Тәжікстандағы азаматтық соғыс (тәж. Ҷанги шаҳрвандии Тоҷикистон) — республиканың тәуелсіздік алғаннан кейін кезенінде (1992—1997) орталық билік пен біріккен тәжік оппозициясы атымен әрекет еткен әртүрлі топтардың арасындағы қарулы, руаралық, ішкі этникалық конфликт. Аса қатігез қақтығыстар 1992 жылдың тамызынан 1993 жылдың шілде аралығында өткен. Бұл кезеңде ел факт жүзінде екіге бөлінген еді. 1993 жылдың жазынан бастап конфликт қарқыны басыла бастағанымен, текетіресуші тараптардың 1997 жылғы 27 маусымдағы татуласуына дейін ішінара қақтығыстар болып тұрды.
Тәжік оппозициясы, негізінен, Исламдық қайта жаңару партиясы, Тәжікстан демократиялық партиясы және т.б. қозғалыстардан тұрды. Бұрынғы коммунисттік элита өкілдері мен ұлттық-демократиялық және исламдық күштердің арасындағы қарсыластық саяси сферадан этникалық-рулық деңгейге өтті. Кеңес дәуірінде саяси сахнада ленинабадтықтар (Ленинабадтық облыс тумалары) жоғары әкімшілік уәкіліттерге ие болған. Ал оларға кулябтықтар жәрдемдескен болатын. Тәуелсіздік алғаннан кейін басқа кландық топтар «бадахшандықтар», «гиссарлықтар» және «гармдықтар» ел басқарудағы билік бөлінісін өзгертуге талпынған.
1997 жылғы жағдайға сәйкес 50 000-нан 100 000-ға адамға дейін соғыс нәтижесінде өлген.
Дереккөздер
- Jihad: The Rise of Militant Islam in Central Asia, page 8. Ahmed Rashid
- Political Construction Sites: Nation-building in Russia and the Post-Soviet States(қолжетпейтін сілтеме), page 76
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tәzhikstandagy azamattyk sogys tәzh Ҷangi shaҳrvandii Toҷikiston respublikanyn tәuelsizdik algannan kejin kezeninde 1992 1997 ortalyk bilik pen birikken tәzhik oppoziciyasy atymen әreket etken әrtүrli toptardyn arasyndagy karuly ruaralyk ishki etnikalyk konflikt Asa katigez kaktygystar 1992 zhyldyn tamyzynan 1993 zhyldyn shilde aralygynda otken Bul kezende el fakt zhүzinde ekige bolingen edi 1993 zhyldyn zhazynan bastap konflikt karkyny basyla bastaganymen teketiresushi taraptardyn 1997 zhylgy 27 mausymdagy tatulasuyna dejin ishinara kaktygystar bolyp turdy 1990 zhyldyn akpanynda oryn algan zhappaj tәrtipsizdikter Dushanbe Tәzhik oppoziciyasy negizinen Islamdyk kajta zhanaru partiyasy Tәzhikstan demokratiyalyk partiyasy zhәne t b kozgalystardan turdy Buryngy kommunisttik elita okilderi men ulttyk demokratiyalyk zhәne islamdyk kүshterdin arasyndagy karsylastyk sayasi sferadan etnikalyk rulyk dengejge otti Kenes dәuirinde sayasi sahnada leninabadtyktar Leninabadtyk oblys tumalary zhogary әkimshilik uәkilitterge ie bolgan Al olarga kulyabtyktar zhәrdemdesken bolatyn Tәuelsizdik algannan kejin baska klandyk toptar badahshandyktar gissarlyktar zhәne garmdyktar el baskarudagy bilik bolinisin ozgertuge talpyngan 1997 zhylgy zhagdajga sәjkes 50 000 nan 100 000 ga adamga dejin sogys nәtizhesinde olgen DerekkozderJihad The Rise of Militant Islam in Central Asia page 8 Ahmed Rashid Political Construction Sites Nation building in Russia and the Post Soviet States kolzhetpejtin silteme page 76