Ысқат – қайтыс болған адамның тіршілігінде өтелмеген ғибадаттарын , жасаған жеңілдету үшін атқарылатын парыз.
Өлік жөнелтудің ежелгі жосын-жоралғылары ислам ережелерімен біте қайнасып, аралас түрде атқарылғандығының айқын бір дәлелі осы ысқат беруден көрініс тапқан. Шариғат мұны ысқат-підия ретінде кедейлерге беруді міндеттеген. Қазақта ысқаттың атқарылуы екі жолмен жүзеге асырылады. Біріншісі, қайтыс болған адамның тірі күнінде қаза кеткен намаздары мен рамазан айындағы оразасыз өткізген күндері үшін кедей, кемтарларға садақа ретінде таратылады. Екіншісі, жаназа, дәлел (Құран Кәрімнен аят аудару рәсімі) шығарған молданың өтеміне, ақысына беріледі. Аталмыш рәсімдерге қатысқан молдаларға түйе жетектетіп, ат мінгізген. Ал, бұған шамасы келмегендер сиыр, қой беріп немесе шапан жапқан.
Ысқат малы берілетін дәлел шығару рәсімінің сипатын Х.Арғынбаев былай деп таратты:
«...Ол үшін мәйіттің үстінен ала арқан өткізіп, ар жағына өлген адамның дәулетіне қарай ысқатқа шығарылған мал санына сай адамдарды отырғызып, екінші жағында отырған абыз ала жіпті бұрай отырып арбау айтады: «ала жіп, ала жіп, бұл кісінің бар жазығын алып біт!» – деп бетін қасында отырған кісіге бұрып, мынау бейбақтың жазығын аласың ба? – Аламын. – Алсаң, мә! – деп жіптің ұшын оған ұстатады. Ол ала жіпті көтере тастап үш рет: алдым, алдым, алдым дейді». |
«Аңқау елге арамза молда» – деп халық аузында айтылғандай, кей жағдайда молдалар асыра сілтеп ысқатқа шығарылған малдан көбірек алуға тырысқан. Ысқатқа таратылатын садақа шығыны қайтыс болған адамның ағайын-туысы әкелген аза малының есебінен толықтырылды. Шариғат бойынша жалпы садақа, алым түрлері астықтай берілетін болса, қазақтар төрт түлік мал түрлерінен беретін болған.
Ислам дінінде бір адамның күнәсін екінші адам көтеретіндігі жөнінде қағида жоқ. Керісінше, ақыретте әрбір адам баласы өз күнәсі үшін өзі жауапқа тартылатындығы ескертілген. Бірақ араб тіліндегі исқат сөзі шегеру, кеміту мағынасын білдіретіндігін ескерсек, шариғатта да қаза болған адамның тіршілікте орындалмаған ғибадаттарының өтем ретінде белгілі бір жоралғыға рұқсат берілді. Ал қазақтың тіршілік цикліндегі атқарылатын сан алуан ғұрыптық рәсімдер саласында ысқат ысырапшылдық сипат алды.
Бұл жайт исламның қағидаларына мүлдем қайшы болғандықтан, қазір жаназа шығару барысында ысқат беруге тыйым салынған.
Дереккөздер
- 1. Алтынсарин И. Очерк обычаев при похоронах и поминках у киргизов Оренбургского ведомства // ЗОО ИРГО. Вып.1. Казань, 1870. С.117-122.
- Балаубаева-Голяховская А.М. Погребальные обряды у казахов Акмолинской губернии // Сборник научного кружка при Восточном факультете САГУ. Вып. 1. Ташкент, 1928. С. 17-30.
- Толеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов (ХІХ – начало ХХ в.). Алма-Ата: Гылым, 1991.
- Мустафина Р.М. Представления, культы, обряды у казахов. Алма-Ата: Қазақ университеті, 1992.
- Әлімбай Нұрсан. Қазақтың өлікті жөнелтуге байланысты жосын-жоралғыларының этномәдени проекциясы // ҚР ҰҒА-ның хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. 1994. №1. 36-48 б.
- Арғынбаев Х. Қазақ отбасы: (қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі жайындағы ғылыми зерттеу). Алматы: Қайнар, 1996.
- Қазақ тілінің сөздігі / Жалпы ред. басқарған Т.Жанұзақов. ¬Алматы: Дайк-Пресс, 1999.
- Жеті ғасыр жырлайды: екі томдық. 2-том. Алматы: Жазушы, 2004.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Yskat kajtys bolgan adamnyn tirshiliginde otelmegen gibadattaryn zhasagan zhenildetu үshin atkarylatyn paryz Өlik zhoneltudin ezhelgi zhosyn zhoralgylary islam erezhelerimen bite kajnasyp aralas tүrde atkarylgandygynyn ajkyn bir dәleli osy yskat beruden korinis tapkan Sharigat muny yskat pidiya retinde kedejlerge berudi mindettegen Қazakta yskattyn atkaryluy eki zholmen zhүzege asyrylady Birinshisi kajtys bolgan adamnyn tiri kүninde kaza ketken namazdary men ramazan ajyndagy orazasyz otkizgen kүnderi үshin kedej kemtarlarga sadaka retinde taratylady Ekinshisi zhanaza dәlel Қuran Kәrimnen ayat audaru rәsimi shygargan moldanyn otemine akysyna beriledi Atalmysh rәsimderge katyskan moldalarga tүje zhetektetip at mingizgen Al bugan shamasy kelmegender siyr koj berip nemese shapan zhapkan Yskat maly beriletin dәlel shygaru rәsiminin sipatyn H Argynbaev bylaj dep taratty Ol үshin mәjittin үstinen ala arkan otkizip ar zhagyna olgen adamnyn dәuletine karaj yskatka shygarylgan mal sanyna saj adamdardy otyrgyzyp ekinshi zhagynda otyrgan abyz ala zhipti buraj otyryp arbau ajtady ala zhip ala zhip bul kisinin bar zhazygyn alyp bit dep betin kasynda otyrgan kisige buryp mynau bejbaktyn zhazygyn alasyn ba Alamyn Alsan mә dep zhiptin ushyn ogan ustatady Ol ala zhipti kotere tastap үsh ret aldym aldym aldym dejdi Ankau elge aramza molda dep halyk auzynda ajtylgandaj kej zhagdajda moldalar asyra siltep yskatka shygarylgan maldan kobirek aluga tyryskan Yskatka taratylatyn sadaka shygyny kajtys bolgan adamnyn agajyn tuysy әkelgen aza malynyn esebinen tolyktyryldy Sharigat bojynsha zhalpy sadaka alym tүrleri astyktaj beriletin bolsa kazaktar tort tүlik mal tүrlerinen beretin bolgan Islam dininde bir adamnyn kүnәsin ekinshi adam koteretindigi zhoninde kagida zhok Kerisinshe akyrette әrbir adam balasy oz kүnәsi үshin ozi zhauapka tartylatyndygy eskertilgen Birak arab tilindegi iskat sozi shegeru kemitu magynasyn bildiretindigin eskersek sharigatta da kaza bolgan adamnyn tirshilikte oryndalmagan gibadattarynyn otem retinde belgili bir zhoralgyga ruksat berildi Al kazaktyn tirshilik ciklindegi atkarylatyn san aluan guryptyk rәsimder salasynda yskat ysyrapshyldyk sipat aldy Bul zhajt islamnyn kagidalaryna mүldem kajshy bolgandyktan kazir zhanaza shygaru barysynda yskat beruge tyjym salyngan Derekkozder1 Altynsarin I Ocherk obychaev pri pohoronah i pominkah u kirgizov Orenburgskogo vedomstva ZOO IRGO Vyp 1 Kazan 1870 S 117 122 Balaubaeva Golyahovskaya A M Pogrebalnye obryady u kazahov Akmolinskoj gubernii Sbornik nauchnogo kruzhka pri Vostochnom fakultete SAGU Vyp 1 Tashkent 1928 S 17 30 Toleubaev A T Relikty doislamskih verovanij v semejnoj obryadnosti kazahov HIH nachalo HH v Alma Ata Gylym 1991 Mustafina R M Predstavleniya kulty obryady u kazahov Alma Ata Қazak universiteti 1992 Әlimbaj Nursan Қazaktyn olikti zhoneltuge bajlanysty zhosyn zhoralgylarynyn etnomәdeni proekciyasy ҚR ҰҒA nyn habarlary Қogamdyk gylymdar seriyasy 1994 1 36 48 b Argynbaev H Қazak otbasy kazak otbasynyn keshegisi men bүgingisi zhajyndagy gylymi zertteu Almaty Қajnar 1996 Қazak tilinin sozdigi Zhalpy red baskargan T Zhanuzakov Almaty Dajk Press 1999 Zheti gasyr zhyrlajdy eki tomdyk 2 tom Almaty Zhazushy 2004 Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz