Физиологиялық ырғақ - тіршілiк процестерінің орындалу заңдылығын бейнелейтін организмнің әр түрлі функцияларының мерзімдік ауытқулары. Физилогиялық ырғақ оргaнизмде болатын көптеген биол. ырғақтардың негізі болып саналады. Ол адам мен жануарларда, өсімдіктерде, сондай-ақ клетка мен ұлпа өскіндерінде байқалады. Ырғақты әрекет организмнің фотосинтез, тыныс алу, гүл шашу, спорлану, клетканың бөліне көбеюі, қимыл белсенділігі, дене температурасы, метаболизм, қан клеткаларын өндіру, т.б. қызметтеріне тән. Адамда физиологиялық ырғақ ұйқы мен сергек күй, дене және ой еңбегіне өабілеттілік, жүректің жиырылуы, клетканың, гормонның бөлінуі, т.б. кезінде байқалады. Физиологиялық ырғақтың әрбір индивидуумда онтогенездің белгілі бір сатысына көп немесе аз тұрақты орт. кезеңі болады (мысалы, тамырдың соғуы) Бірақ сыртқы ортаның әсеріне және организмнің жалпы жағдайына байланысты Физиологиялық ырғақтың кезеңі де, да және оның фазасы да айтарлықтай өзгеріп отыруы мүмкін. Осының өсімдік пен жануарлар организмі сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына бейімделеді.
- Ғалымдардың айтуынша, физиологиялық ырғақ тұқым қуалайды. Организм мен физиологиялық ырғақтың өзара және сыртқы ортадағы мерзімдік өзгерістермен үйлесімдігі нәтижесіндегі организм функцияларын реттеудің күрделі жүйесі қалыптасады. Бұл жүйенің бұзылуы организм қызметінің бұзылуына әкеліп, әр түрлі аурулардың өршуіне себепкер болады.
Дереккөздер
- Қазақстан. Ұлттық энциклопедия/Басредакторы.Б.Аяған. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясының" Бас редакциясы, 2007. - 188 бет/ ISBN 9965-893-10-1
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Fiziologiyalyk yrgak tirshilik procesterinin oryndalu zandylygyn bejnelejtin organizmnin әr tүrli funkciyalarynyn merzimdik auytkulary Fizilogiyalyk yrgak organizmde bolatyn koptegen biol yrgaktardyn negizi bolyp sanalady Ol adam men zhanuarlarda osimdikterde sondaj ak kletka men ulpa oskinderinde bajkalady Yrgakty әreket organizmnin fotosintez tynys alu gүl shashu sporlanu kletkanyn boline kobeyui kimyl belsendiligi dene temperaturasy metabolizm kan kletkalaryn ondiru t b kyzmetterine tәn Adamda fiziologiyalyk yrgak ujky men sergek kүj dene zhәne oj enbegine oabilettilik zhүrektin zhiyryluy kletkanyn gormonnyn bolinui t b kezinde bajkalady Fiziologiyalyk yrgaktyn әrbir individuumda ontogenezdin belgili bir satysyna kop nemese az turakty ort kezeni bolady mysaly tamyrdyn soguy Birak syrtky ortanyn әserine zhәne organizmnin zhalpy zhagdajyna bajlanysty Fiziologiyalyk yrgaktyn kezeni de da zhәne onyn fazasy da ajtarlyktaj ozgerip otyruy mүmkin Osynyn osimdik pen zhanuarlar organizmi syrtky ortanyn kubylmaly zhagdajlaryna bejimdeledi Ғalymdardyn ajtuynsha fiziologiyalyk yrgak tukym kualajdy Organizm men fiziologiyalyk yrgaktyn ozara zhәne syrtky ortadagy merzimdik ozgeristermen үjlesimdigi nәtizhesindegi organizm funkciyalaryn retteudin kүrdeli zhүjesi kalyptasady Bul zhүjenin buzyluy organizm kyzmetinin buzyluyna әkelip әr tүrli aurulardyn orshuine sebepker bolady DerekkozderҚazakstan Ұlttyk enciklopediya Basredaktory B Ayagan Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy 2007 188 bet ISBN 9965 893 10 1