәne t b rulardy kamtidy Olar Sholan Shygyr degen zherge zhinalady Zhәngir han da oz zhaktastarynan kol zhiyp әri Orynbor әkimshiliginen әskeri komek suratyp tolkudy basuga kirisedi Eki zhaktyn zhasaktary Maskar kumy degen zherde betpe bet keledi Dәstүr bojynsha әueli eki zhak batyrlarynyn zhekpe zhegi bolady Han zhagynan engezerdej Sedibek batyr men koterilisshiler basshysy yksham deneli Nausha ortaga shygyp ajkasady Қimylyna koz ilespejtin epti de әbzhil Nausha batyr Sәdibektin denesine najza sүngitip atynan tүsiredi Mysy basylgan han zhasagy karsy kimyl zhasaj almaj keri sheginedi Osy zholy Nausha batyr bastagan top Zhajyk bojyna bettep zholdaryn torygan Oral kazak orys әskerlerine de kүjrete sokky bergen Arhiv kuzhattarynda Nausha zhasaktary kazak orys әskerlerine boj bermej ozennen mal zhanymen otip ketti degen birer sojlemdik mәlimdeu bar Zhalpy Naushanyn omiri men erlik isteri turaly kazaktar arasynda da kazak orystar arasynda da anyz әngimeler kop bolgan Zhajyk ojyndagy shajkaska katyskan Nazarov degen kazak orys ozderinin zhenilu sebebine bajlanysty bizge karaj atojlap shapkanda Naushanyn bir ozi zhүz kisi siyakty bolyp korindi dep kuәlik bergen El auzynda Nausha Akbulak shajkasyna da katysyp Isataj batyrdyn mүrdesin zhau kolyna tүsirmej ozi zhasyryp zherlegenmis degen de әngime bar Songy zhyldary belgili tarihshy galym I Kenzhaliev Nausha batyrdyn gumyrnamalyk derekterin zhinaktady Derekkozder ҚR OMA 4 kor 1685 is 88 tigindi Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet