Эфиоп Таулы Қыраты – Африканың солт.-шығысындағы тау массиві, Эфиопия жерінде. Орташа биіктігі 2000 – 3000 м, ең биік жері 4623 м (Рас-Дашан тауы). Эфиоп Таулы Қыратының маңайындағы жазықтықтарға қарағанда біршама көтеріңкі, шығысына тіктеу, батысына баспалдақты беткей жасап тіреледі. Негізін кембрийге дейінгі құмтас, әктас, базальтты лаваның қалың қабаты жапқан кристалды іргетас құрайды. Солтүстік бөлігі жазыққа айналған кристалдық жыныстардан, оңтүстігі лава қалдықтары (амба) бар базальтты үстірттерден тұрады. Батыс және оңтүстік-батыс беткейіне ылғал мол (жылына 1500 мм-дей), шығыс беткейіне азырақ (500 мм-дей) түседі. Эфиоп Таулы Қыратынан Көк Ніл, Атбара, Собат (Ніл алабы), Веби-Шебели, Джубба (Үнді мұхит алабы) өзендері бастау алады, бірақ өзендерінің табалдырықты болуына байланысты кеме жүзуге жарамсыз. Биіктік белдеуге тән топырақ және өсімдік жамылғысы қалыптасқан. 1700 м-ге дейін – колла белдеуі (орташа жылдық ауа температурасы 20С); жел жақ беткейі – ормандар, кофе плантациялары, ық жақ беткейі – саванна. 2400 м-ге дейін – война-дега белдеуі (орташа жылдық температурасы 17С); саванна басым. 4000 м-ге дейін дега белдеуі (орташа жылдық температурасы 14С); қылқан жапырақты орман ағаштары таралған, жоғарыда биік таулы дала өсімдігі басым. Сымен, Аваш, Гамбела, т.б. ұлттық саябақтар құрылған. Орталық және шығыс бөлігінде халық жиі қоныстанған. Эфиоп Таулы Қыраты – егін шаруашылығы дамыған ауданның бірі, көптеген астық тұқымдас дақылдардың (қатты бидай, қара бидай, арпа) отаны.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Қазақ энциклопедиясы, 10 - том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақаланың сәйкес санаты қойылмаған. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Efiop Tauly Қyraty Afrikanyn solt shygysyndagy tau massivi Efiopiya zherinde Ortasha biiktigi 2000 3000 m en biik zheri 4623 m Ras Dashan tauy Efiop Tauly Қyratynyn manajyndagy zhazyktyktarga karaganda birshama koterinki shygysyna tikteu batysyna baspaldakty betkej zhasap tireledi Negizin kembrijge dejingi kumtas әktas bazaltty lavanyn kalyn kabaty zhapkan kristaldy irgetas kurajdy Soltүstik boligi zhazykka ajnalgan kristaldyk zhynystardan ontүstigi lava kaldyktary amba bar bazaltty үstirtterden turady Batys zhәne ontүstik batys betkejine ylgal mol zhylyna 1500 mm dej shygys betkejine azyrak 500 mm dej tүsedi Efiop Tauly Қyratynan Kok Nil Atbara Sobat Nil alaby Vebi Shebeli Dzhubba Үndi muhit alaby ozenderi bastau alady birak ozenderinin tabaldyrykty boluyna bajlanysty keme zhүzuge zharamsyz Biiktik beldeuge tәn topyrak zhәne osimdik zhamylgysy kalyptaskan 1700 m ge dejin kolla beldeui ortasha zhyldyk aua temperaturasy 20 S zhel zhak betkeji ormandar kofe plantaciyalary yk zhak betkeji savanna 2400 m ge dejin vojna dega beldeui ortasha zhyldyk temperaturasy 17 S savanna basym 4000 m ge dejin dega beldeui ortasha zhyldyk temperaturasy 14 S kylkan zhapyrakty orman agashtary taralgan zhogaryda biik tauly dala osimdigi basym Symen Avash Gambela t b ulttyk sayabaktar kurylgan Ortalyk zhәne shygys boliginde halyk zhii konystangan Efiop Tauly Қyraty egin sharuashylygy damygan audannyn biri koptegen astyk tukymdas dakyldardyn katty bidaj kara bidaj arpa otany Efiop tauly kyratyPajdalangan әdebietter Қazak enciklopediyasy 10 tom Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn sәjkes sanaty kojylmagan