Қалдыбай Асанов 1892 жылы Жымпиты уезінің 4-ауылында туған. Алашорданың Батыс Қазақстан бөлімшесіндегі белді мүшелерінің бірі. Мамандығы - экономист. Әкесі кедей адам болған, оның үстіне жастайынан жетім қалып, ағаларының қолында өседі. Жас кезінде көп оқи алмаған. Жымпиты ауылындағы орыс-қазақ мектебінен үш сыныптық білім алған ол кейін өздігінен ізденіп, білім жолын қуады. 1909-1914 жылдар арасында Саратов университетінің экономика факультетін бітіреді. 1916 жылы майданның қара жұмысына алынады, 1917 жылы елге оралады. Елге келген соң, Жымпиты уездік атқару комитетінде, уездік земство басқармасында қызметтер істеген. Оқыған, білімді, жұмысқа белсенді жігіт бірден көзге түседі. 1918 жылы мамырда К.Жәленовпен бірге Орал облыстық төртінші қазақ сиезінің хатшылық міндетін атқарады. Сиезде Жайық сырты қазақтар облысы құрылады да, Асанов «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметінің мүшесі болып сайланады. Екінші жалпықазақ сиезінің шешіміне сәйкес «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметінің және әскери бөлімнің бастығы Ж.Досмұхамедұлының бастауымен «Ойыл уәлаяты» жігіттерінен халық әскерін құру ісінде белсенді жұмыстар жүргізген. Ол халық әскерін ат-әбзел, азық-түлік, киім-кешекпен қамдауға жауапты болады. Ермұхамет Қоқанов, Құмай Байтөлеков, Нұрым Қабышов, Сатыбалды Асанов сияқты дәулетті байларды үгіттеп, халық әскеріне көмектесуге көндіреді. 1918 жылдан кейін Батыс Алашорда әскерінің интенданты болады. 1920 жылы Қызылқоға деген жерде Батыс Алашорданың бірнеше белді адамдарымен бірге тұтқындалады. Ол тұтқыннан қалай босағаны туралы дерек жоқ. Кейін Жымпиты уездік атқару комитетінің мүшесі болған. Осы қызметте жүргенде «Алашшыл» деген айыппен тағы жауапқа тартылып, Орал концентрациялық лагеріне қамалады. Жазасын өтеп шыққан соң, 1930 жылдары қаржы саласында жұмыс істейді, Орал педагогикалық техникумында орыс тілінен сабақ береді. Алашорда үкіметі үшін адал қызмет еткен азаматтың кеңес үкіметі үшін қауіпті екені ескеріліп, «КСРО-ның жаңа конституциясын ұлтшылдық бағытқа бұрмалады, кеңестік демократия мен бас бостандығы принципін сынады, партия ұйымдарын, Сталинді тілдеді» деген айыппен 1937 жылы қайта тұтқындалып, алдымен үш жылға, одан соң алты жылға бас бостандығынан айырылады. Бірақ кешегі Алаштың күрескер азаматының жер басып жүруінің өзін артық көрген кеңес үкіметі оны тірі жүргізгісі келмеді, НКВД басқармасы «үштігінің» қаулысымен 1937 жылы15 қарашада атылды.
Дереккөздер
- «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қaldybaj Asanov 1892 zhyly Zhympity uezinin 4 auylynda tugan Alashordanyn Batys Қazakstan bolimshesindegi beldi mүshelerinin biri Mamandygy ekonomist Әkesi kedej adam bolgan onyn үstine zhastajynan zhetim kalyp agalarynyn kolynda osedi Zhas kezinde kop oki almagan Zhympity auylyndagy orys kazak mektebinen үsh synyptyk bilim algan ol kejin ozdiginen izdenip bilim zholyn kuady 1909 1914 zhyldar arasynda Saratov universitetinin ekonomika fakultetin bitiredi 1916 zhyly majdannyn kara zhumysyna alynady 1917 zhyly elge oralady Elge kelgen son Zhympity uezdik atkaru komitetinde uezdik zemstvo baskarmasynda kyzmetter istegen Okygan bilimdi zhumyska belsendi zhigit birden kozge tүsedi 1918 zhyly mamyrda K Zhәlenovpen birge Oral oblystyk tortinshi kazak siezinin hatshylyk mindetin atkarady Siezde Zhajyk syrty kazaktar oblysy kurylady da Asanov Ojyl uәlayaty uakytsha үkimetinin mүshesi bolyp sajlanady Ekinshi zhalpykazak siezinin sheshimine sәjkes Ojyl uәlayaty uakytsha үkimetinin zhәne әskeri bolimnin bastygy Zh Dosmuhamedulynyn bastauymen Ojyl uәlayaty zhigitterinen halyk әskerin kuru isinde belsendi zhumystar zhүrgizgen Ol halyk әskerin at әbzel azyk tүlik kiim keshekpen kamdauga zhauapty bolady Ermuhamet Қokanov Қumaj Bajtolekov Nurym Қabyshov Satybaldy Asanov siyakty dәuletti bajlardy үgittep halyk әskerine komektesuge kondiredi 1918 zhyldan kejin Batys Alashorda әskerinin intendanty bolady 1920 zhyly Қyzylkoga degen zherde Batys Alashordanyn birneshe beldi adamdarymen birge tutkyndalady Ol tutkynnan kalaj bosagany turaly derek zhok Kejin Zhympity uezdik atkaru komitetinin mүshesi bolgan Osy kyzmette zhүrgende Alashshyl degen ajyppen tagy zhauapka tartylyp Oral koncentraciyalyk lagerine kamalady Zhazasyn otep shykkan son 1930 zhyldary karzhy salasynda zhumys istejdi Oral pedagogikalyk tehnikumynda orys tilinen sabak beredi Alashorda үkimeti үshin adal kyzmet etken azamattyn kenes үkimeti үshin kauipti ekeni eskerilip KSRO nyn zhana konstituciyasyn ultshyldyk bagytka burmalady kenestik demokratiya men bas bostandygy principin synady partiya ujymdaryn Stalindi tildedi degen ajyppen 1937 zhyly kajta tutkyndalyp aldymen үsh zhylga odan son alty zhylga bas bostandygynan ajyrylady Birak keshegi Alashtyn kүresker azamatynyn zher basyp zhүruinin ozin artyk korgen kenes үkimeti ony tiri zhүrgizgisi kelmedi NKVD baskarmasy үshtiginin kaulysymen 1937 zhyly15 karashada atyldy Derekkozder Alash kozgalysy Almaty 2008 ISBN 9965 32 715 7Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet