Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі – Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын автономиялы мемлекеттік мекеме.
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі | |
---|---|
Жалпы мағлұмат | |
Мемлекет | Қазақстан |
Құрылған уақыты | 1995 жыл |
Штаб-пәтері | Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберісі |
Төрағасы | Дмитрий Малахов |
Ресми сайты | |
gov.kz/memleket/entities/vss |
Тарихы
Қазақстан Республикасының Жоғары сот кеңесі 1995 жылы сот жүйесін реформалау аясында консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылған. Кеңесті тікелей Қазақстан Президенті басқарып келсе, 1998 жылдан бастап ол өкілеттік кеңес төрағасына жүктелді. Кеңес құрамына Жоғарғы Сот төрағасы, Бас прокурор, Конституциялық Кеңес төрағасы, Әділет министрі, сонымен қатар Сенат депутаттары, судьялар, Президент тағайындайтын өзге де тұлғалар кірді.
2008-2015 жылдары Жоғары сот кеңесі мүшелерін мемлекет басшысы тағайындайтын заңды тұлға мәртебесі жоқ мекеме ретінде жұмыс істеді. Аталған кезеңде кеңестің өкілеттігі біршама артты, өйткені оған таратылған Әділет біліктілік алқасының бүкіл функциясы берілген еді.
2016 жылдан бастап Жоғары сот кеңесі заң бойынша автономиялы мемлекеттік мекеме мәртебесіне ие болды. Кеңес қызметі сапалы атқарылуы үшін оның жанынан өз аппараты құрылды. Одан бөлек кеңес құрамына Жоғарғы Сот төрағасы, Бас прокурор, Әділет министрі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Мәжіліс пен Сенаттың тиісті тұрақты комитеттерінің төрағалары, адвокат және заңгер ғалым енді.
Кеңес құрамы
- Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа адамдардан тұрады. Төрағаны Қазақстан Республикасының Президенті Парламент Сенатының келісімімен тағайындайды.
- Жоғарғы Соттың Төрағасы, Бас Прокурор, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісінше тұрақты комитеттерінің төрағалары лауазымы бойынша Кеңес мүшелері болып табылады.
- Президент Кеңес құрамына басқа адамдарды, оның ішінде ғалым заңгерлерді, адвокаттарды, шетелдік сарапшыларды, заңгерлер жұртшылығының өкілдерін де тағайындауы мүмкін.
Кеңес мүшелері
- Айтуарова Алтын Шалабайқызы (03.01.2024 бастап) — Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы
- Әміртаев Сапар Әбдіраманұлы (03.01.2024 бастап) — Түркістан адвокаттар алқасының адвокаты
- Бегалиев Ернар Нұрланұлы (03.01.2024 бастап) — Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры
- Жақулин Әскербек Бейсембекұлы (01.06.2022 бастап) — Ақмола облыстық сотының судьясы
- Мырзалиев Жеңісбек Советбекұлы (01.06.2022 бастап) — Қостанай облысы Рудный қалалық сотының судьясы
- Нұрбеков Айдын Маратұлы (01.06.2022 бастап) — Жоғарғы Сот судьясы
- Нұрлықұлов Ғалымжан Қансейітұлы (03.01.2024 бастап) — Жамбыл облыстық сотының судьясы
- Сисенова Нұрия Оралжанқызы (01.06.2022 бастап) — Жоғарғы Сот судьясы
- Цай Олеся Юрьевна (01.06.2022 бастап) — Қарағанды қаласы Октябрь ауданы №2 аудандық сотының судьясы
- Шаров Ғафур Хамзеұлы (01.06.2022 бастап) — Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы
- Калишева Жаннетта Гайсовна (01.06.2022 бастап) — Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің жария құқық департаментінің құрметті профессоры
Кеңес аппараты
Кеңес аппараты Қазақстан Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №137 Жарлығымен құрылды. Аппарат Жоғары Сот Кеңесінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Кеңес аппаратының басшысын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол лауазымы бойынша Кеңес хатшысы болып табылады. Бұл лауазымды 2024 жылғы 9 ақпаннан бастап атқарады.
Төрағаларының тізімі
- Оңалсын Исламұлы Жұмабеков (2008-2012)
- Талғат Советбекұлы Донақов (2012-2013)
- Бектас Әбдіханұлы Бекназаров (2013-2014)
- Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков (2014-2015)
- Анатолий Сергеевич Смолин (2015-2018)
- Талғат Советбекұлы Донақов (2018-2021)
- (2021-2024)
- Дмитрий Михайлович Малахов (2024 жылдан бастап)
Сот төрелігі академиясы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанында ерекше мәртебе берілген жоғары оқу орны Сот төрелігі академиясы жұмыс істейді. Ол жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып, сот жүйесі кадрларын қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және ғылыми қызметті жүзеге асырады.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы
- Высший Судебный Совет — гарант формирования профессионального судейского корпуса
- Жоғары Сот Кеңесінің құрылымы
- Біз туралы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazakstan Respublikasynyn Zhogary Sot Kenesi Қazakstan Respublikasy Prezidentinin sottardy kalyptastyru zhonindegi konstituciyalyk okilettikterin sudyalardyn tәuelsizdigi men olarga eshkimnin tiispeu kepildikterin kamtamasyz etu maksatynda kurylatyn avtonomiyaly memlekettik mekeme Қazakstan Respublikasynyn Zhogary Sot KenesiZhalpy maglumatMemleket ҚazakstanҚurylgan uakyty 1995 zhylShtab pәteri Astana kalasy Mәngilik el dangyly 8 Ministrlikter үji 1V kireberisiToragasy Dmitrij MalahovResmi sajtygov kz memleket entities vssTarihyҚazakstan Respublikasynyn Zhogary sot kenesi 1995 zhyly sot zhүjesin reformalau ayasynda konsultativtik kenesshi organ retinde kurylgan Kenesti tikelej Қazakstan Prezidenti baskaryp kelse 1998 zhyldan bastap ol okilettik kenes toragasyna zhүkteldi Kenes kuramyna Zhogargy Sot toragasy Bas prokuror Konstituciyalyk Kenes toragasy Әdilet ministri sonymen katar Senat deputattary sudyalar Prezident tagajyndajtyn ozge de tulgalar kirdi 2008 2015 zhyldary Zhogary sot kenesi mүshelerin memleket basshysy tagajyndajtyn zandy tulga mәrtebesi zhok mekeme retinde zhumys istedi Atalgan kezende kenestin okilettigi birshama artty ojtkeni ogan taratylgan Әdilet biliktilik alkasynyn bүkil funkciyasy berilgen edi 2016 zhyldan bastap Zhogary sot kenesi zan bojynsha avtonomiyaly memlekettik mekeme mәrtebesine ie boldy Kenes kyzmeti sapaly atkaryluy үshin onyn zhanynan oz apparaty kuryldy Odan bolek kenes kuramyna Zhogargy Sot toragasy Bas prokuror Әdilet ministri Memlekettik kyzmet isteri agenttiginin toragasy Mәzhilis pen Senattyn tiisti turakty komitetterinin toragalary advokat zhәne zanger galym endi Kenes kuramyKenes Қazakstan Respublikasynyn Prezidenti tagajyndajtyn Toragadan zhәne baska adamdardan turady Toragany Қazakstan Respublikasynyn Prezidenti Parlament Senatynyn kelisimimen tagajyndajdy Zhogargy Sottyn Toragasy Bas Prokuror Parlament Senaty men Mәzhilisinin tiisinshe turakty komitetterinin toragalary lauazymy bojynsha Kenes mүsheleri bolyp tabylady Prezident Kenes kuramyna baska adamdardy onyn ishinde galym zangerlerdi advokattardy sheteldik sarapshylardy zangerler zhurtshylygynyn okilderin de tagajyndauy mүmkin Kenes mүsheleriAjtuarova Altyn Shalabajkyzy 03 01 2024 bastap Batys Қazakstan oblystyk sotynyn sudyasy Әmirtaev Sapar Әbdiramanuly 03 01 2024 bastap Tүrkistan advokattar alkasynyn advokaty Begaliev Ernar Nurlanuly 03 01 2024 bastap Bas prokuratura zhanyndagy Қukyk korgau organdary akademiyasynyn Zhogary oku ornynan kejingi bilim beru institutynyn arnajy zan pәnderi kafedrasynyn professory Zhakulin Әskerbek Bejsembekuly 01 06 2022 bastap Akmola oblystyk sotynyn sudyasy Myrzaliev Zhenisbek Sovetbekuly 01 06 2022 bastap Қostanaj oblysy Rudnyj kalalyk sotynyn sudyasy Nurbekov Ajdyn Maratuly 01 06 2022 bastap Zhogargy Sot sudyasy Nurlykulov Ғalymzhan Қansejituly 03 01 2024 bastap Zhambyl oblystyk sotynyn sudyasy Sisenova Nuriya Oralzhankyzy 01 06 2022 bastap Zhogargy Sot sudyasy Caj Olesya Yurevna 01 06 2022 bastap Қaragandy kalasy Oktyabr audany 2 audandyk sotynyn sudyasy Sharov Ғafur Hamzeuly 01 06 2022 bastap Mangystau oblysynyn kylmystyk ister zhonindegi mamandandyrylgan audanaralyk sotynyn sudyasy Kalisheva Zhannetta Gajsovna 01 06 2022 bastap Nәrikbaev atyndagy Қazak gumanitarlyk zan universitetinin zhariya kukyk departamentinin kurmetti professoryKenes apparatyKenes apparaty Қazakstan Prezidentinin 2015 zhy l gy 23 zhel tok san da gy 137 Zhar ly gy men kuryldy Apparat Zhogary Sot Kenesinin kyzmetin akparattyk taldamalyk ujymdyk kukyktyk materialdyk tehnikalyk zhagynan kamtamasyz etudi zhүzege asyrady Kenes apparatynyn basshysyn Қazakstan Respublikasynyn Prezidenti tagajyndajdy zhәne ol lauazymy bojynsha Kenes hatshysy bolyp tabylady Bul lauazymdy 2024 zhylgy 9 akpannan bastap atkarady Toragalarynyn tizimiOnalsyn Islamuly Zhumabekov 2008 2012 Talgat Sovetbekuly Donakov 2012 2013 Bektas Әbdihanuly Beknazarov 2013 2014 Rashid Toleutajuly Tүsipbekov 2014 2015 Anatolij Sergeevich Smolin 2015 2018 Talgat Sovetbekuly Donakov 2018 2021 2021 2024 Dmitrij Mihajlovich Malahov 2024 zhyldan bastap Sot toreligi akademiyasyҚazakstan Respublikasy Zhogargy Sot Kenesi zhanynda erekshe mәrtebe berilgen zhogary oku orny Sot toreligi akademiyasy zhumys istejdi Ol zhogary oku ornynan kejingi bilim beru bagdarlamalaryn iske asyryp sot zhүjesi kadrlaryn kajta dayarlaudy olardyn biliktiligin arttyrudy zhәne gylymi kyzmetti zhүzege asyrady DerekkozderҚazakstan Respublikasynyn Zhogary Sot Kenesi turaly Vysshij Sudebnyj Sovet garant formirovaniya professionalnogo sudejskogo korpusa Zhogary Sot Kenesinin kurylymy Biz turaly