Уильям Блейк (William Blake; 28 қараша 1757, Лондон — 12 тамыз 1827, Лондон) — ұлы ақын, суретші, философ. Ағылшын әдебиетіндегі романтизмнің негізін салушы Уильям Блейк халыққа гравер және суретші ретінде де танымал болды. Өлеңдері өзі өмірден өткен соң жарық көрді.
Уильям Блейк | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Мансабы | ақын, |
Бағыты | |
Шығармалардың тілі | |
Қолтаңбасы |
|
Ортаққордағы санаты: Уильям Блейк |
Өмірі
Уильям Блейк 1757 жылы 28 қарашада Лондонда ұсақ саудагер отбасында дүниеге келді. Әкесі Джеймстың Уильямнан басқа үш ұлы мен бір қызы болды. Балалары ұсақ саудагер отбасы үшін ерекше болып табылған ой бостандығы атмосферасында өсті.
Ата-анасы Уильямды мектепке оқуға береді. Бұл жағдай оның қабілетінің дамуына мүмкіндік берді. Блейктің тек шығармашылығы ғана емес, мінезі де ауыр, күрделі болды. Онымен сөйлесудің өзі көп адамға қиынға соқты. Ол адамдарға ол туралы не ойлайтынын бетіне тура айтудан қысылмады. Ақын бойында көптеген қарама-қайшы ойлар, мінездер жинақталған десе де болады. Әкесі Уильям Блейктің бостандығын еш шектеген жоқ, сондықтан да ол қолына түскен кез-келген кітапты, соның ішінде Сведенбергты, тіпті Якоб Бемёны де оқи алатын. Блейк жүйелі білім алмағанымен, үйде анасының қадағалауымен және өздігінен сауат ашуының арқасында оның білімі жан-жақты болды. Ол өте көп оқыды: Шекспир, Мильтон және Бен Джонсоннан бастап, Библия, Сведенберг және Бемёге дейін барлығын оқыды. Блейк француз, итальян, латын, ежелгі грек және ежелгі еврей тілдерін жақсы білді. Бұл оған көптеген шетел авторларын оқуға мүмкіндік берді. Блейктің білімі терең болғандығын оның прозалық-полемикалық және философиялық шығармаларынан аңғаруға болады. Блейк көп уақытын табиғат аясында өткізетін. Ауылдың ғажайып көріністері мен әсем әуендерін жадында сақтап, кейін өз поэзиясын сонымен безендірген. Әкесі Уильямның бай қиялын байқап, оны суретшілік өнерге баулуға шешім қабылдайды. Бірақ Уильям мұндай оқудың қымбатқа түсетіндігін білгенде, оны граверге оқуға беруін сұрайды. Парстың сурет мектебінде үш-төрт жыл оқығаннан кейін, Блейк Бэзайр атты гравердың шеберханасына жұмысқа орналасады.
1782 жылы 13 тамызда Уильям Блейк пен бақташы Ваучердың қызы Кэтрин Ваучер үйленіп, Лестер-сквер (Лестер-Филдз) алаңының маңында орналасқан Грин-стриттегі жиырма үшінші үйге қоныстанады. Кэтрин жазу-сызуды білмейтін, сондықтан некелесу рәсімінде тіркеу кітапшасына қолының орнына крест белгісін қояды. Үйленгеннен кейін Блейк Кэтриннің сауатын ашуға кірісті. Екі-үш жылдан кейін Кэтрин оның қолжазбаларын көшіре бастады. Ол Блейктің иллюстрацияларымен безендірілген кітаптарды бояуға да көмектесті. Блейктердің балалары болған жоқ, бірақ бұған қарамастан жанұялары берік болды. 1784 жылы әкесінің өлімінен кейін Уильям Блейк үлкен ағасы Джеймсқа мұра ретінде қалған үйге көршілес қоныстанады. Блейк бұрынғы досы Паркерды өзіне серіктес етіп алып, өз үйінде гравюралар мен эстамптарды сататын дүкені бар шеберхана ашты. Сонымен бірге, ол суретшілікке бейімі бар, дарынды інісі Робертты шәкірт қып алды. 1787 жылы Роберт туберкулез ауруынан қайтыс болады. 1804 жылы Блейк Саут-Молтон көшесіндегі үйге қоныстанып, өзінің «Иерусалим» және «Мильтон» атты поэмаларын граверлеуді бастайды. Осы кезден бастап Блейк өзінің барлық шығармаларын иллюстрациялайды. 1822 жылы Мистер Линнелидің тапсырысы бойынша Блейк бұрынғысынша өзінің елестерін негізге ала отырып, Джон Мильтонның «Жоғалған жұмақ» атты поэмасына тамаша акварельді иллюстрацияларын жасайды. 1825 жылы ол «Құдіретті комедиясына» иллюстрация жасауды бастайды. Кейін Уильямды Вестминстер аббаттығына шақырып, ол бес жыл бойы ескерткіштер, бейіттер, колонналар мен шіркеудің басқа да архитектуралық элементтердің суретін салумен айналысты. Блейктің тағдыры қиын, тіпті қайғылы болды деуге болады, бірақ ол өмірінде болып жатқан бақытсыздықтарды ешкімге сездірмеді. Блейк бақытты өмір сүргеніне сенімді болды. Ол өмір бойы сүйікті ісімен айналысып, қасында ылғи да музасы болған сүйікті жары болды. Уильям Блейк 1827 жылы 12 тамызда Лондонда дүниеден озды.
Блейктің әдеби шығармашылығы
Әлем әдебиеті тарихында Уильлм Блейк ағылшынның алғашқы романтик ақыны ретінде танылады. Уильям Блейк өз өмірінде сурет және әдебиет өнерінде көптеген шығармалар жасап үлгерді.
Уильям Блейк ағылшын жазушыларының тізімінде алғашқылардың бірі ретінде орын алады. Оның шығармаларын лирикалық және философиялық (немесе мистикалық) деп екі топқа бөлуге болады. 1783 жылы Блейктің «Поэтикалық нобайлар» атты алғашқы кітабы жарық көрді. «Поэтикалық нобайларға» енген оның ең алғашқы өлеңдерінде еліктеудің белгілері байқалады. Алты жылдық үнсіздіктен кейін Блейктің алғашқы жазған жинағы «Айдағы арал» деп аталды. Кітап Блейк шығармашылығының мистикалық кезеңінің басталуын белгілейді. Блейктің «Пәктік өлеңдері» 1789 жылы жарық көрді. Бұдан кейін «Тэль өлеңдері» басылып шықты. Екі кітап та түрлі-түсті поэтикалық требниктер болып табылады. Олардың әр беті Блейк ойлап тапқан «әшекейлі басылыммен» иллюстрацияланған және безендірілген. 1784-1789 жылдар аралығында жазылған «Пәктік өлеңдер» өз алдына жеке дара шығармалар ретінде ойластырылып, туындаған. Блейктің «Жұмақ мен Тозақтың некелесуі» атты үшінші кітабы 1790 жылы жарық көрді. Аяқталмаған «Төрт Зоа» (1805), «Мильтон» (1809), «Иерусалим» (1820) сияқты ақын шығармаларының кейбіреуі күрделі әдеби криптограммаларға ұқсайды. Блейк «Пәктік өлеңдерді» жазуды 1789 жылы аяқтады. Сол кезде ол бұл циклды біртұтас, аяқталған туынды ретінде қарастырды. 80-шы жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында әлемді дүр сілкіндірген саясат саласында да, рухани өмірде де болған оқиғалар ақын назарынан тыс қалған жоқ. 1793 жылы Блейктің бес кітабы: «Альбион елестері», «Америка», «Еуропа», «Жұмақ қақпасы» және «Уризен кітабы», ал 1794 жылы рухани дағдарыстың нәтижесі болып табылатын «Тәжірибе өлеңдері» басылып шықты. Блейктің осы кезеңде жазған өлеңдерінің арасында «Рухани жолмен» (шамамен 1800 жылы) деп аталатын шығармасы ерекше орын алады. Бұл ақынның әрі рухани автобиографиясы, әрі бүкіл адамзаттың рухани автобиографиясы болып табылады. Ақын және суретші Уильям Блейк ағылшын өнері тарихында ерекше орын алады. Ол барлығын өз бетінше үйренген данышпан, ұлы фантазер және философ болды. Басқа сурет және сөз өнерінің шеберлеріне қарағанда, оның шығармашылық шеберлігі жасы ұлғайған сайын шыңдала түсті. Ол өмірінің соңында нағыз өнер туындысын жасады. Оған «Лаокоон» шығармасы мен Дантенің «Құдіретті комедиясына» жасаған иллюстрацияларын жатқызуға болады. XIX ғасырдағы Еуропа өнері үшін Блейктің стилі ерекше болып табылады. Ол суретшінің арнайы білімінің жоқтығын дәлелдейтін архаикалық белгілерді шығармашылық фантазия, композициялық тапқырлық және жалпы символикалық бейнелерге деген талпыныспен ұштастырды. Блейктің өз замандастарынан қаншалықты озып кеткенін түсінеміз. Тек екі жүз жылдан кейін ғана Уильям Блейкті ұлы ақын, суретші, философ ретінде тани бастады. Мысалы, Ұлыбританияда оның «Иерусалим» атты поэмасы екінші ұлттық әнран болса, ал 2001 жылы Американың Нью-Йорк мұражайы «Метрополитенде» өткен оның сурет саласындағы жұмыстарының көрмесі үлкен табысқа ие болды. Бүгінгі таңда Блейк кітаптары көптеген елдерде үлкен тиражбен басылып шығып жатыр. Аудармалардың да саны көбеюде. 1863 жылдан бастап Уильям Блейк тұлғасына қызығушылық пайда болды. Осы уақытта Александр Гилкристтың «Блейк өмірі» атты биографиялық еңбегі жарық көрді. 1893 жылы Иитс пен Эллис У.Блейк шығармаларының үш томдық жинағын жариялады. Ақынның шығармашылығы мен тұлғасына деген нағыз қызығушылық XX ғасырда ғана басталды. 1966 жылы «Уильям Блейк шығармаларының толық жинағы» жарық көрді. Блейк әлемге тек апокалиптикалық көріпкел ретінде ғана емес, сонымен бірге өткір ойлы эпиграммалар мен афоризмдер авторы, ерекше ойшыл, сыншы ретінде танылды.
Ал ТМД елдерінде Блейк есімі тек 1957 жылы бүкіл әлем ақынның туғанына екі жүз жылдығын тойлағанда ғана белгілі болды. Сол кезде оның туындылары мерзімді басылым беттерінде жарияланды және жеке жинақ болып та жарық көрді.
Дереккөздер
- Тоқшылықова Г.Б. Шетел әдебиетінің тарихы. Алматы, 2010. ISBN 986-702-431-859-2
- Уильям Блейк. ru.wikipedia.org›wiki/Уильям Блейк
- Уильям Блейк. ru.wikipedia.org›wiki/Уильям Блейк
- Тоқшылықова Г.Б. Шетел әдебиетінің тарихы. Алматы, 2010. ISBN 986-702-431-859-2
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Uilyam Blejk William Blake 28 karasha 1757 London 12 tamyz 1827 London uly akyn suretshi filosof Agylshyn әdebietindegi romantizmnin negizin salushy Uilyam Blejk halykka graver zhәne suretshi retinde de tanymal boldy Өlenderi ozi omirden otken son zharyk kordi Uilyam BlejkTugan kүni28 karasha 1757 1757 11 28 Tugan zheriLondon ҰlybritaniyaҚajtys bolgan kүni12 tamyz 1827 1827 08 12 69 zhas Қajtys bolgan zheriLondon ҰlybritaniyaAzamattygy ҰlybritaniyaMansabyakyn BagytyromantizmShygarmalardyn tiliagylshynҚoltanbasyOrtakkordagy sanaty Uilyam BlejkZharatushy Blejk shygarmashylygynyn negizgi tuyndylarynyn biri Surette Los әninen ozi zharatkan әlem aldynda demiurg Urizen siynyp otyrgany bejnelengen Bul Blejk zhubajymen birge salgan seriyasynyn үshinshi korkemdelgen kitaby ӨmiriUilyam Blejk 1757 zhyly 28 karashada Londonda usak saudager otbasynda dүniege keldi Әkesi Dzhejmstyn Uilyamnan baska үsh uly men bir kyzy boldy Balalary usak saudager otbasy үshin erekshe bolyp tabylgan oj bostandygy atmosferasynda osti Ata anasy Uilyamdy mektepke okuga beredi Bul zhagdaj onyn kabiletinin damuyna mүmkindik berdi Blejktin tek shygarmashylygy gana emes minezi de auyr kүrdeli boldy Onymen sojlesudin ozi kop adamga kiynga sokty Ol adamdarga ol turaly ne ojlajtynyn betine tura ajtudan kysylmady Akyn bojynda koptegen karama kajshy ojlar minezder zhinaktalgan dese de bolady Әkesi Uilyam Blejktin bostandygyn esh shektegen zhok sondyktan da ol kolyna tүsken kez kelgen kitapty sonyn ishinde Svedenbergty tipti Yakob Bemyony de oki alatyn Blejk zhүjeli bilim almaganymen үjde anasynyn kadagalauymen zhәne ozdiginen sauat ashuynyn arkasynda onyn bilimi zhan zhakty boldy Ol ote kop okydy Shekspir Milton zhәne Ben Dzhonsonnan bastap Bibliya Svedenberg zhәne Bemyoge dejin barlygyn okydy Blejk francuz italyan latyn ezhelgi grek zhәne ezhelgi evrej tilderin zhaksy bildi Bul ogan koptegen shetel avtorlaryn okuga mүmkindik berdi Blejktin bilimi teren bolgandygyn onyn prozalyk polemikalyk zhәne filosofiyalyk shygarmalarynan angaruga bolady Blejk kop uakytyn tabigat ayasynda otkizetin Auyldyn gazhajyp korinisteri men әsem әuenderin zhadynda saktap kejin oz poeziyasyn sonymen bezendirgen Әkesi Uilyamnyn baj kiyalyn bajkap ony suretshilik onerge bauluga sheshim kabyldajdy Birak Uilyam mundaj okudyn kymbatka tүsetindigin bilgende ony graverge okuga beruin surajdy Parstyn suret mektebinde үsh tort zhyl okygannan kejin Blejk Bezajr atty graverdyn sheberhanasyna zhumyska ornalasady Nyuton 1795 zhyl 1782 zhyly 13 tamyzda Uilyam Blejk pen baktashy Vaucherdyn kyzy Ketrin Vaucher үjlenip Lester skver Lester Fildz alanynyn manynda ornalaskan Grin strittegi zhiyrma үshinshi үjge konystanady Ketrin zhazu syzudy bilmejtin sondyktan nekelesu rәsiminde tirkeu kitapshasyna kolynyn ornyna krest belgisin koyady Үjlengennen kejin Blejk Ketrinnin sauatyn ashuga kiristi Eki үsh zhyldan kejin Ketrin onyn kolzhazbalaryn koshire bastady Ol Blejktin illyustraciyalarymen bezendirilgen kitaptardy boyauga da komektesti Blejkterdin balalary bolgan zhok birak bugan karamastan zhanuyalary berik boldy 1784 zhyly әkesinin oliminen kejin Uilyam Blejk үlken agasy Dzhejmska mura retinde kalgan үjge korshiles konystanady Blejk buryngy dosy Parkerdy ozine seriktes etip alyp oz үjinde gravyuralar men estamptardy satatyn dүkeni bar sheberhana ashty Sonymen birge ol suretshilikke bejimi bar daryndy inisi Robertty shәkirt kyp aldy 1787 zhyly Robert tuberkulez auruynan kajtys bolady 1804 zhyly Blejk Saut Molton koshesindegi үjge konystanyp ozinin Ierusalim zhәne Milton atty poemalaryn graverleudi bastajdy Osy kezden bastap Blejk ozinin barlyk shygarmalaryn illyustraciyalajdy 1822 zhyly Mister Linnelidin tapsyrysy bojynsha Blejk buryngysynsha ozinin elesterin negizge ala otyryp Dzhon Miltonnyn Zhogalgan zhumak atty poemasyna tamasha akvareldi illyustraciyalaryn zhasajdy 1825 zhyly ol Қudiretti komediyasyna illyustraciya zhasaudy bastajdy Kejin Uilyamdy Vestminster abbattygyna shakyryp ol bes zhyl bojy eskertkishter bejitter kolonnalar men shirkeudin baska da arhitekturalyk elementterdin suretin salumen ajnalysty Blejktin tagdyry kiyn tipti kajgyly boldy deuge bolady birak ol omirinde bolyp zhatkan bakytsyzdyktardy eshkimge sezdirmedi Blejk bakytty omir sүrgenine senimdi boldy Ol omir bojy sүjikti isimen ajnalysyp kasynda ylgi da muzasy bolgan sүjikti zhary boldy Uilyam Blejk 1827 zhyly 12 tamyzda Londonda dүnieden ozdy Blejktin әdebi shygarmashylygyӘlem әdebieti tarihynda Uillm Blejk agylshynnyn algashky romantik akyny retinde tanylady Uilyam Blejk oz omirinde suret zhәne әdebiet onerinde koptegen shygarmalar zhasap үlgerdi Uilyam Blejk agylshyn zhazushylarynyn tiziminde algashkylardyn biri retinde oryn alady Onyn shygarmalaryn lirikalyk zhәne filosofiyalyk nemese mistikalyk dep eki topka boluge bolady 1783 zhyly Blejktin Poetikalyk nobajlar atty algashky kitaby zharyk kordi Poetikalyk nobajlarga engen onyn en algashky olenderinde elikteudin belgileri bajkalady Alty zhyldyk үnsizdikten kejin Blejktin algashky zhazgan zhinagy Ajdagy aral dep ataldy Kitap Blejk shygarmashylygynyn mistikalyk kezeninin bastaluyn belgilejdi Blejktin Pәktik olenderi 1789 zhyly zharyk kordi Budan kejin Tel olenderi basylyp shykty Eki kitap ta tүrli tүsti poetikalyk trebnikter bolyp tabylady Olardyn әr beti Blejk ojlap tapkan әshekejli basylymmen illyustraciyalangan zhәne bezendirilgen 1784 1789 zhyldar aralygynda zhazylgan Pәktik olender oz aldyna zheke dara shygarmalar retinde ojlastyrylyp tuyndagan Blejktin Zhumak men Tozaktyn nekelesui atty үshinshi kitaby 1790 zhyly zharyk kordi Ayaktalmagan Tort Zoa 1805 Milton 1809 Ierusalim 1820 siyakty akyn shygarmalarynyn kejbireui kүrdeli әdebi kriptogrammalarga uksajdy Blejk Pәktik olenderdi zhazudy 1789 zhyly ayaktady Sol kezde ol bul cikldy birtutas ayaktalgan tuyndy retinde karastyrdy 80 shy zhyldardyn ayagy men 90 shy zhyldardyn basynda әlemdi dүr silkindirgen sayasat salasynda da ruhani omirde de bolgan okigalar akyn nazarynan tys kalgan zhok 1793 zhyly Blejktin bes kitaby Albion elesteri Amerika Europa Zhumak kakpasy zhәne Urizen kitaby al 1794 zhyly ruhani dagdarystyn nәtizhesi bolyp tabylatyn Tәzhiribe olenderi basylyp shykty Blejktin osy kezende zhazgan olenderinin arasynda Ruhani zholmen shamamen 1800 zhyly dep atalatyn shygarmasy erekshe oryn alady Bul akynnyn әri ruhani avtobiografiyasy әri bүkil adamzattyn ruhani avtobiografiyasy bolyp tabylady Akyn zhәne suretshi Uilyam Blejk agylshyn oneri tarihynda erekshe oryn alady Ol barlygyn oz betinshe үjrengen danyshpan uly fantazer zhәne filosof boldy Baska suret zhәne soz onerinin sheberlerine karaganda onyn shygarmashylyk sheberligi zhasy ulgajgan sajyn shyndala tүsti Ol omirinin sonynda nagyz oner tuyndysyn zhasady Ogan Laokoon shygarmasy men Dantenin Қudiretti komediyasyna zhasagan illyustraciyalaryn zhatkyzuga bolady XIX gasyrdagy Europa oneri үshin Blejktin stili erekshe bolyp tabylady Ol suretshinin arnajy biliminin zhoktygyn dәleldejtin arhaikalyk belgilerdi shygarmashylyk fantaziya kompoziciyalyk tapkyrlyk zhәne zhalpy simvolikalyk bejnelerge degen talpynyspen ushtastyrdy Blejktin oz zamandastarynan kanshalykty ozyp ketkenin tүsinemiz Tek eki zhүz zhyldan kejin gana Uilyam Blejkti uly akyn suretshi filosof retinde tani bastady Mysaly Ұlybritaniyada onyn Ierusalim atty poemasy ekinshi ulttyk әnran bolsa al 2001 zhyly Amerikanyn Nyu Jork murazhajy Metropolitende otken onyn suret salasyndagy zhumystarynyn kormesi үlken tabyska ie boldy Bүgingi tanda Blejk kitaptary koptegen elderde үlken tirazhben basylyp shygyp zhatyr Audarmalardyn da sany kobeyude 1863 zhyldan bastap Uilyam Blejk tulgasyna kyzygushylyk pajda boldy Osy uakytta Aleksandr Gilkristtyn Blejk omiri atty biografiyalyk enbegi zharyk kordi 1893 zhyly Iits pen Ellis U Blejk shygarmalarynyn үsh tomdyk zhinagyn zhariyalady Akynnyn shygarmashylygy men tulgasyna degen nagyz kyzygushylyk XX gasyrda gana bastaldy 1966 zhyly Uilyam Blejk shygarmalarynyn tolyk zhinagy zharyk kordi Blejk әlemge tek apokaliptikalyk koripkel retinde gana emes sonymen birge otkir ojly epigrammalar men aforizmder avtory erekshe ojshyl synshy retinde tanyldy Al TMD elderinde Blejk esimi tek 1957 zhyly bүkil әlem akynnyn tuganyna eki zhүz zhyldygyn tojlaganda gana belgili boldy Sol kezde onyn tuyndylary merzimdi basylym betterinde zhariyalandy zhәne zheke zhinak bolyp ta zharyk kordi DerekkozderTokshylykova G B Shetel әdebietinin tarihy Almaty 2010 ISBN 986 702 431 859 2 Uilyam Blejk ru wikipedia org wiki Uilyam Blejk Uilyam Blejk ru wikipedia org wiki Uilyam Blejk Tokshylykova G B Shetel әdebietinin tarihy Almaty 2010 ISBN 986 702 431 859 2