Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақаладағы не оның бөлімдеріндегі ақпарат ескірген. |
Ыбырай Алтынсарин (1841–1889 жылдары) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.
Ыбырай Алтынсарин | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | , Қостанай облысының Қостанай ауданы , Аманқарағай ауданы, Күнтимес орда-қыстауы |
Қайтыс болған күні | |
Қызметі | халық ағартушы, ақын, жазушы |
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар Ыбырай Алтынсарин бос уақытының бәрін сол кітапханада өткізді. Білгеннің үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
Өмірбаяны
Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Қыпшақ тайпасының ұзын руынан шыққан. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы. Балғожа бұл ойын Орынборда оқып жүрген жасөспірім Ыбырайға жолдаған өлең-хатында былайша білдірген:
Үміт еткен көзімнің нұры – балам, Жаныңа жәрдем берсін Хақ тағалам. Атаң мұнда анаңмен есен-аман, Сүйіп сәлем жазады бүгін саған. Атаңды сағындым деп асығарсың, Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың. Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің, Қолыңа құрық алып кетер едің. Тентіреп екі ауылдың арасында Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?!
Әлгі мектеп ақыры 1850 жылы ашылады да, оған қабылданған отыз қазақ баласының бірі – тоғыз жасар Ыбырай болады. Ыбырай мектепте сабақты ынта қойып оқиды, 1857 жылы оқуын "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қалада оқып, қазақ даласына беймәлім жаңалықтардан хабардар болып, ой-өрісі кеңейген зерделі бозбаланың екі жылдай елде болуы — қазақ қоғамының жағдайын тереңірек түсініп, жаңаша сезінуіне, өзіндік ойға келуіне мүмкіндік береді. 1859 жылы Ыбырай Алтынсарин атасының жақсы танысы, сыйлас кісісі — Орынбордағы Шекаралық комиссияның төрағасы, шығыстанушы белгілі ғалым, профессор В.В.Григорьевпен жақын танысады. Ол Ыбырайға қамқорлықпен қарап, оған өзінің бай кітапханасын еркін пайдалануына жағдай жасайды. Ыбырай Григорьевтің кітапханасынан орыс жазушыларының шығармаларын, орыс және дүние жүзі ағартушы-педагогтерінің еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайындағы кітаптарды алып, бас алмай оқыған. Мерзімдік басылымдарды оқып тұрған. Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай өзінің алдына тілмаш болуды емес, туған халқына пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді мақсат етіп қояды. Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы өз үйінде оқытады. Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім", – деп жазады, ол белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді. Ыбырай мәдениет пен білім жолына халқының өте ынталы екенін жақсы ұғады. Бұл оны жігерлендіре түседі. "Қазақтар мені құшағын жая қарсы алды. Мектепке балаларын беруге ынталы адамдар толып жатыр", – деп жазады ол бір хатында. Ыбырай Н.И.Ильминскийге жазған әлгі хатында тағы да былай дейді: "Қазақ даласын үш жылдай аралаған Сіздің қазақ халқы ұғымтал, ақылды, дарынды, бірақ оқымаған халық дейтініңізге мен сенемін. Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз". Туған халқы туралы мұндай ой Ыбырайдың демократтық көзқарасына негіз болды және оны сеніммен жұмыс істеуге шабыттандырды. Сонымен бірге Ыбырай ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздікті де көре білді. Әкімдердің зорлықшыл сорақы қылықтарын сынға алды. Олардан қарапайым халықты корғады. "Қызмет бабында мен қазақтармен жиі-жиі ұстасып қаламын, — деп жазды ол 1864 жылы Ильминскийге, олардың ішінде менің өз туысқандарым да бар. Олардың сырын жақсы білемін, көбін тіпті жек көремін, қазақ арасындағы қызмет адамдарын да көңілім тіпті сүймейді. Олар кедей қазақтарды — қарсылық көрсете алмай, қаскырдың аузында жем болатын қорғансыз момындарды — адамшылықтың шегінен шыға, арсыздықпен тонайды, талайды. Соларды көргенде... өте қатты күйінемін... Осы елдің күшті жемқорларының бірі өздерінің істеп жүрген істерін менің жақтырмайтынымды біліп қалды... Сондықтан ол мені бұл арадан қуып жіберудің амалын істеп жүр". Ыбырайдың ағартушылық, демократтық көзқарастары осылайша қалыптасып, дамыды. Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін, ол ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды. 1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушы дарының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. 1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол еуропалық үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды. Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі. Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Оқу-тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. Бұл ретте ол мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалады. "Халық мектептері үшін ең керектісі – мұғалім, – деп жазды ол. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды". Ыбырай туған халқын ерекше сүйді, оның болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халық ағарту ісін айрықша шабытпен жүргізді. 1883 жылы Торғай облысының әскери губернаторына жолдаған баяндамасында ол: "Қазақтарға – осы дарынды, ақыл-есі мол халыққа – кешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру — қалай дегенмен де аса қажет болып отыр", – деп жазды. Осы жолда Ыбырай көп қиыншылықтар да кездестірді. Ел ішіндегі ескішілдік, парақорлық пен өсек-аяң оның жанын күйзелтті. "Заман осылай болған соң, амалын тауып, мүмкіндігі бар жерде қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы күресе беру керек" деп санады. Мәдениетті де талантты педагог-жазушы әрі мінезге бай, адамгершілік, жолдастық қасиеті мол Ыбырай орыс зиялыларының арасында мейлінше беделді, сыйлы болған. Оқулық жасау жолында оқулыққа Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді. Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды... қазақтың өз тілінде... басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Бұл кітапты кұрастырғанда мен, – деп жазды. Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, – біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім". "Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді.
Ағартушылық еңбегі
Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады:
Оқысаңдар, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар. Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық!
Өлеңнің әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын айта отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады.
Мал, дәулеттің байлығы – Бір жұтасаң, жоқ болар. Оқымыстың байлығы– Күннен күнге көп болар, Еш жұтамақ жоқ болар.
Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.
Өнер-білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден Көзіңді ашып, жұмғанша, Жылдам хабар алғызды. ...Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді. Теңізде жүзді балықтай, Дүниені кезді жалықпай.
Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны "тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын" елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі – жастар деп ұқты.
Біз надан боп өсірдік, Иектегі сақалды. "Өнер – жігіт көркі" деп, Ескермедік мақалды. Біз болмасақ, сіз барсыз, Үміт еткен достарым, Сіздерге бердім батамды! – деп, жеткіншек ұрпаққа сенім артады.
Бұл өлеңдердегі: жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді. Сондықтан Ыбырай өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп, салыстырулар жасайды. Бұл өлеңдердің көп тіркестері бүгінде мақал-мәтелге айналып кетті. Ыбырайдың "Өзен", "Жаз" деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер Ыбырайға дейінгі қазақ поэзиясында кездеспейді. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистік әдебиетінің үлгісі болатын. Ыбырай өлеңдері – туған ел табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі қадамы. Екі өлеңінде де Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, адамдардың тіршілігімен байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой-сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді.
Таулардан өзен ағып сарқыраған, Айнадай сәуле беріп жарқыраған. Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта, Аралап тау мен тасты арқыраған. Көңілің суын ішсең, ашылады, Денеңде бар дертіңді қашырады. Өксіген оттай жанып жануарлар , Өзеннен рақат тауып, басылады.
Ақын тау өзенін нақты әрі әсерлі суреттеген. Бүкіл тіршіліктің "өзеннен рақат тауып" жатқанын нақты сипаттау оқырман көңіліне жағымды сезім ұялатады. "Жаз" өлеңінде көктемгі табиғаттың келісті суреттері бар. "Ұшпақтың күн сәулесі жерге түсіп", "Аспаннан рақымменен күн төнгенде", "Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша, жайқалып шыға келер жердің гүлі", "Кеш болса, күн қонады таудан асып, шапаққа қызыл алтын нұрын шашып", т.б. суреттер мен бейнелі сөздер Ыбырайдың табиғат көріністерін сезінуінің тереңдігін, суреткерлігін көрсетеді. Ақын бар тіршілікті көктем күнінің мейірімді шағымен байланыста бейнелейді. Қырдағы жаз көріністеріне сүйсіну, мал бакқан елдің қыстан қысылып шығып, жазда тынысының кеңуі, қуаныш-шаттығы көңілді әсерге бөлейді.
Бір малы шаруаның екеу болып, Қыстаудан ауыл көшер алуан-алуан. Күлісіп, құшақтасар, әзіл етер, Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған. Жүгіріп киік, құлан тау мен қырда, Қуанып ықыласпен келген жылға... Алыстан мұнарланған сағымдары
Шақырып, тұрар күліп: "Кел, – деп, – мұнда..." Бұл өлеңдер арқылы Ыбырай қазақтың жазба әдебиетінде табиғат лирикасын бастады. Оны кейін Абай әлемдік поэзияның биік деңгейіне жеткізді: Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді. "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. "Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа", – дейді. "Атымтай жомарт" әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ болса да, Атымтай ылғи жұмыс істейді. "Күн сайын өз бейнетіммен, тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады", – дейді ол. "Әке мен бала" әңгімесінде мынадай бір жай сөз болады. "Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған бір ескі тағаны көріп, баласына айтты: "Анау тағаны, балам, ала жүр", – деп. Бала әкесіне: "Сынып қалған ескі тағаны не қылайын", – деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі кайырылып, тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып: «Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың», — деді.
Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, аз жұмысты қиынсынып, бойкүйездікке салынушылық өмірде аз кездеспейді. Бұл – жақсы әдет емес. Сондықтан балалардың бойкүйез, жалқау болмауына, еңбекқор болуына Ыбырай ерекше мән берген.
«Бай баласы мен жарлы баласы» атты әңгімесінде Ыбырай еңбекке деген коғамдық, таптық көзкарасты бейнелейді. Көшкен елдің жұртында қалған екі баланың бір тәулік ішінде басынан кешкендерін суреттеу аркылы сол балалардың өмір тануы, тіршілікке икемділігі жайлы мәселеге әлеуметтік мән береді.
Жазушының шығармаға жасы құрбы екі баланы алып, оларды бай мен кедейдің өкілі етіп суреттеуінің сыры да оның идеясынан айқын көрінеді. Жарлы баласы Үсен – тұрмыстың ауыртпалығын көре жүріп, ысылған еңбек адамы. Ауылдары көшіп кетіп, жұртта қалған екі баланың далада тамақ тауып жеуіне, ауылдың калай қарай көшкенін аңғаруына, түнде далада түнегенде ит-құстан сақтануына Үсеннің тапқырлығы мен еңбекқұмарлығы себеп болады. Ал бай баласы Асан – өмір үшін күресудің жолын білмейтін, шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жан. Кісі еңбегімен күн көріп, бейқам болып өскен бай баласының басына күн туғандағы дәрменсіздігін суреттеу арқылы жазушы келешек Үсендер жағында екенін аңғартады. Сөйтіп, жастарға өмірден еш нәрсе үйренбей, жалқау болып өскен бай баласындай болмай, қиыншылыққа төзімді, өнерге бейім, еңбек сүйгіш жарлы баласы Үсендей болып өсуді уағыздады. "Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. «Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен кисық біткен?» – деп сұрады баласы. «Ата-анаңның тілін алсаң, ана ағаштай сен түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай болып, бағусыз өсерсің. Мынау ағаш – бағусыз өз қалпымен ескен», – деді атасы. «Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой», – деді баласы. «Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің», – деді.
Ыбырай «Бақша ағаштары» атты әңгімесінде осылай деп жазды. Яғни тәрбиенің үлкен рөл атқаратынын көрсеткен.
Соның бірі – талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы алға баспаған болар еді. "Талапты ерге нұр жауар" деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған. Жастық шақ – жігер-қайраттың мол кезі, бойдағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығарып қалатын кез, ол үшін талап керек. Талаптан да, өмірден керегіңді ал.
«Талаптың пайдасы» деген әңгімесінде Ыбырай сол идеяны көтереді. I Петр патша шіркеуге барып ғибадат етіп тұрғанда, арт жақта бір баланың сурет салып тұрғанын көріп, қасына келіп, не салып жатқанын сұрағанда бала: «Сіздің суретіңізді салып жатырмын!» – дейді. Петр суретті көрсе, мәз еш нәрсесі жоқ екен. Бірақ ақылды Петр патша ол баланың суретке талабы бар екенің аңғарып, сурет салатын оқуға бергізеді. Кейін сол бала үлкен суретші болады. азушының бұл арадағы көздегені - жас баланың талабын, сол талаптың арқасында неге қолы жеткенін көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына жететіндігін дәлелдеу.
Мейірімділік баланың отбасына деген махаббатынан басталады. Әркім алдымен өз ата-анасын, туғандарын жақсы көреді, сыйлайды. Ыбырай ата-ана мен бала арасындағы осындай жылы қарым-қатынасқа ерекше мән береді. «Мейірімді бала» әңгімесінде 13 жасар қыздың әкесінің орнына, өз қолын кесуді сұрағанын жазады. Қыз: «Тақсыр, жұмыс істеп, бала-шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз», – дейді.
Жазушы «Аурудан аяған күштірек» деген әңгімесінде аяғы сынған Сейіт деген бала, ауруы қанша батса да, анасын қиналтпау үшін қабақ шытпағандығы айтылады. «Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көріп, әжем де қиналып, жыламасын деп жатырмын», – дейді ол.
Алғашқы әңгімедегі қыз да, соңғы әңгімедегі Сейіт те шын мәніндегі мейірімді қылықтарымен ерекшеленеді, мұның негізінде жалпы адамды сүйетін жақсы сезімдер жатыр.
Шығармалары
- Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку, Оренбург, 1879;
- Қазақ хрестоматиясы, Орынбор, 1906; Мәктубат, Қазан, 1896, 1899;
- Киргизская хрестоматия, Оренбург, 1879, 1906;
- Таңд. шығ. 3 томдық, А., 1943, 1953;
- Собрание сочинений в 3-х т. Т.1–3, А.-А., 1975, 1978;
- Әңгімелер, А., 1980.
- Өлеңдер
- Азған елдің хандары
- Балғожа бидің баласына жазған хаты
- Жаз
- Кел, балалар, оқылық
- Қарлығаш
- Қарға мен түлкі
- Әй, достарым
- Әй, жігіттер
- Өзен
- Өнер - білім бар жұрттар
- Өсиет өлеңдер
- Әңгімелер
- Ізбасты
- Айуанның естесі көп бірақ адамдай толық ақылы жоқ
- Алтын -айдыр
- Алтын шеттеуік
- Асыл шөп
- Ақымақ дос
- Білгеннің пайдасы
- Бір уыс мақта
- Бай баласы мен жарлы баласы
- Байұлы
- Баланың айласы
- Бақша ағаштары
- Данышпан қазы
- Дүние қалай етсең табылады
- Жаман жолдас
- Жамандыққа жақсылық
- Жан-жануарлардың дауласқаны
- Жиренше шешен
- Жомарт
- Жәнібек батыр
- Зеректік
- Киіз үй мен ағаш үй
- Лұқпан әкім
- Малды пайдаға жарату
- Мейірімді бала
- Мұжық пен жасауыл
- Мұңсыз адам
- Надандық
- Оқудағы балалардың үйішіне жазған хаты
- Петр патшаның тергелгені
- Полкан деген ит
- Салақтық
- Сараңдық пен жинақтылық
- Сауысқан мен қарға
- Сақып
- Силинші деген ханым
- Сәтемір хан
- Таза бұлақ
- Талаптың пайдасы
- Тышқанның өсиеті
- Түлкі мен ешкі
- Тәкәпәршілік
- Шеше мен бала
- Қанағат
- Қарға мен құрт
- Қыпшақ Сейітұлы
- Үнді
- Үш ұры
- Әділдік
- Әдеп
- Әке мен бала
- Әлім кісі
- Өрмекші, құмырсқа,қарлығаш
- Өтіріктің залалы
Дереккөздер
Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. 2-басылымы, өңделген. Алматы: Атамұра, 2012. — 344 бет, суретті, карталы.
