Қазақы жылқы тұқымы – жылқы малының алыс жолға, жорық-жортуылға, ат жарыстарға, саятшылыққа; еті мен сүтінің молдығына, өсім бере алатындығына, үй мен түз шаруашылығына бейімделіп өсірілген түрлері.
Қазақы жылқы мәнділігі
Қазақ ертеде төрт түліктің өзін ең алдымен "ақ мал" және "қара мал" деп екі үлкен топқа бөледі. Ақ малға тек жылқыны жатқызады. Ондағысы – жылқы үйір-үйірімен 150-200 шақырым қашықтықтағы тебінде болып, қыс бойы қора-қопсы көрмей, "ақ қар, көк мұзда" жататын текті мал дегенді білдірсе керек. Жылқының тағы бір атауы – "аяқты мал", өйткені ол үнемі қолға қарап қалмай, азығын аяқпен жүріп табады. Ал түйе, қой-ешкі, сиыр бір мезгіл өріске шыққанмен, қора-қопсыда бағылып, қолдан күтім көреді, сондықтан қара мал делінеді.
Күнделікті тұрмыста, жортуыл-жорықтарда мінуге жарамды, табындық жағдайда бағуға қолайлы; сондай-ақ тез семіріп, тез ет жинайтын, сүті мол, даланың ыстығы мен суығына көнбіс жылқы тұқымын өсіруге қазақтар ерекше мән берген. Жылқы тұқымын осындай талапқа сай етіп, әрі экстенсивті, әрі интенсивті жолмен көбейткен жылқысының саны он мыңнан асып жығылатын жылқылы байлар қазақ даласында аз болмаған.
Кең байтақ жайылымдардың болуы, ондағы қыр шөптерімен ақ от, қара оттардың алуандығы мен молдығы малшы қауымның, әсіресе, айғырдың құтпанын, биенің мамасын таңдап, қанын аздырмай саралай білетін өмір тәжірибесі мен бейнеті көп еңбектері даланың қатал табиғатына бейімделген қазақы жылқы тұқымының өсіп өнуіне айрықша сеп болды.
Қазақы жылқы тұқымының топтары
Жылқышылардың айтуынша, қазақы жылқы тұқымы салт мініс, ұзақ жол, ауыр-жеңіл жұмыстарға төзімді белі берік келеді. Жылқының басы үлкендеу, сағалдырығы (алқымы) кең, көздері кішілеу, мойны жуандау, апайтөс, аяғы сіңірлі, алдыңғы аяғы түзу, артқы аяғы қайқылау, тұяқтары мықты, терісі қалың болады. Олардың өскен жерлеріне, жал-құйрық, дене бітімдеріне, жүрістеріне қарай әр түрі болады дейді. Қазақтың байырғы ұғымында қазақы жылқы (тұқымы) қазанат және жабы делініп, іштей екіге топтастырылады. Қазанаттың түрлеріне тұлпар, арғымақ, алмауыт, сәйгүлік сияқты асыл тұқымдылары жатады. Қазанат тобында алуан-алуан жүйріктер болады. Алуан жүйріктің ең мықтысы, әрі жүйрігіне тұлпарды жатқызып, тағалы тас кешуге арналған атты тұлпар дейді. Арғымақ, сәйгүлік жарауы түскен жаубасар жүйріктер болса, алмауыт алыс жол, жорық-жортуылға мінілетін арқалы ат санатына жатады. Құшырлы ат жорықтағы жекпе-жекте мінетін ат.
Қазанат – қазақы биелерге, өзге елдерден әкелінген айғырды қосудан шыққан будан деген пікір бар. Кейбір ғалымдардың мәліметіне қарағанда, қазанат тұқымын алу үшін, Бұхар мен Хиуадан айғырлар әкелінген. Махамбет жырындағы арғымақтан туған қазанат деуі оны жорыққа мінуге лайықты күшті жылқы тұқымы екені байқалады. Қазанаттың үшінші ұрпағы мойны қаздың мойынша иілген бойы сұңғақ, бота тірсек келген түрі қазмойын тұқымы Бөкей Ордасында тараған.
Жабының түрлері тұғыр, шобыр, керік, қой торы деп аталады. Жабы – етi, сүтi мол шаруа малы. Жабының жал-құйрығы қалың, денесi шымыр, тұрқы ұзын, мойны мен аяқтары қысқа, жатағандау келеді. Ол тез ет алғыш, оңайлықпен арымайтын, ыстық-суыққа, аштыққа, жұмысқа төзiмдi болады, кейде мұндай жабыны шаруаның керiгi, тұғыры, шобыры, торысы деп те атайды. Шаруаның шобыры, қойшының қойторысы, тұғыры тәрiздi сөздермен қатар, көне мұра тiлiнде, батырлық жырларда керiк сөзi жиi кездеседi. Бiрақ керiк сөзi жағымсыз бейнеге байланысты тұстарда айтылып, керiк мiнген қалмақтың ханы, палуаны болып келедi. Жыр-дастандарда бойы аласа төртпақ жабының белгiлi бiр тұқымын батырдың тұлпарына қарама-қарсы қойылып сипаттайды. Керік аласа, төртпақтау болғанмен, жауырыны жалпақ болып келеді.
Қарабайыр – мойны қысқа, денесі шомбал, шоқтығы биік, омыраулы, бітімі кесек, келісті келген жылқы тұқымы. Қарабайыр – қазанат пен жабының арасынан шыққан қазақы аттың тұқымы. Бөрі құлақ, мұз бел нағыз қазақы қарабайыр жылқылар шетінен жүйрік келеді. Олар «бір қамшы»тыз етпе емес, өрісі кең ұзаққа сілтегенге мығым келеді. Қарабайырдың еңіреуі ұзаққа шабады. Арқалы қарабайыр кемінде 30 шақырымнан кем шаппайды. Ол қазақ даласының оңтүстігінен Ертіске дейінгі аралықта таралған. Қарабайыр тұқымын қазақтар шекті жылқысы деп те атаған. Оның бойы кішілері өте аз ұшырасады. Қарабайыр да, қазанат та, жабы да қазақы жылқы тұқымына жатады. Көптеген ғалымдар жалпы жыдқы тұқымының арғы атасы керқұлан екен деп болжам жасайды.
Қазақы жылқы тұқымының түрлері мен сипаты
Қазақ жылқының төзімді ерекше қасиеттері туралы мәлімет орта ғасырдағы орыс, батыс жазбаларында кездеседі. Зерттеушілердің айтуынша, орта ғасырдың соңынан бастап қазақы жылқы тұқымдарын сұрыптау, көршi жұрттардан мәдени тұқымдармен будандастыру арқылы , адай жылқысы, , , , деп аталатын жергілікті жылқы түрлері пайда болған.
- Адай жылқысы – салт жүруге, мініске арналған, сыйдам жылқы түрі. Оның маңдайы шығыңқы, көзі үлкен, мойны ұзын, аяқтары жіңішке, ұзындау, тұяғы кішкенелеу келеді. Бұл тұқым қазақы және арғымақ тұқымының арасынан шыққан.
- Шекті жылқысы – бұл қазақ даласында атағы шыққан жылқы тұқымының бірі. Ол түркімен мен қазақ жылқысының тұқымынан пайда болған (айғыры түркімен жылқысынан) деп топшыланады. Қазақ жерінде өсірілген жылқының сапасын айғақтай түсетін көптеген деректер бар. Қазақ даласында өсірілген жылқылар 1-ші және 2-ші дүниежүзілік соғыс майдандарына көп алынған. 1945 жылы 24 маусымда Мәскеуде өткен Жеңіс парадын КСРО маршалы Г.К. Жуков Қазақстанның Луговой (қазіргі Құланды) жылқы зауытында өсірілген Араб есімді ақбоз ат үстінде қабылдаған.
Таза қанды, асыл тұқымды жылқылар
Таза қанды, асыл тұқымды жылқылар (араб жылқысы, арғымақ) соңғы кездері ерекше аталып жүр. Бұлар жылқы атаулының ең сұлуы ретінде ғана жылқықұмарлардың мақтанышын қанағаттандырады дей келіп, белгілі этнограф Жағда Бабалықұлы таза қанды, асыл тұқымды жылқыны қазақтың қазанатымен өзара салыстырып, қазақы жылқының көптеген артықшылығын атап көрсетеді:
- таза қанды, асыл тұқымды жылқы өз тегін тектей алмайды. Оның айғырлары өз енесіне, өз байталына шаба береді;
- таза қанды жылқы жыл бойы тек қолда бағылады. Өріске жіберсең, өзін-өзі баға алмай қыс кезінде қырылады. Қолда бағу үшін бір айғырға бір адам керек. Өріске бағылатын қазақ жылқысының үш-төрт үйіріне бір жылқышы жетеді. Үш-төрт үйір, жүз қаралы тұяқ. Сонда тек бағу-қағу жағынан өте қымбат;
- айғыр өзі үйірге түсіп, 20-30 биені өзі қайырып, өзі иелік етпеген соң "асыл тұқым" аталған жылқы табиғи өсім бере алмайды;
- жылқы төрт маусымда өзі тілеген өрісіне өрістеп, өзі сүйген жүздеген, мыңдаған шөпті таңдап, басын шалатын, мөлдір бұлақ, көл-көсір өзен суын өрлей жүзіп ішетін қазақы жылқының сүті, қымызы, еті, майы жұпар иісті, дәмді, құнарлы, нәрлі, емдік қасиеті мол тағам қоры. Ал қолда бағылып, қорада тыныстап, бес-он түрлі шөппен өмір өткізетін асыл тұқымды жылқының сүті, қымызы, еті, майы дәмсіз, жылқы иісі жоқ, нәрі, қуаты жоқ;
- асыл тұқымды жылқы салт мініп, ұзақ жүруге шыдамайды. 5-10 шақырым өрістеп қайтатын қойшылар мініп қой бағуға жарайды. Ал 20-30 шақырым өрістеген жылқыны қуып келуге жарамайды;
- асыл тұқымды жылқы ұзақ жүрісті жорық-жортуылға, аң аулауға, бүркіт салуға, салбурынға, аң қуалауға, түлкі, қасқыр, бөкен қуып, соғуға жарамайды;
- асыл тұқымды жылқы лақ, көкпар тартуға қауқары келмейді;
- 30-40 шақырым жерге сар желдіріп айдап барып, қайта жібергенде осы аралықты пәрменмен шауып өтетін бәйгелі жарысқа жарамайды;
- 60-70 шақырымға айдалып барып, түпке түнеп, ертеңіне сол аралықты қайта шауып өтетін бәйге алатын жарысқа қосуға мүлде жарамсыз;
- мыңдаған шақырымға дамылдап шабатын, жолға түнеп шабатын, аламан бәйгеге "асыл тұқымды" жылқылар мүлдем жарамайды. Олардың аламан бәйгесі 15-20 шақырым. Одан артыққа күш-қуаты жетпей, болдырады.
Жылқының нашарын қазақ әдетте "алаша ат" деп атайды. Осыған байланысты халық тілінде "Алашаны атқа санама, жақыныңды жатқа санама" деген сөз орамы қалыптасқан. Ел аузында кездесетін "жұнт" ұғымы әдетте тағыланған, жабайыланған жылқыға байланысты қолданылғаны байқалады.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Ермеков Ә. Қазақтың малшылық лексикасы жөнінде // ҚМ. 1962. №2. 82-84-бб.;
- Керімбаев Д. Қазақстанның жылқы шаруашылығы. Алматы: Қайнар, 1968;
- Аpғынбаeв Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы, 1969;
- Жанәбілов Ш. Қазақша мал атаулары. Алматы: Қайнар, 1982;
- Липец Р.С.Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. М, Наука, 1984;
- Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1985;
- Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в 5-ти томах. Ред. колл.: А.Х. Маргулан и др. Алма-Ата: Советская энциклопедия, 1984-1985;
- Бабалықұлы Ж. Мал ауруларының атаулары. Алматы, 1986;
- Айтбаева Н.Қ. Қазақ тіліндегі жылқыға қатысты атаулардың лексика-семантикалық және дүниетанымдық сипаты. Филол. ғылым. канд дәрежесін алу үшін жазылған диссертация. Алматы, 2007;
- Тоқтабай А. Қазақ жылқысының тарихы. Алматы: Алматыкітап, 2010.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazaky zhylky tukymy zhylky malynyn alys zholga zhoryk zhortuylga at zharystarga sayatshylykka eti men sүtinin moldygyna osim bere alatyndygyna үj men tүz sharuashylygyna bejimdelip osirilgen tүrleri Adaj zhylkysyn mingen saltatty Қazaky zhylky mәndiligiҚazak ertede tort tүliktin ozin en aldymen ak mal zhәne kara mal dep eki үlken topka boledi Ak malga tek zhylkyny zhatkyzady Ondagysy zhylky үjir үjirimen 150 200 shakyrym kashyktyktagy tebinde bolyp kys bojy kora kopsy kormej ak kar kok muzda zhatatyn tekti mal degendi bildirse kerek Zhylkynyn tagy bir atauy ayakty mal ojtkeni ol үnemi kolga karap kalmaj azygyn ayakpen zhүrip tabady Al tүje koj eshki siyr bir mezgil oriske shykkanmen kora kopsyda bagylyp koldan kүtim koredi sondyktan kara mal delinedi Kүndelikti turmysta zhortuyl zhoryktarda minuge zharamdy tabyndyk zhagdajda baguga kolajly sondaj ak tez semirip tez et zhinajtyn sүti mol dalanyn ystygy men suygyna konbis zhylky tukymyn osiruge kazaktar erekshe mәn bergen Zhylky tukymyn osyndaj talapka saj etip әri ekstensivti әri intensivti zholmen kobejtken zhylkysynyn sany on mynnan asyp zhygylatyn zhylkyly bajlar kazak dalasynda az bolmagan Ken bajtak zhajylymdardyn boluy ondagy kyr shopterimen ak ot kara ottardyn aluandygy men moldygy malshy kauymnyn әsirese ajgyrdyn kutpanyn bienin mamasyn tandap kanyn azdyrmaj saralaj biletin omir tәzhiribesi men bejneti kop enbekteri dalanyn katal tabigatyna bejimdelgen kazaky zhylky tukymynyn osip onuine ajryksha sep boldy Қazaky zhylky tukymynyn toptaryZhylkyshylardyn ajtuynsha kazaky zhylky tukymy salt minis uzak zhol auyr zhenil zhumystarga tozimdi beli berik keledi Zhylkynyn basy үlkendeu sagaldyrygy alkymy ken kozderi kishileu mojny zhuandau apajtos ayagy sinirli aldyngy ayagy tүzu artky ayagy kajkylau tuyaktary mykty terisi kalyn bolady Olardyn osken zherlerine zhal kujryk dene bitimderine zhүristerine karaj әr tүri bolady dejdi Қazaktyn bajyrgy ugymynda kazaky zhylky tukymy kazanat zhәne zhaby delinip ishtej ekige toptastyrylady Қazanattyn tүrlerine tulpar argymak almauyt sәjgүlik siyakty asyl tukymdylary zhatady Қazanat tobynda aluan aluan zhүjrikter bolady Aluan zhүjriktin en myktysy әri zhүjrigine tulpardy zhatkyzyp tagaly tas keshuge arnalgan atty tulpar dejdi Argymak sәjgүlik zharauy tүsken zhaubasar zhүjrikter bolsa almauyt alys zhol zhoryk zhortuylga miniletin arkaly at sanatyna zhatady Қushyrly at zhoryktagy zhekpe zhekte minetin at Қazanat kazaky bielerge ozge elderden әkelingen ajgyrdy kosudan shykkan budan degen pikir bar Kejbir galymdardyn mәlimetine karaganda kazanat tukymyn alu үshin Buhar men Hiuadan ajgyrlar әkelingen Mahambet zhyryndagy argymaktan tugan kazanat deui ony zhorykka minuge lajykty kүshti zhylky tukymy ekeni bajkalady Қazanattyn үshinshi urpagy mojny kazdyn mojynsha iilgen bojy sungak bota tirsek kelgen tүri kazmojyn tukymy Bokej Ordasynda taragan Tolyk makalasy Қazanat Zhabynyn tүrleri tugyr shobyr kerik koj tory dep atalady Zhaby eti sүti mol sharua maly Zhabynyn zhal kujrygy kalyn denesi shymyr turky uzyn mojny men ayaktary kyska zhatagandau keledi Ol tez et algysh onajlykpen arymajtyn ystyk suykka ashtykka zhumyska tozimdi bolady kejde mundaj zhabyny sharuanyn kerigi tugyry shobyry torysy dep te atajdy Sharuanyn shobyry kojshynyn kojtorysy tugyry tәrizdi sozdermen katar kone mura tilinde batyrlyk zhyrlarda kerik sozi zhii kezdesedi Birak kerik sozi zhagymsyz bejnege bajlanysty tustarda ajtylyp kerik mingen kalmaktyn hany paluany bolyp keledi Zhyr dastandarda bojy alasa tortpak zhabynyn belgili bir tukymyn batyrdyn tulparyna karama karsy kojylyp sipattajdy Kerik alasa tortpaktau bolganmen zhauyryny zhalpak bolyp keledi Tolyk makalasy Zhaby Қarabajyr mojny kyska denesi shombal shoktygy biik omyrauly bitimi kesek kelisti kelgen zhylky tukymy Қarabajyr kazanat pen zhabynyn arasynan shykkan kazaky attyn tukymy Bori kulak muz bel nagyz kazaky karabajyr zhylkylar shetinen zhүjrik keledi Olar bir kamshy tyz etpe emes orisi ken uzakka siltegenge mygym keledi Қarabajyrdyn enireui uzakka shabady Arkaly karabajyr keminde 30 shakyrymnan kem shappajdy Ol kazak dalasynyn ontүstiginen Ertiske dejingi aralykta taralgan Қarabajyr tukymyn kazaktar shekti zhylkysy dep te atagan Onyn bojy kishileri ote az ushyrasady Қarabajyr da kazanat ta zhaby da kazaky zhylky tukymyna zhatady Koptegen galymdar zhalpy zhydky tukymynyn argy atasy kerkulan eken dep bolzham zhasajdy Tolyk makalasy Қarabajyr zhylkyҚazaky zhylky tukymynyn tүrleri men sipatyҚazak zhylkynyn tozimdi erekshe kasietteri turaly mәlimet orta gasyrdagy orys batys zhazbalarynda kezdesedi Zertteushilerdin ajtuynsha orta gasyrdyn sonynan bastap kazaky zhylky tukymdaryn suryptau korshi zhurttardan mәdeni tukymdarmen budandastyru arkyly adaj zhylkysy dep atalatyn zhergilikti zhylky tүrleri pajda bolgan Adaj zhylkysy salt zhүruge miniske arnalgan syjdam zhylky tүri Onyn mandajy shygynky kozi үlken mojny uzyn ayaktary zhinishke uzyndau tuyagy kishkeneleu keledi Bul tukym kazaky zhәne argymak tukymynyn arasynan shykkan Tolyk makalasy Adaj zhylkysy Shekti zhylkysy bul kazak dalasynda atagy shykkan zhylky tukymynyn biri Ol tүrkimen men kazak zhylkysynyn tukymynan pajda bolgan ajgyry tүrkimen zhylkysynan dep topshylanady Қazak zherinde osirilgen zhylkynyn sapasyn ajgaktaj tүsetin koptegen derekter bar Қazak dalasynda osirilgen zhylkylar 1 shi zhәne 2 shi dүniezhүzilik sogys majdandaryna kop alyngan 1945 zhyly 24 mausymda Mәskeude otken Zhenis paradyn KSRO marshaly G K Zhukov Қazakstannyn Lugovoj kazirgi Қulandy zhylky zauytynda osirilgen Arab esimdi akboz at үstinde kabyldagan Taza kandy asyl tukymdy zhylkylarTaza kandy asyl tukymdy zhylkylar arab zhylkysy argymak songy kezderi erekshe atalyp zhүr Bular zhylky ataulynyn en suluy retinde gana zhylkykumarlardyn maktanyshyn kanagattandyrady dej kelip belgili etnograf Zhagda Babalykuly taza kandy asyl tukymdy zhylkyny kazaktyn kazanatymen ozara salystyryp kazaky zhylkynyn koptegen artykshylygyn atap korsetedi taza kandy asyl tukymdy zhylky oz tegin tektej almajdy Onyn ajgyrlary oz enesine oz bajtalyna shaba beredi taza kandy zhylky zhyl bojy tek kolda bagylady Өriske zhibersen ozin ozi baga almaj kys kezinde kyrylady Қolda bagu үshin bir ajgyrga bir adam kerek Өriske bagylatyn kazak zhylkysynyn үsh tort үjirine bir zhylkyshy zhetedi Үsh tort үjir zhүz karaly tuyak Sonda tek bagu kagu zhagynan ote kymbat ajgyr ozi үjirge tүsip 20 30 bieni ozi kajyryp ozi ielik etpegen son asyl tukym atalgan zhylky tabigi osim bere almajdy zhylky tort mausymda ozi tilegen orisine oristep ozi sүjgen zhүzdegen myndagan shopti tandap basyn shalatyn moldir bulak kol kosir ozen suyn orlej zhүzip ishetin kazaky zhylkynyn sүti kymyzy eti majy zhupar iisti dәmdi kunarly nәrli emdik kasieti mol tagam kory Al kolda bagylyp korada tynystap bes on tүrli shoppen omir otkizetin asyl tukymdy zhylkynyn sүti kymyzy eti majy dәmsiz zhylky iisi zhok nәri kuaty zhok asyl tukymdy zhylky salt minip uzak zhүruge shydamajdy 5 10 shakyrym oristep kajtatyn kojshylar minip koj baguga zharajdy Al 20 30 shakyrym oristegen zhylkyny kuyp keluge zharamajdy asyl tukymdy zhylky uzak zhүristi zhoryk zhortuylga an aulauga bүrkit saluga salburynga an kualauga tүlki kaskyr boken kuyp soguga zharamajdy asyl tukymdy zhylky lak kokpar tartuga kaukary kelmejdi 30 40 shakyrym zherge sar zheldirip ajdap baryp kajta zhibergende osy aralykty pәrmenmen shauyp otetin bәjgeli zharyska zharamajdy 60 70 shakyrymga ajdalyp baryp tүpke tүnep ertenine sol aralykty kajta shauyp otetin bәjge alatyn zharyska kosuga mүlde zharamsyz myndagan shakyrymga damyldap shabatyn zholga tүnep shabatyn alaman bәjgege asyl tukymdy zhylkylar mүldem zharamajdy Olardyn alaman bәjgesi 15 20 shakyrym Odan artykka kүsh kuaty zhetpej boldyrady Zhylkynyn nasharyn kazak әdette alasha at dep atajdy Osygan bajlanysty halyk tilinde Alashany atka sanama zhakynyndy zhatka sanama degen soz oramy kalyptaskan El auzynda kezdesetin zhunt ugymy әdette tagylangan zhabajylangan zhylkyga bajlanysty koldanylgany bajkalady DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterErmekov Ә Қazaktyn malshylyk leksikasy zhoninde ҚM 1962 2 82 84 bb Kerimbaev D Қazakstannyn zhylky sharuashylygy Almaty Қajnar 1968 Apgynbaev H Қazaktyn mal sharuashylygy zhajynda etnografiyalyk ocherk Almaty 1969 Zhanәbilov Sh Қazaksha mal ataulary Almaty Қajnar 1982 Lipec R S Obrazy batyra i ego konya v tyurko mongolskom epose M Nauka 1984 Әuezov M Zhiyrma tomdyk shygarmalar zhinagy Almaty Zhazushy 1985 Valihanov Ch Ch Sobranie sochinenij v 5 ti tomah Red koll A H Margulan i dr Alma Ata Sovetskaya enciklopediya 1984 1985 Babalykuly Zh Mal aurularynyn ataulary Almaty 1986 Ajtbaeva N Қ Қazak tilindegi zhylkyga katysty ataulardyn leksika semantikalyk zhәne dүnietanymdyk sipaty Filol gylym kand dәrezhesin alu үshin zhazylgan dissertaciya Almaty 2007 Toktabaj A Қazak zhylkysynyn tarihy Almaty Almatykitap 2010