Шоған Сүйерқұлұлы 1584-1642 жылдары өмір сүрген қазақтың атақты сәуегей абыз биі. Ол Ташкент-Шымкент аралығындағы елдер арасында туып, ержеткен. Шыққан тегі Ұлы жүздің Албан атасынан.
Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы өзінің "Түп-тұқианнан өзіме шейін" дейтін 1993 жылы "Жалын" баспасынан жарық көрген шежіре-кітабында Шоған абызға тоқтала келіп, оның ата-тегін былай талдайды:
"Шоған абыз - Бәйдібектің тоғызыншы ұрпағы. Албаннан - Жауғаш, одан - Шеру, одан - Текті, одан - Жақ, одан - Борай, одан - Елғұлы, одан - Шора, одан - Мұсақ, одан - Толлы, одан - Керде, одан - Қасқал, одан - Бұғы, одан - Жандар, одан - Алтый, одан - Сақи, одан - Қайлыбек, одан - Торымтай, одан - Абдол, одан - Ақсары, одан - Атанқұл, одан - Меркі, одан - Тоқымбек, одан - Тарап, одан - Кенжек, одан - Омарқұл, одан - Жарты, одан - Ерімқұл, одан - Көпсадық, одан - Ақбота, одан - Дархан, одан - Сүнші, одан - Ержен, одан - Көген; одан - Қарқуар (асқан шешен адам болғандықтан өз атын жұрт ұмытып, Қарқуар атап кеткен), Қарқуардан - Сары, Шыбыл екі ұл. Қазіргі біз білетін Албан - осы Сары мен Шыбылдың тұқымы. Сарыдан - Сүйерқұл, Сүйменді. Шыбылдан - Ботай, Өтей, Көкей. Ал, Сүйерқұлдан - Шоған абыз" (312-бет). Сүйерқұлдан туған төртеуге (Досалы, Шоған, Қожмамбет, Жарты) олардан өрбіген төрт ұрпақты (Сырымбет, Шағыр, Алман, Ханкелді) косып, бәрін "Сегіз сары әулеті" деп айтайды ел. Қазақ совет энциклопедиясында (12-т) Шоғаннан Тұрымжан, Дәулен, Алжан, руларын таратады. Кейде Алжанды - Мәмбет, Шажаны - Үмбет деп те атайды.
Бұл аталардан шыкқан Алман, Шағыр, Сырымбет, оның ұрпақтары Ханкелді, Түке ұлы Райымбек, Рыскелді, Төлес ұлы Байсейіт, Тәуке батырлар да, Жұман, Қожағұл тәрізді әділ билер де, бәрі де ішкі-сыртқы шапқыншы жауларға қарсы күресіп, өзінің ерлігімен даңқы жайылған ел қамқорлары еді.
Шоған он төрт жасынан ел басқару ісіне араласып, билік айта бастайды. Ол көбінесе өзінің туып-өскен ортасы Ташкенттің Шыршық жағы мен Шымкенттің бұрынғы Қаратас, Тұрбат, Қазығұрт баурайындағы ауыл-кыстақ, қалаларда тұратын халықтар арасында жиі болып билік айтқан. Ұлттар, рулар арасын достық ынтымағын сақтауға, елдің тыныштық, бірлігін нығайтуға көп күш жұмсайды.
Албанның Сары атасынан тарайтын Сүймендінің Айт, Бозым дейтін екі баласы керуен тартқандарға ілесіп, Бұхараға сапар шегеді. Олардың сапар шегу себебі: саудегерге ұзатылған Қарашаш деген өпкесін Бұхарға апарып салу еді. Бұхарға барады. Жезделері өте бай тұратын алты ағайынды өсіп-өнген жандар екен. Бәрі Айт пен Бозымның насаты тұлғасына, жұмысты жапырып істейтін еңбек сүйгіштігіне қызығып, екеуіне екі қыз косып үйлі-жайлы етіп, басын байлап қояды. Екеуі ел қатарлы әулі-жай тұрғызын, бау-бақша өсіреді, мал жинайды. Тіршіліктің қызығымен айлар, жылдар өтеді. Арттағы елі Айт пен Бозымның елге қайтуын қалайды. Екі адам жібереді. Оларға Айт пен Бозым ілеспей калады. Келесі жылы он адам жібереді, олар да босқа қайтып барады. Енді не істейміз деп тұрғанда, Шоған би "Мен барайын" деп бір өзі жолға шығады. Бұхарға жетеді. Ағайын-туыстарын көреді. Үш- төрт күннен кейін: -"Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болған артық". Қане, елге көшіңдер! - дейді. Айт пен Бозым оған көнейін десе, келіншектері көнбейді. Жездесі, оның сабаудай-сабаудай алты туыс жігіттері бәрі жабылып Шоғанды ортаға алып азғырады. Сонда Шоған би оларға былай депті: -Әркімнің туған жері өзіне Мысыр шаһары. Ерден кетсе де елден кетпек жоқ, дүниеде туысқан кымбат, туысқан намысын қуысқан кымбат! Елдің тұтастық бірлігі - жаныңнан, сағыныш қызуы - қаныңнан, жанымды да, қанымды да өзгенің өлең жеріне тастағым жоқ. Ерлігімді елдігіме тапсырдым, кеңдігімді ұлан далама тапсырдым. Екеуің де туысымсың. Жұмсам уысымсың. Туысқандық - туым, қазақ жүрген жерім - нуым. Көрген күн — түс өтеді де кетеді, басқа түскен іс, түбіңе сол жетеді. Мал-дүние іздеп арымызды сатпайық, ата-баба аруағын сақтайық! Елдің тұзын ақтайық! Көне, ағайын, ел табайық!
Шоған би осылай термелей тебіренгенде Айт пен Бозым Шоған туысына жылап көрісіпті. Ертеңіне жеті нарға үй-мүлкін артып көшіпті. Шоған абыздың халыққа, адамға көрсеткен қамқорлығын ел жырдай кылып аңыз етеді. Бір жолы Шоған би шақырумен Әулие Ата жаққа барып, ел дауын шешіп тындырып, қасында екі жігіті бар, ауылға қайтып келе жатса, қара жолдың бойынан тоғыз-ондар шамасындағы тетелес екі балаға жолығады. -Кай ауылдансындар? -Сырымбет аулынан... -Кімнің балаларысыңдар? -Алжанның... -Аттарың кім болады? -Менің атым - Мәмбет, мынау інім - Үмбет. -Е, е онда өзіміздің балалар екенсіңдер ғой. Әке-шешелерің бар ма? -Жоқ, ата, екеуміз де жетімбіз. Мына ауылда бір байдың қозысын жайып жүр едік. Бай біздің ақымызды бермеді. Кисек киімге, ішсек ауқатқа жарымадық. Сонан соң бір түнде қашып шықтық. Ташкенттің бер жағында, Шыршық бойында жақын ағайындарымыз бар деп есітеміз. Соларға бара жатырмыз.
Шоған екі баланың жақын туыстарының балалары екенін танып, екеуін екі жігітіне мінгестіріп, ауылына алып келеді. Жуындырып-киіндіріп бала етіп асырап алады. Өзі қайда барса, қасынан тастамай ертіп жүреді. Ел көрсетеді, жұрт танытады. Ақыл-кеңесін айтып, халықтың қалаулы жақсы азаматы болу жағына көп көңіл бөледі. Үйлендіріп, отау тігіп, енші бөліп береді. Шоған бидің осындай аталық қамқорлығының арқасында Мәмбет пен Үмбет сол кездің айтулы азаматы, ел қамқоры болыпты деседі ел. Шоған бидің көрегендік, аталық, абыздық, көріпкел әулиелік қасиеті де болған деседі халық. Бидің осы абыздық қасиетін жазушы Төлен Қаупынбаев "Өркен" газетінде (қазан, 1991) жан-жақты баян ете келіп, оның ұрпақтары жөнінде былай жазады: "Шоған абыздың біліктілігін әспеттеген әңгімелерде "Оның киесі, қызыры бар еді" деген сөз де айтылады. Шаршы топқа есе жібермей, ұтқыр сөйлейтін адамға назар салатын абыздың қызыр ұрпақтары өніп-өсіп, жұрттың қамы үшін күресетін ұрпағы Мәмбет балаларына қонғанға ұқсайды. "Батамен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді" дегендей, Шоған абыздың ықыласы, нұры түскен болар, 1855 жылы оның Алжан ұрпақтары (Мәмбет ұрпағы) саны бір мың екі жүз түтінге жеткен.
"Шоған абыздың ықыласы нұры түскен" деген тіркесті біз текке қолданып отырған жоқпыз. Өйткені, Абыз алып, жақсылардың жолымен тәрбиеленген Мәмбет баласының ұрпақтары ел басына күн туғанда туған жерін корғап, жаудың қабырғасын қақырата сөкті, дұшпанға кезек бермей жер жастандырады. "Райымбек!" деп ұрандап ата жауға қарсы шапқан халық үнінде тегеуірінді күш, мол парасат болса, онда бүгінде елі-жұрты құрметпен айтатын Шоған абыздың да біліктілігі мен көргенділігі көрініс тауып, атойлағаны анық. Туған елінің ынтымақ-бірлігін сақтап, қалың қауымнын тыныштығын бұзбай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға үндеп, соның жүгін қайыспай, көтере алған азаматтарын мадақтап, жырға айналдыру да біздің қашаннан бері келе жатқан халықтық дәстүріміз. Ханкелді мен Райымбек батырлардың бабасы атанған Шоған абызға арнап Бөлтірік Атыхан ұлы, Әжібек, Қабан, Асан Барманбекұлы, Қойдым тәрізді ақындар өлеңдер шығарған. Ал әйгілі ақын Көдек Байшыған болса, Шоған абыз ұрпақтарын ұдайы игі жақсылардың көш бастаушылары деп біледі. Осы Көдек 1912 жылдары болыс сайлауында абызды дәріптеп былай деп жыр төгеді:
Қызыл, Қоңыр тұқымы,
Бұған да қызыр дарыған.
Сүйерқұлдың баласы,
Төртеу туған парымен:
Досалы, Шоған, Қожбанбет.
Жарты екен, - арғы баба Сарыдан.
Енді бері тартайын,
Досалы, Шоған жағынан.
Шоған абыз ағасы,
Ақылға терең қазына.
Біреуге малай жүргенде,
Мәмбетті барып таныған.
Айтыста жеңіп әкеткен.
Арқасының қолынан.
Үй тігіп, қатын әперген,
Енші беріп малынан.
Төрт шам, сегіз Сарының,
Бізге жақын табынан...
Міне, Көдек ақынның шаршы топтың алдында суырып салып айтқан екпінді жырында да Шоған абыздың ел тарихында айырықша орын алатындығы, қауым ыкылас білдірген қасиеттері тілге тиек болған. Халқымыздың елдік ғұмырнамасында елеулі орында түрған Ханкелді, Райымбек батырлардың арғы бабасы Мәмбетке қолдау көрсетіп, нұрын түсірген абыз өмірі орынды дөріптеледі...
Дереккөздер
- Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shogan Sүjerkululy 1584 1642 zhyldary omir sүrgen kazaktyn atakty sәuegej abyz bii Ol Tashkent Shymkent aralygyndagy elder arasynda tuyp erzhetken Shykkan tegi Ұly zhүzdin Alban atasynan Shapyrashty Қazybek bek Tauasaruly ozinin Tүp tukiannan ozime shejin dejtin 1993 zhyly Zhalyn baspasynan zharyk korgen shezhire kitabynda Shogan abyzga toktala kelip onyn ata tegin bylaj taldajdy Shogan abyz Bәjdibektin togyzynshy urpagy Albannan Zhaugash odan Sheru odan Tekti odan Zhak odan Boraj odan Elguly odan Shora odan Musak odan Tolly odan Kerde odan Қaskal odan Bugy odan Zhandar odan Altyj odan Saki odan Қajlybek odan Torymtaj odan Abdol odan Aksary odan Atankul odan Merki odan Tokymbek odan Tarap odan Kenzhek odan Omarkul odan Zharty odan Erimkul odan Kopsadyk odan Akbota odan Darhan odan Sүnshi odan Erzhen odan Kogen odan Қarkuar askan sheshen adam bolgandyktan oz atyn zhurt umytyp Қarkuar atap ketken Қarkuardan Sary Shybyl eki ul Қazirgi biz biletin Alban osy Sary men Shybyldyn tukymy Sarydan Sүjerkul Sүjmendi Shybyldan Botaj Өtej Kokej Al Sүjerkuldan Shogan abyz 312 bet Sүjerkuldan tugan torteuge Dosaly Shogan Қozhmambet Zharty olardan orbigen tort urpakty Syrymbet Shagyr Alman Hankeldi kosyp bәrin Segiz sary әuleti dep ajtajdy el Қazak sovet enciklopediyasynda 12 t Shogannan Turymzhan Dәulen Alzhan rularyn taratady Kejde Alzhandy Mәmbet Shazhany Үmbet dep te atajdy Bul atalardan shykkan Alman Shagyr Syrymbet onyn urpaktary Hankeldi Tүke uly Rajymbek Ryskeldi Toles uly Bajsejit Tәuke batyrlar da Zhuman Қozhagul tәrizdi әdil biler de bәri de ishki syrtky shapkynshy zhaularga karsy kүresip ozinin erligimen danky zhajylgan el kamkorlary edi Shogan on tort zhasynan el baskaru isine aralasyp bilik ajta bastajdy Ol kobinese ozinin tuyp osken ortasy Tashkenttin Shyrshyk zhagy men Shymkenttin buryngy Қaratas Turbat Қazygurt baurajyndagy auyl kystak kalalarda turatyn halyktar arasynda zhii bolyp bilik ajtkan Ұlttar rular arasyn dostyk yntymagyn saktauga eldin tynyshtyk birligin nygajtuga kop kүsh zhumsajdy Albannyn Sary atasynan tarajtyn Sүjmendinin Ajt Bozym dejtin eki balasy keruen tartkandarga ilesip Buharaga sapar shegedi Olardyn sapar shegu sebebi saudegerge uzatylgan Қarashash degen opkesin Buharga aparyp salu edi Buharga barady Zhezdeleri ote baj turatyn alty agajyndy osip ongen zhandar eken Bәri Ajt pen Bozymnyn nasaty tulgasyna zhumysty zhapyryp istejtin enbek sүjgishtigine kyzygyp ekeuine eki kyz kosyp үjli zhajly etip basyn bajlap koyady Ekeui el katarly әuli zhaj turgyzyn bau baksha osiredi mal zhinajdy Tirshiliktin kyzygymen ajlar zhyldar otedi Arttagy eli Ajt pen Bozymnyn elge kajtuyn kalajdy Eki adam zhiberedi Olarga Ajt pen Bozym ilespej kalady Kelesi zhyly on adam zhiberedi olar da boska kajtyp barady Endi ne istejmiz dep turganda Shogan bi Men barajyn dep bir ozi zholga shygady Buharga zhetedi Agajyn tuystaryn koredi Үsh tort kүnnen kejin Kisi elinde sultan bolgansha oz elinde ultan bolgan artyk Қane elge koshinder dejdi Ajt pen Bozym ogan konejin dese kelinshekteri konbejdi Zhezdesi onyn sabaudaj sabaudaj alty tuys zhigitteri bәri zhabylyp Shogandy ortaga alyp azgyrady Sonda Shogan bi olarga bylaj depti Әrkimnin tugan zheri ozine Mysyr shaһary Erden ketse de elden ketpek zhok dүniede tuyskan kymbat tuyskan namysyn kuyskan kymbat Eldin tutastyk birligi zhanynnan sagynysh kyzuy kanynnan zhanymdy da kanymdy da ozgenin olen zherine tastagym zhok Erligimdi eldigime tapsyrdym kendigimdi ulan dalama tapsyrdym Ekeuin de tuysymsyn Zhumsam uysymsyn Tuyskandyk tuym kazak zhүrgen zherim nuym Korgen kүn tүs otedi de ketedi baska tүsken is tүbine sol zhetedi Mal dүnie izdep arymyzdy satpajyk ata baba aruagyn saktajyk Eldin tuzyn aktajyk Kone agajyn el tabajyk Shogan bi osylaj termelej tebirengende Ajt pen Bozym Shogan tuysyna zhylap korisipti Ertenine zheti narga үj mүlkin artyp koshipti Shogan abyzdyn halykka adamga korsetken kamkorlygyn el zhyrdaj kylyp anyz etedi Bir zholy Shogan bi shakyrumen Әulie Ata zhakka baryp el dauyn sheship tyndyryp kasynda eki zhigiti bar auylga kajtyp kele zhatsa kara zholdyn bojynan togyz ondar shamasyndagy teteles eki balaga zholygady Kaj auyldansyndar Syrymbet aulynan Kimnin balalarysyndar Alzhannyn Attaryn kim bolady Menin atym Mәmbet mynau inim Үmbet E e onda ozimizdin balalar ekensinder goj Әke sheshelerin bar ma Zhok ata ekeumiz de zhetimbiz Myna auylda bir bajdyn kozysyn zhajyp zhүr edik Baj bizdin akymyzdy bermedi Kisek kiimge ishsek aukatka zharymadyk Sonan son bir tүnde kashyp shyktyk Tashkenttin ber zhagynda