Ғылым философиясы – философияның ғылымды адам іс-әрекетінің ерекше аясы әрі ұдайы дамудағы таным жүйесі ретінде қарастыратын бір саласы.
Ғылыми танымды гносеология және методология тұрғыдан зерттеу тарихы әріден басталғанымен, Ғылыми философия 20 ғ-да ғана дербес пән ретінде қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл термин , , , т.б. ғалымдар еңбектерінде қолданылды. Олар ғылым тілін филос. тұрғыдан зерттеу әрекеттері тек формальды (матем.) логиканың шеңберінде жүзеге асуға тиіс, ал ғыл.-теор. ұғымдарды эмпирикалық таным, тәжірибе сынағы арқылы негіздеуге болады деп тұжырымдады. Бұл тұжырым бойынша, ғылым – адамның ең жоғары ісі, ал ғылым философиясының бір ғана міндеті – тұтастай ғылымды, оның пәндік салаларын логикалық-методол. тұрғыдан қамтамасыз ету. Бертін келе бұл тұжырымдаманың сыңаржақтылығына көзі жеткен ғалымдар ғылым философиясының зерттеу нысандарына елеулі өзгерістер енгізді. Енді ол ғылымның құрылымымен қатар тарихын зерттеуге ден қойып, бұрыннан белгілі проблемалармен қатар жаңа пәндік мәселелерді, олардың қалыптасу үрдісін қарастыра бастады.
Ғылымның теориялық сатысының белгілі бір шамада тәжірибеге тәуелсіз екендігін мойындап, жаңа ғыл. білімнің табиғатында тәжірибесынақ арқылы дәлелдеу мүмкін емес дүниетанымдық көзқарастардың, методол. принциптердің болатынына көз жеткізді. Бірақ ғылымның даму заңдылығын, оның қызметтік міндеттерін дұрыс түсіндіре алатын методол. ұстын – диалект. көзқарас қана. Сананың техникаландырылу деңгейінің артып, компьютерлік дүмпудің өркениет өресіне тікелей әсер етуі, сол арқылы ғылым функциясының кеңейіп, қоғамның өзге салаларымен, алуан текті мәдениет тұрпаттарымен байланысының күшеюі ғылым философиясының алдына күрделі мәселелер қойып отыр. Сондықтан ғылым философиясы ғылыми танымның логикалық-гносеология проблемаларымен қатар ғылымның әлеумметтік-философия және этика-этника мәселелерін зерттеуге тиіс. Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі (негізін қалаушы Ж.Әбділдин мен Ә.Нысанбаев) отыз жыл бойы осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Дереккөздер
<references>
- Қазақ Энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ғylym filosofiyasy filosofiyanyn gylymdy adam is әreketinin erekshe ayasy әri udajy damudagy tanym zhүjesi retinde karastyratyn bir salasy Ғylymi tanymdy gnoseologiya zhәne metodologiya turgydan zertteu tarihy әriden bastalganymen Ғylymi filosofiya 20 g da gana derbes pәn retinde kalyptasa bastady En algash bul termin t b galymdar enbekterinde koldanyldy Olar gylym tilin filos turgydan zertteu әreketteri tek formaldy matem logikanyn shenberinde zhүzege asuga tiis al gyl teor ugymdardy empirikalyk tanym tәzhiribe synagy arkyly negizdeuge bolady dep tuzhyrymdady Bul tuzhyrym bojynsha gylym adamnyn en zhogary isi al gylym filosofiyasynyn bir gana mindeti tutastaj gylymdy onyn pәndik salalaryn logikalyk metodol turgydan kamtamasyz etu Bertin kele bul tuzhyrymdamanyn synarzhaktylygyna kozi zhetken galymdar gylym filosofiyasynyn zertteu nysandaryna eleuli ozgerister engizdi Endi ol gylymnyn kurylymymen katar tarihyn zertteuge den kojyp burynnan belgili problemalarmen katar zhana pәndik mәselelerdi olardyn kalyptasu үrdisin karastyra bastady Ғylymnyn teoriyalyk satysynyn belgili bir shamada tәzhiribege tәuelsiz ekendigin mojyndap zhana gyl bilimnin tabigatynda tәzhiribesynak arkyly dәleldeu mүmkin emes dүnietanymdyk kozkarastardyn metodol principterdin bolatynyna koz zhetkizdi Birak gylymnyn damu zandylygyn onyn kyzmettik mindetterin durys tүsindire alatyn metodol ustyn dialekt kozkaras kana Sananyn tehnikalandyrylu dengejinin artyp kompyuterlik dүmpudin orkeniet oresine tikelej әser etui sol arkyly gylym funkciyasynyn kenejip kogamnyn ozge salalarymen aluan tekti mәdeniet turpattarymen bajlanysynyn kүsheyui gylym filosofiyasynyn aldyna kүrdeli mәseleler kojyp otyr Sondyktan gylym filosofiyasy gylymi tanymnyn logikalyk gnoseologiya problemalarymen katar gylymnyn әleummettik filosofiya zhәne etika etnika mәselelerin zertteuge tiis Ғylym filosofiyasy men metodologiyasynyn kazakstandyk mektebi negizin kalaushy Zh Әbdildin men Ә Nysanbaev otyz zhyl bojy osy bagytta gylymi zertteu zhumystaryn zhүrgizude Derekkozder lt references gt Қazak Enciklopediyasy