Фонология(гректің phone –дыбыс, logos – сөз, ілім) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жүйесінің құрылымдық және функционалдық заңдылықтарын зерттейтін саласы.
Фонология сөзінің мағынасы
«Фонология» термині өз ішінде екі мағынада қолданылады:
- 1. дыбыстық жүйеде тілдің құрылымын зерттейтін тіл білімінің фонетика саласының үлкен бөлігі;
- 2. тілдің абстрактілі жүйесінің дыбыстық деңгейі, яғни тілдегі фонемалардың ғылыми моделі.
Фонология зерттеуі
Фонология дистингтивті, делимитативті және кульминативті қызметтерін атқару тұрғысынан маңызды болып табылатын тілдің дыбыстық элементтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын зерттейді:
- Дистингтивті (ажырату) қызметіне сөз, морфема сияқты мағыналық бірліктерді фонетика жағынан ажыратып танып-білу және семасиологиялық жағынан басқалармен теңдестіре отырып айыру жатады.
Осыған байланысты дистингтивті қызмет перцептивті (танып-білу) және сигнификативті (мағына ажыратушы) түрлерге жіктеледі.
- Делимитативті (белгілеу) қызметі бойынша фонемалардың сөздер мен морфемалар аражігін көрсетуі қарастырылады.
Мысалы, қазақ тілінде сөз соңында ң, ғ, ә, о, ұ, ү фонемалары кездеспейді. Ал сөздің соңғы буындары екпінмен ерекшеленіп, созылыңқы айтылады.
- Кульминативті қызметінде фонемалар сөздің тұтастығы мен ерекшеленуін қамтамасыз етеді. Қазақ тілінде кульминативті қызмет сингармонизм арқылы көрінеді. Яғни, бір сөз не толық жуан, не толық жіңішке дыбыстармен айтылу арқылы тұтас бірлік болып, ондағы дыбыстар бір әуезбен айтылады.
Фонология нысанындағы тілдік бірліктер
Суперсегментті және сегментті болып екіге бөлінеді: Суперсегментті деңгейде, яғни дыбысталудың үстінен түсетін , екпіні мен әуендік ұйымдасуына қатысты просодема, интонема бірліктері болса, сегментті деңгей бірліктері екі жақты лингвистикалық мүшелену бойынша анықталады.
Қазіргі қазақ тіл білімінде сегментті және суперсегментті Фонологиялық бірліктер зерттелу үстінде.
А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің Фонологиялық жүйесіндегі фонемалар оппозициясы лингвалды (жуан/жіңішкелік) сингармонизм құбылысына негізделгендігін алғаш рет ғылыми тұрғыдан ашып көрсеткен.
Қазіргі қазақ Фонологиясы қазақ тілі дауысты және дауыссыз фонемалар жүйесінің тілдік парадигмасы мен синагматикалық қатынасын, сонымен қатар басқа да мәселелерді зерттеп келеді.
Сілтемелер
Дереккөздер:
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Fonologiya grektin phone dybys logos soz ilim til biliminin tildin dybystyk zhүjesinin kurylymdyk zhәne funkcionaldyk zandylyktaryn zerttejtin salasy Fonologiya sozinin magynasy Fonologiya termini oz ishinde eki magynada koldanylady 1 dybystyk zhүjede tildin kurylymyn zerttejtin til biliminin fonetika salasynyn үlken boligi 2 tildin abstraktili zhүjesinin dybystyk dengeji yagni tildegi fonemalardyn gylymi modeli Fonologiya zertteuiFonologiya distingtivti delimitativti zhәne kulminativti kyzmetterin atkaru turgysynan manyzdy bolyp tabylatyn tildin dybystyk elementterinin ajyrmashylyktary men uksastyktaryn zerttejdi Distingtivti azhyratu kyzmetine soz morfema siyakty magynalyk birlikterdi fonetika zhagynan azhyratyp tanyp bilu zhәne semasiologiyalyk zhagynan baskalarmen tendestire otyryp ajyru zhatady Osygan bajlanysty distingtivti kyzmet perceptivti tanyp bilu zhәne signifikativti magyna azhyratushy tүrlerge zhikteledi Delimitativti belgileu kyzmeti bojynsha fonemalardyn sozder men morfemalar arazhigin korsetui karastyrylady Mysaly kazak tilinde soz sonynda n g ә o u ү fonemalary kezdespejdi Al sozdin songy buyndary ekpinmen erekshelenip sozylynky ajtylady Kulminativti kyzmetinde fonemalar sozdin tutastygy men erekshelenuin kamtamasyz etedi Қazak tilinde kulminativti kyzmet singarmonizm arkyly korinedi Yagni bir soz ne tolyk zhuan ne tolyk zhinishke dybystarmen ajtylu arkyly tutas birlik bolyp ondagy dybystar bir әuezben ajtylady Fonologiya nysanyndagy tildik birlikterSupersegmentti zhәne segmentti bolyp ekige bolinedi Supersegmentti dengejde yagni dybystaludyn үstinen tүsetin ekpini men әuendik ujymdasuyna katysty prosodema intonema birlikteri bolsa segmentti dengej birlikteri eki zhakty lingvistikalyk mүshelenu bojynsha anyktalady Қazirgi kazak til biliminde segmentti zhәne supersegmentti Fonologiyalyk birlikter zerttelu үstinde A Bajtursynuly kazak tilinin Fonologiyalyk zhүjesindegi fonemalar oppoziciyasy lingvaldy zhuan zhinishkelik singarmonizm kubylysyna negizdelgendigin algash ret gylymi turgydan ashyp korsetken Қazirgi kazak Fonologiyasy kazak tili dauysty zhәne dauyssyz fonemalar zhүjesinin tildik paradigmasy men sinagmatikalyk katynasyn sonymen katar baska da mәselelerdi zerttep keledi Siltemelerfonetika Қazak tiliDerekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IX tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet