Қалталылар немесе қалталы жануарлар (лат. Marsupialia) – сүтқоректілердің бір класс тармағы, төменгі сатыдағы аңдар.
Солтүстік Америкада төменгі бор кезеңінен, ал Еуропада эоцен – миоцен дәуірлерінен белгілі. Аустралия, Тасмания, Жаңа Гвинея, аралында, Оңтүстік, Орталық және Солтүстік Америкада кездеседі. Жаңа Зеландияда жерсіндірілген. Қалталы жануарлардың дене құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Ми сыңарларының сыртында сайлары мен бұдырлары аз болады, ұрғашыларының жұмыртқа жолдары жұп болады, жамбасының шап сүйектерімен буындасып кеткен қалта сүйектері денесінің құрсақ бөлімінде орналасқан, бірнеше азу тісінен басқа сүт тістері түспейді. Көптеген түрінің бауырында қалтасы болады. Қалтасы жоқ түрлері де кездеседі. Қалталы жануарлардың ұрығы жатырда қағанақсыз (тек бандикутта қағанақ болады) дамиды, жатырмен қатысы болмағандықтан ұрықтың қоректік заты – сары уызы тез таусылады, сондықтан Қалталы жануарлардың буаздық мерзімі өте қысқа болады. Мысалы, 12, алып (сұр) кенгуру 38 – 40 күнде толық жетілмеген ұрпақ береді. Құрсақтан шыққан әлсіз ұрпағы жерге түспестен анасының бауырындағы қалтаға түседі де емшекке жабысады. Дамуы аяқталып, сүттен басқа қорек жеуге жарағанда жерге түседі. Бірақ анасынан ұзап кетпей, қауіп төнгенде қалтаға тығылып, жауларынан қорғанады. Қалталы жануарлардың тіс қатары құрылысына қарай 2 отряд тармағына – көп күрек тістілерге (Polyprotodontіa) және қос күрек тістілерге (Dіprotodontіa) бөлінеді. 9 (кейбір мәліметтерде 15) тұқымдасы, 250-дей түрі белгілі. Қалталылардың ішінде кәсіптік мақсатта көп ауланғаны – кенгуру (Macropodіdae). Бұлардың 15 – 17 туысқа бірігетін 55 түрі бар. Алматы хайуанаттар бағында алып () кенгуру (Macropus gіgantea) ұсталады. Кенгурудың дене тұрқы 25 – 160 см, құйрығының ұзындығы 15 – 105 см (кейбір түрінде өте мықты болады), салм. 1,4 – 90 кг. Көпшілік түрі секіріп қозғалады, жүгіргенде жылдығы 50 км/сағатына дейін жетеді. Топталып жүреді, өте сақ жануарлар, негізінен, өсімдікпен қоректенеді. Жылына 1 рет 1 – 2 күшік табады, ұрпағын бауырындағы қалтасына салып, 6 – 8 ай асырайды. Кенгурудың 9 түрі қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.
Австралия жануарларының арасында қалталылар тұтастай үстемдік етеді. Бұл жануарлардың қарындарында төлдерін салып алып жүретін тері қалтасы бар. Қалталы жануарлар Америкада да кездеседі, бірақ олар Австралияда кең таралған.
Қазіргі қалталылардың ең ірі өкілі – жирен кенгуру. Бұл жануар Австралияның нышандарының біріне айналған, сондай-ақ Австралиялық елтаңбада да бейнеленген. Ірі және күшті кенгуру туылғанда кішкентай және әлсіз болады. Ол анасының қалың жүніне жабысып, қалтаға кіріп емізікке бекітіледі. Ол қалтада сүтпен қоректеніп жарты жылдай өмір сүреді.
Қалталы жануарлар Австралияның барлық табиғи зоналарында тропикалық ормандарында, шөлдерінде тіршілік етеді. Олардың арасында жыртқыштар, жәндік қоректілердің түрлері, сондай-ақ өсімдік қоректілер де кездеседі.
Коала пүліш қонжыққа ұқсап ағаш үстінде өмірін өткізеді. Ол құрлықтың батысындағы эвкалипт ормандарында мекендейді. Австралияда көп таралған бұл өсімдіктің жапырақтары ересек коаланың жалғыз жарамды қорегі болып табылады. Төлдерін сүтпен қоректендіреді және үстінде:жарты жыл қалтасында, содан соң – арқасында тасиды. Баяу қимылдайтын коалаларда табиғатта дұшпандары аз, олар: жыртқыш құстар және ормандарды шауып, оларды баспанасыз және қорексіз қалдыратын адамдар.
Қорқытатын атауы бар тасман шайтаны (талисманский дьявол) жануары қалталы жыртқыш болып табылады. Ол қазір тек қана Тасман аралында мекендейді, бірақ құрлықта да көп таралған кездері де болған. Бұл жыртқышқа атауын өзімен бірге әкелген үй құстарын онымен бөлісе алмаған австралиялық қоныс аударушылар «сыйлаған». Тасман шайтанына тауықтар мен үйректер дәміне сай келеді, негізінде ол өлімтікпен қоректенеді. Оның аналығында қалтасы бар, бірақ ол кенгуру мен коаладағыдай алдынан емес артынан ашылады. Тасман шайтанына төлдері бір сантиметр шамасында туады. Олар қалтада бес ай жатады. Кейін шешесі шөптен жұмсақ ұя жасап, төлді жатқызады.
Еуропалықтар Австралияға сол аймақты мекендеген көп үй жануарларын, жабайы аңдарды әкелді. Қалталы жануарлар «шақырылмаған қонақтармен» бәсекелесе алмайды, күннен – күнге олардың саны азайып бара жатыр.
Қалталары
Барлық қалталылардың қалтасы болады. Алайда олардың кейбіреулерінде уақытша қалта болады. Буаздық кезеңінде бауырындағы терісі жиырылып, қап секілді төмпешік пайда болады. Ұрпағы сонда қоректенеді. Қоректендіру мерзімі аяқталған соң қалта қайта тартылып, жойылып кетеді. Әдетте шұбар қалталы сусар, жіңішке табанды қалталы қосаяқ және қалталы көртышқан секілді жануарлардың уақытша қалталары болады.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қaltalylar nemese kaltaly zhanuarlar lat Marsupialia sүtkorektilerdin bir klass tarmagy tomengi satydagy andar Kenguru Soltүstik Amerikada tomengi bor kezeninen al Europada eocen miocen dәuirlerinen belgili Australiya Tasmaniya Zhana Gvineya aralynda Ontүstik Ortalyk zhәne Soltүstik Amerikada kezdesedi Zhana Zelandiyada zhersindirilgen Қaltaly zhanuarlardyn dene kurylysynda ozine tәn erekshelikteri bar Mi synarlarynyn syrtynda sajlary men budyrlary az bolady urgashylarynyn zhumyrtka zholdary zhup bolady zhambasynyn shap sүjekterimen buyndasyp ketken kalta sүjekteri denesinin kursak boliminde ornalaskan birneshe azu tisinen baska sүt tisteri tүspejdi Koptegen tүrinin bauyrynda kaltasy bolady Қaltasy zhok tүrleri de kezdesedi Қaltaly zhanuarlardyn urygy zhatyrda kaganaksyz tek bandikutta kaganak bolady damidy zhatyrmen katysy bolmagandyktan uryktyn korektik zaty sary uyzy tez tausylady sondyktan Қaltaly zhanuarlardyn buazdyk merzimi ote kyska bolady Mysaly 12 alyp sur kenguru 38 40 kүnde tolyk zhetilmegen urpak beredi Қursaktan shykkan әlsiz urpagy zherge tүspesten anasynyn bauyryndagy kaltaga tүsedi de emshekke zhabysady Damuy ayaktalyp sүtten baska korek zheuge zharaganda zherge tүsedi Birak anasynan uzap ketpej kauip tongende kaltaga tygylyp zhaularynan korganady Қaltaly zhanuarlardyn tis katary kurylysyna karaj 2 otryad tarmagyna kop kүrek tistilerge Polyprotodontia zhәne kos kүrek tistilerge Diprotodontia bolinedi 9 kejbir mәlimetterde 15 tukymdasy 250 dej tүri belgili Қaltalylardyn ishinde kәsiptik maksatta kop aulangany kenguru Macropodidae Bulardyn 15 17 tuyska birigetin 55 tүri bar Almaty hajuanattar bagynda alyp kenguru Macropus gigantea ustalady Kengurudyn dene turky 25 160 sm kujrygynyn uzyndygy 15 105 sm kejbir tүrinde ote mykty bolady salm 1 4 90 kg Kopshilik tүri sekirip kozgalady zhүgirgende zhyldygy 50 km sagatyna dejin zhetedi Toptalyp zhүredi ote sak zhanuarlar negizinen osimdikpen korektenedi Zhylyna 1 ret 1 2 kүshik tabady urpagyn bauyryndagy kaltasyna salyp 6 8 aj asyrajdy Kengurudyn 9 tүri korgauga alynyp Halykaralyk tabigat korgau odagynyn Қyzyl kitabyna engizilgen Avstraliya zhanuarlarynyn arasynda kaltalylar tutastaj үstemdik etedi Bul zhanuarlardyn karyndarynda tolderin salyp alyp zhүretin teri kaltasy bar Қaltaly zhanuarlar Amerikada da kezdesedi birak olar Avstraliyada ken taralgan Қazirgi kaltalylardyn en iri okili zhiren kenguru Bul zhanuar Avstraliyanyn nyshandarynyn birine ajnalgan sondaj ak Avstraliyalyk eltanbada da bejnelengen Iri zhәne kүshti kenguru tuylganda kishkentaj zhәne әlsiz bolady Ol anasynyn kalyn zhүnine zhabysyp kaltaga kirip emizikke bekitiledi Ol kaltada sүtpen korektenip zharty zhyldaj omir sүredi Қaltaly zhanuarlar Avstraliyanyn barlyk tabigi zonalarynda tropikalyk ormandarynda sholderinde tirshilik etedi Olardyn arasynda zhyrtkyshtar zhәndik korektilerdin tүrleri sondaj ak osimdik korektiler de kezdesedi Koala pүlish konzhykka uksap agash үstinde omirin otkizedi Ol kurlyktyn batysyndagy evkalipt ormandarynda mekendejdi Avstraliyada kop taralgan bul osimdiktin zhapyraktary eresek koalanyn zhalgyz zharamdy koregi bolyp tabylady Tolderin sүtpen korektendiredi zhәne үstinde zharty zhyl kaltasynda sodan son arkasynda tasidy Bayau kimyldajtyn koalalarda tabigatta dushpandary az olar zhyrtkysh kustar zhәne ormandardy shauyp olardy baspanasyz zhәne koreksiz kaldyratyn adamdar Қorkytatyn atauy bar tasman shajtany talismanskij dyavol zhanuary kaltaly zhyrtkysh bolyp tabylady Ol kazir tek kana Tasman aralynda mekendejdi birak kurlykta da kop taralgan kezderi de bolgan Bul zhyrtkyshka atauyn ozimen birge әkelgen үj kustaryn onymen bolise almagan avstraliyalyk konys audarushylar syjlagan Tasman shajtanyna tauyktar men үjrekter dәmine saj keledi negizinde ol olimtikpen korektenedi Onyn analygynda kaltasy bar birak ol kenguru men koaladagydaj aldynan emes artynan ashylady Tasman shajtanyna tolderi bir santimetr shamasynda tuady Olar kaltada bes aj zhatady Kejin sheshesi shopten zhumsak uya zhasap toldi zhatkyzady Europalyktar Avstraliyaga sol ajmakty mekendegen kop үj zhanuarlaryn zhabajy andardy әkeldi Қaltaly zhanuarlar shakyrylmagan konaktarmen bәsekelese almajdy kүnnen kүnge olardyn sany azajyp bara zhatyr ҚaltalaryBarlyk kaltalylardyn kaltasy bolady Alajda olardyn kejbireulerinde uakytsha kalta bolady Buazdyk kezeninde bauyryndagy terisi zhiyrylyp kap sekildi tompeshik pajda bolady Ұrpagy sonda korektenedi Қorektendiru merzimi ayaktalgan son kalta kajta tartylyp zhojylyp ketedi Әdette shubar kaltaly susar zhinishke tabandy kaltaly kosayak zhәne kaltaly kortyshkan sekildi zhanuarlardyn uakytsha kaltalary bolady DerekkozderҚazakstan Respublikasynyn tabigaty 3 tom 2 bolim