Тәуелсіздік монументі — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің бес жылдығына орай Алматы қаласында салынған сәулет және мүсін өнері ескерткіші. Республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген (2001 ж. 26 қыркүйектегі мәслихаттың 2-ші шақырылымының 12-ші сессиясының шешімі).
Тәуелсіздік монументі | |
Жалпы мәлімет | |
---|---|
Түрі | Монумент |
Мекен жайы | 6WQW+95W, Сәтпаев көшесі, Алматы 050000 |
Орналасқан қала | |
Мемлекет | |
Ашылған уақыты | 16 желтоқсан 1996 жыл |
Биіктігі | 28 – 34 м |
Техникалық сипаттамасы | |
Құрылыс материалы | қола |
Дизайны мен құрылымы | |
Сәулетшісі | Шот-Аман Уәлихан, Нұрлан Далбай, Ә.Жұмабаев, Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев |
Картада орналасуы | |
|
Координаттар: 43°14′18″ с. е. 76°56′43″ ш. б. / 43.2385694° с. е. 76.9454000° ш. б. (G) (O) (Я)
Кешен жайлы
Кешен ғылымның, мәдениет пен мемлекеттің танымал қайраткерлерінің сәулетін, мүсіндерін, сөздерін біріктіретін бірегей көркемдік шығарма болып табылады. Стеланы жақтаушалайтын көркемделіп құйылған торкөздер Қазақстан тарихындағы басты оқиғаларды, соның ішінде Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салтанатты сайлануын баяндайды. Ескерткіштің төмен жағында мемориалды тақтайға Президенттің ант беру кезінде Конституцияға қойған қолының таңбасы түсірілген. Құлпытастарға өткен мен бүгінгі күн тарихи тұлғаларының сөздері ойылып жазылған. Мұнда Президент Назарбаевтың келесі сөздерін оқуға болады: «Қоғамдағы татулық пен келісім әр адамның лайықты өмірі мен еңбегін қамтамасыз етеді. Еркіндік – бассыздық емес, әділдік пен құқықтың салтанаты.
Тарихы
1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуы құрметіне биік обелиск түрінде тұрғызылған монументті құрылыстың авторлары: архитектор Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан (топ жетекшісі), мүсіншілері Нұрлан Далбай, Ә.Жұмабаев сәулетшілері Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев, т.б. бас конструкторы С.П. Каламкаров. Тәуелсіздік монументі сол жылы 16 желтоқсанда ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Түркия президенті Сүлеймен Демирел қатысты.
Қазақтың қолданбалы өнерінен тамыр тартқан тәуелсіздік монументінің негізгі ортасында композициясы ұлттық өрнекпен көмкерілген текшелі діңгек тастан құралып, оның биіктігі 28 м-ге жетеді. Көк аспанға қарай шаншыла бой көтерген орталық діңгектің ұшар басы қауызы ашылмаған қызғалдақ тәрізді жұмырланып мүсінделген әрі оған Қазақстанның елтаңбасы ойылып түсірілген. Оның үстіңгі жағындағы қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған қорамсағындағы сауыт, бұзар алтынға малынған жебелері бар дулығалы жас сарбаздың құрыштай мығым бітім-тұлғасы (биіктігі 6 м, ал салмағы 4 т) аса айбарлы кейіппен, тәуелсіздік монументінің беріктігі мен ауқымдылығын айқын аңғартады.
Тәуелсіздік монументінің екі қапталын айнала қазақ халқының тарихи өткен өмір белестерінен сыр шертетін шағын архитектор-мүсіндемелік бедерлі бейнелер, яғни сонау сақтар дәуірінен тәуелсіздіктің жариялануына дейінгі тарихи кезеңдерді: Томирис заманынан бастап әл-Фараби, қазақ хандығының құрылуы, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес, қазақ пен орыс халқы арасындағы байланыстар, ұлт-азаттық қозғалыстары, екінші дүниежүзілік соғыс, Желтоқсан көтерілісі мен Тәуелсіздіктің жариялануын көрсететін ұтымды шешім тапқан көрініс-суреттер орналасып әрі олар бір-бірімен жымдаса жалғасып, көркем жарасым тапқан.
Діңгектің төрт жағында орналасқан төрт мүсіндік бейне де тәуелсіздік монументінің архитекторлық және мүсіндік шешімін дәл тапқандығымен ерекшеленеді. Дала данасы ақылгөй абыз ата мен жүрегі мейірімге толы ақ жаулықты Жер-ана және олардың алдыңғы жағындағы құлыншаққа мінген бала мен қыздың бейнесі ескерткіштің сәулетті символик. мазмұн-сипатын ашумен қатар, ұлттық рухы мен сыр-сымбатын айқындап асқақтата түседі. Ол 20 ғасырдың соңына қарай ұлттық сәулет өнері тарихында өз орны бар мүсіндік және сәулетшілік ой шығармашылығы тоғыстығынан туған озық архитектор жәдігерлерінің біріне айналды.
Авторлық ұжым
Жетекшілік жасаған Ш.Е.Уәлиханов; мүсіншілер – А.Жұмабаев, Н.Далбаев, А.Боярлин, М.Мансұров, Қ.Сұраншиев, Қ.Сатыбалдин; сәулетшілер – К.Жарылғапов, К.Монтахаев; құрастырушы – С.Қаламқаров; құрылысшы- А.Ермегияев. Монумент 1996-1998 жылдары тұрғызылды. Кешен көлденең 180 метрге созылып жатыр. Пластикалық стела композицияның ортасы болып табылады. Ол өздігінен биіктігі 28 метрге жететін маңғышлақ құлпытастарына ұқсас. Биіктігі 6 метр болатын «атын адам» немесе қанатты барсқа билік жүргізіп отырған дала басшысын бейнелеп, қазақ жеріндегі нақты мемлекеттік билікті сипаттайды. Стела диаметрі 46 метрді құрайтын домалақ алаңның ортасында орналасқан диаметрі 28 метр жартылай доғал стилобатқа орнатылған. Стеланың төменгі бөлігінде қазақ және орыс тілдерінде мынадай сөздер ойылып жазылған: «1990 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланды», «1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды». Стеланың аяқ жағында, стилобатта «Жер ана» және құлын үстінде отырған екі бала аллегориялық мүсіндер орнатылған. Мүсіндер дүниенің төрт бұрышына қарасты.
Галерея
Сілтемелер
- Алматының назар аударарлық орындары(қолжетпейтін сілтеме)
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл — Қазақстан туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tәuelsizdik monumenti Қazakstan Respublikasy Tәuelsizdiginin bes zhyldygyna oraj Almaty kalasynda salyngan sәulet zhәne mүsin oneri eskertkishi Respublikalyk manyzy bar eskertkishter tizimine engizilgen 2001 zh 26 kyrkүjektegi mәslihattyn 2 shi shakyrylymynyn 12 shi sessiyasynyn sheshimi Tәuelsizdik monumentiZhalpy mәlimetTүriMonumentMeken zhajy6WQW 95W Sәtpaev koshesi Almaty 050000Ornalaskan kalaAlmatyMemleket ҚazakstanAshylgan uakyty16 zheltoksan 1996 zhylBiiktigi28 34 mTehnikalyk sipattamasyҚurylys materialykolaDizajny men kurylymySәuletshisiShot Aman Uәlihan Nurlan Dalbaj Ә Zhumabaev Қ Zharylgapov Қ MontakaevKartada ornalasuyTәuelsizdik monumenti Koordinattar 43 14 18 s e 76 56 43 sh b 43 2385694 s e 76 9454000 sh b 43 2385694 76 9454000 G O Ya Keshen zhajlyKeshen gylymnyn mәdeniet pen memlekettin tanymal kajratkerlerinin sәuletin mүsinderin sozderin biriktiretin biregej korkemdik shygarma bolyp tabylady Stelany zhaktaushalajtyn korkemdelip kujylgan torkozder Қazakstan tarihyndagy basty okigalardy sonyn ishinde Қazakstan Respublikasynyn tungysh prezidenti bolyp Nursultan Әbishuly Nazarbaevtyn saltanatty sajlanuyn bayandajdy Eskertkishtin tomen zhagynda memorialdy taktajga Prezidenttin ant beru kezinde Konstituciyaga kojgan kolynyn tanbasy tүsirilgen Қulpytastarga otken men bүgingi kүn tarihi tulgalarynyn sozderi ojylyp zhazylgan Munda Prezident Nazarbaevtyn kelesi sozderin okuga bolady Қogamdagy tatulyk pen kelisim әr adamnyn lajykty omiri men enbegin kamtamasyz etedi Erkindik bassyzdyk emes әdildik pen kukyktyn saltanaty Tarihy1996 zhyly Almatydagy Respublika alanynda Қazakstan tәuelsizdiginin bes zhyl toluy kurmetine biik obelisk tүrinde turgyzylgan monumentti kurylystyn avtorlary arhitektor Shot Aman Ydyrysuly Uәlihan top zhetekshisi mүsinshileri Nurlan Dalbaj Ә Zhumabaev sәuletshileri Қ Zharylgapov Қ Montakaev t b bas konstruktory S P Kalamkarov Tәuelsizdik monumenti sol zhyly 16 zheltoksanda ashyldy Eskertkishtin ashylu saltanatyna Қazakstan Respublikasynyn Prezidenti N Nazarbaev pen Tүrkiya prezidenti Sүlejmen Demirel katysty Қazaktyn koldanbaly onerinen tamyr tartkan tәuelsizdik monumentinin negizgi ortasynda kompoziciyasy ulttyk ornekpen komkerilgen teksheli dingek tastan kuralyp onyn biiktigi 28 m ge zhetedi Kok aspanga karaj shanshyla boj kotergen ortalyk dingektin ushar basy kauyzy ashylmagan kyzgaldak tәrizdi zhumyrlanyp mүsindelgen әri ogan Қazakstannyn eltanbasy ojylyp tүsirilgen Onyn үstingi zhagyndagy koladan kujylgan kanatty barystyn үstinde on kolynda kyran kusy sol kolynda sadagy belinde kanzhary men asynyp algan koramsagyndagy sauyt buzar altynga malyngan zhebeleri bar dulygaly zhas sarbazdyn kuryshtaj mygym bitim tulgasy biiktigi 6 m al salmagy 4 t asa ajbarly kejippen tәuelsizdik monumentinin beriktigi men aukymdylygyn ajkyn angartady Tәuelsizdik monumentinin eki kaptalyn ajnala kazak halkynyn tarihi otken omir belesterinen syr shertetin shagyn arhitektor mүsindemelik bederli bejneler yagni sonau saktar dәuirinen tәuelsizdiktin zhariyalanuyna dejingi tarihi kezenderdi Tomiris zamanynan bastap әl Farabi kazak handygynyn kuryluy Aktaban shubyryndy Alkakol sulama zhongar shapkynshylygyna karsy kүres kazak pen orys halky arasyndagy bajlanystar ult azattyk kozgalystary ekinshi dүniezhүzilik sogys Zheltoksan koterilisi men Tәuelsizdiktin zhariyalanuyn korsetetin utymdy sheshim tapkan korinis suretter ornalasyp әri olar bir birimen zhymdasa zhalgasyp korkem zharasym tapkan Dingektin tort zhagynda ornalaskan tort mүsindik bejne de tәuelsizdik monumentinin arhitektorlyk zhәne mүsindik sheshimin dәl tapkandygymen erekshelenedi Dala danasy akylgoj abyz ata men zhүregi mejirimge toly ak zhaulykty Zher ana zhәne olardyn aldyngy zhagyndagy kulynshakka mingen bala men kyzdyn bejnesi eskertkishtin sәuletti simvolik mazmun sipatyn ashumen katar ulttyk ruhy men syr symbatyn ajkyndap askaktata tүsedi Ol 20 gasyrdyn sonyna karaj ulttyk sәulet oneri tarihynda oz orny bar mүsindik zhәne sәuletshilik oj shygarmashylygy togystygynan tugan ozyk arhitektor zhәdigerlerinin birine ajnaldy Avtorlyk uzhymZhetekshilik zhasagan Sh E Uәlihanov mүsinshiler A Zhumabaev N Dalbaev A Boyarlin M Mansurov Қ Suranshiev Қ Satybaldin sәuletshiler K Zharylgapov K Montahaev kurastyrushy S Қalamkarov kurylysshy A Ermegiyaev Monument 1996 1998 zhyldary turgyzyldy Keshen koldenen 180 metrge sozylyp zhatyr Plastikalyk stela kompoziciyanyn ortasy bolyp tabylady Ol ozdiginen biiktigi 28 metrge zhetetin mangyshlak kulpytastaryna uksas Biiktigi 6 metr bolatyn atyn adam nemese kanatty barska bilik zhүrgizip otyrgan dala basshysyn bejnelep kazak zherindegi nakty memlekettik bilikti sipattajdy Stela diametri 46 metrdi kurajtyn domalak alannyn ortasynda ornalaskan diametri 28 metr zhartylaj dogal stilobatka ornatylgan Stelanyn tomengi boliginde kazak zhәne orys tilderinde mynadaj sozder ojylyp zhazylgan 1990 zhyldyn 25 zheltoksanynda Қazakstannyn memlekettik egemendigi zhariyalandy 1991 zhyldyn 16 zheltoksanynda Қazakstannyn memlekettik tәuelsizdigi zhariyalandy Stelanyn ayak zhagynda stilobatta Zher ana zhәne kulyn үstinde otyrgan eki bala allegoriyalyk mүsinder ornatylgan Mүsinder dүnienin tort buryshyna karasty GalereyaSiltemelerAlmatynyn nazar audararlyk oryndary kolzhetpejtin silteme Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tom Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Bul Қazakstan turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz