Қанағат – қазақы этномәдени ортада қоғам мүшелері арасындағы әлеуметтік қатынасты реттеуде айырықша рөл атқаратын моральдық-этикалық категория.
Қанағат – араб сөзі. Қазақ мәдениетіне бұл сөз ислам дінінің әсерімен келгенімен, мейлінше «қазақыланған» ұғымға айналды, яғни, этностену үрдісіне ұшырады. Қанағат – басқаның қолындағысынан дәметпеу, өзінде барды місе тұту, өз нәпақасына шүкірлік айту, өзгенің ризығына қол сұқпау, тойымсыздықтан бойын аулақ ұстау дегенді білдіретін діни мәнді де ұғым.
Қанағат ұғымының негізделген қағидалары
Қанағат ұғымының моралдық категория ретіндегі дәстүрлі қазақы ортадағы әлеуметтік қатынасты реттеуші функциясы негізделген қағидалар:
- өзгенің нәпақасына сұқтанбау (қара нан мен қара су ішсең де, басқаның еңбегін жеме; біреудің ризығы жұқпайды);
- өз ризығын адал еңбектен табу («еңбекпен тапқан нан тәтті»; «еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей»);
- жоққа бола сары уайымға салынбау (барға – қанағат, өткенге – салауат; бармен базар; көрпеңе қарай көсіл);
- жалқаулықтан бойын аулақ ұстау (қайғысыз қара суға семірер; еңбек түбі зейнет; еңбек ер атандырар);
- ынсаптылық таныту (қанағат – қарын тойдырар; қанағатсыздық – астындағы атын сойдырар);
- қолда барға шүкіршілік ету (осы күніме мың шүкір, мың алғыс);
- материалдық емес құндылықтарды қадірлеу (бірінші байлық – денсаулық; екінші байлық ақ жаулық);
- үнемшіл болу (үнемшілдің қолы берекелі, үнемшіл жоқшылық көрмейді);
- ашкөздіктен, тойымсыздықтан ада болу, ашкөз адамды айыптау, жек көру (қолдағыға қанағат-шүкір қылмасаң, болады бар да - арманда, жоқ та – арманда (Сүйінбай Аронұлы); түйені түгімен, биені бүгімен; өлгеніңше - тою жоқ, түңілмей - ырза болу жоқ (Шортанбай Қанайұлы); өзі тойса да, көзі тоймас; адам топыраққа ғана тояды);
- ысырапшылдықтан, малшашпақтықтан сақтану (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашапақ – бес дұшпаның, білсеңіз (Абай);
- өзіне бұйыртқанды қадірлеу, барынша пайдалану; көлдің суын жамандап - Еділ қайдан табарсың, әкіміңді жамандап - әділ қайдан табарсың, өз барыңды жамандап - асыл қайдан табарсың (Асан қайғы);
- нәпсісін тыю, нәпсіні ақылға жеңдіру (өзін басқара алған өзгені де басқарады);
- көреалмаушылық, басқаның байлығын күндеуге жол бермеу (кең болсаң, кем болмайсың; көрсекызарлық іштарлықтың белгісі);
- басқа түскен байлықты көтере білу, дарақылықтан сақтану (мал мен баққа есірсең - кез боларсың кесірге (билерден қалған сөз);
- ризыққа берілгендердің өлшемін сақтау, тиесіліден артық тұтынбау мәдениетін игеру (судың да сұрауы бар; Ішер судың да шамасы бар: артық – зиян; шам маймен жанады: көп май құйсаң өшіп қалады;
- материалдық дүние шектеулі, рухани дүние шексіз екенін ұғындыру (дүниенің құлы болма; қудым сені қу дүние, ұстатпадың; дүниенің қызығы сіз бен бізде (Бөлтірік шешен)
- өзіндегіні ұқсату, шамасын білу (көрпеңе қарай көсіл; барымен базар болу);
- қарақан қара бастың қамын ойламау, бауырмал, көпшіл болу (атаңның баласы болма, адамның баласы бол; адамның күні адаммен; бөлінгенді бөрі жейді; қолыңдағымен бөліс; өзгені өзіңдей сыйла, жат жаныңнан түңілсін).
Жоғарыда айтылғандай, қанағат, ең алдымен, моральдық-этикалық ұғым. Қанағат көшпелі ортада әдеттік құқықтың нормалары мен принциптері сияқты императивтік функция атқарған жоқ. Оның жоғарыда аталған негізгі қағидалары ұрпақ тәрбилеудің де, социумдағы әртүрлі әлеуметтік категорияларының арасындағы сан деңгейлі және сан салалы байланыстың үйлесімділігін қамтамасыз ететін де ұстанымдар болды.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Ел аузынан: Шешендік сөздер. Ақындық толғамдар, аңыз әңгімелер. Құраст.: Б. Адамбаев, Жарқынбекова Т. Алматы: Жазушы, 1985;
- Құран Кәрім. Қазақша мағына және түсінігі. Аударған: Х. Алтай. Медине: Құран Шәриф басым комбинаты, 1991;
- Сүйінбай. Таңдамалы шығармалары. Құраст. Садырбаев С. Алматы: Білім, 1996;
- Толысбай К.Асанқайғы. Алматы: Дайк-Пресс, 2006.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қanagat kazaky etnomәdeni ortada kogam mүsheleri arasyndagy әleumettik katynasty retteude ajyryksha rol atkaratyn moraldyk etikalyk kategoriya Қanagat arab sozi Қazak mәdenietine bul soz islam dininin әserimen kelgenimen mejlinshe kazakylangan ugymga ajnaldy yagni etnostenu үrdisine ushyrady Қanagat baskanyn kolyndagysynan dәmetpeu ozinde bardy mise tutu oz nәpakasyna shүkirlik ajtu ozgenin rizygyna kol sukpau tojymsyzdyktan bojyn aulak ustau degendi bildiretin dini mәndi de ugym Қonak kүtu Suretin salgan B Dosymov Қanagat ugymynyn negizdelgen kagidalaryҚanagat ugymynyn moraldyk kategoriya retindegi dәstүrli kazaky ortadagy әleumettik katynasty retteushi funkciyasy negizdelgen kagidalar ozgenin nәpakasyna suktanbau kara nan men kara su ishsen de baskanyn enbegin zheme bireudin rizygy zhukpajdy oz rizygyn adal enbekten tabu enbekpen tapkan nan tәtti enbek etsen erinbej toyady karynyn tilenbej zhokka bola sary uajymga salynbau barga kanagat otkenge salauat barmen bazar korpene karaj kosil zhalkaulyktan bojyn aulak ustau kajgysyz kara suga semirer enbek tүbi zejnet enbek er atandyrar ynsaptylyk tanytu kanagat karyn tojdyrar kanagatsyzdyk astyndagy atyn sojdyrar kolda barga shүkirshilik etu osy kүnime myn shүkir myn algys materialdyk emes kundylyktardy kadirleu birinshi bajlyk densaulyk ekinshi bajlyk ak zhaulyk үnemshil bolu үnemshildin koly berekeli үnemshil zhokshylyk kormejdi ashkozdikten tojymsyzdyktan ada bolu ashkoz adamdy ajyptau zhek koru koldagyga kanagat shүkir kylmasan bolady bar da armanda zhok ta armanda Sүjinbaj Aronuly tүjeni tүgimen bieni bүgimen olgeninshe toyu zhok tүnilmej yrza bolu zhok Shortanbaj Қanajuly ozi tojsa da kozi tojmas adam topyrakka gana toyady ysyrapshyldyktan malshashpaktyktan saktanu osek otirik maktanshak erinshek beker mal shashapak bes dushpanyn bilseniz Abaj ozine bujyrtkandy kadirleu barynsha pajdalanu koldin suyn zhamandap Edil kajdan tabarsyn әkimindi zhamandap әdil kajdan tabarsyn oz baryndy zhamandap asyl kajdan tabarsyn Asan kajgy nәpsisin tyyu nәpsini akylga zhendiru ozin baskara algan ozgeni de baskarady korealmaushylyk baskanyn bajlygyn kүndeuge zhol bermeu ken bolsan kem bolmajsyn korsekyzarlyk ishtarlyktyn belgisi baska tүsken bajlykty kotere bilu darakylyktan saktanu mal men bakka esirsen kez bolarsyn kesirge bilerden kalgan soz rizykka berilgenderdin olshemin saktau tiesiliden artyk tutynbau mәdenietin igeru sudyn da surauy bar Isher sudyn da shamasy bar artyk ziyan sham majmen zhanady kop maj kujsan oship kalady materialdyk dүnie shekteuli ruhani dүnie sheksiz ekenin ugyndyru dүnienin kuly bolma kudym seni ku dүnie ustatpadyn dүnienin kyzygy siz ben bizde Boltirik sheshen ozindegini uksatu shamasyn bilu korpene karaj kosil barymen bazar bolu karakan kara bastyn kamyn ojlamau bauyrmal kopshil bolu atannyn balasy bolma adamnyn balasy bol adamnyn kүni adammen bolingendi bori zhejdi kolyndagymen bolis ozgeni ozindej syjla zhat zhanynnan tүnilsin Zhogaryda ajtylgandaj kanagat en aldymen moraldyk etikalyk ugym Қanagat koshpeli ortada әdettik kukyktyn normalary men principteri siyakty imperativtik funkciya atkargan zhok Onyn zhogaryda atalgan negizgi kagidalary urpak tәrbileudin de sociumdagy әrtүrli әleumettik kategoriyalarynyn arasyndagy san dengejli zhәne san salaly bajlanystyn үjlesimdiligin kamtamasyz etetin de ustanymdar boldy DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterEl auzynan Sheshendik sozder Akyndyk tolgamdar anyz әngimeler Қurast B Adambaev Zharkynbekova T Almaty Zhazushy 1985 Қuran Kәrim Қazaksha magyna zhәne tүsinigi Audargan H Altaj Medine Қuran Shәrif basym kombinaty 1991 Sүjinbaj Tandamaly shygarmalary Қurast Sadyrbaev S Almaty Bilim 1996 Tolysbaj K Asankajgy Almaty Dajk Press 2006