Shyrshyk bojynda zhakyn agajyndarymyz bar dep esitemiz Solarga bara zhatyrmyz Shogan eki balanyn zhakyn tuystarynyn balalary ekenin tanyp ekeuin eki zhigitine mingestirip auylyna alyp keledi Zhuyndyryp kiindirip bala etip asyrap alady Өzi kajda barsa kasynan tastamaj ertip zhүredi El korsetedi zhurt tanytady Akyl kenesin ajtyp halyktyn kalauly zhaksy azamaty bolu zhagyna kop konil boledi Үjlendirip otau tigip enshi bolip beredi Shogan bidin osyndaj atalyk kamkorlygynyn arkasynda Mәmbet pen Үmbet sol kezdin ajtuly azamaty el kamkory bolypty desedi el Shogan bidin koregendik atalyk abyzdyk koripkel әulielik kasieti de bolgan desedi halyk Bidin osy abyzdyk kasietin zhazushy Tolen Қaupynbaev Өrken gazetinde kazan 1991 zhan zhakty bayan ete kelip onyn urpaktary zhoninde bylaj zhazady Shogan abyzdyn biliktiligin әspettegen әngimelerde Onyn kiesi kyzyry bar edi degen soz de ajtylady Sharshy topka ese zhibermej utkyr sojlejtin adamga nazar salatyn abyzdyn kyzyr urpaktary onip osip zhurttyn kamy үshin kүresetin urpagy Mәmbet balalaryna konganga uksajdy Batamen el kogeredi zhanbyrmen zher kogeredi degendej Shogan abyzdyn ykylasy nury tүsken bolar 1855 zhyly onyn Alzhan urpaktary Mәmbet urpagy sany bir myn eki zhүz tүtinge zhetken Shogan abyzdyn ykylasy nury tүsken degen tirkesti biz tekke koldanyp otyrgan zhokpyz Өjtkeni Abyz alyp zhaksylardyn zholymen tәrbielengen Mәmbet balasynyn urpaktary el basyna kүn tuganda tugan zherin korgap zhaudyn kabyrgasyn kakyrata sokti dushpanga kezek bermej zher zhastandyrady Rajymbek dep urandap ata zhauga karsy shapkan halyk үninde tegeuirindi kүsh mol parasat bolsa onda bүginde eli zhurty kurmetpen ajtatyn Shogan abyzdyn da biliktiligi men korgendiligi korinis tauyp atojlagany anyk Tugan elinin yntymak birligin saktap kalyn kauymnyn tynyshtygyn buzbaj bir zhagadan bas bir zhennen kol shygaruga үndep sonyn zhүgin kajyspaj kotere algan azamattaryn madaktap zhyrga ajnaldyru da bizdin kashannan beri kele zhatkan halyktyk dәstүrimiz Hankeldi men Rajymbek batyrlardyn babasy atangan Shogan abyzga arnap Boltirik Atyhan uly Әzhibek Қaban Asan Barmanbekuly Қojdym tәrizdi akyndar olender shygargan Al әjgili akyn Kodek Bajshygan bolsa Shogan abyz urpaktaryn udajy igi zhaksylardyn kosh bastaushylary dep biledi Osy Kodek 1912 zhyldary bolys sajlauynda abyzdy dәriptep bylaj dep zhyr togedi Қyzyl Қonyr tukymy Bugan da kyzyr darygan Sүjerkuldyn balasy Torteu tugan parymen Dosaly Shogan Қozhbanbet Zharty eken argy baba Sarydan Endi beri tartajyn Dosaly Shogan zhagynan Shogan abyz agasy Akylga teren kazyna Bireuge malaj zhүrgende Mәmbetti baryp tanygan Ajtysta zhenip әketken Arkasynyn kolynan Үj tigip katyn әpergen Enshi berip malynan Tort sham segiz Sarynyn Bizge zhakyn tabynan Mine Kodek akynnyn sharshy toptyn aldynda suyryp salyp ajtkan ekpindi zhyrynda da Shogan abyzdyn el tarihynda ajyryksha oryn alatyndygy kauym ykylas bildirgen kasietteri tilge tiek bolgan Halkymyzdyn eldik gumyrnamasynda eleuli orynda tүrgan Hankeldi Rajymbek batyrlardyn argy babasy Mәmbetke koldau korsetip nuryn tүsirgen abyz omiri oryndy doripteledi DerekkozderDalanyn dara dilmarlary Almaty ZhShS Қazakstan baspa үji 2001 592 bet ISBN 5 7667 5647Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet