Төлем – сатып алынған тауарлар, көрсетілген қызметтер, пайдаланылатын ресурстар, берілген несие үшін төленуге тиіс ақшалай қаражат, сондай-ақ міндеттемелер бойынша есептесу нысанындағы заңмен белгіленген жарналар. Кәсіпорындар төлейтін Төлемнің түрлері: тауар-материалдық құндылықтардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің ақысы; жалақы Төлем; коммуналдық қызметтер ақысы; жалгерлік төлемақы; байланыс құралдарының тарифтері бойынша төлемақы; сақтандыру Төлем; несие үшін пайыз Төлем; несиенің қайтарылуына байланысты Төлем; бюджетке және бюджеттен тыс қорларға салықтар мен басқа да міндетті Төлем түріндегі Төлем, т.б.
Жеке тұлғалар коммуналдық қызмет ақысын, байланыс құралдарын пайдаланғаны үшін төлемақы, сақтандыру Төлемін төлейді. Төлемнің негізгі бөлігі Төлем төлеушілердің және қаражат алушылардың шоттары бойынша қолма-қол ақшасыз аудару жолымен төленеді. Заңды тұлғалар бір-бірімен нормативтік актілерде белгіленген сомадан асырмай қолма-қол ақшалай есептесуге құқылы, бұл орайда Төлемнің мөлшерден асатын бөлігі несие ұйымдары арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда төленуге тиіс. Кәсіпорындар қолма-қол ақшасыз нысанда төлейтін Төлем мынадай түрлерге бөлінеді: кәсіпорынның (ұйымның) бюджетке, бюджеттен тыс қорларға, т.б. міндетті Төлем, тауар алыс-берістері және шаруашылық шарттары бойынша төлем тапсырмалары, төлем талаптары, аккредитивтер, есептесу чектері, вексельдер, т.б. арқылы есеп айырысу төлемақысын төлеу тәртібімен төленетін Төлем Нарықтық экономика жағдайындағы Төлемнің негізгі нысаны – төлем тапсырмалары арқылы есептесу. Бюджетке және бюджеттен тыс қорларға Төлем әдетте Төлем тапсырмалары арқылы төленеді.
Нарықтық экономикада табиғат ресурстары, жер, су үшін, қоршаған ортаны ластағаны үшін Төлем, көрсетілетін коммуналдық қызметтер үшін Төлем, кедендік, лицензиялық Төлем мен басқа Төлем кеңінен пайдаланылады. Табиғат ресурстарын пайдалану үшін Төлем төлеу арқылы табиғат ресурстарының табиғи өнімділігіндегі айырмашылықтардан туындайтын сараланба рента алынады. Жер үшін Төлем меншіктенуге, иеленуге, пайдалануға немесе жалға жер алған заңды және жеке тұлғалардан алынады. Қоршаған ортаны ластағаны үшін салық – қоршаған табиғи ортаға ел аумағында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар келтірген зиянның орнын толтыру нысаны. Көрсетілетін коммуналдық қызметтер үшін Төлемді жылуды, газды, суды, т.б. пайдаланатын жұртшылық, үй-жайды жалға алған жалгерлер төлейді. Лицензиялық Төлемді лицензия алушылар төлейді. Кедендік Төлем – Төлем көздеріне бөлінбей алынатын сома, ол кеден бажына, ҚҚС-ға, акциздерге және кеден органдарына жүктелген өзге де салықтарға баламалы сомаға тең. Карточкалық Төлем жүйелерінің дамуына орай жұртшылықтың сатып алынған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу жолымен есептесудің үлесі көбейіп келеді.
Төлем келісімі
Төлем келісімі - сауда операциялары мен саудаға жатпайтын операциялар бойынша есеп айырысу тәртібін белгілейтін құжат, яғни екі немесе бірнеше ел арасындағы өзара есеп айырысулар мен төлемдерді айқындап, реттейтін құқықтық акт.
Төлем міндеттері
Төлем міндеттері - жеткізушінің жөнелтілген тауар, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемшінің шотынан өзіне тиесілі қаражат сомасын аударуға берген бұйрығын қуаттайтын есеп айырысу құжаты.
Төлем жүйелері
Төлем жүйесі дегеніміз аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені кіретін күрделі жүйе бола отырып, халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, екінші деңгейдегі банктердің және Ұлттық Банктің арасындағы өзінің ерекшеліктері бар байланыстырушы буын.
Қызметтері
- Тұтынушының және тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізушінің арасында уақтылы және тиімді ақша аударуды қамтамасыз ету.
- экономикалық және қаржылық қызмет нәтижесінде қабылданған міндеттемелерді уақтылы аяқтау,
- Қауіпсіздік,
Қазақстандығы төлем жүйесінің тарихы
Қазақстанның төлем жүйелерінің орнатылуы жалпы 1994 жылдан бері басталып, бірнеше маңызды кезеңді бастан кешіррді.1998 жылғы 29 маусымда қол қойылған «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының аумағында ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелерін реттейтін негізгі құжатқа айналды.1996 жылдан бастап Алматы клиринг палатасы Қазақстан Банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) – шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік кәсіпорын болып қайта құрылды, оның құрылтайшысы және әсер етуші органы Ұлттық Банк болып табылады.Нәтижесінде, 2000 жылғы ақпанда нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін, Қазақстанның жүйелік маңызы бар төлем жүйесі (RTGS) болып табылатын Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ) жұмыс істей бастады.
Төлем тізімдемесі
Төлем тізімдемесі - жұмысшылар мен қызметшілерге жалақы, сыйлықақы, еңбекке жарамсыздығына байланысты жәрдемақы немесе басқа да төлемдер беруге арналған бухгалтерлік қассалық құжат.
Төлем қабілеттілігі
Төлем қабілеттілігі - мемлекеттің, жеке немесе заңи тұлғалардың өзінің төлемдер бойынша міндеттемелерін уақытылы және толық орындауына қабілеттілігі, оларда осы міндеттемелерді орындау үшін қажетті және жеткілікті ақшалай қаражаттың болуы.
Төлем қабілетсіздігі
Төлем қаблетсіздігі - жеке немесе заңи тұлғалардың қызметінің жай-күйі, мұнда олар шотта қаражаттың жоқтығы себепті өзінің қаржылық міндеттемелерін уақытылы және толық өтей алмайды, яғни алдағы уақытта төленуге тиіс мерзімді төлемдердің сомасы қолда бар төлем қаражатынан асып түседі. Шаруашылық қызметінің қанағаттансыздығы салдарынан, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз етуге іркілестерден, сатып алушылардың тәртіпсіздігінен және басқа жағдайларда пайда болады. Төлем қабілетсіздігі көбінесе кәсіпорынды банкроттыққа ұшыратады. Төлем қабілетсіздігі халықаралық экономикалық қатынастар практикасына тән сипат. Борышты мерзімінде төлеу мүмкіндігі болмағандықтан қарыздар елдер төлемді не біржақты түрде тоқтатады не оны төлеу мерзімі мен басқа да шарттарын өзгерту туралы несиегерлермен уағдаласады. Берешекті өтеу тәртібін өзгертудің неғұрлым көп таралған нысандары: негізгі борыштың бір бөлігін есептен шығару немесе борышқордан алынатын тиісті пайыздарды азайту, берешекті төлеу мерзімін ұзарту, мораторий.
Дереккөздер
- Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
- Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Бұл — экономика бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tolem satyp alyngan tauarlar korsetilgen kyzmetter pajdalanylatyn resurstar berilgen nesie үshin tolenuge tiis akshalaj karazhat sondaj ak mindettemeler bojynsha eseptesu nysanyndagy zanmen belgilengen zharnalar Kәsiporyndar tolejtin Tolemnin tүrleri tauar materialdyk kundylyktardyn oryndalgan zhumystardyn korsetilgen kyzmetterdin akysy zhalaky Tolem kommunaldyk kyzmetter akysy zhalgerlik tolemaky bajlanys kuraldarynyn tarifteri bojynsha tolemaky saktandyru Tolem nesie үshin pajyz Tolem nesienin kajtaryluyna bajlanysty Tolem byudzhetke zhәne byudzhetten tys korlarga salyktar men baska da mindetti Tolem tүrindegi Tolem t b Zheke tulgalar kommunaldyk kyzmet akysyn bajlanys kuraldaryn pajdalangany үshin tolemaky saktandyru Tolemin tolejdi Tolemnin negizgi boligi Tolem toleushilerdin zhәne karazhat alushylardyn shottary bojynsha kolma kol akshasyz audaru zholymen tolenedi Zandy tulgalar bir birimen normativtik aktilerde belgilengen somadan asyrmaj kolma kol akshalaj eseptesuge kukyly bul orajda Tolemnin molsherden asatyn boligi nesie ujymdary arkyly kolma kol akshasyz nysanda tolenuge tiis Kәsiporyndar kolma kol akshasyz nysanda tolejtin Tolem mynadaj tүrlerge bolinedi kәsiporynnyn ujymnyn byudzhetke byudzhetten tys korlarga t b mindetti Tolem tauar alys beristeri zhәne sharuashylyk sharttary bojynsha tolem tapsyrmalary tolem talaptary akkreditivter eseptesu chekteri vekselder t b arkyly esep ajyrysu tolemakysyn toleu tәrtibimen tolenetin Tolem Naryktyk ekonomika zhagdajyndagy Tolemnin negizgi nysany tolem tapsyrmalary arkyly eseptesu Byudzhetke zhәne byudzhetten tys korlarga Tolem әdette Tolem tapsyrmalary arkyly tolenedi Naryktyk ekonomikada tabigat resurstary zher su үshin korshagan ortany lastagany үshin Tolem korsetiletin kommunaldyk kyzmetter үshin Tolem kedendik licenziyalyk Tolem men baska Tolem keninen pajdalanylady Tabigat resurstaryn pajdalanu үshin Tolem toleu arkyly tabigat resurstarynyn tabigi onimdiligindegi ajyrmashylyktardan tuyndajtyn saralanba renta alynady Zher үshin Tolem menshiktenuge ielenuge pajdalanuga nemese zhalga zher algan zandy zhәne zheke tulgalardan alynady Қorshagan ortany lastagany үshin salyk korshagan tabigi ortaga el aumagynda kәsipkerlik kyzmetin zhүzege asyrushy zandy zhәne zheke tulgalar keltirgen ziyannyn ornyn toltyru nysany Korsetiletin kommunaldyk kyzmetter үshin Tolemdi zhyludy gazdy sudy t b pajdalanatyn zhurtshylyk үj zhajdy zhalga algan zhalgerler tolejdi Licenziyalyk Tolemdi licenziya alushylar tolejdi Kedendik Tolem Tolem kozderine bolinbej alynatyn soma ol keden bazhyna ҚҚS ga akcizderge zhәne keden organdaryna zhүktelgen ozge de salyktarga balamaly somaga ten Kartochkalyk Tolem zhүjelerinin damuyna oraj zhurtshylyktyn satyp alyngan tauarlar men korsetilgen kyzmetterdin akysyn kolma kol akshasyz toleu zholymen eseptesudin үlesi kobejip keledi Tolem kelisimiTolem kelisimi sauda operaciyalary men saudaga zhatpajtyn operaciyalar bojynsha esep ajyrysu tәrtibin belgilejtin kuzhat yagni eki nemese birneshe el arasyndagy ozara esep ajyrysular men tolemderdi ajkyndap rettejtin kukyktyk akt Tolem mindetteriTolem mindetteri zhetkizushinin zhoneltilgen tauar oryndalgan zhumys nemese korsetilgen kyzmet үshin tolemshinin shotynan ozine tiesili karazhat somasyn audaruga bergen bujrygyn kuattajtyn esep ajyrysu kuzhaty Tolem zhүjeleriTolem zhүjesi degenimiz apparattyk zhәne bagdarlamalyk kuraldar kesheni kiretin kүrdeli zhүje bola otyryp halyktyn sharuashylyk zhүrgizushi subektilerdin ekinshi dengejdegi bankterdin zhәne Ұlttyk Banktin arasyndagy ozinin erekshelikteri bar bajlanystyrushy buyn Қyzmetteri Tutynushynyn zhәne tauarlar men kyzmet korsetulerdi zhetkizushinin arasynda uaktyly zhәne tiimdi aksha audarudy kamtamasyz etu ekonomikalyk zhәne karzhylyk kyzmet nәtizhesinde kabyldangan mindettemelerdi uaktyly ayaktau Қauipsizdik Қazakstandygy tolem zhүjesinin tarihy Қazakstannyn tolem zhүjelerinin ornatyluy zhalpy 1994 zhyldan beri bastalyp birneshe manyzdy kezendi bastan keshirrdi 1998 zhylgy 29 mausymda kol kojylgan Aksha tolemi men audarymy turaly Қazakstan Respublikasynyn Zany Қazakstan Respublikasynyn aumagynda aksha tolemi men audarymyn zhүzege asyru mәselelerin rettejtin negizgi kuzhatka ajnaldy 1996 zhyldan bastap Almaty kliring palatasy Қazakstan Bankaralyk esep ajyrysu ortalygy ҚBEO sharuashylyk zhүrgizu kukygy bar memlekettik kәsiporyn bolyp kajta kuryldy onyn kuryltajshysy zhәne әser etushi organy Ұlttyk Bank bolyp tabylady Nәtizhesinde 2000 zhylgy akpanda nakty uakyt rezhiminde zhumys istejtin Қazakstannyn zhүjelik manyzy bar tolem zhүjesi RTGS bolyp tabylatyn Bankaralyk aksha audarymdary zhүjesi BAAZh zhumys istej bastady Tolem tizimdemesiTolem tizimdemesi zhumysshylar men kyzmetshilerge zhalaky syjlykaky enbekke zharamsyzdygyna bajlanysty zhәrdemaky nemese baska da tolemder beruge arnalgan buhgalterlik kassalyk kuzhat Tolem kabilettiligiTolem kabilettiligi memlekettin zheke nemese zani tulgalardyn ozinin tolemder bojynsha mindettemelerin uakytyly zhәne tolyk oryndauyna kabilettiligi olarda osy mindettemelerdi oryndau үshin kazhetti zhәne zhetkilikti akshalaj karazhattyn boluy Tolem kabiletsizdigiTolem kabletsizdigi zheke nemese zani tulgalardyn kyzmetinin zhaj kүji munda olar shotta karazhattyn zhoktygy sebepti ozinin karzhylyk mindettemelerin uakytyly zhәne tolyk otej almajdy yagni aldagy uakytta tolenuge tiis merzimdi tolemderdin somasy kolda bar tolem karazhatynan asyp tүsedi Sharuashylyk kyzmetinin kanagattansyzdygy saldarynan sondaj ak materialdyk tehnikalyk kamtamasyz etuge irkilesterden satyp alushylardyn tәrtipsizdiginen zhәne baska zhagdajlarda pajda bolady Tolem kabiletsizdigi kobinese kәsiporyndy bankrottykka ushyratady Tolem kabiletsizdigi halykaralyk ekonomikalyk katynastar praktikasyna tәn sipat Boryshty merziminde toleu mүmkindigi bolmagandyktan karyzdar elder tolemdi ne birzhakty tүrde toktatady ne ony toleu merzimi men baska da sharttaryn ozgertu turaly nesiegerlermen uagdalasady Bereshekti oteu tәrtibin ozgertudin negurlym kop taralgan nysandary negizgi boryshtyn bir boligin esepten shygaru nemese boryshkordan alynatyn tiisti pajyzdardy azajtu bereshekti toleu merzimin uzartu moratorij DerekkozderҚarzhy ekonomika sozdigi Almaty ҚR Bilim zhәne gylym ministrliginin Ekonomika instituty Ziyatker ZhShS 2007 ISBN 978 601 215 003 2 Қarzhy ekonomika sozdigi Almaty ҚR Bilim zhәne gylym ministrliginin Ekonomika instituty Ziyatker ZhShS 2007 ISBN 978 601 215 003 2 Bul ekonomika bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz