Фреондар (лат. frіgor — суық) — тоңазытқыш машиналарда суытқыш реагент ретінде қолданылатын құрамында фторы бар қаныққан көмірсутектердің қосылыстары. Фреондардың құрамында фтордан басқа хлор, бром да кездеседі. Фреондардың 40-тан астам түрі белгілі, олардың көпшілігі өндірістік жолмен алынады. Техникада Фреондар арнайы белгіленеді. Ол Ф әрпінен және үш саннан тұрады. Ф. — фреон, 1-сан көміртек атомдарының санынан 1-ді алғанға, ортаңғы сан сутек атомдарының санына 1-ді қосқанға, ал соңғы сан фтор атомдарының санына тең. Мысалы, C2F3Cl3— Ф-113, CF2Cl2 — Ф-012 немесе Ф-12 болып белгіленеді, т.б. Фреон — иіссіз газ немесе сұйықтық, олар органикалық еріткіштерде жақсы, суда нашар ериді. Фреондардың ең көп таралғандары дифтордихлорметан (CF2Cl), фтортрихлорметан (CFCl3) және дифтордихлорметан (CHF2Cl2), олардың қайнау темп-ралары оларға сәйкес —29,8 — 23,8°С және — 40,8°С. Фреондар жанбайды, ауамен қосылып жарылғыш заттар түзбейді және салыстырмалы түрде химиялық инертті, алайда ашық отпен жанасқанда улы дифтор- және фторхлорфосген түзіп, ыдырайды. Фреондар тоңазытқыш реагенттерден басқа, аэрозольдік орамада ұшқыш құраушылар (прополенттер), өрт сөндіргіш ретінде, сондай-ақ фторолефиндер мен олардың негізінде түзілетін полимерлерді алу үшін шикізат ретінде қолданылады. Фреондар стратосфераға көтерілгенде фотохимиялық ыдырауға түсіп, соның нәтижесінде хлор иондары бөлініп шығады. Бұл хлор иондары химиялық реакцияның катализаторы ғана болып қоймай, озон молекулаларын ыдыратып, ультракүлгін сәулеленуден сақтайтын озон қабатына қатер төндіреді; қ. Озон “жыртығы”.
Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Freondar lat frigor suyk tonazytkysh mashinalarda suytkysh reagent retinde koldanylatyn kuramynda ftory bar kanykkan komirsutekterdin kosylystary Freondardyn kuramynda ftordan baska hlor brom da kezdesedi Freondardyn 40 tan astam tүri belgili olardyn kopshiligi ondiristik zholmen alynady Tehnikada Freondar arnajy belgilenedi Ol F әrpinen zhәne үsh sannan turady F freon 1 san komirtek atomdarynyn sanynan 1 di alganga ortangy san sutek atomdarynyn sanyna 1 di koskanga al songy san ftor atomdarynyn sanyna ten Mysaly C2F3Cl3 F 113 CF2Cl2 F 012 nemese F 12 bolyp belgilenedi t b Freon iissiz gaz nemese sujyktyk olar organikalyk eritkishterde zhaksy suda nashar eridi Freondardyn en kop taralgandary diftordihlormetan CF2Cl ftortrihlormetan CFCl3 zhәne diftordihlormetan CHF2Cl2 olardyn kajnau temp ralary olarga sәjkes 29 8 23 8 S zhәne 40 8 S Freondar zhanbajdy auamen kosylyp zharylgysh zattar tүzbejdi zhәne salystyrmaly tүrde himiyalyk inertti alajda ashyk otpen zhanaskanda uly diftor zhәne ftorhlorfosgen tүzip ydyrajdy Freondar tonazytkysh reagentterden baska aerozoldik oramada ushkysh kuraushylar propolentter ort sondirgish retinde sondaj ak ftorolefinder men olardyn negizinde tүziletin polimerlerdi alu үshin shikizat retinde koldanylady Freondar stratosferaga koterilgende fotohimiyalyk ydyrauga tүsip sonyn nәtizhesinde hlor iondary bolinip shygady Bul hlor iondary himiyalyk reakciyanyn katalizatory gana bolyp kojmaj ozon molekulalaryn ydyratyp ultrakүlgin sәulelenuden saktajtyn ozon kabatyna kater tondiredi k Ozon zhyrtygy Freon ballondarSiltemeler Қazak Enciklopediyasy 9 tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet