Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстанның ата заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылғы 30 тамызда негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 99 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
Тарихы
Қазақ АКСР Конституциясы 1926 жыл
Алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін 1925 жылғы РСФСР Конституциясы ескеріле отырып, ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің қауылысымен түпкілікті редакцияда қабылданды, өйткені бұл кезде Қазақстан РСФСР-дың бір бөлігі еді. Бұл Негізгі заң басқару нысанын, мемлекеттік құрылысты, саяси режимді, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы-өкім беруші органдарын бекітті. Сайлау құқығының, бюджеттік құқықтың негізгі бастаулары белгіленді. Осы Конституцияға сәйкес Қазақстан РСФСР құрамындағы толық құқықты республика болып танылды.
Қазақ КСР Конституциясы 1937 жыл
1937 жылдың 26 наурызында Кеңестердің Бүкілқазақстандық Төтенше Х Съезінде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 бөлім мен 125 баптан тұрды. Ол жерде «КСРО Конституциясының 14-бабынан тыс Қазақ КСР өзінің егемендік құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өздігінен жүзеге асырады» делінген. 1937 жылдың Конституциясында экономикалық, саяси қорғаныс салалары бойынша өзара ықпалдастықты іске асыру мақсатында басқа да тең құқылы республикалармен еркін түрде одақтасуға құқылығы (13-бап), Қазақ КСР келісімінсіз территориясын өзгертуге тыйым салу (16-бап), жоғарғы республикалық және мемлекеттік биліктің жергілікті органдары қалыптастыратын, заңнаманы жүзеге асыру, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті және де азаматтар құқығын, салық салу т.б. мәселелерді қорғау бойынша республика саясатын жүргізу құқықтары бекітілген (19-бап).
Сонымен қатар, сот пен прокуратура жүйесі қамтылған. Халық соттары аудан азаматтарының тарапынан құпия сайлау жолымен жалпы, тікелей және тең сайлау құқығы негізінде сайланып, сот ісін жүргізу қазақ тілінде, ал басқа ұлт өкілдері шоғырланған аудандарда олардың ана тілдерінде жүргізілуі тиіс болған (83-90-баптар).
1937 жылдың Конституциясында азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған: еңбек етуге құқылығы (96-бап), демалысқа құқылығы (97-бап), қартаю, ауру болу және еңбекке қабілетсіз болып қалу жағдайларында материалды қамтамасыз етілуге құқылығы (98-бап), денсаулық сақтау, сөз, баспасөз, жиын, митинг, көше шерулері мен демонстрацияларға еркіндік берілуі кепілдігі, тұлғаға, тұрғын-жайға, азаматтардың хат жазысу арқылы жеке хат алысуға дербес құқықтары, шетел азаматтарына саяси баспана беру құқығы.
Қазақ КСР Конституциясы 1978 жыл
ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы кіріспеден, 10 бөлім, 19 тарау және 173 баптан тұрады. Конституцияға сәйкес, бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллигенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.
Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
- халықтық егемендік
- мемлекет тәуелсіздігі
- билікті бөлісу принципі
- қазақ тілін мемлекеттік деп тану
- Президентті мемлекет басшысы деп тану
- сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 жылы желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палата — Сенат, төменгі палата — Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Конституция құрылымы
- I бөлім. Жалпы ережелер
- II бөлім. Адам және азамат
- III бөлім. Президент
- IV бөлім. Парламент
- V бөлім. Үкімет
- VI бөлім. Конституциялық сот
- VII бөлім. Соттар және сот төрелігі. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
- VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Өзгертулер мен түзетулер
- 1998 жыл
Конституцияның 19 бабына түзету енгізілді. Президенттікке кандидаттың жас шегі 40-қа дейін көтеріліп, 65 жасқа дейінгі шектеу алынып тасталды. Президент бес жыл емес, жеті жыл мерзімге сайланады деген өзгеріс енді. Мәжіліс депутаттарының саны 67-ден 77-ге дейін артты.
- 2007 жыл
Қазақстанның елордасы Астана қаласы деп түзетілді. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленді. Президент енді жеті жыл емес, бес жыл мерзімге сайланатын болды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қазақстанда кемiнде 15 жыл емес, соңғы 15 жыл бойы тұруы керектігі айқындалды. Бiр адам қатарынан екi реттен артық президент болып сайланбайтыны, бірақ бұл шектеу ҚР Тұңғыш Президентіне қолданылмайтыны жазылды. Республика Президентi өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезеңiнде саяси партиядағы қызметiн тоқтата тұрады деген тармақ алынып тасталды.
- 2011 жыл
41-бап "Президенттің кезектен тыс сайлауы президент шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі" деген тармақпен толықтырылды.
- 2017 жыл
Президенттің бірқатар өкілеттігі биліктің басқа тармақтарына берілді. Азаматтықтан айыруға террористік қылмыстар жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана жол берілетіні жазылды.
- 2019 жыл
19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев мерзімінен бұрын президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. 20 наурызда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, уақытша президент болды. Сол күні ол ел астанасына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынып, парламент жедел түрде Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы заң жобасын қабылдады.
- 2022 жылғы 8 маусым
5 маусымда өткен жалпыұлттық референдум нәтижесінде Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізілді. Соның ішінде:
- Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені атап өтілді
- Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға және Президент өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болуына тыйым салынды
- Мемлекеттік хатшы лауазымы жойылып, орнына мемлекеттік кеңесші лауазымы құрылды
- Конституциялық сот қайта құрылды
- Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата болып құрылды
- Өлім жазасына тыйым салынды
- Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады
- Мәжіліс депутаттары 107-ден 98-ге қысқарды
- Сенаттағы президенттік квота қысқарды, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылды
- Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді
- Тұңғыш президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алып тасталды
- 2022 жылғы 17 қыркүйек
Қазақстанның елордасына бұрынғы Астана атауы қайтарылуына байланысты өзгерістер енгізілді.
Сыртқы сілтемелер
- Қазақстан Республикасының Конституциясы — Уикикітап жобасында:
- 1 бөлімі, Жалпы ережелер
- 2 бөлімі, Адам және азамат
- 3 бөлімі, Президент
- 4 бөлімі, Парламент
- 5 бөлімі, Үкімет
- 6 бөлімі, Конституциялық сот
- 7 бөлімі, Соттар және сот төрелігі. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
- 8 бөлімі, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- 9 бөлімі, Қорытынды және өтпелі ережелер
- Ата заңға өзгерiс енгiзу ұлтаралық келiсiмге сызат түсiрмейдi. Тартысқа түскен қайран тiл Мұрағатталған 3 қазанның 2011 жылы.
- Мемлекет Мұрағатталған 14 наурыздың 2017 жылы. — Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP)
Дереккөздер
- http://e-history.kz/kz/publications/view/723 Мұрағатталған 7 қазанның 2015 жылы. Қазақстан Конституциясының тарихы
- Конституция 1995 жылдан бері қалай өзгерді? Таймлайн
- Қазақстан Конституциясына қандай өзгерістер енгізілді
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Қazakstan Respublikasynyn Konstituciyasy Қazakstannyn ata zany Agymdagy Konstituciya 1995 zhylgy 30 tamyzda negizinde kabyldandy zhәne 5 kyrkүjek kүni oz kүshine endi Konstituciya 9 taraudan 99 baptan turady Konstituciya memlekettik kurylystyn kukyktyk negizin kalyptastyrushy kuzhat bolyp tabylady Ol memlekettilik tetik kogamdyk sayasi instituttar retinde kyzmettin negizi bolarlyk principterin ornyktyrdy adam men azamattyn konstituciyalyk mәrtebesin belgiledi ekonomikalyk kurylystyn negizderin ajkyndady Bul tәuelsiz Қazakstannyn kabyldagan ekinshi konstituciyasy Aldyngy konstituciya 1993 zhylgy 28 kantarda kabyldangan bolatyn TarihyҚazak AKSR Konstituciyasy 1926 zhyl Algashky Қazakstan Konstituciyasy 1926 zhyly 18 akpanda KSRO kurylgannan kejin 1925 zhylgy RSFSR Konstituciyasy eskerile otyryp ҚazAKSR Ortalyk Atkaru Komitetinin kauylysymen tүpkilikti redakciyada kabyldandy ojtkeni bul kezde Қazakstan RSFSR dyn bir boligi edi Bul Negizgi zan baskaru nysanyn memlekettik kurylysty sayasi rezhimdi memlekettik bilik organdarynyn kurylymyn atkarushy okim berushi organdaryn bekitti Sajlau kukygynyn byudzhettik kukyktyn negizgi bastaulary belgilendi Osy Konstituciyaga sәjkes Қazakstan RSFSR kuramyndagy tolyk kukykty respublika bolyp tanyldy Қazak KSR Konstituciyasy 1937 zhyl Qazaqtn Sovetti Sotsijalistik Respuvvlijkasnn Konstijtutsijas Negizgi Zan Alma Ata 1937 1937 zhyldyn 26 nauryzynda Kenesterdin Bүkilkazakstandyk Totenshe H Sezinde kabyldangan Қazak KSR Konstituciyasy 11 bolim men 125 baptan turdy Ol zherde KSRO Konstituciyasynyn 14 babynan tys Қazak KSR ozinin egemendik kukyktaryn tolyk saktaj otyryp memlekettik bilikti ozdiginen zhүzege asyrady delingen 1937 zhyldyn Konstituciyasynda ekonomikalyk sayasi korganys salalary bojynsha ozara ykpaldastykty iske asyru maksatynda baska da ten kukyly respublikalarmen erkin tүrde odaktasuga kukylygy 13 bap Қazak KSR kelisiminsiz territoriyasyn ozgertuge tyjym salu 16 bap zhogargy respublikalyk zhәne memlekettik biliktin zhergilikti organdary kalyptastyratyn zannamany zhүzege asyru memlekettik zhәne kogamdyk tәrtipti zhәne de azamattar kukygyn salyk salu t b mәselelerdi korgau bojynsha respublika sayasatyn zhүrgizu kukyktary bekitilgen 19 bap Sonymen katar sot pen prokuratura zhүjesi kamtylgan Halyk sottary audan azamattarynyn tarapynan kupiya sajlau zholymen zhalpy tikelej zhәne ten sajlau kukygy negizinde sajlanyp sot isin zhүrgizu kazak tilinde al baska ult okilderi shogyrlangan audandarda olardyn ana tilderinde zhүrgizilui tiis bolgan 83 90 baptar 1937 zhyldyn Konstituciyasynda azamattardyn negizgi kukyktary men mindetteri anyktalgan enbek etuge kukylygy 96 bap demalyska kukylygy 97 bap kartayu auru bolu zhәne enbekke kabiletsiz bolyp kalu zhagdajlarynda materialdy kamtamasyz etiluge kukylygy 98 bap densaulyk saktau soz baspasoz zhiyn miting koshe sheruleri men demonstraciyalarga erkindik berilui kepildigi tulgaga turgyn zhajga azamattardyn hat zhazysu arkyly zheke hat alysuga derbes kukyktary shetel azamattaryna sayasi baspana beru kukygy Қazak KSR Konstituciyasy 1978 zhyl IH shakyrylgan respublika Zhogargy Kenesinin kezekten tys VII sessiyasynda 1978 zhyly 20 sәuirde kabyldangan Қazak KSR Konstituciyasy kirispeden 10 bolim 19 tarau zhәne 173 baptan turady Konstituciyaga sәjkes bүkil okimet biligi zhumysshy sharua zhәne enbek intelligenciyasy taptaryna zhatatyn halyktyn kolynda boldy Қazakstan Respublikasynyn Konstituciyasy 1993 zhyl Tәuelsiz Қazakstannyn algashky Konstituciyasy 1993 zhyly 28 kantarda HII shakyrylgan Қazakstan Zhogargy Kenesinin IH sessiyasynda kabyldandy Ol kirispeden 4 bolim 21 tarau zhәne 131 baptan turady Konstituciya Қazakstan memlekettik egemendigin algan sәtten bergi koptegen kukyktyk normalardy halyktyk egemendik memleket tәuelsizdigi bilikti bolisu principi kazak tilin memlekettik dep tanu Prezidentti memleket basshysy dep tanu sot organdaryn Zhogargy Konstituciyalyk zhәne Zhogary Arbitrazhdyk sottar zhәne baskalardy kamtydy 1993 zhylgy Konstituciya negizine parlamenttik respublika modeli alyndy Қazakstan Respublikasynyn Konstituciyasy 1995 zhyl Қazakstan Respublikasynyn Konstituciyasy 1995 zhyly 30 tamyzda kabyldandy 1995 zhyly 30 tamyzda respublikada bүkilhalyktyk referendum otti nәtizhesinde Қazakstannyn zhana Konstituciyasy kabyldandy Dauys beru elimizdin kalalary men auyldaryndagy 10253 sajlau uchaskelerinde zhүrdi Bul Konstituciyanyn 1993 zhylgy Konstituciyadan ajyrmashylygy onyn mazmunynyn sapasynda edi Zhana Konstituciyaga algash ret azamattyn kukygyna katysty gana emes adam dүniege kelgen sәtten odan azhyramas kukyktaryna da katysty normalar endi Ol bojynsha Қazakstan Respublikasynyn Prezidenti sayasi zhүjenin basty tulgasy bolyp tabylady bilik tarmaktarynan zhogary turady Bul prezidenttik baskaru zhүjesindegi memleketke saj keledi Parlament turaly konstituciyalyk bolim ozgeristerge ushyrady 1995 zhyly zheltoksanda eki palataly zhogargy palata Senat tomengi palata Mәzhilis Parlamentke sajlau otkizildi Konstituciya kurylymy I bolim Zhalpy erezheler II bolim Adam zhәne azamat III bolim Prezident IV bolim Parlament V bolim Үkimet VI bolim Konstituciyalyk sot VII bolim Sottar zhәne sot toreligi Prokuratura Adam kukyktary zhonindegi uәkil VIII bolim Zhergilikti memlekettik baskaru zhәne ozin ozi baskaru IX Bolim Қorytyndy zhәne otpeli erezhelerӨzgertuler men tүzetuler 1998 zhyl Konstituciyanyn 19 babyna tүzetu engizildi Prezidenttikke kandidattyn zhas shegi 40 ka dejin koterilip 65 zhaska dejingi shekteu alynyp tastaldy Prezident bes zhyl emes zheti zhyl merzimge sajlanady degen ozgeris endi Mәzhilis deputattarynyn sany 67 den 77 ge dejin artty 2007 zhyl Қazakstannyn elordasy Astana kalasy dep tүzetildi Өlim zhazasy adamdardyn kaza boluymen bajlanysty terroristik kylmystar zhasagany үshin sondaj ak sogys uakytynda erekshe auyr kylmystar zhasagany үshin en auyr zhaza retinde zanmen belgilendi Prezident endi zheti zhyl emes bes zhyl merzimge sajlanatyn boldy Sondaj ak memleket basshysy Қazakstanda keminde 15 zhyl emes songy 15 zhyl bojy turuy kerektigi ajkyndaldy Bir adam katarynan eki retten artyk prezident bolyp sajlanbajtyny birak bul shekteu ҚR Tungysh Prezidentine koldanylmajtyny zhazyldy Respublika Prezidenti oz okilettigin zhүzege asyru kezeninde sayasi partiyadagy kyzmetin toktata turady degen tarmak alynyp tastaldy 2011 zhyl 41 bap Prezidenttin kezekten tys sajlauy prezident sheshimimen tagajyndalady zhәne konstituciyalyk zanda belgilengen tәrtip pen merzimde otkiziledi degen tarmakpen tolyktyryldy 2017 zhyl Prezidenttin birkatar okilettigi biliktin baska tarmaktaryna berildi Azamattyktan ajyruga terroristik kylmystar zhasagany sondaj ak Қazakstan Respublikasynyn omirlik manyzy bar mүddelerine ozge de auyr ziyan keltirgeni үshin sottyn sheshimimen gana zhol beriletini zhazyldy 2019 zhyl 19 nauryzda Nursultan Nazarbaev merziminen buryn prezidenttik okilettigin toktatatynyn mәlimdedi 20 nauryzda ҚR Parlamenti Senatynyn toragasy Қasym Zhomart Tokaev Қazakstan halkyna ant berip uakytsha prezident boldy Sol kүni ol el astanasyna Nursultan Nazarbaevtyn esimin berudi usynyp parlament zhedel tүrde Astana atauyn Nur Sultan dep ozgertu turaly zan zhobasyn kabyldady 2022 zhylgy 8 mausym 5 mausymda otken zhalpyulttyk referendum nәtizhesinde Konstituciyanyn 33 babyna 56 ozgeris engizildi Sonyn ishinde Zher zhәne onyn kojnauy su kozderi osimdikter men zhanuarlar dүniesi baska da tabigi resurstar halykka tiesili ekeni atap otildi Prezidenttin zhakyn tuystarynyn sayasi memlekettik kyzmetshi kvazimemlekettik sektor subektisi basshylary lauazymdaryn atkaruga zhәne Prezident oz okilettikterin zhүzege asyru kezeninde sayasi partiyada boluyna tyjym salyndy Memlekettik hatshy lauazymy zhojylyp ornyna memlekettik kenesshi lauazymy kuryldy Konstituciyalyk sot kajta kuryldy Respublikalyk byudzhettin atkaryluyn bakylau zhonindegi esep komiteti Zhogary auditorlyk palata bolyp kuryldy Өlim zhazasyna tyjym salyndy Mәzhilistin deputattyk korpusy aralas sajlau zhүjesi bojynsha kurylady Mәzhilis deputattary 107 den 98 ge kyskardy Senattagy prezidenttik kvota kyskardy mәzhilistegi ҚHA kvotasy zhojyldy Mazhoritarlyk zhүje deputatty sajlaushylardyn kalauy bojynsha shakyrtyp aluga mүmkindik beredi Tungysh prezidenttin erekshe roli men artykshylyktary turaly erezheler alyp tastaldy2022 zhylgy 17 kyrkүjek Қazakstannyn elordasyna buryngy Astana atauy kajtaryluyna bajlanysty ozgerister engizildi Syrtky siltemelerҚazakstan Respublikasynyn Konstituciyasy Uikikitap zhobasynda 1 bolimi Zhalpy erezheler 2 bolimi Adam zhәne azamat 3 bolimi Prezident 4 bolimi Parlament 5 bolimi Үkimet 6 bolimi Konstituciyalyk sot 7 bolimi Sottar zhәne sot toreligi Prokuratura Adam kukyktary zhonindegi uәkil 8 bolimi Zhergilikti memlekettik baskaru zhәne ozin ozi baskaru 9 bolimi Қorytyndy zhәne otpeli erezheler Ata zanga ozgeris engizu ultaralyk kelisimge syzat tүsirmejdi Tartyska tүsken kajran til Muragattalgan 3 kazannyn 2011 zhyly Memleket Muragattalgan 14 nauryzdyn 2017 zhyly Ashyk Tizimdeme Zhobasy ODP Derekkozderhttp e history kz kz publications view 723 Muragattalgan 7 kazannyn 2015 zhyly Қazakstan Konstituciyasynyn tarihy Konstituciya 1995 zhyldan beri kalaj ozgerdi Tajmlajn Қazakstan Konstituciyasyna kandaj ozgerister engizildi