Ұлттық экономика —қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке ‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.).
Ұлттық есепшіліктің халықаралық тәжірибесінде экономика аумақ санатына мыналар жатады: елдегі әкімшілік басқарудың еркін тауар-ақша айналысы жүзеге асырылатын аумағы; әуе кеңістігі‚ мемлекеттің балық аулауға‚ шикізат‚ отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен құрлықтық қайраң; шет елдегі “аумақтық анклавтар”‚ яғни елдің дипломатикалық‚ әскери‚ ғылыми және басқа мақсаттар үшін меншікті жалдау негізінде немесе сатып алу жолымен басқа мемлекеттерде пайдаланатын экономикалық аймақтары; кеден бақылауынан азат аймақтар — бұл аймақта сыртқы сауда мәмілесінің заты болып табылатын кез келген материалдық құндылықтар кеден бақылауына жатпайды және импорт баждары мен алымдары салынбайды.
Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі. Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе-теңдік жағдай орнағанын өндірушілердің табыстары барынша мол болғаны және тұтынушылардың сатып алған өнімдерінен барынша мол пайдаға ие болғаны сипаттайды. Өндіріс факторлары нарығында тепе-теңдік орнағанын осы нарыққа түскен өндірістік ресурстардың өзінің сатып алушысының табылғаны көрсетеді, ал сұранысты қалыптастыратын ресурстардың иелерінің шекті табысы, ұсынысты қалыптастыратын әр ресурстың шекті өніміне тең болады. Егер ақша нарығында ұсынылған ақша қаржыларының саны, оның өздерінде болғанын ұнататын адамдар мен кәсіпкерлердің сұранысына тең болса, онда осы ақша нарығында тепе-теңдік болғаны.
Жалпы экономикалық тепе-теңдік идеясы бұдан көп бұрын экономист-классиктердің назарын аударған. А.Смиттің айтуы бойынша, өндірушілер мен тұтынушылардың бір-біріне еркін әсер еткен жағдайында хаос орын алмайды. Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс көздеп жасайтын іс-әрекеттерінде экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе-теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі. Жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе-теңдіктің болу мүмкіндігін тұңғыш дәлелдеген Л.Вальрас.
Микродәрежедегі жалпы экономикалық тепе-теңдіктің болуы, тауарлардың, қызметтердің және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалық тепе-теңдік — жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді. Басқаша айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда артық сұраныс болса, онда басқа нарықтарда осы көлемде артық ұсыныс болуға тиісті. Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын, нелге тең болады.
Вальрастың тепе-теңдігі жетілген бәсекенің болуын тілеп қана қоймайды. Осымен қатар, ол бағадан басқа сұраныс пен ұсыныс факторларының барлығының тұрақты болуын тілейді. Ал осындай шарттар нақты экономикада болуы нөлге тең деуге болады. Сондықтан жалпы тепе-теңдік жалт етіп тез өтетін, өткінші жағдай — бәсекелік экономиканың идеалдық болмысы деуге болады. Бірақ «қайшылықсыз әлемнің» осындай үлгісін зерттеу, бәсекелік экономиканы түсінуге жол ашады. және осы мақсатқа жетуге нақты экономикалық ситуациядағы қандай тежеулер кедергі жасайтынын білуге мүмкіндік береді.
Экономикалық тепе-теңдікке жету әдістерін сипаттау үшін А.Маршаллдың неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Бұның мәні мынада: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық конъюнктураның жағдайына үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуінің әсері арқасында орнайды. Немесе, керісінше, ұсыныс бағасының сұраныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болуларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлемін өсіреді, немесе төмендетеді.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9]], 9 том
- Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
- С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ұlttyk ekonomika kyzmeti kobinese eldin ekonomikalyk aumagynda zhүzege asyrylatyn sharuashylyk birlikterdin zhiyntygy үkimet zheke pajda almajtyn zhekeshe ujymdar kәsiporyndar firmalar kompaniyalar t b Ұlttyk esepshiliktin halykaralyk tәzhiribesinde ekonomika aumak sanatyna mynalar zhatady eldegi әkimshilik baskarudyn erkin tauar aksha ajnalysy zhүzege asyrylatyn aumagy әue kenistigi memlekettin balyk aulauga shikizat otyn ondiruge ajryksha kukygy bar aumaktyk su men kurlyktyk kajran shet eldegi aumaktyk anklavtar yagni eldin diplomatikalyk әskeri gylymi zhәne baska maksattar үshin menshikti zhaldau negizinde nemese satyp alu zholymen baska memleketterde pajdalanatyn ekonomikalyk ajmaktary keden bakylauynan azat ajmaktar bul ajmakta syrtky sauda mәmilesinin zaty bolyp tabylatyn kez kelgen materialdyk kundylyktar keden bakylauyna zhatpajdy zhәne import bazhdary men alymdary salynbajdy Ұlttyk ekonomikanyn tepe tendikte kyzmet etui dep barlyk bir birimen bajlanysty naryktarda suranys pen usynystyn ten bolgan zhagdajy tүsiniledi Tүpki onimder men kyzmetter narygynda tepe tendik zhagdaj ornaganyn ondirushilerdin tabystary barynsha mol bolgany zhәne tutynushylardyn satyp algan onimderinen barynsha mol pajdaga ie bolgany sipattajdy Өndiris faktorlary narygynda tepe tendik ornaganyn osy narykka tүsken ondiristik resurstardyn ozinin satyp alushysynyn tabylgany korsetedi al suranysty kalyptastyratyn resurstardyn ielerinin shekti tabysy usynysty kalyptastyratyn әr resurstyn shekti onimine ten bolady Eger aksha narygynda usynylgan aksha karzhylarynyn sany onyn ozderinde bolganyn unatatyn adamdar men kәsipkerlerdin suranysyna ten bolsa onda osy aksha narygynda tepe tendik bolgany Adam Smit Zhalpy ekonomikalyk tepe tendik ideyasy budan kop buryn ekonomist klassikterdin nazaryn audargan A Smittin ajtuy bojynsha ondirushiler men tutynushylardyn bir birine erkin әser etken zhagdajynda haos oryn almajdy Bul zhagdajda individterdin zheke tabys kozdep zhasajtyn is әreketterinde ekonomikalyk tәrtip oryn alady Osy bolmys barshaga kolajly zhalpy tepe tendikke zhetuge mүmkindik әkeledi Zhetilgen bәseke zhagdajynda zhalpy tepe tendiktin bolu mүmkindigin tungysh dәleldegen L Valras Mikrodәrezhedegi zhalpy ekonomikalyk tepe tendiktin boluy tauarlardyn kyzmetterdin zhәne ondiristik resurstardyn әr tүrlerinin suranysy men usynysynyn ten boluymen bajlanysty al makroekonomikalyk tepe tendik zhiyntyk suranys pen zhiyntyk usynystyn tenesuimen belgilenedi Baskasha ajtkanda Valrastyn zany bojynsha eger kejbir naryktarda artyk suranys bolsa onda baska naryktarda osy kolemde artyk usynys boluga tiisti Nәtizhesinde artyk suranys pen artyk usynystyn somasy kashan bolmasyn nelge ten bolady Valrastyn tepe tendigi zhetilgen bәsekenin boluyn tilep kana kojmajdy Osymen katar ol bagadan baska suranys pen usynys faktorlarynyn barlygynyn turakty boluyn tilejdi Al osyndaj sharttar nakty ekonomikada boluy nolge ten deuge bolady Sondyktan zhalpy tepe tendik zhalt etip tez otetin otkinshi zhagdaj bәsekelik ekonomikanyn idealdyk bolmysy deuge bolady Birak kajshylyksyz әlemnin osyndaj үlgisin zertteu bәsekelik ekonomikany tүsinuge zhol ashady zhәne osy maksatka zhetuge nakty ekonomikalyk situaciyadagy kandaj tezheuler kedergi zhasajtynyn biluge mүmkindik beredi Ekonomikalyk tepe tendikke zhetu әdisterin sipattau үshin A Marshalldyn neoklassikalyk koncepciyasy ken koldanylady Bunyn mәni mynada ondirushiler men tutynushylar ozderinin satu zhәne satyp alu zhosparlaryn ekonomikalyk konyunkturanyn zhagdajyna үjlestiredi Nәtizhesinde naryktagy tepe tendik suranys bagasynyn usynys bagasynan artyp ketuinin әseri arkasynda ornajdy Nemese kerisinshe usynys bagasynyn suranys bagasynan artyk boluynyn arkasynda ornajdy Osyndaj artyk bolulardy esepke ala otyryp ondirushiler usynys kolemin osiredi nemese tomendetedi DerekkozderҚazak Enciklopediyasy Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 9 tom Қarzhy ekonomika sozdigi Almaty ҚR Bilim zhәne gylym ministrliginin Ekonomika instituty Ziyatker ZhShS 2007 ISBN 978 601 215 003 2 S Әkimbekov A S Bajmuhametova U A Zhanandarov Ekonomikalyk teoriya Oku kuraly Zhalpy redakciya S Әkimbekovtiki Astana 2002 ISBN 9965 408 99 8