Сілтемелер
- Ыбырай Алтынсарин
- Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы Мұрағатталған 31 наурыздың 2022 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makaladagy ne onyn bolimderindegi akparat eskirgen Ybyraj Altynsarin 1841 1889 zhyldary kazaktyn asa kornekti agartushy pedagogy zhazushy etnograf folklorshy kogam kajratkeri Ybyraj AltynsarinTugan kүni20 kazan 1841 1841 10 20 Tugan zheri Қostanaj oblysynyn Қostanaj audany Amankaragaj audany Kүntimes orda kystauyҚajtys bolgan kүni29 shilde 1889 1889 07 29 47 zhas Қyzmetihalyk agartushy akyn zhazushyYbyraj Altynsaringa arnalgan 2016 zhylgy Қazakstan markasy Ybyraj Altynsarin kazak halkynyn agartushylyk tarihynda zhәne ulttyk mektebinin kalyptasuynda teren iz kaldyrgan tulga Ol kazirgi Қostanaj oblysynyn aumagynda dүniege kelgen Әkesinen erte ajyrylgan ol atasynyn belgili bi zhәne starshyn Balkozha Zhanbyrshinnin kolynda tәrbielendi Ybyraj bala kezinen bastap bilimge zhәne oz betinshe okyp biluge bejim ekenin bajkatty Kop okydy Resej kogamynyn bilimdi adamdarymen zhii aralasyp turdy Orynborda okyp zhүrgen kezinde shygystanushy galym zhakyn tanysyp aldy Ol ozinin baj kitaphanasymen Ybyraj Altynsarinnin erkin pajdalanuyna ruksat etti Bilimge kushtar Ybyraj Altynsarin bos uakytynyn bәrin sol kitaphanada otkizdi Bilgennin үstine bile tүssem degen kumarlyk pen oz halkyma negurlym kobirek pajda keltirsem degen abzal armanga umtylys zhas Ybyrajdyn omirlik kredosyna ajnaldy Өzinin minez kulky zhagynan karapajym әri enbeksүjgish edi kop okydy ozge halyktardyn kol zhetken tabystaryn negurlym kobirek bile tүssem dep armandady Algan bilimin oz halkynyn pajdysyna asyruga talpyndy ӨmirbayanyYbyraj 1841 zhyly kazan ajynyn 20 synda kazirgi Қostanaj oblysy Қostanaj audanynda dүniege keledi Үsh tort zhasynda әkesi Altynsary kajtys bolyp atasy Balgozhanyn kolynda osip tәrbielenedi Қypshak tajpasynyn uzyn ruynan shykkan Atasy Balgozha bi oz ajmagynyn atakty kisilerinin biri bolgan El ishindegi kop bilikti kolynda ustagan bi Orynbor әkimshiliginin aldynda da bedeldi belgili kisi bolgan Zamana bet alysyn ozinshe bolzhagan Balgozha tabyska zhetudin endigi zholy oku dep biledi Sojtip nemeresi kishkentaj Ybyrajdy Orynborda ashylady dep kүtilgen orys kazak mektebine kүni buryn zhazdyryp koyady Bidin ondagy maksaty әrine nemeresinin bala okytyp pedagog boluy emes әkimshilik oryndarda zhumys istep sheneunik oryssha okygan tore bolyp shyguy ata anasyn asyrauy Balgozha bul ojyn Orynborda okyp zhүrgen zhasospirim Ybyrajga zholdagan olen hatynda bylajsha bildirgen Үmit etken kozimnin nury balam Zhanyna zhәrdem bersin Hak tagalam Atan munda ananmen esen aman Sүjip sәlem zhazady bүgin sagan Atandy sagyndym dep asygarsyn Nadan bop bilmej kalsan aһ urarsyn Shyragym munda zhүrsen ne eter edin Қolyna kuryk alyp keter edin Tentirep eki auyldyn arasynda Zhүrgenmen ne muratka zheter edin Әlgi mektep akyry 1850 zhyly ashylady da ogan kabyldangan otyz kazak balasynyn biri togyz zhasar Ybyraj bolady Ybyraj mektepte sabakty ynta kojyp okidy 1857 zhyly okuyn ote zhaksy degen bagamen bitirip shygyp 1859 zhyldyn tamyzyna dejin ozinin tugan elinde tilmashtyk kyzmet atkarady Қalada okyp kazak dalasyna bejmәlim zhanalyktardan habardar bolyp oj orisi kenejgen zerdeli bozbalanyn eki zhyldaj elde boluy kazak kogamynyn zhagdajyn terenirek tүsinip zhanasha sezinuine ozindik ojga keluine mүmkindik beredi 1859 zhyly Ybyraj Altynsarin atasynyn zhaksy tanysy syjlas kisisi Orynbordagy Shekaralyk komissiyanyn toragasy shygystanushy belgili galym professor V V Grigorevpen zhakyn tanysady Ol Ybyrajga kamkorlykpen karap ogan ozinin baj kitaphanasyn erkin pajdalanuyna zhagdaj zhasajdy Ybyraj Grigorevtin kitaphanasynan orys zhazushylarynyn shygarmalaryn orys zhәne dүnie zhүzi agartushy pedagogterinin enbekterin uly adamdardyn omiri zhajyndagy kitaptardy alyp bas almaj okygan Merzimdik basylymdardy okyp turgan Өz betimen kop izdenip bilim koryn molajta kele Ybyraj ozinin aldyna tilmash boludy emes tugan halkyna pajdalyrak baska bir kyzmet isteudi maksat etip koyady Onyn yntasy agartushylykka auady 1860 zhyly Zhajyktyn shygysyndagy kazaktar үshin tort bastauysh mektep ashylgan kezde Ybyraj ozi suranyp Torgaj mektebine mugalim boluga ruksat alyp sonda keledi Birak mektep birden ashyla kojmajdy Bul aralykta Ybyraj el ishinde mekteptin pajdasyn tүsindirip biraz balany oz үjinde okytady Torgaj mektebi 1864 zhyly gana ashylady Osy zhyly kantardyn 8 i kүni kopten kүtken isim ornyna kelip mektep ashyldy Ogan 14 kazak balasy kirdi Bәri de zhaksy esti balalar Men balalardy okytuga kojga shapkan ash kaskyrdaj kyzu kiristim dep zhazady ol belgili shygystanushy professor N I Ilminskijge zholdagan hatynda Ybyraj mekteptegi sabak pen tәrbie zhumysyn sol kezdegi orys mektepteri үlgisinde kurady Sabakty kazak tilinde zhүrgize otyryp ol balalarga orys tilin үjretuge pәn negizderinen bilim beruge tyrysady Tәrbie zhumysyn adamgershiligi mol zhana urpak tәrbielep shygaruga bejimdejdi Ybyraj mәdeniet pen bilim zholyna halkynyn ote yntaly ekenin zhaksy ugady Bul ony zhigerlendire tүsedi Қazaktar meni kushagyn zhaya karsy aldy Mektepke balalaryn beruge yntaly adamdar tolyp zhatyr dep zhazady ol bir hatynda Ybyraj N I Ilminskijge zhazgan әlgi hatynda tagy da bylaj dejdi Қazak dalasyn үsh zhyldaj aralagan Sizdin kazak halky ugymtal akyldy daryndy birak okymagan halyk dejtininizge men senemin Қazak halky karapajym oneri zhok halyk birak biz karapajymdylyktyn ozinen de kop zhaksylyk tabamyz Tugan halky turaly mundaj oj Ybyrajdyn demokrattyk kozkarasyna negiz boldy zhәne ony senimmen zhumys isteuge shabyttandyrdy Sonymen birge Ybyraj el ishindegi әleumettik tensizdik әdiletsizdikti de kore bildi Әkimderdin zorlykshyl soraky kylyktaryn synga aldy Olardan karapajym halykty korgady Қyzmet babynda men kazaktarmen zhii zhii ustasyp kalamyn dep zhazdy ol 1864 zhyly Ilminskijge olardyn ishinde menin oz tuyskandarym da bar Olardyn syryn zhaksy bilemin kobin tipti zhek koremin kazak arasyndagy kyzmet adamdaryn da konilim tipti sүjmejdi Olar kedej kazaktardy karsylyk korsete almaj kaskyrdyn auzynda zhem bolatyn korgansyz momyndardy adamshylyktyn sheginen shyga arsyzdykpen tonajdy talajdy Solardy korgende ote katty kүjinemin Osy eldin kүshti zhemkorlarynyn biri ozderinin istep zhүrgen isterin menin zhaktyrmajtynymdy bilip kaldy Sondyktan ol meni bul aradan kuyp zhiberudin amalyn istep zhүr Ybyrajdyn agartushylyk demokrattyk kozkarastary osylajsha kalyptasyp damydy Қogamdyk әdiletsizdik pen adam bojyndagy unamsyz minezderge karsy kүresu үshin ol el ishinde bilim oner taratu isin kenejte beru kerek dep ugady Sol nietpen bar kүsh zhigerin mektep isine bala okytu zhүjesin zhaksartuga zhumsajdy 1876 zhyly Ybyraj Peterburg Қazan kalalaryna barady Orystyn agartushylyk zhүjesin orys agartushy darynyn enbekterin zerttejdi Қazak tilinde oku kuraldaryn zhasaudy ojlajdy 1879 zhyly Ybyraj Torgaj oblysy mektepterinin inspektory kyzmetine tagajyndalady Bul onyn agartushylyk kyzmetinin ken oris aluyna zhol ashady Ol europalyk үlgidegi mektepter ashu isimen shugyldanady 1879 1883 zhyldar aralygynda Torgaj oblysynyn tort uezinde Torgaj Yrgyz Troick Aktobe zhana mektepter ashady 1883 zhyly Torgaj kalasynda koloner mektebi ashyldy Ol kazak dalasyndagy tehnikalyk bilim beretin tungysh oku orny boldy Ybyraj kazak kyzdaryn okytu isine erekshe konil boledi Bugan eskishil әdet salttarga karsy kүrestin bir zholy esebinde karajdy 1887 zhyly Yrgyzda kyzdar mektebin ujymdastyruy onyn agartushylyk asa zor enbegi Қazak dalasynda mektepter sanynyn artuyna bajlanysty Ybyraj mugalimder dayarlajtyn mektep ashudy kolga aldy 1881 zhyly Omby kalasynda tungysh mugalimder mektebi ashyldy Ybyraj mektepter ashu isimen gana shektelip kalmady Ol sol mektepterdegi tәlim tәrbie oku zhumysyna ajryksha mәn berdi Oku tәrbie isin zhana bagytta ujymdastyrdy Bul rette ol mugalimnin atkaratyn rolin zhogary bagalady Halyk mektepteri үshin en kerektisi mugalim dep zhazdy ol Tamasha zhaksy pedagogika kuraldary da en zhaksy үkimet bujryktary da әbden mukiyat tүrde zhүrgiziletin inspektor bakylauy da mugalimge ten kele almajdy Ybyraj tugan halkyn erekshe sүjdi onyn bolashagyna zor senimmen karady Sondyktan halyk agartu isin ajryksha shabytpen zhүrgizdi 1883 zhyly Torgaj oblysynyn әskeri gubernatoryna zholdagan bayandamasynda ol Қazaktarga osy daryndy akyl esi mol halykka keshikpej ruhani zhәne kogamdyk damu zholyna tүsetin durys bagyt beru kalaj degenmen de asa kazhet bolyp otyr dep zhazdy Osy zholda Ybyraj kop kiynshylyktar da kezdestirdi El ishindegi eskishildik parakorlyk pen osek ayan onyn zhanyn kүjzeltti Zaman osylaj bolgan son amalyn tauyp mүmkindigi bar zherde kazak halkynyn eldigin buzyp bolashagyn bүldirip zhatkan zhauyzdykka karsy kүrese beru kerek dep sanady Mәdenietti de talantty pedagog zhazushy әri minezge baj adamgershilik zholdastyk kasieti mol Ybyraj orys ziyalylarynyn arasynda mejlinshe bedeldi syjly bolgan Okulyk zhasau zholynda okulykka Ybyraj mektepte kazak balalaryna bilim men tәrbie berudin basty kuraly dep karajdy Ol balalarga ana tilin taza zhәne ukyptylykpen үjretedi shagyn korkem shygarmalar arkyly olardy zhaksy minez kulykka bauludy kozdejdi Ybyraj balalardy mazmuny olardyn bilimin koteretin takyryby olardy kyzyktyratyn kitaptardy kazaktyn oz tilinde basyp shygaru kerek dep bildi Өzi 1876 zhyldan bastap Қazak hrestomatiyasyn zhazuga kirisip ony 1879 zhyly Orynborda bastyryp shygardy Bul kitapty kurastyrganda men dep zhazdy Ybyraj hrestomatiyasynyn algy sozinde birinshiden osy bizdin ana tilimizde tungysh shykkaly otyrgan zhalgyz kitaptyn orys kazak mektepterinde tәrbielenip zhүrgen kazak balalaryna oku kitaby bola alu zhagyn kozdedim Қazak hrestomatiyasy balalarga arnalgan olender men shagyn әngime novellalardan kurastyryldy Olardyn birkataryn ozi zhazdy birazyn sol kezdegi orys okulyktarynan erkin audaryp aldy Hrestomatiyaga kazaktyn halyk әdebietinin үlgilerin de iriktep kirgizdi Agartushylyk enbegiYbyraj Қazak hrestomatiyasyna kirgen olenderinde de halyk agartu ideyasyn koterdi Onyn Kel balalar okylyk Өner bilim bar zhurttar olenderi osyndaj maksatta tugan Kel balalar okylyk oleni zhastardy okuga bilim aluga shakyrady Okysandar balalar Shamnan shyrak zhagylar Tilegenin aldynnan Izdemej ak tabylar Kel balalar okylyk Okygandy konilge Ykylaspen tokylyk Өlennin әr shumagynda okudyn әr zhakty pajdasyn ajta otyryp akyn songy zholdardy ylgi kajtalap otyrady Mal dәulettin bajlygy Bir zhutasan zhok bolar Okymystyn bajlygy Kүnnen kүnge kop bolar Esh zhutamak zhok bolar Sojtip akyn bir zhagynan zhastardy okuga bilim aluga үndese ekinshi zhagynan oku oner gylym bilimge onyn zhalpy halyk үshin kerektigine esh mәn bermejtin eski kozkaraska sokky beredi Өmirdegi sarkylmajtyn mol bajlyk bilim ekendigin ajta kelip bilimge adamnyn koly zhetu үshin erinbej oku kazhymaj enbek etu kerektigin tүsindiredi Ybyraj Өner bilim bar zhurttar atty oleninde oku bilim aludyn maksatyn keninen soz etedi Өlennin negizgi ideyasy kazak kauymyna ozyk mәdenietti elderdi үlgi etip korsetu Өner bilim bar zhurttar Tastan saraj salgyzdy Ajshylyk alys zherlerden Kozindi ashyp zhumgansha Zhyldam habar algyzdy Otynsyz tamak pisirdi Susyzdan susyn ishirdi Tenizde zhүzdi balyktaj Dүnieni kezdi zhalykpaj Ybyraj zhastardyn okygan adam bolgandagy maksaty oz halkynyn bir keregine zharau ony tastan saraj saldyryp ajshylyk alys zherlerden kozindi ashyp zhumgansha zhyldam habar algyzatyn elderdin kataryna zhetkizu dep bildi Keleshekke senimi mol Ybyraj omir korki bolashaktyn iesi zhastar dep ukty Biz nadan bop osirdik Iektegi sakaldy Өner zhigit korki dep Eskermedik makaldy Biz bolmasak siz barsyz Үmit etken dostarym Sizderge berdim batamdy dep zhetkinshek urpakka senim artady Bul olenderdegi zhaksy men zhamandy bilimdilik pen nadandykty salystyra suretteu әdisi de zhas balalarga olardy ajkynyrak tanytu maksatyn kozdejdi Sondyktan Ybyraj oz dәuiri okyrmandarynyn ugymyna zhenil etip salystyrular zhasajdy Bul olenderdin kop tirkesteri bүginde makal mәtelge ajnalyp ketti Ybyrajdyn Өzen Zhaz degen olenderi tabigat korinisterin suretteuge arnalgan Mundaj tutas lirikalyk pejzazhdyk olender Ybyrajga dejingi kazak poeziyasynda kezdespejdi Okyrmandardyn konilin tabigattyn sulu korinisterine audaru arkyly el sүyu zher sүyu Otan sүyuge tәrbielejtin patriottyk olender orystyn demokrattyk gumanistik әdebietinin үlgisi bolatyn Ybyraj olenderi tugan el tabigatyn zhyrlap sol arkyly ozinin zhas shәkirtterinin bojynda tabigatty Otandy sүyu sezimderin tәrbieleuge zhasagan eleuli kadamy Eki oleninde de Ybyraj tabigat korinisin zhalan almaj adamdardyn tirshiligimen bajlanystyra korsetedi Sol arkyly tabigat pen adamnyn bajlanysyn tabigattyn adam isine enbekke oj sezimine tigizer zhandy әserin bejnelejdi Taulardan ozen agyp sarkyragan Ajnadaj sәule berip zharkyragan Zhel soksa ystyk soksa bir kalypta Aralap tau men tasty arkyragan Konilin suyn ishsen ashylady Denende bar dertindi kashyrady Өksigen ottaj zhanyp zhanuarlar Өzennen rakat tauyp basylady Akyn tau ozenin nakty әri әserli surettegen Bүkil tirshiliktin ozennen rakat tauyp zhatkanyn nakty sipattau okyrman koniline zhagymdy sezim uyalatady Zhaz oleninde koktemgi tabigattyn kelisti suretteri bar Ұshpaktyn kүn sәulesi zherge tүsip Aspannan rakymmenen kүn tongende Ұjkydan kozin ashkan zhas balasha zhajkalyp shyga keler zherdin gүli Kesh bolsa kүn konady taudan asyp shapakka kyzyl altyn nuryn shashyp t b suretter men bejneli sozder Ybyrajdyn tabigat korinisterin sezinuinin terendigin suretkerligin korsetedi Akyn bar tirshilikti koktem kүninin mejirimdi shagymen bajlanysta bejnelejdi Қyrdagy zhaz korinisterine sүjsinu mal bakkan eldin kystan kysylyp shygyp zhazda tynysynyn kenui kuanysh shattygy konildi әserge bolejdi Bir maly sharuanyn ekeu bolyp Қystaudan auyl kosher aluan aluan Kүlisip kushaktasar әzil eter Әjelder kosh zhoneltip kejin kalgan Zhүgirip kiik kulan tau men kyrda Қuanyp ykylaspen kelgen zhylga Alystan munarlangan sagymdary Shakyryp turar kүlip Kel dep munda Bul olender arkyly Ybyraj kazaktyn zhazba әdebietinde tabigat lirikasyn bastady Ony kejin Abaj әlemdik poeziyanyn biik dengejine zhetkizdi Enbekti sүyu zhәne kadirleu Ybyraj әngimelerinin negizgi takyryby Ony zhazushy shagyn әngimelerde үgit osiet tүrinde berse kej shygarmalarynda halyktyn kogamdyk sanasyn tәrbielejtin realistik suretter arkyly bejnelejdi Өrmekshi kumyrska karlygash әngimesinde Ybyraj en kishkentaj zhәndikterdin ozi de tirshilik үshin tynym tappaj enbek etip zhүrgendigin korsete kelip olardy balalarga үlgi etedi Қarlygash ormekshi gurly zhokpysyn sen de enbek et boska zhatpa dejdi Atymtaj zhomart әngimesinde zhazushy halyk arasyndagy Atymtaj zhomart turaly anyzdarga zhanasha mazmun berip ozinshe korytady Atymtajdy ol enbek adamynyn үlgisi etip korsetedi Esh nәrsege muktazhdygy zhok bolsa da Atymtaj ylgi zhumys istejdi Kүn sajyn oz bejnetimmen tapkan pulga nan satyp alyp zhesem bojyma sol nәr bolyp tarajdy Enbekpen tabylgan dәmnin tәttiligi ozgeshe bolady dejdi ol Әke men bala әngimesinde mynadaj bir zhaj soz bolady Bir adam on zhasar balasyn ertip egisten zhayau kele zhatsa zholda kalgan bir eski tagany korip balasyna ajtty Anau tagany balam ala zhүr dep Bala әkesine Synyp kalgan eski tagany ne kylajyn dedi Әkesi үndemedi Tagany ozi aldy da zhүre berdi Қalanyn shetinde temirshi ustalar bar eken sogan zhetken son әkesi kajyrylyp tagany solarga үsh tiynga satty Odan biraz otken son shie satyp otyrgandardan 3 tiynga birtalaj shie satyp aldy Sonymen shieni oramalyna tүjip shetinen ozi bir birlep alyp zhep balasyna karamaj ayandap zhүre berdi Biraz zher otken son әkesinin kolynan bir shie zherge tүsedi Artynan kele zhatkan bala da tym ak kyzygyp keledi eken Zherge tүsken shieni zhalma zhan zherden alyp auzyna saldy Birazdan son zhәne bir shie odan biraz otken son zhәne bir shie sonymen bala әrbir shie tastagan zherge bir enkejip shie terip zhedi En sonynda әkesi toktap balasyna shieni oramalymen berip turyp Kordin be bagana tagany zhamansynyp zherden bir iilip koterip aluga erindin Endi sol tagaga algan shienin zherge tүskenin alamyn dep bir enkeyudin ornyna on enkejdin Budan bylaj esinde bolsyn az zhumysty kiynsynsan kop zhumyska tap bolarsyn azga kanagat etpesen kopten kur kalarsyn dedi Kejde sәl nәrseni komsynyp ogan konil bolmeushilik az zhumysty kiynsynyp bojkүjezdikke salynushylyk omirde az kezdespejdi Bul zhaksy әdet emes Sondyktan balalardyn bojkүjez zhalkau bolmauyna enbekkor boluyna Ybyraj erekshe mәn bergen Baj balasy men zharly balasy atty әngimesinde Ybyraj enbekke degen kogamdyk taptyk kozkarasty bejnelejdi Koshken eldin zhurtynda kalgan eki balanyn bir tәulik ishinde basynan keshkenderin suretteu arkyly sol balalardyn omir tanuy tirshilikke ikemdiligi zhajly mәselege әleumettik mәn beredi Zhazushynyn shygarmaga zhasy kurby eki balany alyp olardy baj men kedejdin okili etip suretteuinin syry da onyn ideyasynan ajkyn korinedi Zharly balasy Үsen turmystyn auyrtpalygyn kore zhүrip ysylgan enbek adamy Auyldary koship ketip zhurtta kalgan eki balanyn dalada tamak tauyp zheuine auyldyn kalaj karaj koshkenin angaruyna tүnde dalada tүnegende it kustan saktanuyna Үsennin tapkyrlygy men enbekkumarlygy sebep bolady Al baj balasy Asan omir үshin kүresudin zholyn bilmejtin shydamsyz enbekke ikemi zhok zhan Kisi enbegimen kүn korip bejkam bolyp osken baj balasynyn basyna kүn tugandagy dәrmensizdigin suretteu arkyly zhazushy keleshek Үsender zhagynda ekenin angartady Sojtip zhastarga omirden esh nәrse үjrenbej zhalkau bolyp osken baj balasyndaj bolmaj kiynshylykka tozimdi onerge bejim enbek sүjgish zharly balasy Үsendej bolyp osudi uagyzdady Zhazdyn bir әdemi kүninde bir kisi ozinin balasymen bakshaga baryp ekeui de egilgen agashty korip zhүrdi Myna agash nelikten tip tik ana bireui nelikten kisyk bitken dep surady balasy Ata anannyn tilin alsan ana agashtaj sen tүzu kisi bolyp osersin Bagusyz ketsen sen de myna kisyk agashtaj bolyp bagusyz osersin Mynau agash bagusyz oz kalpymen esken dedi atasy Olaj bolsa bagu kaguda kop magyna bar eken goj dedi balasy Bagu kaguda kop magyna barynda shek zhok shyragym budan sen ozin de gibrat alsan bolady sen zhas agashsyn sagan da kүtim kerek Men senin kate zherindi tүzep pajdaly iske үjretsem menin ajtkanymdy ugyp ornyna keltirsen zhaksy tүzu kisi bolyp osersin dedi Ybyraj Baksha agashtary atty әngimesinde osylaj dep zhazdy Yagni tәrbienin үlken rol atkaratynyn korsetken Sonyn biri talap Talap etip talpynbasa adam balasy alga baspagan bolar edi Talapty erge nur zhauar degen halyk makaly da omir tәzhiribesinen tugan Zhastyk shak zhiger kajrattyn mol kezi bojdagy zhaksy kasietterdi zharykka shygaryp kalatyn kez ol үshin talap kerek Talaptan da omirden keregindi al Talaptyn pajdasy degen әngimesinde Ybyraj sol ideyany koteredi I Petr patsha shirkeuge baryp gibadat etip turganda art zhakta bir balanyn suret salyp turganyn korip kasyna kelip ne salyp zhatkanyn suraganda bala Sizdin suretinizdi salyp zhatyrmyn dejdi Petr suretti korse mәz esh nәrsesi zhok eken Birak akyldy Petr patsha ol balanyn suretke talaby bar ekenin angaryp suret salatyn okuga bergizedi Kejin sol bala үlken suretshi bolady azushynyn bul aradagy kozdegeni zhas balanyn talabyn sol talaptyn arkasynda nege koly zhetkenin korsetu kim talap etse sol maksatyna zhetetindigin dәleldeu Mejirimdilik balanyn otbasyna degen mahabbatynan bastalady Әrkim aldymen oz ata anasyn tugandaryn zhaksy koredi syjlajdy Ybyraj ata ana men bala arasyndagy osyndaj zhyly karym katynaska erekshe mәn beredi Mejirimdi bala әngimesinde 13 zhasar kyzdyn әkesinin ornyna oz kolyn kesudi suraganyn zhazady Қyz Taksyr zhumys istep bala shagalaryn asyrajtyn atamnyn kolyn kaldyryp myna menin kolymdy kesiniz dejdi Zhazushy Aurudan ayagan kүshtirek degen әngimesinde ayagy syngan Sejit degen bala auruy kansha batsa da anasyn kinaltpau үshin kabak shytpagandygy ajtylady Auyrmak tүgil zhanym kozime korinip tur birak menin zhanymnyn kinalganyn korip әzhem de kinalyp zhylamasyn dep zhatyrmyn dejdi ol Algashky әngimedegi kyz da songy әngimedegi Sejit te shyn mәnindegi mejirimdi kylyktarymen erekshelenedi munyn negizinde zhalpy adamdy sүjetin zhaksy sezimder zhatyr ShygarmalaryNachalnoe rukovodstvo k obucheniyu kirgizov russkomu yazyku Orenburg 1879 Қazak hrestomatiyasy Orynbor 1906 Mәktubat Қazan 1896 1899 Kirgizskaya hrestomatiya Orenburg 1879 1906 Tand shyg 3 tomdyk A 1943 1953 Sobranie sochinenij v 3 h t T 1 3 A A 1975 1978 Әngimeler A 1980 Өlender Azgan eldin handary Balgozha bidin balasyna zhazgan haty Zhaz Kel balalar okylyk Қarlygash Қarga men tүlki Әj dostarym Әj zhigitter Өzen Өner bilim bar zhurttar Өsiet olender Әngimeler Izbasty Ajuannyn estesi kop birak adamdaj tolyk akyly zhok Altyn ajdyr Altyn shetteuik Asyl shop Akymak dos Bilgennin pajdasy Bir uys makta Baj balasy men zharly balasy Bajuly Balanyn ajlasy Baksha agashtary Danyshpan kazy Dүnie kalaj etsen tabylady Zhaman zholdas Zhamandykka zhaksylyk Zhan zhanuarlardyn daulaskany Zhirenshe sheshen Zhomart Zhәnibek batyr Zerektik Kiiz үj men agash үj Lukpan әkim Maldy pajdaga zharatu Mejirimdi bala Muzhyk pen zhasauyl Munsyz adam Nadandyk Okudagy balalardyn үjishine zhazgan haty Petr patshanyn tergelgeni Polkan degen it Salaktyk Sarandyk pen zhinaktylyk Sauyskan men karga Sakyp Silinshi degen hanym Sәtemir han Taza bulak Talaptyn pajdasy Tyshkannyn osieti Tүlki men eshki Tәkәpәrshilik Sheshe men bala Қanagat Қarga men kurt Қypshak Sejituly Үndi Үsh ury Әdildik Әdep Әke men bala Әlim kisi Өrmekshi kumyrska karlygash Өtiriktin zalalyDerekkozderҚazakstan tarihy XVIII gasyr 1914 zhyl Zhalpy bilim beretin mekteptin 8 synybyna arnalgan okulyk 2 basylymy ondelgen Almaty Atamura 2012 344 bet suretti kartaly SiltemelerYbyraj Altynsarin Ybyraj Altynsarin atyndagy balalar zhәne zhasospirimder kitaphanasy Muragattalgan 31 nauryzdyn 2022 zhyly